Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 18:08, курсовая работа

Описание работы

Программалау тілдері де адамдар сияқты өмірге келіп және өмірден кетіп жатады. Кейбіреулері басқаларына қарағанда ұзақ өмірсүреді, ал басқалары ешкімге қажетсіз болу үшін ғана өмірге келеді. Осы тұрғыдан қарағанда Basic тілін ұзақ өмір сүрулер қатарына жатқызуға болады. Жоғары деңгейлі тілдердің арасында алғашқылардың бірі болып пайда болған бұл тіл өзінің «қатарларынан» ғана емес өзінен көп кейін пайда болған тілдерден де көп өмір сүріп келеді. Компьютерлік технологияның дамуымен бірге Basic тілі де дами түсті. Қазіргі кезде Basic тілінің Microsoft Visual Basic for Windows сияқты нұсқасы ескірудің көзге түсетін белгілерін сезінбей-ақ өзінің дамуын жалғастыруда, ал Windows операциялық жүйесі үшін қазіргі кезде жыл сайын Visual Basic 6 жобалау жүйесінің жаңа нұсқалары (ең соңғысы 6-нұсқа) шығарылуда.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................5

1-тарау. Visual Basic тілінде объектілі-бағдарланған программалау негіздері...................................................................................................................6
1.1. Visual Basic 6 программалау жүйесінің графикалық интерфейсі.......6
1.2. Графикалық қасиеттер.............................................................................9

2-тарау. Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері...............................9
2.1. SCALE және PSET графикалық әдістерінің мүмкіндіктері…..........11
2.2. LINE әдісінің көмегімен кесіндіні және тікбұрышты салу................16
2.3. LINE және PRINT әдістерін бірге пайдалану......................................18
2.4. Түсті қайтарушы RGB және QBCOLOR функциялары.....................19
2.5. CIRCLE әдісінің мүмкіндігі..................................................................22
2.6. Салынған фигураларды толтыру тәсілдері..........................................28
2.7. CIRCLE әдісін дөңгелек диаграммалар салуда пайдалану................29

Қорытынды .........................................................................................................31
Әдебиеттер............................................................................................................32

Работа содержит 1 файл

Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері.doc

— 616.00 Кб (Скачать)

Әдісті шақыру нұсқауы (қасиетке қатынас жасау) жалпы түрде мына төмендегідей болады:

Объект. Әдic

Объект. Қ,асиет

Бұл жерде әдісті шақыру нұсқауында немесе қасиетке қатынас жасауда объектіні көрсетпеуге де болатындығына назар аудару керек. Егер объект көрсетілмеген болса, онда үнсіз келісім бойынша Пішін пайдаланылатын болады.

Төменде келтірілген әдістердің сипаттамасында қатысуы міндетті емес параметрлер тік жақшаға алынған.

Сонымен, бұл тарауда Пішін және Графикалык, терезе класындағы сол немесе басқа объектіге қолданылатын графикалық әдicтердің синтаксисі және семантикасы қарастырылады:

►   Scale әдісі (берілген объектіде масштабы орнату үшін);

►   PSet әдісі (берілген объектіде "нүктені" яғни кішкене түсті дақты салу үшін);

►  Line әдісі (берілген объектіде кесіндіні немесе тікбұрышты салу үшін);

►  Circle әдici (берілген объектіде шеңбер, дөңгелек, эллипс, доға немесе сектор сияқты геометриялық фигураларды салу үшін);

►  CIs әдісі (берілген объект барлық салынған немесе бұрын терілген кескіндерден тазарту үшін).

Осы аталған графикалық әдістердің барлығы Visual Basic тіліне Basic тілінің бұрынғы нұсқауларынан (мысалы, QBasic тілінен) ендірілген.

Бұл тарауда біз бұрын тек Пішін объектісіне ғана қолданылған Сіздерге бұрыннан шамалы таныс Print әдісін толығырақ қарастырамыз. Бұл әдіс графикалық әдiске жатпағанымен, оны графикалық программаларда жеткілікті жиі қолдануға тура келеді. Мысалы, Print әдісі функцияның графигін сызуда, координат осьтерінің бойына орналасқан сандарды бөліп шығару үшін қолданылады.

Print әдісімен мәтін шығарылатын графикалық бетте мәтін қаріпінің сипаттамасы Font қасиетімен аныкталады.

Пішіннің бетіне графиканы шығару бойынша негізгі жұмысты оқиғаны өңдеу функциясы Paint орындайды.

Келеci тарауларда информацияларды түрлендірудің әр түрлі npoцeccтepi Visual Basic тілінде қалай программаланатынын, мысалы, шартты өmyлepдi немесе циклдік npoцecmepдi қарастырғанда графикалық әдicmep көптеген қызықты мысалдар мен есептерді көрнекті етiп көрсету үшін пайдаланылатын болады.

 

2.1. SCALE және PSET графикалық әдістерінің мүмкіндіктері

 

Бәрінен де бұрын әдic ұғымын нақтылай түсейік.

Әдic дегеніміз қacuem, сондай-ақ оқиға сияқты Visual Basic тілінің объектілер класы сипаттамаларының бipi болып табылады.

Пішіннің де объект екендігін естеріңізге саламыз.

Әдic деп Visual Basic тілі берілген объектімен орындайтын кейбір әрекеттерді (кейде кластағы объектінің озін жасап шығаратын әдic деп те айтылады) айтамыз. Бұл әрекеттер Visual Basic тілінің ерекше жүйелік программасымен орындалады. Бұл программаның өзін де әдic деп жиі атайды. Осы әрекеттердің, яғни жүйелік программа жұмысының нәтижесінде объектіде оның қасиетінің қандай да бip мәні өзгереді.

Графикалық әдic деп берілген кластағы объектіде қандайда бip геометриялық элементті бейнелеуге мүмкіндік беретін әдісті айтамыз, мысалы, нүкте, кecіндi, тікбұрыш, шеңбер т.с.с.

Объектілер класы жөңінде оның сол немесе басқа әдіci бар немесе басқа әдіске ие деп айтылады. Әрбip әдіс үшін (графикалық әдістер үшін де) осы әдіске ие объектілер класын көрсетуге болады. Керісінше, объектілердің әрбip класының көптеген әдістері (оның ішінде графикалық әдістер де болуы мүмкін) бар.

Сізді қызықтыратын объектілер класы қандай әдістерге ие екендігін анықтау үшін Ciз Сипаттамаларын қарап шығу терезесімен қатынас жасай аласыз, мысалы, жобаның Басты naнeліндeгi Объектілер браузері (Браузер объектов-Object Browser) батырмасын шертіп немесе Tүpi (Buд-View) мәзірінің сәйкес командасын таңдау аркылы. Содан соң Ciз Classes тізімінен осы объектілер класьн табасыз. Оның қасында осы объектілер класы сипаттамаларының Қатынасушылар (Участники) miзімі пайда болады. Осы тізімде берілген әдіс болуы (болмауы да) мумкін.

Бipнешe графикалық әдістерді қарастырайық:

►   Scale әдici. Бұл әдістің көмегімен Ciз берілген объектіде өзіңіздің есебіңізге тура келетін декарттық координат жүйесін бере аласыз. Scale - ағылшын тілінен аударғанда масштаб дегенді білдіреді. Сондықтан Scale әдісін сондай-ақ масштабтау әдici деп те атайды;

►   Pset әдісі. Pset сөзі ағылшынның Point Set -дақты орнату деген сөзінен алынған. Бұл әдістің көмегімен Ciз берілген объектілер координат жүйесінде (Scale әдісінің көмегімен немесе үнсіз келісім бойынша) берілетін нүктені бейнелей аласыз;

►   Line әдісі. Ағылшын тілінен аударғанда Line cөзi сызык,, нүкте дегенді білдіреді. Бұл әдістің көмегімен Ciз берілген объектілер ұштары декарт координат жүйесінде берілген кecіндiні, сондай-ақ бұрыштары декарт координаттарымен берілген тікбұрышты бейнелей аласыз;

►   Circle әдісі. Ағьлшын тілінен аударғанда Circle cөзi дөңгелек, шеңбер дегенді білдіреді. Бұл әдістің, көмегімен Ciз берілген объектіде олардың центрлерінің, берілген координаттарымен, радиустарымен және баска сипаттамаларымен шеңбер, дөңгелек және эллипс, дoғa дөңгeлeкmiң және эллипстің секторларын сала аласыз.

►  CIs әдісі. CIs cөзi агълшынныңClean Screan экранды тазалay деген сөздерінен алынган. Бұл әдістің көмегімен берілген объект жоғарыда аталған графикалық әдістерді немесе Print әдісін пайдаланып салынғандардан толығымен тазартылады.

Осы кeлтipiлгeн тізімнің алғашқы eкі әдісін қарастырайық.

Scale әдici. Бұл әдіс Пішін (Form) және Графикалык, терезе (FictureBox) класындағы объектілерге қолданылады.

Осы әдістердің бipiншiciмeн, Ciз алдыңғы тарауларда келтірілген мысалдардан таныссыз. Графикалык, терезе класындағы объект Ciз үшін жаңа басқару элементі болып табылады. Бұл басқару элементін Visual Basic 6 ортасының Графикалыкқ өpic (Графическое поле-Picture Box) батырмасының кемегімен жасауға болады.

Form және FictureBox объектілерінің абсолютті координаттары, яғни экрандағы орны (Form объектілері) немесе пішіндегі орны (FictureBox объектілері), сондай-ақ өлшемдері (ені және биіктігі) бар. Бұл координаттар твиппен өлшенеді.

Абсолютті координаттар жеткілікті дәрежеде үлкен сандармен өрнектеледі. Бұл өте ыңғайсыз. Сондыктан көптеген графикалық ecептepдi шешу үшін, мысалы, фигураны салу немесе графиктерді тұрғызу үшін жаңа координат жүйесін пайдалану орынды. Бұл координат жүйесі бейне салынатын объектіге бекітіледі. (Объектіге жаңа координат жүйесі тағайындалады деп те айтылады).

Мысалы, координат басы объектінің ортасында тұруын ыңғайлы деп есептеу жиі кездеседі. Өз ұйғаруымыз бойынша х oci оңға қарай, ал у oci жоғары қарай бағытталған болады.

Scale әдici объектіге жаңа координат жүйесі тағайындалған жағдайдағы eceптi шешеді. Әдістің синтаксисі мына төмендегідей болады:

[ОбъектАты] Scale(x1,yl) - (х2,у2)

ОбъектАты'ның катыспауына да болады. Бұл жағдайда үнсіз келісім бойынша Scale әдісін Пішін пайдаланады. Мұнда:

(х1,у1)-объектінің сол жақ жоғарғы бұрышының жаңа координаттары, ал (х2,у2) – объектінің оң жақ төменгі бұрышының жаңа координаттары.

Scale әдici орындалғаннан кейін бірден объектінің ескі (абсолют) координаттары жаңаларымен алмастырылады.

1-мысал. Сіз өзіңіз әлдеқашан пішінге орналастырған, Графикалық терезе (Picture 1) класындагы объектінің ені 14 биіктігі 10 шартты бірлікке тең болуын және координат осьтерінің өзіңізге үйреншікті жағдайда орналасқанын, яғни х осінің солдан оңға қарай, ал у осінің төменнен жоғары қарай бағытталғанын, ал координат басының берілген объектінің центрінде (1-сурет) орналасқанын қалайсыз дейік.

Мұны мына төмендегі программалық кодтың көмегімен жасауға болады:

Picture 1. Scale (-7,5) - (7,-5).

Visual Basic тілінде объектіге жаңа координат жүйесін тағайындаудың басқа тәciлi бар.


 

 

 

 

 

 

 

             1-сурет. Графикалық терезе обьектісіндегі координат осьтерінің өзіміздің қалауымызша орналасуы.

 

Scale әдісін қолданудың орнына Scale категориясындағы объектінің қасиеттерінің мәндерін (2-сурет) орнатуды пайдалануға болады.

 

 

                 2-cypem. Графикалык, терезенің Scale категориясындағы объектісі қасиеттерінің мәндерін орнату.

Бәрінен де бұрын олардың ішіндегі ScaleMode қасиетінің мәнін 0 (User) гс тең етіп орнату керек.

Бұдан соң ScaleWidth (Объектінің ені - объектінің оң және сол жақ шeттepi координаттарының айырмасы), Scale Height (Объектінің биіктігі - объектінің төменгі және жоғарғы шеттерінің координаттарының айырмасы), ScaleLeft (Сол жақ шeтi - объектінің сол жақ шетінің координаты) және ScaleTop (Жоғарғы шeтi - объектінің жоғарғы шетінің координаты) қасиеттерінің мәндері орнатылады.

Ciз 1-мысалда аталған қасиеттердің мәндерін (2-сурет) көpiп отырсыз. Объект биіктігі қасиетінің мәні тepic сан екендігіне назар аударыңыз. Бұл осы қасиет объектінің төменгі және жоғарғы шeттepi коорданаттарының айырмасы ретіндегі анықтамасынан келіп шығады, яғни берілген жағдайда бұл айырма   (-5)-5=-10 болады. Ал мына Объектінің ені қасиетінің мәні оң сан: 7-(-7) =14.

PSet әдici. Бұл әдіс те Scale әдici қолданылатын объектілерге қолданылады.

Әдістің синтаксисі мына төмендегідей болады:

[ОбъектАты] PSet (х,у) [, Tүci]

ОбъектАты параметрінің қатыспауына да болады. Бұл жағдайда үнсіз келісім бойынша PSet әдсін Пішін пайдаланады.

Мұнда:

(х,у) - Сіздің Объектіде бейнелегіңіз кeлeтiн "нүктенің", дәлірек айтқанда, экрандағы кішкентай түсті дақтың координаттары.

Tyci - бұл мәні Long типті сан болатын өрнек. Бұл санмен Visual Basic тілінде сол немесе басқа түс кодталады.

Tүci аргументін әр түрлі тәсілдермен беруге болады:

►   түстi анықтайтын сегіз тұрақтының (VbBlack - қара, VbBlue — көк, VbGreen - жасыл, VbCyan –көгілдір, VbRed - қызыл, VbMagenta — күлгін, VbYellow - сары, VbWhite - ақ) көмегімен;

►   аргументі 0-ден 15-ке дейінгі, ал нәтижесі 16 негізгі түстің бipіне сәйкес келетін QBColor(number) функциясының көмегімен;

►   аргументтері 0-ден 255-ке дейінгі (негізгі түстер интенсивтігі), ал нәтижелері 0-ден 2563 (16777215)-ке дейінгі аралықта жатқан үш сан болып табылатын RGB (bytRed, bytGreen, bytBlue) функциясыньң көмегімен.

Осылайша, 16 миллион түстерден де көбipeк түстер палитрасы анықталады, әp6ip түс bytRed + 256 * bytGreen + 2562 * bytBlue формуласымен есептеліп шығарылатын санмен беріледі.

Tүci ретінде Visual Basic тілінің тұрақтыларын пайдалану ыңғайлы.

Tyci параметрінің қатыспауына да болады. Бұл жағдайда үнciз келісім бойынша оның мәні 0-қара түстің коды болады.

Егер PSet әдici орындалар алдында Scale әдісі қолданылмаған болса, онда х және у координаттары ретінде Объектінің абсолюттік координаттары пайдаланылады.

Бip нүктені емес көптеген нүктелерді салуға қызығушылық болатындығы анық. Көп нүктені салу мысалына функция графигін салу жатады.

2-мысал. PSet әдісінің көмегімен Пішінде немесе Графикалық терезеде жұлдызды аспан бөлігін (3-сурет), мысалы, Жemiқарақшы шоқжұлдызын оңай салуға болады.

Жетіқарақшы шоқжұлдызының 7 жұлдызы - бұл Графикалық терезе объектісінің қара фонына PSet әдісінің көмегімен салынған 7 ақ "нүкте".

Программаның коды мына төмендегідей болады:

 

 

                 3-сурет. Жетіқарақшы шоқжұлдызын салушы программа жұмысының нәтижесі.

 

Private Sub    1ске Қocy_Click()

Picture1.Scale (0,10)-(15,0)

Picture1.PSet (1,6) vb White: Picture1.PSet (4,8),VbWhite

Picturt1.PSet (6.5,6) vb White: Picture1.PSet (8.5,5),VbWhite

Picture1.PSet (10,2) vbWhite: Picture1.PSet (13,3),VbWhite

Picture1.PSet (13,7) vbWhite

End Sub

 

Жұлдыздардың бейнесі - бұл әрине нүкте емес, айтарлықтай ipi дақ. Олардың өлшемдерін оңай өзгертуге болады. Ол үшін Picture1 объектісінің DrawWidth қасиетінің қажетті мәнін орнату керек.

DrawWidth қасиетінің мәндері бүтін сандар (1, 2, 3, ...) бола алады. Жоғарыдағы (3-сурет) бейне үшін бұл мән 2-ге тең. Ал мына төмендегі (4-сурет) бейне үшін 20-ға тең.

 

 

                4-сурет. DrawWidth қасиетінің мәндерін өзгерту арқылы "нүкте" бейнесінің өлшемдерін өзгерту.

 

Көрсетілген мәндерді   Қасиеттер терезесінің көмегімен,  не программалық кодқа мына төмендегідей қатарды кipicтipy арқылы өзгертуге болады:

Picture1. DrawWidth = 3

2.2. LINE әдісінің көмегімен кесіндіні және тікбұрышты салу

 

Line әдicі ең әралуан есептерді программалауда кеңінен пайдаланылады.  Бұл әдіс Пішін (Form) және  Графикалық терезе (PictureBox) класындағы объектілерге қолданылады.

Line әдici мынадай мүмкіндіктер береді:

►  осы әдіс қолданылатын объектіде түзу сызық кесінділерін сызу;

►  осы объектіде боялған немесе боялмаған тікбұрыштарды бейнелеу.

Line әдiciнiң, синтаксисі мына төмендегідей болады:

[ОбъектАты] Line (xl,yl)-(x2,y2) [,Tyci [,Жалау]]

ОбъектАты параметрінің қатыспауына да болады. Бұл жағдайда үнсіз келісім бойынша әдіс Пішінге қолданылады.

Line кілтті сөзімен iлece үтip арқылы жазылған әдic параметрлері деп аталатын шамалар келеді.

Әдic  параметрлерін  функцияның аргументімен  салыстыруға болады.   Берілген   әдістің   әрекеттері   осы   шаманыц   мәндеріне тәуелді. Оларды ретімен қарастырайық:

► (xl,yl)-(x2,y2) параметрі - бұл кeciндi шекарасының немесе тікбұрыштың екі бұрышының (сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі немесе кepiciншe - оң жақ төменгі және сол жақ жоғарғы) координаттары. Бұл абсолютті (егер салу жүргізілетін объект масштабталмаған болса) координаттар немесе масштабталып орнатылган координаттар;

►   Tyci параметрі — бұл Visual Basic тілінде сол немесе басқа түс кодталатын Long типті сандық өрнек. Осы өрнектің мәні ретінде бәрінен де жиі мыналарды пайдаланады:

•    Long типті сан;

•  Мына төменде көрсетілген (1-кесте) Visual Basic тілінің сегіз тұрақтысының бipi.

1-кесте

Tyci

Тұрақты

Сандық мәні

Қара

VbBlack

0

Қызыл

Vbred

255

Жасыл

VbGreen

65280

Сары

VbYeliow

65535

Көк

VbBlue

16711680

Күлгін

VbMagenta

16711935

Көгілдір

VbCyan

16776960

Ақ

VbWhite____

16777215

Информация о работе Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері