Медицина

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 12:48, статья

Описание работы

-Кедергі, кемшіліктер бар. Алайда денсаулық сақтау саламыз жылдан жылға күшейіп келеді. Мәселен Астана қаласында жаңа, сапалы медициналық құралдармен жабдықталған орталықтар ашылып жатыр. Үлкен қалаларда да жақсы жаңалықтар жетерлік. Шетелге баруға мүмкіндігі жоқтар қазір сол орталықтарда емделе бастады. Мамандарға жаңа техниканы үйретуге де мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр.

Работа содержит 1 файл

медицина инновация.docx

— 20.36 Кб (Скачать)

АЛАШ АЙНАСЫ»

Авторы: _Ләззат_______   Мерзімі: _12.10.________________

Файлы: _медицина инновация         Бас редактор: _________________

Жолы:  _220__________             Бас ред. Орынбасыры: _________

Суретi:   __жоқ_________            Бөлiм меңгерушiсi: ____________

 

Ләззат Билан

Мәселе

Шетелде емделушілерді  қайтсек отандық медицинаға тартамыз?

Әлем картасында тыңға тігілген отаудай бой көтергенімізге иншалла, 20 жыл толғалы отыр. Біраз ауыртпалықтарды өткердік. «Балапан басына, тұрымтай тұсына» тартқан заман да енді міне артты қалды. Көппен бірге отандық медицина да сары таңын ұзақ күтті. Денсаулық саласын салт алып шығуымыздың бір себебі болып тұр.

Мойындау керек, сол жылдары  еліміздің денсаулық саласына сенім артушылар саны кеміп, күдікпен қарайтын керісінше артты. Маман жағынан да, техникалық жабдықтау жағынан да сапа мен сан құлдырады.  Отандық медицинаның басына осындай қиын сәт туғанда халық, амал жоқ, шетелдік мамандардың көмегіне жүгіне бастады.

Қазір жағдай көңіл көншітерліктей. Қоржынына миллиардтаған қаржы құйылып, ойсырап қалған жеріміздің тұс-тұсы бірте-бірте толығу үстінде. Азды-көпті озық технологияларға қол жеткізіп, білімді-білікті маман дайындауда да белсенділік байқалуда. 2005 жылдан бүгінгі күнге дейін медицинаны технологиямен жабдықтау жағы 2,5 есеге жақсарған дейді мамандар. Жыл басында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова алқа отырысында сөйлеген сөзінде «2004 жылмен салыстырғанда, денсаулық саласына бөлініп жатқан қаржы төрт есеге ұлғайды. Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында 2005-2010 жылдар аралығында аталған салада 400 медициналық нысан бой көтеріп, төрт мыңға жуық мекеме күрделі жөндеуден өтті. Осы жылдар бедерінде 75 миллиард теңгеге медициналық құрал-жабдық сатып алынды» деген еді.

Алайда шетелде емделушілер  легі толастар емес. Сарапшы мамандардың айтуынша, сыртқа кетіп жатқан қаржы қыруар. «Халықтың сенімін қалай арттыруға болады?» деген сауал туындайды осындайда.

Рахман Алшанов, экономика ғылымының докторы, профессор:

-Кедергі, кемшіліктер бар. Алайда денсаулық сақтау саламыз жылдан жылға күшейіп келеді. Мәселен Астана қаласында жаңа, сапалы медициналық құралдармен жабдықталған орталықтар ашылып жатыр. Үлкен қалаларда да жақсы жаңалықтар жетерлік. Шетелге баруға мүмкіндігі жоқтар қазір сол орталықтарда емделе бастады. Мамандарға жаңа техниканы үйретуге де мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр.

Алдағы уақытта осы  үдеріс жалғасын тауып жатса, сапа жақсарса, халық  бірте-бірте алысқа бармай-ақ, таңдаулары өздігінен еліміздегі емдеу орындарына түсетін болмақ.

Медицинадағы инновацияны  екіге бөліп қарасақ, біріншісі – техника, екіншісі  – дәрі-дәрмек. Енді қараңыз, мәселен, Ақтөбе қаласында еліміздегі индустриялық-инновациялық даму стратегиясының аясында рентгендік аппараттар шығарыла бастады.  Оны қаржыландырып отырған «Қазақстанның Даму банкі» АҚ. Дәрі-дәрмекті алайық, 70 пайызын өзімізде өндіруге міндет қойып отырмыз. Онға жуық зауыт ашылды. Демек, медицинаға да инновация келді. Тек соны одан әрмен жетілдіру керек. Медицинадағы инновация – адам денсаулығы мен сапаның кепілі.

Сенімге түскен селкеуді қалай сиретуді ойлап әкімдер де бас қатыруда. Осы жуырда, нақтырақ айтсақ, тамыз айының бас шенінде Ұлттық медициналық холдингі басқармасының төрағасы Елжан Біртанов бір топ мамандардың басын қосып, Шығыс Қазақстан облысында болып қайтқан-ды. Инновациялық технология мен тәсілдер басты тақырыпқа айналған бұл басқосуда отандық дәрігерлер тәжірибе алмасты. Міне осы үлкен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев:

-Көпшілік әлі де шетелге  барып емделуде. Бұл отандық медицина  әлі де дәрменсіз деген сөз  емес, оң өзгерістер орасан. Тек  халық одан әлі хабарсыз болып  отыр. Біздің облыс мәселен, осы  жылы медицина саласына 43 миллиард  теңге қаржы бөлді. Жаңа құрал  жабдықтар алып, мамандарды оқытып  жатырмыз. Енді осының барлығы  халықтың игілігіне жұмсалуы  тиіс. Әйтпесе осынша қыруар қаржы  текке кетпей ме? – деп атап  өткен болатын. 

Тағы бір түйткіл. Квотамен емделетіндер саны жыл да 50-100 адамды құрап отыр. Үкіметтен бөлінген қаржы одан артыққа жетпейтін көрінеді. Құзырлы министрлік таратқан мәліметке қарағанда, республикалық бюджеттен шетелде емделуге берілетін квотаға жылына 350 миллион теңге бөлінсе керек. Ал айына 20 шақты адам квота сұрайды. Отаны шұғыл түрде қажет ететін науқастар да баршылық. Жалпы, квота біреулерге 1,5 айдың көлемінде берілсе, енді біреулердің бір жылдай күтуіне тура келеді. Квотаны күтемін деп өліп кеткендер де жоқ емес.

Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, медицинаны дамыту арқылы әлбетте ең алдымен халықтың денсаулығын жақсартуға қол жеткіземіз, сондай-ақ, қаржыға кеп тірелетін бірқатар қиындықтар жойылған болар-ақ еді.

Сол себепті де үкімет те, құзырлы министрлік те қазір медицина саласындағы инновацияға айрықша  көңіл бөліп отыр. Біреу білсе, біреу білмес, елімізде «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы қабылданған болатын. Жоба - Қазақстан мен Дүниежүзілік Банктің бірігіп қолға алған бастамаларының біреуі ғана. Ол стратегиялық серіктестік шеңберінде жүзеге аспақ. Жоба 2008 жылы басталып,  2013 жылы аяқталады деп күтілуде.  Бұл жобаға айрықша тоқталып отырғандағы себебеміз, оның негізгі мақсатының бірі, біз көтеріп отырған отандық «Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығының» қызметін жетілдіру.

Біз сөзімізді медицина ғылымының докторы, Ерасыл Әбілқасымовтың пікірімен аяқтасақ па дейміз:

-Қазақстанда жүзеге асып  жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық жобалар баршылық. Алайда медицина саласындағы инновация дұрыс ұйымдастырылмай отыр десем қате айтқандық емес. Рас, жаңа техника сатып алуда үкімет аянып қалып отырған жоқ. Бірақ олардың барлығы қаңтарылып босқа тұр ғой. Оның өзінде де олардың көпшілігі соңғы үлгілер емес, ескіре бастағандар. Ал медициналық құрал-жабдықтар шығарушылар техниканың жаңасын өндіруде уақытпен таласып келеді. Есесіне дәрі-дәрмек мәселесі дұрыс жолын тапқандай. «Самұрық-ҚазынаФармация» компаниясы құрылғалы бері қордаланып қалған көп проблема түйіні өздігінен шешіле бастады. Егер отандық медициналық инновацияны жан-жақты дамытамыз десек, «Самұрық-ҚазынаФармация» сияқты компания құрып, құрал-жабдықтарды сатып алып, оны игеруді бір қолға тапсыру керек.

-Инновация -


Информация о работе Медицина