Стандартты мультимедиялық құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 15:42, реферат

Описание работы

21-ші ғасырда адамзат дамуының жаңа сатысы-ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады.Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі- компьютерлік техника.
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылады және оның маңыздылығы барған сайын артып келеді. Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

Содержание

ІІ.Негізгі бөлім:
1.Компьютерді жүйелеу
2.ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы
3.ДК-дің негізгі құрлығылары.
а)Жүйелік блок.
ә)Монитор.
б)Пернетақта. Пернетақта құрылысы.
ІІІ.ДК-дің қосымша құрлығылары.

ІV.Қорытынды.

V.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

Стандартты мультимедия құралдары.doc

— 877.50 Кб (Скачать)

 

АҚ «Астана Медицина Университеті» Информатика және математика кафедрасы медбиофизика курсымен

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Стандартты мультимедиялық құралдары»

Орындаған:

Тексерген:

Топ:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2011жыл

 

Жоспар

 

І.Кіріспе

 

ІІ.Негізгі бөлім:

   1.Компьютерді жүйелеу

   2.ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы

   3.ДК-дің негізгі құрлығылары.

      а)Жүйелік блок.

      ә)Монитор.

      б)Пернетақта. Пернетақта құрылысы.

  ІІІ.ДК-дің қосымша құрлығылары.

 

ІV.Қорытынды.

 

V.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    21-ші ғасырда адамзат дамуының жаңа сатысы-ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады.Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі- компьютерлік техника.

       Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылады және оның маңыздылығы барған сайын артып келеді. Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

  Үлкен ЭЕМ-дер –  бұл өте қуатты компьютерлер (суперкомпьютерлер), олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға  немесе халық шаруашылығының  тұтастай салаларына жұмыс істеу  үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдықтары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.  Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет.

 Микро ЭЕМ-дердің  өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда  төмен және олар негізінде  деректер дайындау, программалық  қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша  көмекші операциялар орындайды.  Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті.

 

 

Компьютерді жүйелеу

      Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара тығыз қарым-қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталды. Есептеуіш техниканың дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын құрылғылар жасау болды.    Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген программа бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Басқару программасы перфокарта деп аталған қатырма қағаздардағы тесіктердің көмегімен кодталды.        Бэббидждің идеясы өз уақытынан озық еді. Оның машинасы өте күрделі құрылғы болғандықтан, ол кездегі техникалық мүмкіндік мұны жүзеге асыра алмады. Беббидждің машинасы 1860 жылдары ғана  құрастырылып іске қосылған болатын.   Осы машинаға қажетті программаны 1846 жылы ағылшынның әйгілі ақыны Джордж Байронның қызы Ада Лавлейс жазды. Сондықтан Ада Лавлейсті алғашқы программалаушы десе де болады.

      Өткен ғасырдың 70-жылдары мини-ЭЕМ-дер жедел дами бастады. Бұл компьютерлер үлкен  ЭЕМ-дерге қарағанда көлемі шағын және бағасы арзан болатын. 1971 жылы американдық Intel фирмасы өзінің микропроцессорды ойлап тапқанын мәлімдеді.

       Микропроцессор - бір пластинада миллиондаған электронды схемаларды өзара байланыстыратын үлкен интегралды схемалардан жасалды. Микропроцессор компьютерлердің жылдамдығын секундына бірнеше миллиард операцияға дейін арттырды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы- компьютер болып табылады.

Компьютер қолданылуына қарай мыныдай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ, мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.

Микропроцессорды енгізу-шығару, сыртқы есте сақтау құрылғыларымен байланыстырудың  нәтижесінде компьютерлердің жаңа түрі – микро-ЭЕМ-дер дүниеге  келді. 

Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп  таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты. 

      Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-1 деп аталған бұл компьютерді американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты. 

   1999 жылдан бастап  дербес компьютерлер үшін халқаралық  стандарт-РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідегідей топқа бөледі:

       - Бұқаралық дербес компьютерлер

      -  Іс дербес компьютерлері

     -  Ықшам компьютерлер

      - Жұмыс бекеті

     -Ойын дербес  компьютері

       Қазіргі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бетіне жататың компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік , ықшам, қалталық деп бөлуге болады.

        Үйлесімдігі бойынша жүйелеу.

       Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып,  түрлі бөлшектерден жиналған, әр түрлі рпограммалармен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда компьютердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып келеді.сан алуан компьютерлерге арналған құралдарың өзара ауыспалылығы , программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.

     Ақпараттық  үйлесімділік.Ақпараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер ақпараттық плптформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі ақпараттық платформа бар: ІВМ РС және Apple macitosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салаларда ғана қолданылатын ақпараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір ақпраттық платформаға жатуы олардың үйлесімділігін күшейтеді.

    Ақпараттық үйлесімдіктен  басқа операциялық  жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімдік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімдіктер де бар.

                          ДК туралы түсінік.ДК-дің құрылымы.

 

     Дербес компьютер - бұл электрондық аспаппен орындалатын, программалармен басқару арқылы информацияны  автоматты  түрде  түрлендіруге  арналған құрылғы. Компьютердің синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының бұйымы. Дербес компьютер әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемделікпен өзгертуге болады.  Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. 

                                  

 

                                       

 

 

1.Тұрмыстық компьютерлер –компьютерлердің қарапайым түрлері.Олардың жадтарының сиымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болып келеді.

2.80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64, 128 Кбайт шамасындағы Корвет,УКНЦ, Ямаха МSX-2, т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.

3.  Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кездегі оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкінділігі  жоғары және әрекет жылдамдылығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап не кәсіби дербес компьютерлер деп аталады. Мұндай машиналарды және олардың негізгі құрылғысы –процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Apple, Intel, ІВМ, т.б. фирмалар айналысқан болатын. Қазіргі кезде ПЕНТИУМ сияқты жаңа жетілдірілген нұсқаулары пайдаланылуда. Пентиум сияқты кәсіби  компьютерлер күрделі әр түрлі математикалық, физикалық есептерді шешіп қана қоймай, логикалық операцияларды да орындай алады.Мысалы, автоматты түрде технологиялық процестерді басқарады, шахмат ойнайды, күрделі жоспарлауда , медицинада, биологияда, ауа райын болжауда, мекеменің айлық ақпартізімін жасауда, кітапхана жұмысын  ұйымдастыруда  және т.б. салаларда  ойдағыдай пайдаланылып келеді.

  

                      Дербес компьютердің негізгі құрылғылары.

 

       Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтары қажетіне  қарай өзгеріп отырады.   Оның құрамына кіретін құрлығылары компьютердің конфигурациясы деп аталады.  Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация  үнемі өзгеріп отырады.  Дербес компьютердің негізгі құрылғылары  классикалық Нейман архитектурасына негізделген. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларына:

-жүйелік блок

-пернетақта

-монитор     жатады.

 

  а) Жүйелік блок. Жүйелік блок – ақпаратты өңдеуге, сақтауға және

тасымалдауға арналған компьютердің маңызды бөлігі.

 Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасқан негізгі торапты  білдіреді. Бұл топтардың ішінде орналасқан  маңызды компаненттер:

-компьютерлердің жұмысын басқаратын электрондық схема        (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.);

-Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоектендіетін желілерді қалыптастыратын қоректену блогы;

-икемді магниттік дискіге (дискетке) жазылуда және оқуда пайдалынатын  икемді магниттік дискінің жинақтаушысы (немесе дискжетек-дисковод)

-алынбайтын қатқыл магниттік  дискіге жазылуда және оқуға  арналған қатқыл магритік дискідегі  жинақтауышы.

   Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.    

       Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сырттан қосылатын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады.

Деректерді енгізетін және шығаратын , ұзақ уақытқа сақтайтын  сырттқы қосымша құрылғы, сонымен қатар , шалғай (периферийное) құрылғы деп атайды.

 Жүйелік блоктың ішінде орналасатын барлық құрылғыларды ішкі құрылғылар деп атайды. Ішкі құрылғыларға аналық плата, процессор, оперативті жад, қатқыл диск, видеоадаптер, дыбыстық адаптер, желілік карта, компакт дискілерді оқитын CD-ROM немесе DVD-ROM құрылғысы, 3,5-дюймдік дискетаны оқитын дискжетек (floppy) және процессорды сыртқы құрылғылармен байланыстыратын әр түрлі коммуникациялық порттар жатады. 

   Аналық плата – дербес компьютердің ең маңызды құрылғыларының бірі. Аналық платада процессор мен оперативті жадты байланыстыратын ақпараттық кеңарна – басқаша айтқанда «шина» орналасады. Шина сонымен қатар компьютердің басқа да ішкі құрылғыларын бір-бірімен байланыстырып тұрады. Аналық платаның жұмысын микропроцессордың микросхемалар жиынтығы – чипсет басқарып отырады.   

  Чипсет – процессорды оперативті жадпен және басқа да ішкі құрылғыларменбайланыстыра отырып, оның жұмысын басқаратын аналық тақшаның микросхемалар жиынтығы.

Бұрынғы компьютерлердің  аналық тақшасында 200-ге жуық микросхемалар  орналасатын. Қазіргі компьютерлерде екі негізгі чипсет микросхемасы орналасады:  

·        жад контроллері немесе Солтүстік көпір (North Bridge), процессордың жадпен және бейненің қосалқы жүйесімен жұмысын қамтамасыз етеді

  ·        енгізу-шығару контроллері немесе Оңтүстік көпір (South Bridge), сыртқы құрылғылармен жұмысты қамтамасыз етеді.

Солтүстік және оңтүстік көпірлер екеуі екі микросхемада орналасады. Аналық тақшаның техникалық мүмкіндігі осы екі көпірге байланысты болады. Екі көпірдің техникалық сипаттамаларына қарап аналық тақшаға қандай құрылғыларды қосып-қоспауға болатындығын шешуге болады.  

Информация о работе Стандартты мультимедиялық құралдары