Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 06:42, доклад
Мақсаты:
а) Оқушылардың сабыр, сабырлылық туралы түсініктерін кеңейту.
б) Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
в) Жақсылыққа, адамгершілікке,сабырлылыққа тәрбиелеу
Сабыр түбі - сары алтын.
Мақсаты:
а) Оқушылардың сабыр, сабырлылық туралы түсініктерін кеңейту.
б) Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрету, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
в) Жақсылыққа, адамгершілікке,сабырлылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер, үнтаспа
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Шаттық шеңбері:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен
бүгін сендерді көргеніме
-Сен нағыз доссың .
-Сен ең әдемі қызсың.
-Сен мейірімдісің.
-Сен ақкөңілсің.
-Сен әдептісің……
-Жарайсыңдар , балалар ! Әрқайсысың
достарыңа деген жылы
Өлең оқу.
Талап пен ақыл.
Сабыр деген әр іске
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ызданады.,
Осыдын көп шығады адамшылық.
-Өлеңде не туралы ?
- Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер ?
Сабыр деген-ұстамды болу, шыдымды болу, төзімді болу деген сөз екенін айттыңдар. Енді осы сөздерге қайшы келетін сөздер айтып көріңдерші.
Сабыр үш түрлі 1- Басынан өткенше қиыншылыққа сабыр ету. 2. Қойылған шартқа бой ұсынуда сабырлық көрсету. 3. Тиым салынған істерді істемеуде көрсетілетін сабырлылық.
Сабыр-сабырсыз
Ұстамды-ұстамсыз
Төзімді-төзімсіз
Шыдамды-шыдамсыз
-Адамға қандай жағдайларда
Егер адамда сабыр болмаса, ол тез ашуланады. Ал ашуланған адам ашу үстінде асығыстыққа жол береді. Асығып қабылданған шешім барлық уақытта оң бола бермейді. Сондықтан ондай жағдайда ақылға салып , ашуға берілмей – сабыр сақтау керек.
Сондықтан да Абай аталарың
«Асығыс түбі өкініш, ойланып алмақ-сабыр сол » деп айтқан болатын.
Ойын-жаттығу.
« Неге ұқсатамын ? »
-Балалар, ашуланып тұрған
-Ашуланған адамның бет-жүзін-найзағайға
-түнерген бұлтқа
-қызып тұрған үтікке
-айдаһарға
-дауылға т.б.
Жан жарасы жазылмайды. (аңызды талдау)
Ертеде бір қарияның , ашушаң, ұстамсыз ұлы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
-Өзіңді ашу қысқан сайын
ағаш бағанға шеге қағып,
Бала бірінші күні-ақ бағанға оншақты шеге қағылғанын байқап, өзін-өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қаққанннан гөрі ашуын басқанның жеңіл екенін түсінді.
Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі бағанға жетелеп әкеліп :
-Жарайсың, балам ! Бірақ бағанның шұрық –шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың ? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң , оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, сабырлы бол балам,- дейді.
-Әкесі баласын сабырлы болуға қалай үйретті ?
-«Ашуды ақылға жеңгізе біл» дегенді қалай түсінесің ?
Әр нәрсенің байыбына барып , ақылға салып, өзін-өзі ұстай білу -сабырлылықтың белгісі деген сөз
-Ал, енді өздерің ашуланған кезде не істейсіңдер ?
-Ашуланған кезде 1-ден 10-ға дейін іштей сана
-Жақсы нәрсе туралы ойлаймын
-Соңынан өкінетінімді ойлаймын
Өзімді ұстамды, сабырлы
Данышпан ата кеңесі.
1. Әрбір істі ойланып , ақылға салыңдар !
2. Шыдымсыздық танытпай, ұстамды болыңдар!
3. Әр кезде де өз-өздеріңді жігерлендіріңдер.
Жайлы әуен жіберіп қою
Қазір сендер іштеріңнен сабырлы болу жолдарын ойлап көріңдер.
«Менің сабырлы , ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін . Ақырын басып , баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрмын. Ол сондай тартымды, жарасымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған сондай ұнайды »
Ақыл. Ғылым. Бақыт. ( ертегіні талдау)
Ақыл, Ғылым, Бақыт үшеуі бір-бірінің артықшылығын салыстырып сарапқа салыпты. Сарапшылар оларға былай депті:
Бірінші Бақытқа: сен , тұрақсыз , опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің , тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен тізе қос, сонда көп жасайсың,- депті.
Екінші Ғылымға: дүниеде
Үшінші Ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ бірақ ашу кіріп келгенде , орныңды беріп шығасың да кетесің. Ашу бүлдіріп-бүлдіріп кеткен соң кіресің де ашудың бүлдіргенін ойлайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, Ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.
- Барыңдар, Ақыл, сен адам бол
, Ғылым , сен ат бол , Бақыт
сен қамшы бол. Үшеуіңнің
-Осы ертегіден көңіліңе не түйдің ?
-Егер ақыл, сабыр біріксе мұратына жетеді екен.
-Бүгінгі сабағымызда көңіліңе не түйдің ?
-Сабырлы адам деп қандай адамды айтуға болады ?
-Басқаның сөзін байыпты тыңдайтын
-Өз ашуын тежей білетін
-Әр ісін ойлап , ақылмен шешеді
-Сабырлылық-адамның
мұратына жетуіне мүмкіндік
Психологиялық кеңес
1. Мәселені әсірелемеңіз. Болған
мәселені ойлай бермей, назарды
басқа жаққа бөлудің орнына
адамдар керісінше ойша көп
нәрсе қосып, одан сайын қиында
2. Мәселелеріңізді айтып,
3. Әбігерге салынбаңыз. Тез қимылдау,
асығыстық пен асығу ағзаны
әрдайым қимыл-қозғалысқа
4. Өз іс-әрекеттеріңізді
5. Бұл қиындықты да жеңемін
деп өзіңізді сендіріңіз, өткен
шақта да осындай қиыншылықтан
аман-есен өткен
6. Өзіңізді күтіңіз. Толыққанды
демалыс, дұрыс тамақтану мен
физикалық жаттығулар –
7. Байсалды, сабырлы адамдармен
дос болыңыз. Көбіне адамдар
жанындағы адамдардың кейбір
қасиеттерін жұқтырып алады.
8. Терең демалыңыз. Бұл да мәселеден бір сәтке ауытқудың бір тәсілі. Терең демалу ішкі сабырлықты сақтап, байбаламға салынуға жол бермейді.
Жүректің үлкен қасиеті бар. Ол өзі кішкентай болса да, қуаныш, бақыт, мейірім, сабыр , достық сияқты сезімдердің барлығы оған сыйып кетеді.
-Қане, қолдарымызды жүрегімііздің тұсына қойып, жүрек қағысын байқайық.
-Егер біз қуансақ, ашулансақ жүрегіміз қалай қағады деп ойлайсыңдар ?
-Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп, ал қуанғанда күлімдеп ерекше бір сүйкімді күйде болады екен. Көңіл күйіміз арқылы жүрегіміздің соғуы да өзгеріп тұрады екен.
Ендеше жақсы игі тілекпен бүгінгі сабағымызды аяқтайық.
-Сабырлы бол.
-Төзімді болa біл
Жақында ғана мынадай бір хабарды көзім шалған.
Әкесі сыртқа шыққанда үш жасар ұлының
қолындағы темір таяқшамен
Сәлден соң жынданып барып, есін жиған кісідей ұлын құшақтап, емханаға жүгіреді.
Дәрігер сәбидің уатылып сынған саусақтарын қалпына келтіруге қанша тырысса да өнімі болмайды. Амалсыздан, қос қолын білезіктен кесіп тастауға тура келеді...
Бала операциядан оянған сәтте қатты ауырып тұрған шолақ білегіне қарап, көздеріне үрей толып: «Әке, кешіріңізші, машинаңызды бұзып қойғаным үшін кешіріңіз!» дейді жыламсырап, өкініштен сөйлеуге шамасы келмей қалған әкесіне. Сәлден соң тағы: «Әке! - дейді үмітпен, - менің саусақтарым енді қанша күннен соң өседі?...»
... Байғұс әке үйіне қайтқан соң өкініштен есін жимаған күйі өзіне қол жұмсаған.
Қандай бақытсыздық деші! Ашу мен ыза үстінде бұл сорлы әке мұндай қасіретке жолығамын деп мүлде ойлаған жоқ қой.
Сабыр! Сабыр!
Сәбиіңіз алдындағы тамағын төгіп алғанда, олардың тынымсыз сәттерінде, тоқтаусыз жылаған кездерінде бұл әңгімені еске алыңыз.
Айналаңыздағы жаныңызға жақын адамдарға бола сабыр-тағатыңызды жоғалтудан бұрын, бір минут ойланыңыз.
Мал-мүлік қалпына келер. Тіпті сынған қол да. Бірақ, аяусыз соққы жеген бейшара көңіл ешқашан қалпына келмейді.