Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 13:23, реферат
Windows-тағы анықтама жүйесі пайдаланушыға амалдық жүйемен жұмыс істеу жөнінде туындайтын сұрақтардың көпшілігі бойынша анықтама беру қызметі болып табылады. Оның құрылымы жүйелі, тілдесуі өте ыңғайлы.
Windows-тың анықтамалық жүйесі
Windows-тағы анықтама жүйесі пайдаланушыға амалдық жүйемен жұмыс істеу жөнінде туындайтын сұрақтардың көпшілігі бойынша анықтама беру қызметі болып табылады. Оның құрылымы жүйелі, тілдесуі өте ыңғайлы.
Windows анықтама жүйесіне бірнеше тәсілмен жүгінуге болады:
· <Windows >+ <F1> пернелер тіркесімі көмегімен;
· Бас мәзірдің Анықтама және қолдау (Windows XP амалдық жүйесінде) немесе Анықтама (Windows өзге нұсқаларында) тармағын таңдау арқылы;
· амалдық жүйенің қандай да бір құрамдас бөлігі терезесінің мәзірінен Анықтама – Анықтама және қолдау орталығы немесе Анықтама – Анықтаманы шақыру әмірін таңдау.
Windows қосымшаларында анықтама жүйесін шақыру ұқсас тәсілдермен жүзеге асырылады:
· <F1> пернесін басу;
· бағдарлама мәзірінен Анықтама> Анықтама: бағдарлама атауы немесе Анықтама> Анықтаманы шақыру әмірін таңдау.
Windows қосымшаларында мәтінмәндік анықтамаға жүгіну тәсілдері:
· <Shift>+<F1> пернелер тіркесімі қолдану;
· Қосымша терезесі мәзірінен Анықтама > Бұл не? әмірін таңдау.
Сұхбат терезелерінде мәтінмәндік анықтамаға жүгіну тәсілі: терезе тақырыбындағы «?» анықтаманы шақыру батырмасын шерту. Бұл әмір орындалып жатқан кезде тінтуір көрсеткіші «?» пішіміне енеді. Оны терезенің сұрақ туындатқан нысан орналасқан тұсына апарып, тінтуір пернесімен шерту қажет.
Windows XP амалдық жүйесінің «Анықтама және қолдау орталығы» терезесі (2.10-сурет) құрылымы және анықтама алу тәсілі жағынан Windows-тың алдыңғы нұсқаларындағы анықтама жүйесі терезесінің классикалық пішімінен ерекшеленеді.
Құралдар үстелінде
анықтама жүйесін басқару
Қажетті анықтама жүйесін жылдам іздеу үшін терезеде Іздеу енгізу өрісі бар. Онда өзіңізді қызықтыратын терминді енгізу қажет. Көрсеткісі бар жасыл батырманы басқаннан кейін жүйе ұқсас тақырыптар тізімінде іздеу нәтижелерін шығарады.
Нақты атауды не терминді іздеу кезінде құралдар үстеліндегі Көрсеткіш тармағын пайдала-ныңыз, ол қажетті бөлімге немесе қор көзіне өтудің жылдам да қарапайым тәсілі болып табылады.
Орындаған: Юқ 122 топ студенті Нургалымова А. М.