PowerPoint бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 16:47, реферат

Описание работы

PowerPoint 2007 бағдарламасын бірінші рет ашқан кезде пайдаланушылық тілдесудің өзгергенін көресіз. Терезенің жоғарғы бөлігінде PowerPoint пәрмендеріне арналған жаңа құрылым орналасқан. Бұл құрылым қажетті мүмкіндіктерді табуға және пайдалануға, сонымен қатар, өте тартымды көрмелер жасауға көмектеседі.
Алға ұмтылып, жаңа PowerPoint бағдарламасын пайдалануды бастаңыз. Ненің және неліктен өзгергенін көріңіз. Содан кейін әдеттегіше әрекеттеріңізді істеп көрмемен жұмыс істеңіз. Кері оралғыңыз келмейтін болады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (3).docx

— 1.11 Мб (Скачать)

PowerPoint 2007 орналасулары бұрынғыдан  да сенімді. Олардың бірнешеуінде  не мәтін, не сызба үшін пайдаланылатын "мазмұн" толтырғыштары бар. Мысалы, Тақырып және мазмұн орналасуы. Толтырғыштарының бірінің ортасында келесі белгішелер жинағы бар:

Мазмұндардың келесі түрінің бірін  — кестені, диаграмманы, SmartArt сызбасын, файлдан алынған суретті, клип бөлігін немесе бейне файлды кірістіру үшін осы белгішелердің бірін нұқыңыз. Немесе, белгішені елемей, осы орналасу қолдайтын мәтінді теріңіз.

Мүмкін, компанияның басқармасының  фотосуреттерін кірістіресіз немесе слайд мазмұнына назар аударту үшін клип қосқыңыз келеді. Алдыңғы бөлімде көргеніңіздей суретті тікелей слайдтан немесе мазмұн толтырғышынан қоса аласыз. Сол жақтағы суретте оны қалай орындау керектігі көрсетілген.

 

1. Суретті қосу үшін Суретті файлдан қосу белгішесін нұқыңыз.

2. Клипті қосу үшін Клип белгішесін нұқыңыз.

3. Сурет толтырғыш жиектерінде орналастырылады.

4. Сурет бір рет кірістірілгеннен кейін, оның өлшемін өзгерткіңіз немесе арнайы әсерлер қосқыңыз келген жағдайда не істеу қажет? Алдымен, слайдтағы суретті таңдаңыз.

5. Таспада Сурет құралдары пайда болады. Пішім қойындысын нұқып, суретпен жұмыс істеу үшін түймешіктер мен параметрлерді пайдаланыңыз. Оған тік немесе ирек жиектер бере аласыз; көлеңкелерді немесе жарық қолдана аласыз; түсті жақтаулар қоса аласыз; оны қия аласыз немесе өлшемдерін өзгерте аласыз және тағы басқаларды орындайсыз.

Суретті слайдтың өзінен кірістіру оңай. Ол слайдта біреуден көп толтырғыш болған жағдайда әсіресе қолайлы әдіс болып табылады, себебі слайд белгішелерін пайдалана отырып кірістіргенде, сурет сол толтырғышқа өтеді.

(Егер суретті слайд  белгішесін пайдалана отырып  кірістіргіңіз келсе, бірақ толтырғыштың дұрыс түрі болмаса, орналасуды өзгерту өте оңай. Оны қалай істеуге болатындығын жаттығу сеансынан көресіз).

Кірістіру қойындысын ұмытпаңыз    Кірістіру қойындысын суретті — слайдтың басқа элементтерін кірістіру үшін де пайдалана аласыз. Кейбір жағдайларда PowerPoint бағдарламасының суретті қандай толтырғышқа орналастырғыңыз келетіндігін біліп отыру осы әдісті пайдаланудың жалғыз ерекшелігі болып табылады.

  1. Сурет салу құралдарындағы Пішім қойындысында мәтін ұялары мен басқадай кескіндерге арналған мәнерлер бар.

  2. Кескіндер жиынтығын көрсетіп, кез келген мәнерге меңзерді апарыңыз.

  3. Мәнерді алдын ала қарауды мәтін ұясына қолданылған слайдтан көресіз.

Сурет тақырыбы үшін мәтін  ұясын кірістіріңіз. Оны Кірістіру қойындысынан табасыз.

Мәтін ұясын кірістіргенде Сурет салу құралдары көрсетіледі. Пішім қойындысын нұқып, ондағы пәрмендерді келесі мақсатта пайдаланыңыз:

  • Мәтін ұясы немесе басқадай кескіндер үшін және кескіннің градиент түстері сияқты бояуы үшін; кескін құрылымының түсі; және ылди немесе көлеңке немесе жарық сияқты әсерлер үшін кескін таңдаңыз.
  • Кескіндерді кірістіру, өзгерту және өңдеу.
  • Кескіндерді орналастыру және туралау.

 

Жаңа ұйымдастыру диаграммасымен жұмыс істеу.

1. Ұйымдастыру диаграммасы қолданылған тақырып түстерін қабылдайды.

2. Диаграмманың қасында мәтін аймағы пайда болып, мәтінді сонда тере аласыз.

3. Мәтін аймағында терілген мәтін диаграмма кескінін суреттеп, терген кезде диаграммада шығарылады.

Бұрын көргеніңіздей, суреттер мен сызбаларды Тақырып және мазмұн орналасуындағы белгішелерді пайдалана отырып кірістіре аласыз. Олардың қатарына SmartArt сызбаларының белгішелері жатады және осы сызбалар ұйымдастыру диаграммасының орналасуын, сонымен бірге PowerPoint 2007 бағдарламасындағы барлық диаграммалардың орналасуларын ұсынады.

SmartArt сызбасы белгішесі нұқылғанда:

қатынаулы барлық сызбалар орналасуларының толық жиынтығына кіресіз.

Енді ұйымдастыру диаграммалары  және басқа сызбалардың мәтін  аймағы бар, онда диаграмма мәтінін  теріп, диаграммалардың кескіндерінен тыс жұмыс істей аласыз. Ол тікелей диаграммаға тергіңіз келмеген жағдайда өте ыңғайлы.

Сонымен қатар, басқа да бағыттарда жұмыс істей аласыз: Слайдтағы бар таңбалаушы тізімін Басты қойындысындағы SmartArt нысанына түрлендіру  түймешігін пайдалана отырып сызбаға түрлендіре аласыз.

Диаграмманы осы жолмен кірістіруді қалаған жағдайда SmartArt тармағын Кірістіру қойындысынан іздеңіз.

Сонымен қатар осы қойындыдан кестелер мен диаграммаларды да кірістіре аласыз.

Ұйымдастыру диаграммасына  қарапайым қимылдануды қолдану  үшін Қимылдану қойындысына өтіңіз.

1. Диаграмма таңдалғанда Мөлдірлік, Ығыстыру және Ұшып келу әсерлері бар әсерлер тізіміне өту үшін Қимылдану терезесінің қасындағы көрсеткіні нұқыңыз.

2. Ұйымдастыру диаграммасы бөлігінің слайдта пайда болатын параметрін таңдаңыз. Олар бірден толықтай, диаграмманың әр бөлігі кезектеліп, деңгейлері кезектеліп немесе кескіндер кезектеліп мөлдірленуі мүмкін.

3. Параметрге меңзерді апарғанда PowerPoint бағдарламасы слайдта қимылдану әсерінің алдын ала қарауын көрсетеді. Суретте кескіннің ақырындап жоғалып кетуі көрсетілген.

Егер күрделі кешенді  қимылдануды қолданғыңыз келсе  немесе жаңа ғана қолданған жылдамдықты  өзгерткіңіз келсе, осы қойындыдағы Теңшелетін қимылдану тармағын нұқыңыз. Сонымен қатар, бұнда слайдтарға арналған өту әсерлері де бар. Осы әсерлердің мысалы ретінде бір слайдтан екіншісіне ауысқандағы дойбы әшекейі немесе ығыстыруды келтіруге болады.

1. Сараптау қойындысында Емле ережесі түймешігін басыңыз.

2. Пайдаланылатын параметрді таңдаңыз.

Слайдтарды көрсетудің соңғы  тапсырмалары Слайдтарды көрсету және Сараптау қойындыларында болады.

Мәтін, орнату және басқалары    Мәтінді жасау, көрсету бойынша жүріп өту, оны бірнеше бейнебетке шығару және тағы басқалары үшін Слайдтарды көрсету қойындысын пайдаланыңыз.

Емлесін тексеру, анықтамалық материалдар мен  аңғартпалар    Сараптау қойындысында емлені тексеруді бұрынғыдай іске қосып, анықтамалық материалдар қызметін және тезаурyсты пайдаланыңыз және көрмені сараптау үшін аңғартпаларды қолданыңыз.

1. Алдын ала қарау тармағын ашу үшін меңзерді Басып шығару түймешігіне апарыңыз.

2. Жалпы бағдарлама параметрлерін өзгерту үшін PowerPoint параметрлері түймешігін басыңыз.

Басып шығару және алдын  ала қарау параметрлерін ашу үшін Microsoft Office  түймешігін басыңыз. Алдын ала қарау көрінісінде бұрынғыдай басып шығаратын түстеріңізді таңдап, үстіңгі деректеме және төменгі деректеме параметрлерін орната аласыз.

Осы мәзірде орындайтыныңыз көп. Мысалы, Ықшам дискіге арнап буу пәрменін осы жерден таба аласыз. Ол көрмені және қалаған кез келген файлдарды ықшам дискке немесе ортақтастырылған қалтаға көшіреді.

PowerPoint бағдарламасын жекелеу    PowerPoint бағдарламасының әдепкі көрінісі немесе емлені тексерудің қосулы немесе өшірулі болуы сияқты жалпы бағдарламаңыздың параметрін таңдау үшін осы мәзірдің төменгі жағындағы PowerPoint параметрлері түймешігін басыңыз. Сонымен қатар, ол Жылдам қатынау тақтасы құралдар тақтасына қосқыңыз келетін пәрменді іздегенде де орынды.

Пішім жаңа Office Open XML пішімдерінің бір бөлігі болып табылады. Ол XML (Extensible Markup Language) бағдарламалау тіліне негізделген.

XML тілін түсіну қажет  емес  — оның барлығы көзден  таса қалады. Тек жаңа пішім PowerPoint бағдарламасының жақсартылғандығын білдіретіндігін білсеңіз болды. Басты артықшылықтар:

Қауіпсіз көрмелер    Құрамында қалаусыз кодтары, макростары немесе басқару элементтері бар көрмелерді анықтап, құрсаулау оңай.

Кішірейтілген файл өлшемі    Көрмелер автоматты түрде қысылады.

Жетілдірілген ақпарат қауіпсіздігі    Жеке және іскери құпия ақпаратты жою оңай.

Бүлінген файлдарды  қалпына келтірілудің жақсартылған мүмкіндіктері    Файл қандай да бір бөлігі зақымдалса да, ашылады.

Жеңілдетілген біріктіру    Көрме мазмұны басқа бағдарламалармен ортақтастырылып, оларда ашылады.

PowerPoint жаңа көрмені автоматты  түрде жаңа пішімде сақтайды. Файл қандай пішімде сақталғандығын Басқаша сақтау тілқатысу терезесінен қарай аласыз. Microsoft Office түймешігі  мәзірін басып, мәзірде Басқаша сақтау параметрін таңдаңыз.

Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде Басқаша сақтау түрі жолағын қараңыз: Жаңа файл пішімі бұнда әдепкі болып табылады. Ол PowerPoint көрмесі деп аталады. (Бұрынғы нұсқаларда ол Көрме деп аталған.)

Ескерім    Егер файл атауының кеңейтімін көру үшін Microsoft Windows бағдарламасын орнату қажет етілсе, (файл атауындағы әріптер нүктеден кейін тұрады), файл түріне арналған файл атауының кеңейтімін келесі түрде де көруіңіз мүмкін: PowerPoint Көрмесі (*.pptx). Соңындағы "x" әрпі оның PowerPoint 2007 файл екендігін білдіреді.

Сақталған көрме атауы  жаңа пішімде, файл кеңейтімімен қоса алғанда, келесі пішімде болады: Жылдық есеп.pptx.

Бұл хабар PowerPoint 2007 файлын бұрынғы PowerPoint нұсқаларында ашу мүмкіндігін  беретін түрлендіргішті қотарып алу кеңесін береді.КУРС МӘТІНІ

Көрмені жаңа пішімде сақтап қойдыңыз. Бірақ онымен жұмыс істейтін әріптестеріңіз PowerPoint бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдалануда. Олар PowerPoint 2007 файлын аша алады ма?

Иә. Әріптесіңіз PowerPoint 2000 бағдарламасымен жұмыс істейді дейік. Ол көрмені ашу үшін оны нұқығанда оның Office 2000 жүйесінің орнатылуында ең соңғы жаңарту бумалары мен жаңартулары болса, одан көрмеңізді ашу мүмкіндігін беретін түрлендіргішті қотарып алу қажеттілігі сұратылады.

Олар көретін көрмеде  оларда жоқ PowerPoint 2007 мүмкіндіктерінің бірі қолданылған болса, тура сіз жасағандай болмайды. Бірақ олар оны PowerPoint 2007 бағдарламасының пішімінде ашып, өңдеп және сақтай алады.

Ескерімдер

  • Түрлендіргіштің ресми атауы 2007 жылғы Office Word, Excel және PowerPoint файл пішімдеріне арналған Microsoft Office жүйесінің сыйысымдылық бумасы болып табылады және ол Microsoft корпорациясымен тегін ұсынылады.
  • 2007 жылғы Office жүйесінің сыйысымдылық бумасы тек Office 2003 SP1, Office XP SP3 және Office 2000 SP3 жаңарту бумаларымен ғана жұмыс істейді. Ол тек келесі амалдық жүйелерде ғана жұмыс істейді: Windows Server 2003, Windows XP SP1 және Windows 2000 SP4.

Информация о работе PowerPoint бағдарламасы