Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 14:58, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Кіріспе
1.Әлемдiк экономиканың үрдiстерiн талдау және Қазақстан
экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру проблемалары
1.1 Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау
1.2 Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
2. Стратегияның мақсаты, мiндеттерi және оны жүзеге
асыру қағидаттары
2.1 Стратегияның мiндеті:
2.2 Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын
анықтау
2.3 Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтарын анықтау әдiстерi
3. Мемлекеттiк даму институттары
3.1 Қазақстанның инвестициялық қоры
3.2. Қазақстанның Даму Банкi
3.3. Инновациялық қор
4.ДСҰ-ға кiру
4.1Iске асыру тетiгi
Пайдаланылған әдебиеттер
3.1 Қазақстанның инвестициялық қоры
Қазақстанның инвестициялық қорының
(ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде
де кәсiпорындардың жарғылық капиталына
үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы
жеке сектордың экономиканың шикiзаттық
емес секторындағы бастамаларына қаржылай
қолдау көрсету болып табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен,
отандық компаниялардың капиталдану төмендiгiне,
отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп
түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн
барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен
байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы
секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа
деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып
табылады. Банктермен және басқа да қаржы
агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс
пен қаржы рыногының дамуы үшiн белсендi
серпiлiс болады.
Жеке инвестициялық қорлардың пайда болуымен
мемлекеттiк қаржы институты ретiндегi
ҚИҚ рөлi қысқартылатын болады. Қаржы рыногында
3-5 бiрдей жеке инвестициялық қорлардың
пайда болуымен жекешелендiрiлетiн болады.
Қаржылай қолдау көрсету туралы шешiм
ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау
жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi
анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын
болады. Егер ҚҚТ талдауының тұжырымдары
ҚҚТ-да бiрқатар өндiрiс құру қажеттiгiн
көрсететiн болса, онда барлық қажеттi
негiзгi өндiрiстi құру көтермеленетiн болады.
ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау технологиялық
әрi жоба үшiн маңызды өзге де сипатта жүзеге
асырылуы тиiс. Бұл ретте жобаларды бағалаудың
бiрiншi кезектегi өлшемдерiнiң бiрi олардың
коммерциялық қайтарымдылығы болып табылады.
Бағалаудың басқа өлшемдерi жобаның экспортқа
бағдар ұстануы немесе импорт алмастыру
бағыттылығы болады. Талдау мәнi экономиканың
шикiзат секторына жатпайтын жеке сектордың
барлық бастамалары болуы тиiс.
Жобаларды қаржыландыруды жеңiлдету үшiн,
жеке секторда қаражат жетiспеген жағдайда
ҚИҚ жарғылық капиталға (акцияларды сатып
алуда) бақылау пакетiн алмай қатысу арқылы
бiрлесiп қаржыландыруға қатысатын болады.
Сонымен қатар мемлекеттiк пакеттiң жобасы
iске асырылғаннан кейiн сатылатыны жөнiнде
нақты ереже белгiленуi тиiс.
Бұл ҚИҚ-қа жаңа өндiрiстер, оның iшiнде
жоғары технологиялы өндiрiстер құруда
ғана емес, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын
дамытуда да ықпал ету мүмкiндiгiн бередi.
ҚИҚ Қазақстанның Даму Банкiмен тығыз
қарым-қатынаста жұмыс iстеуi тиiс. Бұл
екi институт банк желiсi бойынша жобаларды
қаржыландыру және капиталды бастапқы
орналастыру бағытында бiрiн-бiрi толықтыруы
тиiс.
Таяу және орта мерзiмдi перспективада
шетелдiк маманданған қаржы ұйымдарын
ҚИҚ қызметiне тарту туралы мәселе қаралатын
болады. Ынтымақтастық шетелдiк мамандарды
тарту бағытымен қатар ҚИҚ жарғылық капиталына
қатысу бағытынд
а да жүзеге асырылатын болады.
3.2. Қазақстанның Даму Банкi
Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi
ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi төмен
проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде
экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ
басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар
мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер
беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң
бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар
бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып
табылады.
Қазақстанның Даму Банкiнiң қызмет етуi
қаржы жүйесiнiң банк жүйесiндегi айтарлықтай
тәуекелдерге және проценттiк ставкаларды
төмендету қажеттiлiгiне байланысты экономикадағы
ұзақ мерзiмдi және төмен проценттi кредиттердi
берудi қамтамасыз ете алмауымен белгiленедi.
Осындай қаржылай қолдау көрсету туралы
шешiм ҚҚТ әдiснамасы бойынша кешендi талдау
жасалып, тiзбенiң неғұрлым маңызды элементтерi
анықталғаннан кейiн жүзеге асырылатын
болады. ҚҚТ әдiснамасы бойынша талдау
технологиялық және жоба үшiн өзге де маңызды
сипаттарда жүзеге асырылуы тиiс. Бұл ретте
жобаларды бағалаудың бiрiншi кезектегi
өлшемдерiнiң бiрi олардың коммерциялық
қайтарымдылығы болып табылады.
Таяу арада жарғылық капиталды ұлғайтуды,
еншiлес маманданған қаржы ұйымдарын,
атап айтқанда лизингтiк ұйымдарды құру
мүмкiндiгiн көздейтiн Қазақстанның Даму
Банкi институционалдық тұрғыда нығайтылатын
болады. Сонымен бiрге Қазақстанның Даму
Банкiне Қазақстан Республикасынан тысқары
жерлерде жобаларды қаржыландыру құқығы
берiлуi мүмкiн.
3.3. Инновациялық қор
Инновациялық қор тiптi дамыған елдердiң
бәрiнде бiрдей толық дәрежесiнде бола
бермейтiн нарықтық экономиканың еншiлес
функциясын ынталандыруға тиiс. Бұл функция
экономиканың ақпарат, электроника, биотехнологиялар
және басқалары сияқты жоғары технологиялық
салаларын құру мен дамыту үшiн ерекше
маңызды. Осыған байланысты қор қызметiнiң
басты мақсаты Қазақстан Республикасында
инновациялық белсендiлiктiң артуына, жоғары
технологиялы және ғылымды көп қажет ететiн
өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болуы
тиiс.
Инновациялық қорды құру инновацияларды
енгiзудiң тиiмдi және нарықтық тетiктерiнiң
болмауына қатысты кеңес өкiметiнен кейiнгi
кеңiстiктiктiң барлық елдерiне тән жүйелi
проблеманы шешуi тиiс.
Бұл проблеманың екi жағы бар. Бiрiншiден,
бұл әзiрленген инновацияларды енгiзудiң
қажеттiлiгi. Екiншiден, жаңа инновацияларды
әзiрлеу үшiн қолданбалы ғылыми зерттеулер
мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды
қаржыландыру.
Осы проблеманы шешу үшiн Инновациялық
қордың негiзгi күш-жiгерi жеке сектор тарапынан
Қазақстандағы венчурлiк қаржыландыруды
ынталандыру мен дамытуға және инновациялық
инфрақұрылымды құруға бағытталуы тиiс.
Инновациялық қор өз қызметiнiң бастапқы
кезеңiнде отандық және шетелдiк серiктестермен
бiрге инновациялық жобаларды қаржыландыруды
жүзеге асыратын және венчурлiк қорларды
құратын болады.
Инновациялық қор отандық еншiлес капиталдың
құралуы және өсуi бойынша еншiлес жобаларды
қаржыландыру жөнiндегi қызметiн тоқтатып,
өз белсендiлiгiн инновациялық инфрақұрылымды
нығайтуға және қолданбалы ғылыми зерттеулердi
қаржыландыруға бағыттайтын болады.
Қордың негiзгi мiндеттерi:
инновациялық инфрақұрылым элементтерiн
(технополистер мен технопарктердi, ақпараттық-талдау
орталықтарын және т.б) құруға қатысу;
отандық және әлемдiк деңгейдегi iрi еншiлес
инвесторлармен бiрлесiп еншілес қорларды
құру;
құрылатын және жұмыс істеп тұрған кәсiпорындардың
жарғылық капиталдарына жоғары технологиялы
және ғылымды көп қажет ететiн өнiм өндiру,
жаңа технологияларды әзiрлеу мақсатында
қатысу;
коммерциялық тиiмдiлiгi мен экономиканы
технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуеттi
перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды,
тауарларды, қызмет көрсетулердi жасауға
бағытталған жекелеген ғылыми зерттеулер
мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды
гранттар беру арқылы қаржыландыру болып
табылады.
4.ДСҰ-ға кiру
ДСҰ-ға кiру Қазақстан үшiн маңызды қажеттiлiк
болып табылады.
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi сыртқы сауданы
жүзеге асыру және осы ұйымда қабылданған
ережелерге, нормаларға, тетiктерге сәйкес
тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiрiсiнiң
iшкi жағдайларын түбегейлi қайта құру
есебiнен тұрақты экономикалық өсiм үшiн
қолайлы жағдайлар жасауды мақсат етедi.
ДСҰ шеңберiнде сауда саясаты арқылы Қазақстан
мынадай негiзгi мiндеттердi шешедi:
қазақстандық экспорттың кем қойылуын
болдырмау;
өркениеттi халықаралық сауданың ережелерi
мен қағидаттарын қабылдаушы ашық нарықтық
экономикасы бар ел ретiнде халықаралық
беделiн нығайту;
ЕурАзЭҚ және ТМД шеңберiнде өңiрлiк ықпалдасу
процестерiн дамыту;
нақты Кеден одағы мен бiртұтас рынокты
жасауды iлгерiлету. Өзара саудада арнайы
қорғау, демпингке қарсы және өтем шараларын
қолдануға қарсы белсендi әрекет ету;
экспорт операцияларын жүзеге асыру кезiнде
тәуекелдер есебiнен сақтандыруды қоса
алғанда, экспортты ынталандыру жөнiнде
пәрмендi шараларды әзiрлеу мен iске асыру.
Бұл мiндеттердi ДСҰ шаралары мен тетiктерi
арқылы шешу дайын өнiм экспортының өсiмiне
өту кезiнде өте маңызды болады, өйткенi
әлемдiк нарық аса толған әрi қатаң бәсекелестiк
жағдайында дамып отыр.
Қазiргi уақытта Қазақстан ДСҰ-ға 144 мүше
елдiң 135 елiмен сауда жасайды. ДСҰ-ға кiру
Қазақстанға бiр iзге салынған ережелер
мен тетiктер бойынша осы елдермен сауда
жасау мүмкiндiгiн бередi.
ДСҰ-ға мүшелiк өнеркәсiпте қазiргi заманғы
технологиялардың және өндiрiстi ұйымдастыру
әдiстердiң таралуына, iшкi нарықтағы бәсекелестiктiң
дамуы мен сыртқы рыноктарда қазақстандық
тауарлардың бәсекелестiк қабiлетiн арттыруына,
өңдеушi өнеркәсiп, әсiресе инновациялық
бағыттағы кәсiпорындар аса қажет ететiн
шетел инвестициялары ағымының ұлғаюына
ықпал етедi.
Импорттың орташа өлшенген ставкасы Қазақстанда
шамамен 8,6%, яғни ДСҰ (6-7%) бойынша орта
өлшенген ставкасына деңгейлес. 0-ден 15%-ке
дейiн ставкасы бар тауар позициялары
үлесi барлық тауар позицияларының 95%-iн
құрайды. Бұл тұтас алғанда iшкi нарықтың
әлсiреуi қаупiн туғызбайды.
Қазақстан ДСҰ-ға өзiнiң негiзгi сауда серiктесi
болып табылатын Ресеймен қатар кiру қажет.
4.1Iске асыру тетiгi
Стратегияны орындау Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасының талаптарын
ескере отырып, оның iске асырылуы жөнiнде
iс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылады
және Қазақстан Республикасының Үкiметi
үш жылдық кезеңге әзiрлеп, бекiтедi.
Iс-шаралар жоспарында елдiң индустриялық-инновациялық
дамуының әрбiр кезеңiнiң сапалық ерекшелiктерi
көрсетiлiп, Стратегия қағидаттарын iске
асыру жөнiндегi нақты шаралар көзделедi.
Индустриялық дамудың басым бағыттары
бойынша бөлек салалық (секторалдық) бағдарламалар
әзiрленедi. Онда нақты атқарушылар мен
iске асырудың мерзiмдерi, сондай-ақ қаржыландырудың
жылдар бойынша болжанатын көлемi мен
көздерi көрсетiледi.
Бағдарламаларды әзiрлеу ғылыми-зерттеу
және басқа да ұйымдардың меншiк нысанына
және ведомствоға жататынына қарамастан
қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
Кешендi түрде жоспарланатын iс-шаралар
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың
елдiң индустриялық-инновациялық дамуының
барлық бағыттары бойынша мақсатты және
келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметiн барынша үйлестiруге мүмкiндiк
бередi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi Стратегияның
iс-шаралар жоспарын орындау және жоспарланатын
көрсеткiштер (индикаторлар) жетiстiгiнiң
барысын бақылау жасау арқылы Мемлекеттiк
стратегияны iске асырудың тұрақты мониторингi
мен тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: