Біліктілік пен бірлік бітеқайнасқан жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 17:11, реферат

Описание работы

Облыс әкімі аймақтық саясаттың маңызды аспектілерінің бірі — облыстағы Қаратау және Жаңатас сияқты моноқалаларды дамытып-өркендету мәселесіне де тоқталды. Өткен 2012 жылы жасалған қос қаланы дамытудың кешенді жоспары бойынша, таяудағы жылдарға арналып 4,9 миллиард теңге қарастырылған. Ол бойынша Жаңатас және Қаратау қалаларының әрқайсысында 26 үй қайта қалпына келтіріледі, 104 және 18 апатты үй күйретіледі. Бұдан өзге халық санына қарай су, жылу, газбен қамту және кәріз желілеріне реконструкция жүргізіледі, қалаларды абаттандырудың бірінші кезекте тұрған мәселелері шешіледі.

Работа содержит 1 файл

Жаңалықтар.doc

— 190.00 Кб (Скачать)

Жаңалықтар -> ҚОҒАМ -> Біліктілік пен бірлік бітеқайнасқан жұмыс

Біліктілік пен бірлік бітеқайнасқан  жұмыс

25 Ақпан  2013 Жыл • • 5113 қарап шығу • түсіндірмелер 0


Оның нәтижесінде өткен жылы Жамбыл өңірінде іргелі шаруалар атқарылып, экономика өрге басты

 

Облыс әкімі  есепті баяндамасында 2012 жылғы 9 айдың  қорытындысы бойынша облыстың жалпы  өңірлік өнімі 517 миллиард теңгені құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға өскенін атап көрсетті. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 707 миллиард теңгеге жетіп, өсім 9 пайызды құрайды деп күтілуде.

2012 жылды Мемлекет  басшысы әлеуметтік-экономикалық  жаңғыру жылы деп белгілегендігі мәлім. Елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағытының бастысы ретінде Елбасы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді атады. Осыған орай қабылданған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын орындау үшін Тараз қаласы мен барлық аудандардың орталықтарында тұрғындардың жұмыспен қамту орталықтары құрылған. Бағдарлама аясында 2012 жылы 3,1 миллиард теңге қаржы игерілген. Бұдан өзге бос жұмыс орындары есебінен облыс бойынша 12,2 мың адам жұмысқа орналастырылыпты. 
Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін бюджеттен 570 миллион теңгеге жуық қаржы бағытталған. Кәсіпкерлік негіздерін 159 ауыл тұрғыны оқып, үйреніпті. Облыстағы шағын қаржы органдары арқылы өзіндік істерін ұйымдастыру және кеңейту үшін бағдарламаның 238 қатысушысына 488,5 миллион теңге шағын несие берілген. 
Есепті кезеңде ауылдық елді мекендерді дамытып-өркендетуге 746 миллион теңге бағытталған. Облыста барлығы 67 елді мекенде 80 жоба жүзеге асырылып, 620 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. 
Жыл аралығында 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылыпты. 21900 жұмыс орны ашылған. Олардың 5100-і тұрақты, 16800-і уақытша және маусымдық жұмыс орны болып табылады. Әлеуметтік жұмыс орнымен 1305, ал «Жастар тәжірибесімен» 2764 адам қамтамасыз етілген. Ақылы қоғамдық жұмысқа 4 мыңға жуық адам тартылыпты. Облыстағы жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 5,5 пайыздан 5,4 пайызға дейін кеміген. 
Ағымдағы жылды тұтастай алғанда жұртшылықты жұмыспен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен жұмыспен қамту бағдарламасын қоса есептегенде 7,2 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл – 2012 жылғы деңгейден 2,3 есеге артық. 
Аумақтағы әлеуметтік тұрақтылықты және жұртшылықтың қорғалуын нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы 171 мың азаматқа жалпы сомасы 1 миллиард 650 миллион теңге болатын әлеуметтік қолдау көрсетілген. Нәтижесінде кедейшілік деңгейінен төмен өмір сүретін азаматтардың саны 32 пайызға қысқарып, 12,5 мыңнан кем адамды құраған.  
Жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу деңгейін көтеру бойынша да шаралар қолданылуда. Соның арқасында 2012 жылы бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 72274 теңгені құрап отыр.

ҮШ  ЖЫЛДА – 16 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

Облыс әкімі Елбасы Жолдауынан туындайтын басты міндеттердің бірі – «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының  орындалу барысына тоқталды. Өткен  жылы кезекте тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жалпы алаңы 14,5 мың шаршы метрді құрайтын 70 пәтерлік екі, алпыс пәтерлік бір тұрғын үй пайдалануға беріліп, 200 отбасы қоныс тойын атап өтіпті. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша Тараз қаласында 75 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілген. Жалға берілетін және ипотекалық тұрғын үй құрылысы 2011 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға ұлғайған. Жеке секторда олардың өз есебінен 202 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылған. 
Өткен жылы соғылып жатқан тұрғын үй иіндеріндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарының 16 нысанының құрылысы аяқталып, 2 миллиард теңгеге жуық қаржы игеріліпті. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция көлемі 2011 жылғыға қарағанда 16,1 пайызға артып, 9,3 миллиард теңгені құраған. Соның ішінде бюджеттен құйылған қаржы көлемі 2,9 миллиард теңге болыпты.  
Тұрғын үй қорын жаңғырту шеңберінде 74 тұрғын үйді, соның ішінде Тараз қаласындағы 46 тұрғын үйді жөндеуге 813 миллион теңге жұмсалған. 
Ағымдағы жылы бюджет қаржысы есебінен Тараз қаласында жалпы саны 430 пәтерлік алты тұрғын үй соғылатын болады, Қаратау қаласында 40 пәтерлік тұрғын үй қайта қалпына келтіріледі. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 1,9 миллион теңге қарастырылып отыр. Оның 700 миллионы кредиттік тұрғын үй, 1,2 миллиард теңгесі коммуналдық тұрғын үй құрылысына жұмсалынады. Жаңа тұрғын үй иіндеріндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 1,7 миллиард теңге бөлінетін болады. 
Облыста «Қолжетімді баспана» бағдарламасын жүзеге асыруға үш жылдың бедерінде 16 миллиардтай теңге қаржы бағытталыпты. Нәтижесінде алдағы уақытта 1500-ден астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан өзге ағымдағы жылы барлық қажетті инфрақұрылым жеткізілген соң, облыс орталығының тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға кезекте тұрған 1500 тұрғынға жер телімі беріледі. Осылайша 7 мыңға жуық тараздық жеке тұрғын үймен толық қамтылынады. Таяудағы үш жылда құрылыс салуға бөлінген жерлерге құрылыс салушылардың өз есебінен 100 миллиард теңгеге жуық қаржы салынбақшы.

МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ  КЕЛЕШЕГІ ЖАРҚЫН

Облыс әкімі аймақтық саясаттың  маңызды аспектілерінің бірі — облыстағы  Қаратау және Жаңатас сияқты моноқалаларды  дамытып-өркендету мәселесіне де тоқталды. Өткен 2012 жылы жасалған қос қаланы дамытудың  кешенді жоспары бойынша, таяудағы жылдарға арналып 4,9 миллиард теңге қарастырылған. Ол бойынша Жаңатас және Қаратау қалаларының әрқайсысында 26 үй қайта қалпына келтіріледі, 104 және 18 апатты үй күйретіледі. Бұдан өзге халық санына қарай су, жылу, газбен қамту және кәріз желілеріне реконструкция жүргізіледі, қалаларды абаттандырудың бірінші кезекте тұрған мәселелері шешіледі. 
Нақтылы кезеңде «ЕвроХимудробрение» компаниясының минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыты мен тау-кен кешенінің құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыру, «Казфосфат» ЖШС-ның суспензиялық-байыту және ұнтақтау-майдалау фабрикасын реконструкциялау және құрылысын жүргізу, жел электр стансаларын салу, басқа да өндіріс орындарын ашу қарастырылуда. Моноқалалардағы аталған жобалардың іске асырылуы Жаңатаста — 1018, Қаратауда — 2120 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 
Аймақтың әлеуметтік инфрақұрлымын дамытуға «ЕвроХимудобрение» ЖШС қазірдің өзінде 735 миллион теңге қаржы бағыттап отыр. Бұл қаражатқа Жаңатас қаласындағы 120 пәтерлік тұрғын үй қайта қалпына келтіріледі, Балалар мен жасөспірімдер орталығы және «Балдырған» балабақшасы күрделі жөндеуден өткізіледі, Қаратау қаласындағы «Күн нұры» балабақшасы қалпына келтіріліп, спорт залдың құрылысы қолға алынатын болады. Оның үстіне Жаңатас қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету, Жаңатастан Түркістан қаласына апаратын теміржол құрылысын жүргізу сияқты мәселелер де қарастырылуда. 
Есеп беру жиынында облыс әкімі Қанат Бозымбаев Сарысу ауданының әкіміне Жаңатас қаласы тұрғындарының наразылығын туғызып отырған цемент зауытының пештерін қала сыртына шығару туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қаңтар айының орта шенінде Тараз қаласы мен облыстың бес ауданының табиғи апат өтінде қалғандығын, дауылдың зардаптарын, әсіресе, Қаратау және Жаңатас қаласының көбірек тартқандығын айтып, төтенше жағдайды жоюда ТЖ қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорындардың ұжымдарына, энергетиктерге, теміржолшыларға, әскерилер мен кәсіпкерлерге, Алматы мен Қарағанды облыстарынан, бауырлас Қырғызстаннан келген мамандарға алғысын жеткізді. Апаттан зардап шеккендіктеріне қарамастан шыдамдылық пен төзімділік танытқан жамбылдықтарға ризашылығын білдірді. Тұрғын үйі немесе шаруашылығы дауылдан залал шеккен облыстың бірде-бір тұрғынының көмексіз қалмайтындығына жұртшылықты сендірді.

САЛА ЖҰМЫСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛАТЫН БОЛАДЫ

Облыс басшысы бұдан кейін  адам капиталын сапалық тұрғыдан дамыту бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Әрине, бұл бірінші кезекте  денсаулық сақтау мен білім беру. 
2012 жылы облыс денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға оның алдындағыдан 32,6 пайызға көп қаржы, яғни, 31,3 миллиард теңге жұмсалып, жергілікті бюджет есебінен төрт дәрігерлік амбулатория, он медпункт және облыстық туберкулез ауруханасының бактериологиялық зертханасы салынып, тоғыз денсаулық сақтау нысаны жөнделді. Сонымен қатар, «100 аурухана» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен салынып жатқан үш нысанның бірі – Тараз қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасы пайдалануға берілді. Облыстағы денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Бұл мақсаттарға мемлекет бюджетінен 1,4 миллиард теңге бағытталып, қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.  
Облыс әкімі жамбылдықтар үшін жоғары деңгейдегі медициналық көмектің барынша қолжетімді бола түскенін қанағаттанғандық сезіммен атап көрсетті. Есепті кезеңде облыстың жеті ауруханасында 514 кардиохирургиялық, 59 лапароскопиялық және тізе сіңірін ауыстырып салу жөніндегі 231 ота жасалған.  
Облыста білікті дәрігер кадрларының жетіспеушілігін азайту және дәрігерлердің біліктілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өткен жылы облысқа келген 98 жас дәрігердің 59-ы ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылған. С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде облыстық бюджет қаржысы есебінен 59 студент білім алуда. 374 дәрігер мен 1379 орта медициналық қызметкер біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарынан өткен. Тағы бес дәрігер Новосібірдегі кардиологияда инновациялық технологияны енгізу мәселелері жөніндегі ғылыми-медициналық орталықта оқып қайтты.  
Алдын алу шараларының нәтижесінде есепті кезеңде 2011 жылмен салыстырғанда ана өлімі 16,9, бала өлімі 8,3 пайызға, туберкулезге шалдығу 1,5, қан айналымы жүйесінің аурулары 0,4 пайызға төмендеген.  
Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың алдағы жылдары медициналық қызметтің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталатынын атап көрсеткен Қанат Бозымбаев осы мақсатта алдағы үш жылда облыста алғашқы дәрігерлік санитарлық көмек көрсететін 39 ауылдық амбулаториялық емхана, үш аурухана, төрт емхана, сонымен қатар, жаңа облыстық перинатальдық орталық салынатындығын жеткізді.  
Облыс әкімінің айтуынша, алдағы уақытта басты назар әлеуметтік бағдарлы алғашқы дәрігерлік санитарлық көмекті дамытуға және емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға аударылады. Сала қызметі жұмысының басты көрсеткіштері жалпы өлім деңгейінің төмендеуі мен облыс тұрғындарының өмір сүру көрсеткішінің орташа ұзақтығының өсімі болады.

МІНЕ, БІЗ ОСЫНДАЙ  ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІ МАҚТАНЫШ ЕТУІМІЗ  КЕРЕК!

Облыста білім беру саласын  қаржыландыру ауқымы да жыл өткен сайын артып келеді. 2012 жылы салаға оның алдындағы жылмен салыстырғанда 23,5 пайызға артық қаржы, атап айтқанда, 65 миллиард теңге бөлінді.  
«Балапан» бағдарламасы аясында Меркі, Талас және Сарысу аудандарында әрқайсысы 280 орындық мемлекеттік үш балабақша салынса, екі балабақша ғимараты қайта құрылымдалып, пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі он мемлекеттік және екі жекеменшік мекеме, сегіз шағын орталық – барлығы төрт мыңнан астам орын ашылды. Үш ауысым мәселесін шешуде үш мектеп, апатты жағдай мәселесін шешуде бес мектеп салынып, 27 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілген, 39 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалған.  
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, жас мамандарды тарту жөніндегі жұмыстар жүйелі жүргізілуде. 2012 жылы 525 оқытушы электронды оқыту бойынша, 566 оқытушы «Назарбаев мектебі» Кембридж университетімен бірлесіп жасаған үшдеңгейлі бағдарлама бойынша курстардан өткен. Ауылдық жерлердегі мектептерге 137 жас ұстаз тартылған.  
Осының бәрі білім сапасын арттыруға оң ықпал етіп отыр. Соңғы екі жылда облысымыз ҰБТ көрсеткіші бойынша республикада «белортада» тұр. ҰБТ қорытындысы бойынша айқындалған үздік жүз мектептің қатарында жамбылдық жеті мектеп те бар.  
Облысымыздың командасы 2012 жылы жалпы білім беру пәндері бойынша өткен республикалық олимпиадада бірінші орынды, республикалық ғылыми жарыста екінші орынды иемденген. Ал, Президенттік олимпиадада үш алтын, бір қола медаль алыпты. Жалпы, өткен жылы жамбылдық оқушылар халықаралық, әлемдік пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардан 36 медаль алып қайтыпты. Бұл 2011 жылғыдан 17 медальға артық! Түрлі республикалық және халықаралық интеллектуалдық конкурстарға қатысқан 14280 оқушымыздың 1685-і жүлдемен оралған. «Міне, біз осындай жетістіктерімізді мақтаныш етуіміз керек!», деді Қанат Бозымбаев. 
Кәсіптік-техникалық білім саласына да үлкен назар аударылып отыр. Облыстағы 54 колледжде 35 мыңнан астам оқушы білім алуда. Өткен жылы білім гранты төрт мыңға жеткен. Ол 2011 жылғыдан 135 орынға көп. 2014 жылы құрылысы басталатын Тараз қалалық №13 кәсіптік лицей жатақханасының жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға облыс бюджетінен 9,5 миллион теңге бөлінді. Өндіріс орындары мен шаруа қожалықтары өткен оқу жылында колледж оқушылары өндірістік тәжірибеден өту үшін 5856 орын ұсынған болса, биыл 9637 орын беріп отыр.  
Облыс басшысы есепті баяндамасында білім беру саласындағы таяу жылдардағы жоспарларға да тоқталды. Үстіміздегі жылы үш ауданда бес мектептің құрылысы аяқталып, үш ауысымды және апатты мектептер проблемасы ішінара шешілмек. Сонымен қатар, алты мектептің құрылысы басталып, Тараз қаласында Назарбаев интеллектуалдық мектебі пайдалануға беріледі. 2013 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің үлесі 17,7 пайызды құрайтын болады.

СПОРТТЫҢ БҰҚАРАЛЫЛЫҒЫ АРТУДА

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, өңір халқы арасында көпшілік спорттың қолжетімділігін арттыру  мақсатында 73 спорт нысанының пайдалану  кестелері қайта жасалды. Қазіргі  таңда 19 мыңнан астам адам осы мүмкіндіктерді толықтай пайдалануда. Жалпы, есепті кезеңде облыс бойынша спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 206 мың адамды немесе 19,3 пайызды құрады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 10,6 мың адамға артық. Өткен жылы облыста тоғыз спорт алаңы пайдалануға беріліп, күреске және спорттың ойын түрлеріне арналған төрт спорт залының құрылысы басталды. Аталған нысандарды биыл көктемде пайдалануға беру жоспарлануда.  
Бұдан әрі облыс спортшылары былтыр қол жеткізген жетістіктерге тоқталған облыс басшысы: «Дегенмен, бізді Жамбыл бокс мектебінің бүгінгі жағдайы, даму қарқыны қатты алаңдатып отыр», деді. Өйткені, 2004 жылдан бері Жамбыл боксы өзінің даңқты жолын жоғалтып, халықаралық деңгейдегі ірі жарыстардан бос қайтып жүр.  
Соңғы жылдары біздің боксшыларымыз жеңілістен көз ашқан жоқ. Бұл – шындық! Оның басты себебі – бокс әкімшілігі, жаттықтырушылар құрамы өз жұмыстарында ескі әдістемелерді пайдаланумен шектелген. Спортшылардың дайындық деңгейіне сапалы талдау жасалмайды. Ал, қазіргі заманғы, жаңашыл бокс әлдеқашан алға кеткен. Сондықтан, біз «Жамбыл бокс клубына» кәсіби бокстан әлем чемпионы Марат Мәзімбаевты тағайындап, Кубадан тәжірибелі жаттықтырушы, өз ісінің маманы Мануель Элизонда Кастиллоны шақырдық. Өкінішке қарай, бұрынғы облыстық спорт басшылары, бапкерлер белгілі бапкердің келуін сынға алып, оқу-жаттығу процестеріне кері әсер етуде. Бар билік пен мүмкіншіліктер қолында тұрғанда олар не ойлаған? Нәтижелері қайда? Облыс бапкерлері болса өткен «жеңісті күндердің буынан» әлі күнге дейін шыға алмай отыр. Оларға деген жанкүйерлердің үміті үзілді, сенімі жоғалды. Осы орайда, жаңа келген білікті маманнан тәжірибе алуды неге намыс көреміз?! Қайта қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, үйренуіміз қажет емес пе? Бос көкірек кімге керек? Ал, облыстың басты мақсаты, алдағы жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізу, Жамбыл боксын қайта жаңғырту! 
2013 жылғы басты мақсат – Спорт сарайының құрылысын аяқтау екенін атап көрсеткен Қанат Бозымбаев бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаралғанын жеткізді. Бұдан басқа, Қаратау қаласында «Лашын» футбол клубы спорттық кешенінің әкімшілік ғимаратының, жатақханасының және асханасының құрылысы, сондай-ақ, Тараз қаласындағы Орталық стадионды қайта жаңғырту жоспарлануда.  
Туристік кластерді құруда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінде жол бойы инфрақұрылымының сегіз нысанына үш гектардан астам жер телімдері бөлініп, сервис орталықтарының жобасы әзірленген. Облыс бюджеті есебінен Т. Рысқұлов ауданындағы «Ақыртас сарайы» және Жуалы ауданындағы «Тау самалы» туристік кешендеріне жол салудың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалса, ағымдағы жылы Жуалы ауданындағы «Көксай» шатқалына салынатын 25 шақырымдық жолдың құжаттары дайындалатын болады. 
Бұдан әрі 2011 жылдан бастап Тараз қаласының орталық аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының барысы мен мән-маңызына тоқталған Қанат Бозымбаев ортағасырлық Тараздың аумағын нақтылау мақсатында отыз гектардан астам аумақта бюджеттен тыс қаржы есебінен 34 шурф қазылғанын, өткен күзде «Көне Тараз» этнографиялық тарихи-мәдени кешенін қалыптастыруға орай орталық базардың жаңа орындарға көшірілгенін айта келіп, осы мәселеде түсіністік танытқандары үшін тараздықтарға ризашылығын білдірді. 
«ЖЕТІТӨБЕДЕ» АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ САЛУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Өткен жылы мәдениет саласын қаржыландыруға жұмсалған бюджет қаржысы 12 пайызға өсіп, 2,8 миллиард теңгені құрады. Отыз мәдениет нысаны ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілді.  
Облысымызда «Art-Mix» өнер семинары дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Соның арқасында облыстың өнер шеберлері республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр. 
Ерекше мақтанышымызға айналған облыстық филармонияның ұлт аспаптар оркестрі Атырау, Шымкент, Алматы, Астана қалаларының белгілі дирижерлерінің, сондай-ақ, Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың қатысуымен өзінің бір жылдық есепті концерттерін табысты беріп қайтты. Облыстың барлық елді мекендерін қамтыған «Арт Керуен» мәдени-ағарту жобасы іске асырылды.  
Менің тапсырмам бойынша дарынды жастарды іздестіру мақсатында алғаш рет әншілердің «Жамбыл STAR» телевизиялық байқауы ұйымдастырылып, оған бес жүзден астам жас талант қатысты, деді осы орайда облыс әкімі. Байқау жеңімпаздары бүгінгі таңда облыстық филармонияның жетекші әртістері болып табылады.  
«Кино әлемі», «Мұражайдағы түн» сияқты тың мәдени-ағарту жобаларын, «Жас дәурен» байқауын, жас суретшілердің шығармашылық көрмесін, мүгедек балалар фестивалін жұртшылық жылы қабылдады. 
«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Жамбыл ауданында орналасқан «Жетітөбе» кешенінің екі қорғанында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 20 миллион теңге жұмсалды. Қазба барысында ежелгі темір ғасырына жататын 49 алтын фрагмент табылды. Бұл нысанда үстіміздегі жылы ашық аспан астындағы мұражай салу жоспарланып отыр.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА  АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Облыстың аграрлық секторын дамыту басты басымдықтардың бірі болып табылады. Жыл сайын  саланы қаржыландыру көлемі ұлғаюда. Өткен  жылы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға мемлекеттік бюджеттің 5,5 млрд. теңге қаржысы бағытталды. Оның ішінде 2,7 млрд. теңге субсидия төлеуге жұмсалды. Бұдан басқа «КазАГРО» ұлттық әл-ауқат қорының қаржылық институттары тарапынан облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің жобалары 2,8 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Өткен жыл біздің диқандарымыз үшін оңай жыл болған жоқ. Қолайсыз ауа райы егін шаруашылығының өнімдерін жинауға айтарлықтай әсерін тигізді. 
Атап айтқанда, дәнді дақылдар және бұршақты дәнді дақылдар түсімі — 42, майлы дақылдар – 20, қант қызылшасы – 64 пайызға кеміді.  
Дегенмен, өткен жылдың қорытындысы бойынша  
жалпы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 93,2 млрд. теңгені құрап, (2011 жылы - 89,4 млрд. теңге), нақты көлем индексі 3 пайызға төмендеді. 
Ауылшаруашылық мәндегі жерлерді тиімді пайдалану мақсатында су және ылғал үнемдегіш технологияларды пайдалану мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ылғал үнемдегіш технологияларды қолдану алқабы 1770 гектарға жетіп отыр (тамшылатып суғару — 870 гектар және жаңбырлатып суғару — 900 гектар). Бұл — 2011 жылғы көрсеткіштен 540 гектарға артық. Сонымен қатар, 21 мың гектар алқапқа нөлдік және минимальдік технология енгізілді. 
Есепті жылы 463 млн. теңге облыстық бюджет қаржысына Талас ауданындағы «Шапан» қорғаныс-реттегіш бөгеті күрделі жөндеуден, сонымен қатар, облыстың 45 су шаруашылығы объектілері ағымды жөндеуден өткізілді. 
54 шақырым канал, оның ішінде 19,7 шақырым науалық және темірбетон канал, 87 гидромелиоративтік құрылғы, 33 гидрометрикалық бекет, сондай-ақ, 12 су қоймасы мен бөгеттер жөндеуден өтті.  
Жамбыл және Байзақ аудандарында 101 жылыжай құрылысын салу есебінен, қолданыстағы жылыжайлардың саны 405 бірлікке жетті. Үстіміздегі жылы 5,6 гектар алқапқа жылыжай құрылысын салу жоспарлануда. 
Мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі өткен жылы 51,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда, 3,1 пайызға өсті.  
Ет өндірісі — 4,1, сүт — 1,7, жүн, 2,0 пайызға артты.  
Соңғы жылдары өңірде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Есепті кезеңде облысқа 816 бас шетелдік асыл тұқымды мүйізді ірі қара әкелінді. Атап айтқанда, Қордай ауданындағы «Қақпатас-Қордай» серіктестігіне Ирландиядан 309 бас ет бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара алынды. Олардың 124 басы Герефорд және 185 басы Ангус тұқымды. Қазіргі кезде олар толық бейімделуден өтті.  
Сонымен қатар, «Әли» шаруа қожалығына Ирландиядан ет бағытындағы Лимузин тұқымды 89 бас, «Бай-Нұр» компаниясына Канададан Ангус тұқымды 418 бас мал сатып алынды. Бұдан басқа 2300 басқа арналған 5 мал бордақылау алаңы ашылды. Бұл жоспардан 2,3 есеге артық. Бүгінгі таңда мал бордақылау алаңдарында 2560 бас мүйізді ірі қара бар.  
2015 жылға дейін мал бордақылау алаңдарының қуаттылығын 5,5 мың басқа дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. «Сыбаға» бағдарламасын іске асыру мақсатында соңғы 2 жыл ішінде облыста жоспардағы 5200 бастың орнына 8 мың бас мүйізді ірі қара сатып алынды (тапсырмаға 153,2%). Сондай-ақ, ағымдағы жылы осы бағдарлама аясында 4700 аналық мүйізді ірі қара мал сатып алу жоспарланып отыр. 
Облыстағы мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру шеңберінде «Smart Agro Karkara» кәсіпорнымен 10 мың бас мүйізді ірі қараны бордақылау кешені және репродуктор шаруашылық құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.  
Есепті жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 18 мал сою пункті салынды. Нәтижесінде олардың жалпы саны 65 бірлікті құрап отыр. Соңғы екі жылда облыста мал ауруларын жедел және сапалы диагностикалау мақсатында 1 типтік, 1 облыстық және 5 аудандық ветеринарлық зертхана салынды.  
ҮШ ЖЫЛДА 137 ПОЛИГОН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Өңірдегі минералдық-шикізаттық ресурстарды өндірістік жолмен игеру облыстың экологиялық ахуалына кері әсерін тигізбей тұрмайды. Өткен жылы қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер 1 170 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 27,0 пайызға артық. Сонымен қатар, табиғатты қорғау іс-шараларына 1,4 млрд. теңге бағытталды. Бұл төлемдер түсімдері сомасының 123 пайызын құрайды.  
Ұдайы өсіп отырған тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және оларды көму мәселесі облыстың маңызды проблемаларының бірі болып қалуда. Қордай ауылында, Шу, Жаңатас қалаларында тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Б.Момышұлы ауылында және Жамбыл ауданындағы психоневрологиялық интернат үйінің полигоны құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Осы жұмыстарды жүргізу үшін 204 млн. теңге жұмсалды. 
Соңғы үш жылда облыста барлығы экологиялық талаптарға сәйкес 137 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны пайдалануға берілді. 
 
ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ӨРГЕ СҮЙРЕЙТІН ӨНДІРІС

Президенттің  елімізді индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы экономикамызды жаңғыртудағы басты бағдар болып табылады. Осы бағдарлама аясында облыста жалпы сомасы 500 миллиард теңгені құрайтын 31 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. 
Мұның өзі жаңадан 6 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Бағдарламаны жүзеге асыру басталғаннан бері облыста 21 жоба іске қосылып, 2535 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 2012 жылы 2,3 миллиард теңгенің 7 жобасы ел игілігіне беріліп, жаңадан 261 жұмыс орны құрылды. Есепті мерзімде екі құрылыс кәсіпорны, натрий гексометофосфат және азықтық фосфат өндіретін кәсіпорындар, үш ауылшаруашылығы өнімін өңдейтін және жиһаз қаптайтын зауыттар іске қосылды. Сондай-ақ, Шу ауданында Локомотив жөндеу зауытының базасында «Қамқор локомотив» компаниясы маневрлік тепловоз өндірісін құрды. Өндірістің жобалық қуаты — жылына 50 тепловоз шығару.  
Жобаны жүзеге асыру өнеркәсіп өндірісінде оң нәтижелерге қол жеткізуде. Өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 101,6 пайызды, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 104,8 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 9,5 пайызға ұлғайды және бір жұмысшыға шаққанда 42,5 мың АҚШ долларын құрады. Жамбыл ауданында Индустрияландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған үш жоба аудан өндірісіндегі өнеркәсіп өнімі көлемін 94,5 пайызға жеткізді.  
Үстіміздегі жылы Индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 16,4 миллиард теңгенің 8 инвестициялық жобасын іске асыру көзделуде. Мұның өзі жаңа 646 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішіндегі бір жоба — полимерден құрылыс материалдарын өндіретін «Құрылыс-Полимер» зауыты үстіміздегі жылдың қаңтар айында іске қосылды.

Экономиканы жаңғыртуда ірі инвестициялық жобаларды  жүзеге асырудың маңызы зор. Облысымызда  кешенді минералдық тыңайтқыш өндірісі жобасын іске қосу Мемлекет басшысының Жолдауында ерекше атап көрсетілген  болатын. Өткен жылдың басында зауыт құрылысының жобасын іске асыру туралы «Еврохим» компаниясы және Үкімет арасында келісімге қол қойылды. «Көкжон» және «Гиммельфарб» кен көздері жобасы бекітіліп, жер қойнауын игеруге келісімшартқа қол қойылды. Бүгінгі таңда өндірілген кенді өңдеу, байытудың оңтайландырылған нобайы жасалып, француздық «ТECНNIP MINES» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды. 
«ЕвроХимудобрение» компаниясы зауыт құрылысы жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме жобасын әзірлеп, кен көзін игерудегі алғашқы жұмысты бастады. Компания үстіміздегі жылдың соңына дейін кен өңдіруді бастап, Аралтөбе телімінде фосфор өндірісі көлемін біртіндеп арттыратын болады. Үстіміздегі жылы жобаны жүзеге асыруға 13 миллиард теңге жұмсалады. 
Аймақта «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» қатысуымен «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Мұның өзі өңір экономикасын дамытуға жаңа серпін берері сөзсіз. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы Жарлыққа Президент қол қойған. Арнайы экономикалық аймақ Шу ауданында құрылған. 2013-2016 жылдары индустриялық аймақта құрылыс жүргізу және өндірістің алғашқы кезегін іске қосу көзделуде. 2017-2025 жылдары өндірістің екінші кезегі жүзеге асырылады. Арнайы экономикалық аймақ кәсіпорындарында жылына 25 түрлі 2 миллион тонна химия өнімдерін өндіру көзделуде.

ИНВЕСТИЦИЯ  –ИГЕРГЕНГЕ ИГІЛІК

Облысқа инвестицияны көптеп тарту мақсатында былтыр «Таras Invest-2012» халықаралық инвестициялық  форумы өткізілді. Оған жақын және алыс шетелдерден және Қазақстаннан 300-ден  астам делегат қатысты. Форумда 14 инвестициялық жобаның тұсауы кесілді. Оның қорытындысында 6 меморандум мен келісімге қол қойылды. Олардың арасында Тараз қаласындағы аэропорттың жаңа терминалының құрылысы, «Тараз» АПЛЦ», «Меркі» асыл тұқымды зауыты» АҚ-ын жаңғырту және кеңейту, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жөніндегі зауыт құрылысы, гипс картондық табақ өндірісі, құрғақ құрылыс қоспасы, Тараздағы ұнтақталған мрамор және шыны ыдысы зауытының құрылысы жобалары бар. Жоғарыда көрсетілген келісімдерді жүзеге асыру облысқа 109 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Өткен жылы облыстың өнеркәсіп секторына 150 миллиард теңге инвестиция тартылды.

ЛИЗИНГТІК КЕЛІСІМШАРТТАРДА СУБСИДИЯЛАНАДЫ

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік қызметті жандандыру мәселесіне айрықша назар аударуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2012 жылы 3,2 миллиард теңге бөлінді, бұл 2011 жылғыдан 2,3 есеге көп. Жалпы құны 10 миллиард теңгенің несиесі бойынша пайыздық ставканы субсидиялауға кәсіпкерлердің 87 жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Өндірістік инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға 12 жобаға 2,4 миллиард теңге бөлінді. Шағын және орта бизнестің 181 субъектісіне сервистік қолдау көрсетілді. «Назарбаев университеті» бизнес мектебі базасында біздің 10 кәсіпкер оқытылды. «ТуранПрофи» орталығы базасында 24 кәсіпкер оқытылуда. Олар кейін тәжірибені АҚШ және Германияда өткізуі мүмкін. Үстіміздегі жылы бағдарлама жаңа қолдау құралдарымен толықты. Енді пайыздық ставканы субсидиялау банктік несиелерге ғана емес, сондай-ақ, қаржылық лизинг келісімшарттарына да жүзеге асырылады. Мұның өзі қызмет көрсету, өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірісті жаңғырту және жаңартудағы тамаша мүмкіндік.  
Мемлекеттік қолдау шаралары бизнестің өркендеуіне үлкен серпін беруде. 2012 жылы кәсіпкерлік субъектілерінде өндірілген өнім көлемі 185,8 миллиард теңгені құрады.

ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН  ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ  АЙНАЛУДА

Аймақты энергиямен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жаңғыртылған энергия көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Елімізде «Жасыл экономика» тақырыбында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілуіне байланысты бұл мәселенің өзектілігі арта түсуде. Облысымызда соңғы үш жылда жаңартылған энергия көздері бойынша жалпы қуаты 186 мегаваттық 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа 390 миллион доллар инвестиция тартылуда. 2010 және 2012 жылдар аралығында қуаты 1,5 мегаваттық Меркі су электр стансасы пайдалануға берілді. Қазақстанда тұңғыш рет Қордайда қуаты 1,5 мегаваттық өнеркәсіптік жел электр стансасы қуат бере бастады. Өткен жылдың желтоқсан айында Қордай ауданындағы Отар ауылында елімізде тұңғыш күн электр стансасы ел игілігіне берілді.  
Үстіміздегі жылдың сәуір айында қуаты 2,1 мегаватт Қарақыстақ су электр стансасы және қуаты 9,2 мегаватт Тасөткел су электр стансасы іске қосылады. Екінші жартыжылдықта қуаты 4 мегаваттық Қордай жел электр стансасы құрылысының алғашқы кезегі аяқталады. 2014-2015 жылдары қуаты 100 мегаваттық Жаңатас жел электр стансасының құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.  
Жамбыл ауданында француздық Fonoche Energie компаниясы қуаты 24 мегаваттық күн электр стансасының құрылысын жүргізуде. Жобаның болжамдалған құны — 80 миллион АҚШ доллары. Ресейлік «ТаrasGreenPowerJenco» компаниясы қуаты 19,5 мегаваттық Меркі су электр стансасы сарқырамасының құрылысын жүргізуге міндеттеме алды. Оның құрылысын 2015 жылы желтоқсанда бітіру көзделуде. Жобаның құны — 33 миллион АҚШ доллары.  
Жоғарыда аталған барлық жобаларды жүзеге асыру – облыс тұрғындарының 40 пайызын «жасыл энергиямен» қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА  ҚЫРУАР ҚАРАЖАТ ҚАРАСТЫРЫЛУДА 
Экономиканы жеделдете индустрияландыруға, тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызметтің сапасын жақсартуға ықпал ететін инфрақұрылымдық кешенді жаңғырту біздің жұмысымыздың басымдық берілген бағыттарынан саналады. Өткен жылы коммуналдық шаруашылықтардың, сумен, жылумен және газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысына, қайта жаңғыртуға және жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 10,9 миллиард теңге бөлінді. 
Оның ішінде жылу беру жүйелерін дамытуға бюджеттік қаржыдан 3, 9 миллиард теңге бөлініп, он жоба жүзеге асырылды. Бұған қоса, облыстың жылумен жабдықтау кәсіпорындары өз қаражаттары есебінен 700 миллион теңгеге жуық сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мәселен, «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік коммуналдық шаруашылығы 2,8 километр жылу жүйесін ауыстырып, облыс орталығында жалпы ұзындығы 5,8 километр болатын ішкі жылу жүйелерін реконструкциялады. Бюджет қаржысы есебінен облыстық жүйке аурулары диспансерінің жылу қазандығы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы сегіз нысанның жылу жүйелері күрделі жөндеуден өткізілді. Сумен жабдықтау бойынша 1,3 миллиард теңгеге екеуі Тараз қаласында және Жаңатас пен Шу қалаларында бір-бірден, барлығы 4 жоба іске асырылуда. Өткен жылы бюджеттен бөлінген 2,2 миллиард теңгеге Жуалы, Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы 23 елді мекенге орта қысымдағы газ құбырлары тартылды. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Меркі және Жуалы аудандары білім беру мекемелерінің жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыруда 40,3 миллион теңге игерілді. «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы құны 3,9 миллиард теңгеге бағаланған жоғары қысымды «Қордай-Шу» газ құбырының құрылысын аяқтады. Ұзындығы 106 километр бұл газ құбыры Қордай ауданында — 14, Шу ауданында — 22, барлығы 36 елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік береді. Осы жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде газдандырылған елді мекендердің саны 91-ге жетіп отыр. Алдағы екі жылда Байзақ, Жамбыл және Талас аудандарында 25 ауылды табиғи газбен қамтамасыз ететін боламыз, бұған бюджеттен 2,5 миллиард теңге қарастырылуда.  
Аймақты дамытудың әлеуметтік маңызды көрсеткіштерінің бірі халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда облыс-тағы 373 ауылдық елді мекендердің 197-і, немесе 51,7 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған. 174 елді мекен орталықтандырылмаған су көздерін (құдықтар, ұңғымалар) пайдаланады, 8 елді мекенге ауызсу тасып жеткізіледі. Сумен жабдықтаудың 29 нысанының құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 5,2 миллиард теңге бөлінген. Облыстың 26 елді мекенін сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. 2013-2015 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Тараз, Жаңатас және Қаратау қалаларын қосқанда облыстың 45 елді мекенінде 43 сумен жабдықтау нысанының құрылысы және жаңғырту жұмыстары жоспарлануда. Бұған республикалық бюджеттен 17,3 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Оның ішінде биыл 13 елді мекенде 15 нысанның жұмысы аяқталады. Нәтижесінде тұрғындардың 2015 жылы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылуы 77,9 пайызды құрайтын болады. 
2012 жылы автомобиль жолдарын жөндеуге 6,2 миллиард теңге бюджет қаржысы жұмсалды. Күрделі жөндеумен 60,8 километр, оның ішінде Тараз қаласында 13,8 километр, орташа жөндеумен 653,3 километр жол қамтылды. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында Мойынқұм ауданында Хантау цемент зауытына кірме теміржол, Меркі ауданының «Ар-Ас» шаруа қожалығына кірме жол салынды. «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің құрылысы жалғасуда. Өткен жылы облыс аумағында магистральдің 306 шақырымында, оның ішінде 195 шақырымда төрт жолақты жол қозғалысы ашылды. 
Экономика өсімінің маңызды факторы тұтынушылық сұраныстың деңгейін көрсететін ішкі сауданың артуы болып табылады. Бөлшек сауда айналымы 2011 жылғымен салыстырғанда 16,1 пайызға артып, 107,8 миллиард теңгені, көтерме сауда (11,8 пайыз) 146,9 миллиард теңгені құрады. Талай адамдардың облыс орталығындағы базардың жабылуымен сауда көлемі күрт қысқарады деп ойлағанымен, бөлшек сауда айналымы 2011 жылғыға қарағанда 15,8 пайызға, жеке кәсіпкерлердің сауда айналымы 24,8 пайызға артты. Бұған кең де жағдайлы жаңа базарлардың ашылуының оң әсері болды.  
Әлеуметтік сала және тұрғын үй коммуналдық нысандарының құрылысы мен реконструкциялау бойынша индустриялық, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуынан өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 67,1 пайызға, негізгі капиталға инвестиция 32,3 пайызға артты.

"Ақ жол"



Информация о работе Біліктілік пен бірлік бітеқайнасқан жұмыс