Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 19:26, реферат
Жүйелік программалық жасақтаманың тағы да бір түрі – сервистік программалық құралдар. Сервистік программалық құралдар бір жағынан ОЖ құрамына кірмейді, екінші жағынан компьютерді басқарудың қызметші функцияларын жүзеге асыруға арналған.
Дискіні (иілгіш, қатқыл, т.с.с.) пішімдеу. Бұл диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу процедурасы. Ол көбінесе дискіні бірінші рет пайдалану алдында қолданылады. Дискіні пішімдеу оған осыған дейін жазылған мәліметтердің бәрін жояды. Дискіні пішімдеу ОЖ-нің арнайы стандартты программасы көмегімен жүзеге асады, оны сәйкес дискінің контекстік менюінен іске қосуға болады.
Жүйелік программалық жасақтаманың тағы да бір түрі – сервистік программалық құралдар. Сервистік программалық құралдар бір жағынан ОЖ құрамына кірмейді, екінші жағынан компьютерді басқарудың қызметші функцияларын жүзеге асыруға арналған.
Сервистік программалық құралдар – ОЖ функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетін және толықтыратын қосымша құралдар. Мұндай құралдарға келесілер жатады:
- қызметші программалар;
- мәліметтерді архивтеу құралдары;
- антивирустық программалар;
Қызметші программалар магниттік дискілермен әртүрлі сервистік қызмет түрлерін атқаруға мүмкіндік береді. Мұндай қызмет түрлері:
- дискілерді пішімдеу;
- дискілерді дефрагментациялау (үзіндісіздендіру);
- дискіні қателікке тексеру;
- дискілерді тазарту;
Дискіні (иілгіш, қатқыл, т.с.с.) пішімдеу. Бұл диск бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық-жолдарға және секторларға) жіктеу процедурасы. Ол көбінесе дискіні бірінші рет пайдалану алдында қолданылады. Дискіні пішімдеу оған осыған дейін жазылған мәліметтердің бәрін жояды. Дискіні пішімдеу ОЖ-нің арнайы стандартты программасы көмегімен жүзеге асады, оны сәйкес дискінің контекстік менюінен іске қосуға болады.
Дискілерді дефрагментациялау. Файлдық жүйелер (мысалы FAT 16, FAT 32) файлдарды дискілерде сақтағанда оның бөліктерінің (кластерлерінің) арасында бос орындар қалдыруы мүмкін, яғни файл араларында бос орын бар әртүрлі көршілес емес бөліктерге орналасуы мүмкін. Мұндай файлдарға қатынау уақыты, көршілес бөліктерде тізбектеп орналасқан файлдарға қарағанда көбірек болады. Сонымен қатар дискілік жады үнемсіз қолданылады. Сондықтан дискілерді периодты түрде дефрагментациялап отыру қажет.Дефрагментациялау (үзіндісіздендіру) – файлды дискінің бір жерінде ғана тізбектеліп орналастыру үшін әр бөліктерде орналасқан ақпараттарды бір орыннан екінші орындарға тасымалдайтын ұзақ процедура. Сөйтіп дискінің шапшаңдығы арттырылады. Стандартты дефрагментациялау қызметші программасын
Бас
менюдегі Программы
Дискіні қателікке тексеру.
Дискіні пайдалану барысында онымен жұмыс
істеуде болған жаңылысулардан туған
қателіктер пайда болуы мүмкін. Олардың
кейбірін дискіні пішімдемей жөндеуге
болады, ол үшін стандартты дискіні тексеру
қызметші программасы қолданылады. Бұл
программаны да Бас Менюден іске қосуға
болады (Пуск Программы Стандартные
Дискіні тазалау. Дискіні тазалау – дискілік кеңістікті әртүрлі қажетсіз файлдардан босату. Қажетсіз файлдарға: уақытша, резервтік, қолданылмайтын және файл – көшірмелер жатады. Дискіні тазалау Windows жүйесінде арнайы утилиттердің (Norton Utilites құрамылдағы) көмегімен жүзеге асырылады. Бұл утилиттерді Бас меню арқылы іске қосуға болады. Пайдаланушы утилит қызметінің соңында пайда болған тізімдегі файлдары не архивтеуіне, не басқа орынға жіберуіне, не жоюына болады.
Мәліметтерді архивтеу құралдары. Ақпараттарды сақтау да, тасымалдау да ақпараттық үрдіс мүшелеріне арзанға түспейді. Ал көптеген ақпараттарға (мәліметтерге) тән қасиет – олардың артықтығы. Сондықтан мәліметтерді архивке орналастыру және байланыс арнасы арқылы жіберу қажет болған жағдайларда оларды алдына ала қысу, сығу үрдісін орындау, яғни архивтеу керек. Бұл операцияны орындайтын программалық құралдарды архивтеуші программа деп атайды. Сығылатын мәліметтердің қандай объектілерде орналасқанына байланысты:
- файлдарды архивтеу (тығыздау);
- қаптамаларды архивтеу (тығыздау);
- дискілерді тығыздау
операцияларын анықтайды. Файлдарды архивтеуді оларды байланыс арнасы арқылы жіберерде және көлемі аз (мысалы, иілгіш диск) сыртқы тасуышта сақтау алдында қолданады. Қаптамаларды архивтеуді мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтау үшін көшірмелер жасауда қолданады. Дискілерді тығыздауды олардың жұмысшы аумағын арттыру үшін (көбінесе көлемі аз дискілер үшін) қолданады.
Мәліметтерді архивтеу программалық құралдары. Мәліметтерді архивтеудің (тығыздау) негізгі пішімдеріне .zip, .arj, .rar жатады. Архивтерді құру және оларға қызмет көрсету үшін қолданылатын программалық құралдарды төмендегі кестеден (кесте 5) көруге болады. Көптеген қазіргі замандағы архивтер құру және оларға қызмет көрсетудің программалық құралдары кеңейтілген функционалдық мүмкіндіктерге ие. Сондықтан осы мағынада оларды архив диспетчерлері деп атайды.
Файлдарды ұзақ сақтау үшін
немесе компьютер желісі арқылы оңай
әрі тез тасымалдау үшін файлдар
арнайы файлдық менеджерлер және
арнайы архивтеу программалары көмегімен
архивтеледі (сығылады).
Архивтеу алгоритмдері мен әдістері. Мәліметтерді
еш нұқсансыз (жоғалусыз) архивтейтін
әртүрлі архивтеу алгоритмдері бар. Мәліметтерді
қайтадан қалпына келтіргенде ол бастапқы
күйге келеді. Мәліметтерді сығудың ең
қарапайым алгоритмі (мәтінде бірдей символдар
тізбегі, ал графикалық редакторда – бір
түспен боялған облыс және т.б болуы мүмкін)
қайталанатын биттерді алмастыруға негізделген.
Мысалы, мәтінде 10 байт болатын 10 бос орын
тізбегі қатар келеді. Архивтеу барысында
ол 3 байтпен (бірінші байт – алмастырылатын
символды кодтайды; екінші байт – архивтеу
жалаушасын көрсететін арнайы байт, ол
бірінші байттағы байттарды архивтен
тізбек түрінде ашу қажеттілігін көрсетеді;
үшінші байт – қайталанатын байттар санын
көрсетеді) алмастырылады .
2. Архивтеуші программалардың
түрлері.
Файлдарды архивтейтін көптеген арнайы
программалар – архиваторлар (WinZip, WinRAR,
PowerArchiver жѕне т.б.) бар.
Ең көп тараған архивтеу және оларды басқару
құрылғыларының бірі – MS-DOS, Windows, Linux жѕне
т.б. жүйелерде жұмыс істей алатын, толық
орысшаланған WinRAR архиваторы болып табылады.
WinRAR RAR және ZIP архивтерімен жұмыс істеуге,
сонымен бірге мәліметтерді сығудың тиімді
алгоритмдерін қолданып көптомды және
өзі ашылатын архивтер және сол сияқтыларды
құруға мүмкіндік береді.
3.WinRARпрограммасы.
Файлдардыархивтеу.
WinRAR архиваторының көмегімен файлдардарды
архивтеуді, және файлдарды архивтен қайтадан
алуды ұйымдастыруға болады.
Информация о работе Жүйелік программалық жасақтаманың тағы да бір түрі