Сервистік программа

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 16:32, реферат

Описание работы

Жұмыс істеп болған соң компьютерді өшіру үшін:
істеп тұрған программалар жұмысын доғару керек;
ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды токтан өшіру керек ( принтер, сканер және т. б.);
мониторды өшіру керек;
жүйелік блокты өшіру керек.

Содержание

Дербес компьютерлерді іске қосу мен өшіру
Дербес ЭЕМ-нің базасы

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІВМ РС компьютерінің негізгі блоктары
Микропроцессор
ЭЕМ-нің жедел жады
Графиктік адаптерлер
Дискідегі мәлімет жинақтауыштар
Принтерлер мен плоттерлер
Компьютерге информация енгізу құрылғылары

ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымша құрылғылар

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Жоспар освк.doc

— 79.00 Кб (Скачать)
 

     Жедел  жадтың  көлемін  көрсеткенде,  оның  бірінші  бөлігі  туралы  айтылады,    ал ол кейбір   программаларды   орындауға   жеткіліксіз болып  қалады.  Міне,  осындай  сәттерде  компьютердің  жедел  жадының  кеңейтілген  бөлігі  (extended)  мен қосымша  (expanded)  пайдаланылады.

     INTEL фирмасының  80286, 80386SХ  и  80486 SХ  процессорлары  16Мб  жедел   жад  көлемімен,  80386 и 80486  прцессорлар- 4Гб көлемімен  жұмыс   істей  алады.  Бірақ  операциялық   жүйе  үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды.  Қосымша жад көлемін толық пайдалану үшін aрнаулы  программалар -  драйверлер жасалып,  олар  процессордың  жедел жадындағы информацияны  сақтайтын,  әрі толық пайдаланатын  режимге көшуді  қамтамасыз  ете алады.

     Процессордың   өте  жылдам  істейтін  тағы  бір  шағын   көлемді  жады  бар,  оны   кэш-жад  (Cash)  деп атайды.   Ол  жедел жадпен процессор арасында  дәнекерлік  роль  атқарып,   жалпы жұмыс өнімділігін арттыру   қызметін  атқарады. 

     Процессордан  бөлек  компьютер  құрамында: 

  • ЭЕМ  құрылғылары  (дисплей,  диск  және  т.с.с) жұмысын  басқаратын  электрондық  схемалар ( контроллерлер ) ;
  • Енгізі-шығару  порттары,  олар  жүйелік  блокқа  әртүрлі принтер, график  сызғыш,  тышқан  тетігі  тәрізді  шеткері  құрылғыларды  тіркейтін  көп  разрядты  байланыс  құрылғылары  бар  болады.

     Енгізу-шығару  порттары  ішкі  негізгі  құрылғылармен  байланыс  жасайтын  арнайы  порттан   және   шеткері  құрылғылармен  (принтер,  тышқан  тетігі  т.с.с)   байланыстыратын   жалпы  мақсаттағы  порттардан  тұрады.   Жалпы  мақсаттағы  порттар   LPT1 – LPT3    деп белгіленетін  параллель және  СОМ1 - СОМ3  болып белгіленетін  тізбекті  бөліктерге  жіктеледі. Параллель порттар жылдам  істейді,  бірақ  байланысу  үшін  көбірек   сым шоғырларын  керек  етеді (принтер мен  жалғасатын  порт  параллель,  ал  модем мен телефон желісі  арқылы  байланысатын порт  тізбекті  түрге  жатады).

     Графиктік  адаптерлер

     Монитор немесе   дисплей – ДЭЕМ-ге  міндетті  түрде  қажет  шеткері  құрылғы,  ол  компьютердің жедел  жадында өңделіп  жатқан  информацияны  экранда  көру  үшін  қажет.   Экран  түстеріне  қарай  дисплейлер   монохромды  (ақ-қара)  және  түрлі  түсті  болып,  ал  шығарылатын информация   түрлеріне  байланысты  символдық (тек символдық таңбаларды  бейнелеу)  және  графиктік  (символдық және  оған  қоса  графиктік мәлімет)  болып бөлінеді.

     ЭЕМ-нің  экранда  мәлімет   көрсету  бөлігі екi  жартыдан  тұрады:  монитор және адаптер.  Біз тек мониторды көреміз,  ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде  орналасқан.   Монитордың  өзінде  тек электронды-  сәулелі түйікше бар. Ал, адптерде бейнелеу сигналдарын  беретін   логикалық  схемалар  орналасқан.

     Электрондық-сәуле  экранда   сикундтың  1/50  бөлігінде жүріп өтеді,  бірақ экран   бейнесі одан  жай өзгереді.  Сондықтан экранның  бір көрінісінің бейнелеу  сигналы бірнеше рет қайталанып  беріліп отыруы  керек.   Адаптерде бейнелер  көрінісін есте   сақтайтан бейне –жады бар. 

     Көбінесе  символдық режимде дисплей экранында 80  таңбадан  25   қатар мәлімет орналасады.  (Барлығы – 2000  таңба,  стандартты  машинка қағазының көлемі),  ал  графиктік режимде экранның  бейнелеу  (көрсету мүмкіндігі)  қабілеті адаптер платасын  жүйелік  блокпен  байланыстыру   құрылғысының   мүмкіндіктеріне  сәйкес  болады.

     Экрандағы  бейне  көрінісінің   сапасы  графиктік  адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады. 

     Кең  тараған  адаптерлерге  мыналар  жатады:   EGA, VGA  және  SVGA.  Қазіргі кезде VGA  және  SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады,   SVGA-ның бейнелеу  мүмкіндігі  өте жоғары.

     Адаптердің  бейнелеу  қабілеті  оның графиктік режимде экранда   көрсетіле  алатын  қатардағы   нүктелер  (пиксельдер)   санына  байланысты.   Мысалы,   720*340  мүмкіндікті  монитор  вертикаль (тік) бағытта  348   нүкте - қатар,  ал  көлденеңі  бойынша  әр  қатарда   720  нүкте  көрсете  алады.   Баспахана жүйелерінде  800*600  немесе 1024 * 768 мүмкіндікті  мониторлар  қолданылып  жүр. Бірақ олар  өте қымбат. 

     Экран  бетінің  мөлшері   стандарт (14 дюйм)  бойынша  жасалады,  үлкейтілген  (15 дюйм)  және теледидар  (17, 20  және 21 дюйм- дигоналы  бойынша  54 см-ге дейін)  тәрізді  болып   та жасалғандары   кездеседі,  олар   түрлі  түсті  (16млн-нан  бірнеше ондаған  млн  түстерге  дейін)   немесе  ақ-қара  болып  та  шығарыла  береді.

     Адаптерлер  стандарты  түрлі   түсті  монитордағы түстер  палитрасын  (жиынын)  анықтайды:   VGA (ескі   модель)  стандартты  режимде  төрт  түспен,  EGA – 64  түспен,  VGA –256 түске  дейін,  ал SVGA -  1000000-нан  аса  түстермен  жұмыс  істей  алады. Бірақ  символдық  режимде  көрсетілген  стандарттағ  экрандардың  барлығы  да 16  түсті  ғана  қолданады.

     Дискідегі  мәлімет  жинақтауыш

     Мәлімет жинақтауыштар – кез-келген  ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды  көбінесе  информацияны    сыртқы  сақтауыштар немесе  компьютердің сыртқы  жады  дейді.  Олар  көлемді мәліметті ұзақ  уақыт сақтай  үшін  қажет және ондағы  мәліметтер  ЭЕМ-нің күйіне  байланысты  болмайды.   Сыртқы  жадта  кез-келген  программа  немесе  жай  мәліметтер  сақтала береді,  сол  себепті  оны  әрбір  адамның  мәліметтерінің  кітапханасы  деуге  болады.

     ДЭЕМ-дерде  мәлімет  жинақтауыш  рөлін   магниттік дискілердегі   жинақтауыштар  атқарады,  оларда  мәліметтерді  тікелей оқуға не  жазуға  болады.  Соңғы кездерде  ДЭЕМ-дер үшін  магниттік таспадағы жинақтауыштар - стриммерлер шықты,  бірақ олар  өте көлемді мәлімет сақтай  алғанмен,  оқу,  жазу  жұмыстары бірте-бірте  тізбектей  іздеу  арқылы  жай  жүргізіледі.   Сол  себепті  стриммерлер   магниттік  дискідегі  жинақтауыштарды  ауыстыра  алмайды,  тек  толықтырады.                                          

     Mагниттік  дискідегі  жинақтауыштар  (МДЖ)  екі түрлі болады: иілгіш магниттік  дискідегі  жинақтауыш  (ИМДЖ) және  қатты  магниттік   дискідегі  жинақтауыш  (ҚМДЖ). 

     Қатты  дискідегі   мәлімет  жинақтауыштар  (винчестер)   информацияны  тұрақты  түрде  сақтайды.  80286  процессорлары  ІВМ РС-де қатты   дискінің  мәлімет  сыйымдылығы 20 – 40Мб, 80386SX,  DX  және 80486SX  (SX – бір  процессорлы , DX- екі  процессорлы ) -300 Мб-ға  шейін,   80486 DX –500-600Мб ,  ал Pentium –3 Гб-қа шейінгі  деңгейде  болады.

     Қатты  диск  орнынан алынбайды,  ауа кірмейтін  жабық    корпусқа салынып,  жүйелі  блокта  орналасады.  Ол  екі  жағына да мәлімет  жазылатын  бір  дестеге  біріктірілген  бірнеше дискілерден   тұрады.  Дискетке қарағанда  винчестерге  өте  көп  мәлімет  сияды,  сондықтан  оны  пайдаланған  өте  ыңғайлы

(2.2- сурет).

     Иілгіш  дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар    бір компьтерден екінші  компьютерге мәлімет аумастыру үшін,  әзір  жұмысқа қажет емес  информацияны  сақтап  қою үшін,  қатты дискідегі мәліметтердің   архивтік (тығыздалған)  көшірмесін  алу  үшін  керек  болады.

     Принтерлер  мен плоттерлер

     Принтер (баспа құрылғысы) текстік және графикалық  мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағазды да, парақ қағаздарды  да пайдалана береді. 

     Қазіргі кезде принтерлердің  матрицалық,  лазерлік, сия бүріккіш  және термографиктік түрлері бар.

     Соңғы кезге дейін ең көп  таралған, арзан, әрі пайдалануға  қолайлы матрицалық (9, 24 не 48 инелік) принтерлер болып табылады, олардың қағазға таңба салатын баспа тиегі тік орналасқан металл инелерден тұрады.

     Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қымбат тұрады және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген шрифт түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.

     Лазерлік принтерлер ксерография принципін қолданатын құралдарға жатады,  бұларда әріп бейнелері электрлік тәсілмен бояу жұқтырылған доңғалақ арқылы қағазға түседі. Сондықтан  Лазерлік принтерлердің бағасы кішігірім ДЭЕМ-нің бағасымен бірдей.

     Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді,  негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.

     Компьютерге информация енгізу құрылғылары:

  • Пернелік тақта ;
  • Тышқан тәрізді қол тетігі ;
  • Сканер.
    Қосымша құрылғылар
 

         Модемдер  (модулятор – демодулятор ) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәлімет тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек – 25000 бит/сек  аралығында.  Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы)  бойынша жұмыс атқарады.  Компьютер желісіне   (Internet, Relcom,  FidoNet, т.б.)  немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

      Бұлардан  басқа  фаkс-модемдер бар,  олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып,  текстік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппараттарына да жіберуге және қабылдауға да болады.  Факс-модемдерден өте қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол.

         Қазіргі кездерде ЭЕМ-нің мультимедия  мүмкіндігі жайында көп айтылып  жүр.  Мультимедия – информация бейнелеудің ең керекті түрі.  Ол мәліметтерді экранға түрлі-түсті текстік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып,   ЭЕМ-нің барлық жылжыту,  сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы,  CD-ROM дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды, түрлі-түсті гаммаларды көрсету жақтары толық қамтылған. Мультимедиялы компьютер фотоаппараттарды, бейне могнитофондарын,  бейне камераларды қосуға арналған арнаулы бейнелік платамен жабдықталады,  көптеген бейнелік суреттерді өңдегенде қажет болады, бірақ оның арзан тұрмайтыны да өз-өзінен белгілі. 
     
     
     
     
     
     
     

    Әдебиеттер  тізімі 

    1.   Информатикадан   30  сабақ.   Алматы  “ Шартарап “  1998

    Е. Қ. Балапанов,   Б. Бөрібаев,   А. Дәулетқұлов   

  1. Информатика мен есептеуіш  техника негіздері.  Алматы  “Рауан” 

    А. Г. Кушниренко,  Г. В. Лебедев,  Р. А. Сворень 

  1. Жаңа  ақпараттық технологиялар

    Информационные  технологии 

     4.  ІВМ РС для  пользователя.   Краткий курс.   Москва  1997

     В.  Э. Фигурнов

Информация о работе Сервистік программа