Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 21:09, реферат
Елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы нарығын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Кіріспе.......................................................................................................................
Негізгі бөлім ...........................................................................................................
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі
бөлім ..............................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Дүниежүзiлiк
экономиканың ғаламдануы
Бұл
ретте осы институттар
Елде ғылымды және инновациялық қызметтi
ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк
ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi
көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол
жеткiзу үшiн қаржы нарығын одан әрi дамыту
және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға
қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру
көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде
экономиканың және басқарудың барлық
салаларында әлемдiк стандарттарға көшу
көзделуде. Осы мақсатты о йдағыдай iске
асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген
және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға
негiзделген тұрақты өркендеуiне алып
келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер
жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың
және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне
шығуына ықпал етуi керек.
Негізгі бөлім
1. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
Тәуелсiздiк
алғаннан кейiн Қазақстан
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының
қарқынды дамуы экономикаға экономикалық
дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық
өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге
мүмкiндiк бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк
инвестицияларды тарту және қаржы саласында
құрылымдық–институционалдық өзгерiстердi
жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан
жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының
дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр
cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi
кезеңде индустриялық сервистiк –технологиялық
даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн
қаржы ресурстары жинақталуда.
Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық
нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде
мойындап отырғанын атап өту керек, ол
ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық
ел рейтингiне ие болды.
Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi
инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң
қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан
экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл.
тартылды.
Сонымен
қатар Қазақстан отын және минерал
шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған
шағын экономика ретiнде
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат
ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер
тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей,
шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында
жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып
қала бередi.Экономиканың шикiзат секторларынан
едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe
сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға
ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар
қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап
күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың
жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет
жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте
шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың
кен орындары толықтай пайдаланылғаннан
кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда
елеулi проблемалар туғызады.
Экономиканың
шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден
шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып
және мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң
зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда
Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түстi
металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген
қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстер
жинақталады. Бұл шара, сондай–ақ қазақстандық
қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын
жоюға және экспортты ынталандыратын
және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң
айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi.
Құрылымдық–институционалдық реформалар
саласындағы жетiстiктердi, қаржы секторы
сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық
әлеуетiнiң жедел қарқынмен өсуiн айта
отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары,
сондай –ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер
көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын
атап өту керек.Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия
өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге
түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр
өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен
iшкiнарықта ғана бәсекеге түсе алады,
ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi
бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың
есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр
энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға
төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген
тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау
баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003
жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина
жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм, резина
және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия
өнеркәсiбi) салаларына бюджет алдында
жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу
өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Қазақстанның
қазiргi таңдағы экономикасында мынадай
проблемалар орын алуда:
экономиканың шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
ел iшiндегi салааралық және өңiраралық
экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;
iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар
мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының
мардымсыздығы;
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның
жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге
жатпайтын экономика салаларында негiзгi
қорлардың тез тозуы;
кәсiпорындардың жалпы техникалық және
технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың
болмауы;
ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
отандық ғылымның нарықтық экономика
жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық
өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң
ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан
тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар
деңгейiнiң төмен болуы;
мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау
мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң
болмауы;
экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар
салуға отандық қаржы институттары үшiн
ынталандыру көздерiнiң болмауы;
менеджменттiң экономиканы ғаламдану
үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық
экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi.
ЖIӨ-нiң 1 долларына
электр энергиясының
жұмсалу деңгейi бойынша,
сондай-ақ экономика
салаларындағы еңбек
өнiмдiлiгi бойынша кейбiр
индустриялық дамыған
елдерден 7-10 еседен
астам артта қалып отырмыз.
Қазақстан кәсiпорындарының
негiзгi қорлары құлдырау
алдында. 2001 жылдың басында
негiзгi құралдардың
тозу дәрежесi орта есеппен 29,7 %
құрады. Бiрқатар салаларда
негiзгi құралдардың
нақты тозуы 50 % және
одан астам деңгейге
жақындауда.
Қазiргi уақытта қолданылып
жүрген кәсiпорынның
қарауында қалған пайда
есебiнен негiзгi құралдарды
жаңартуға қаржы ресурстарын
жинақтау тәртiбi моральдық
тұрғыдан ескiрген жабдықты
ауыстыруға ынталылық
туғызбайды және оны
жаңартуда белгiлi бiр
дәрежеде тежеушi болып
отыр.
Негiзгi құралдарды
жаңарту коэффициентi 1999
жылы - 8 %, 2000 ж. - 13,8 % құрады.
Мұндай өсуге мұнай
және табиғи газ өндiруге
инвестиция салу есебiнен
қол жеткiзiлдi.
Негiзгi құралдар құрылымында
аса тозғандары - машиналар
және жабдықтар. Олардың
тозу дәрежесi 2000 жылы 42,1 %
құрады. Көлiк құралдары - 41 %,
ғимараттар 36,5 % тозған.
Мұнай өндiрумен және
металдарды өндiрумен
байланысты емес салаларда
жабдықтың тозу дәрежесi
соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке
дейiн құрады. Өңдеушi
өнеркәсiп кәсiпорындарында
толықтай тозған машиналардың,
жабдықтардың және көлiк
құралдарының үлес салмағы 12 %-ке
жеттi.
Бұл жабдықтың шығарылу
жылына қарай және моральдық
тұрғыдан алғанда ескiруiне,
ел экономикасының бәсекеге
түсу қабiлетiнiң төмендеуiне
душар етедi. Егер Қазақстанда
ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8
киловатт сағат жұмсалатын
болса, Ұлыбритания,
Германия, Италия және
Жапония сияқты елдерде
бұл көрсеткiш 0,22-0,3;
АҚШ, Франция, Түркия,
Кореяда - 0,4-0,6, Канада
мен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт
сағатты құрайды.
1-кесте
Өндіріске
жұмсалатын электр энергиясының
шығындары
(ЖІӨ-нің 1 долларына
шаққанда кВт/сағ)
------------------------------
! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 ! 2000
------------------------------
ТМД
Армения 4,35 3,88 3,66 3,28 3,09 3,13
Беларусь 2,36 1,63 1,85 1,54 2,18 2,51
Қазақстан 4,01 2,80 2,35 2,20 2,82 2,81
Қырғызстан 8,24 7,87 7,13 7,07 10,56
Молдова 0,83 0,83 0,78 0,71 0,94 0,70
Ресей 2,55 2,02 1,95 2,98 4,37 3,38
Украина 5,24 4,11 3,55 4,13 5,59
Әлемнің басқа да елдері
Ұлыбритания 0,30 0,29 0,26 0,25 0,25 0,23
Германия 0,22 0,23 0,26 0,26 0,26 0,27
Италия 0,22 0,20 0,22 0,22 ... ...
Канада 0,96 0,94 0,91 0,92 0,88 0,82
Қытай 1,44 1,32 1,26 1,17 1,21 1,22
Корей Республикасы 0,42 0,44 0,52 0,75 0,66 0,58
АҚШ 0,45 0,44 0,45 0,44 0,42 0,30
Түркия 0,51 0,52 0,54 0,54 0,59 0,56
Франция 0,32 0,33 0,36 0,35 0,36 0,38
Жапония 0,19 0,21 0,24 0,27 0,24 0,22
------------------------------
Алынған көздері:
1) ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті
жинақтарының материалдары, 2000-2002;
2) "International Financial Statistics" Халықаралық
Валюта Қорының статистикалық жинақтары,
2002.
Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда
банктер үлкен қауіп-қатерлер болуына
байланысты операцияларға бара алмайды.
Ашық экономикалы шағын ел болғандықтан,
Қазақстан әлемдiк бағаларға әсер ете
алмайды, сондықтан оларды сол қалпында
қабылдауға тиiс. Осының салдарынан ел
өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының
шектеулi мөлшерiн ғана қолдана алады.
Осыған байланысты экономиканың сыртқы
факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн
елде жоғары технологиялық өндiрiстердi
құру аса өзектi мәселеге айналуда.
Өткiзуден түсетiн табыстың 1 теңгесiне
жұмсалатын шығындардың көрсеткiшi еңбек
және материалдық ресурстарды пайдалану
тиiмдiлiгiн бағалаудың индикаторы болып
табылады. Бұл көрсеткiш өткiзiлген өнiмнiң
(жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнының
оларды сатудан түсетiн табысқа қатынасымен
өлшенедi. Бұл көрсеткiш аз болған сайын
кәсiпорынның табысы жоғары болады.
Қазақстан экономикасында 2002 жылы мұнай
және табиғи газ өндiру (0,39) кезiнде, қаржы
қызметiнде (0,48), темекi өнiмдерiн өндiруде
(0,58), түстi металдар өндiруде (0,55) өндiрiлген
капитал мен адам күшін пайдаланудың жоғары
тиiмдiлiгi орын алды. Өткiзiлген өнiмнiң
1 теңгесiне жұмсалған шығындардың төмен
деңгейi ауыл шаруашылығында (0,91), химия
өнеркәсiбiнде (0,85), электр энергиясын,
газ және су өндiру мен бөлуде (0,86), құрылыста
(0,85), сусындарды қоса алғанда тағам өнiмдерiн
өндiруде (0,8) байқалды.
Салық шегерiмдерiн, өнiм тасымалдауға
және жарнамаға жұмсалатын шығындарды
есепке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары
залалда қалады.
Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа
технологияларды қолдану, өнiмнiң материал
және энергия сыйымдылығын төмендету
кәсiпорынның табыстылығын жоғарылатудың
резервтерi болып табылады.
2-кесте
2002
жылы өткізілген өнімнің
1 теңгесіне шаққандағы
шығындар деңгейі
------------------------------
Өткізілген ! Өнімді ! Өткізілген
өнімнің !(жұмыстарды, ! өнімнің 1
(жұмыстардың, ! қызметтер ! теңгесіне
қызметтер !көрсетулердің)! шаққандағы
көрсетулердің) ! өткізуден ! шығындар
өзіндік құны ! түскен кіріс ! деңгейі
------------------------------
млн. теңге теңге
Барлығы 1970993,6 3211898,1 0,61
Ауыл шаруашылығы,
68687,6 75337,2 0,91
аң аулау, орман
шаруашылығы
Кен өндіру
530423,3 1185646,8 0,45
өнеркәсібі
шикі мұнай
және 383218,9 973496,2 0,39
табиғи газ өндіру
Өңдеуші өнеркәсіп 526538,1 773500,9 0,68
тағам
өнімдерін, 124053,5 163793,1 0,76
оның ішінде
сусындар және
темекі өндіру
тағам
өнімдерін, 104989 131017,6 0,80
оның ішінде
сусындар
өндіру
темекі бұйымдарын
өндіру 19064,5 32775,4 0,58
мұнай
өнімдерін
өндіру 35920,8 58423,5 0,61
ядролық
материалдар
өндіру 10071,5 12170,8 0,83
химия өнеркәсібі 14138,2 16582,6 0,85
басқа
да металл
емес минералдық
өнімдерді өндіру 21016,9 27411,1 0,77
қара
металл
қорытпаларын өндіру 75957 122015,4 0,62
түсті
металдар
өндіру 130453 238586 0,55
машиналар
және
жабдықтар шығару 19565,6 24029 0,81
Электр
энергиясын, 159056,9 185563,2 0,86
газ және су өндіру
мен бөлу
Құрылыс 168742,8 198873,7 0,85
Информация о работе Экономиканың шикізаттық бағыты және әлемдік экономиканың интеграциялану деңгейі