Планшетті
дербес компьютер
Планшетті
ноутбук Toshiba Portege 3500
Планшетті
дербес компьютер (tablet PC) — сенсорлық
экранмен жабдықталған және стилус немесе
саусақтың көмегімен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін дербес компьютерлердің
қатарындағы толық өлшемді ноутбук. Сонымен
қатар, пернетақта мен тышқанды қолданып
та жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютер
түрі.
Негізгі
ерекшеліктері
Дербес
компьютерлердің бұл түрі, яғни планшеттік
дербес компьютер 2002 жылы 7-ші қарашада Microsoft
компаниясында өңделіп, ұсынылған Microsoft Tablet PC аппараттық-программалық
платформасының презентациясынан кейін
кең сатылымда пайда болды. Оған дейін
мұндай құрылғылар тек өндірістерде, медициналық
орталықтарда және оқу орындарында ғана,
яғни нарықтың тар шеңберінде қолданыста
болды. Планшеттік дербес компьютерлер
бүгінгі күнде де оқу орындарында және
бірлескен орталықтарда кең қолданысқа
ие.
Бұл
дербес компьтерлердің ең негізгі ерекшелігі
– IBM PC компьютерлерімен, әдеттегі үстел
компьютерімен, ноутбукпен және ондағы
орнатылған құнды операциялық жүйелерімен
(ОЖ) толықтай аппараттық үйлесімділігі
бар. Атап айтсақ:
- Microsoft Windows
NT (Windows XP Tablet PC Edition, Windows
7, Windows 8);
- Apple Mac
OS X;
- Linux
(осы операциялық жүйенің толық қамтылған
жиынтығы).
Орнатылған
ОЖ қолданушыға қолындағы компьютердегі
барлық программалардың кең мүмкіндігін
шексіз қолдануға мүмкіндік береді.
Планшеттік
компьютерлердің басым бөлігі келесі
операциялық жүйелермен басқарылып
жұмыс істейді: Microsoft Windows
NT (Windows XP Tablet PC Edition, Windows
7.
Бірақ, сонымен қатар, Apple Mac
OS X[1] (мысалы Axiotron Modbook (ағылшын.)) және Linux
оперциялық жүйесінің көптеген түрімен
басқарылатын планшеттік дербес компьютеорлер
де бар.
Қолданушы
енгiзудiң айырып танулары кiрiстiрiлген
бағдарламаны, экрандық (виртуалдық) пернетақтаны,
сөзді айырып тану немесе кәдімгі пернетақтаны
қолдана отырып мәтінді енгізе алады.
Конструктивті
атқару
Конструктивті
атқару бойынша планшеттік дербес компьютерлер
келесідегідей бөлінеді:
- «таза
планшеттік компьютерлер» — толық пернетақтасыз
құрылғы;
- планшеттік
ноутбуктер — айырбасталатын (ағылшын. convertible) немесе трансформер,
яғни өзгеруге қабілеттілігімен ерекшеленетін:
нақты айтсақ, құрылғы ноутбук сияқты
көрінеді, экранын 180° осімен айналдыруға
болады және пернетақтаға қоюға болады,
яғни ноутбук тура планшет сияқты көрінеді.
- планшеттік
нетбуктер — айналғыш экраны бар ноутбуктермен
бірдей нетбук-трансформерлер. Сонымен
қатар, 2009 жылы CeBIT көрмесінде Dual Panel
атымен ұсынылған Asus-тың екі экрандық
мультитач нетбугі де осы санатқа кіреді.
Және Microsoft, Apple компанияларының мультитач
өнімдері де осы қатарда.
- Slate
PC (Жұқа ДК)—
интернет-планшеттермен бәсекелесуге
арналған 7-11 дюйм экрандық диагоналі бар
планшеттік компьютерлердің шағын түрі.
Сенсорлық экранның көмегімен саусақпен
басқарылуға арналғандықтан және мультитач-қимылдарды
қолданғандықтан интерфейсінде біраз
айырмашылықтар бар. Мәтін енгізуге тек
виртуалдық пернетақталар қолданылады,
бірақ теориялық жағынан bluetooth
интерфейсінің көмегімен құрылғыға кәдімгі
пернетақтаны жалғауға болады.
- UMPC (Ultra-Mobile PC) — қалталық
дербес компьютердің (PDA) орнына қолданылатын
4-7 дюйм экрандық диагоналі бар планшеттік
компьютерлердің шағын түрі. Бірнеше конструктивті
айырмашылықтары бар және тек саусақпен
басқарылуға арналғандықтан интерфейсінде
де біраз айырмашылықтары бар. Стандарттық
емес, кірістірілген пернетақтасы болуы
мүмкін.
Планшеттің
жұмыс істеу принципіне байланысты
планшеттік дербес компьютерлер екі класқа
бөлінеді:
- Планшеттің
электромагниттік жұмыс прнципі. Планшетке
тек қана арнайы стилустың (саусақ, қарындаш
т.б.) көмегімен жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін ең көп тараған класс түрі. Бұл
мүмкіндіктің жақсы жақтары: мәтінді тану
дәлдігі, пернені басу күшін анықтау дәлдігі
және хат жазу кезінде саусақ немесе саусақ
ұштарының кездейсоқ тию әсерінен рекакция
болмайтындығы. Әрине, Wacom компаниясының технологиясы
қолданылады.
- Перне басуға
сезімтал планшет. Уақыт өте келе өте танымал
болып жатқан аз тараған класс түрі. Бұл
мүмкіндіктің жақсы жақтары: Бұл планшетпен
кейбір жағдайда ыңғайлы болатын ешқандай
стилустың көмегінсіз басқаруға болады.
Сонымен қатар, бұл класс саусақпен басқаруға
арнайы орнатылған интерфейстер жасауға
мүмкіндік береді. Атап айтсақ, қол тиюді
және қимылды айыруға арналған функциялары
бар. Бұл класқа UMPC жатады. Ал кемшіліктері:
аз дәлдігі, хат тану қабілетінің төмендігі,
планшеттің сапасы мен экран айқындығына
кері әсері және кездейсоқ тиіп кетуді
алдын ала алмауы.
Планшетті
дербес компьютерді ноутбукпен
салыстыру
Артықшылығы
- Стилус болған
жағдайда дизайнерлерге өте қолайлы.
- Экранды тік
(вертикальды) бағдарда қолдана отырып,
одан электрондық кітаптарды оқуға өте
ыңғайлы.
- Үстелде тұрған
планшетті дербес компьютер қай бағдарда
болсын көз бағытын өзгертпей жұмыс істеуге
мүмкіндік береді (мысалы, іскерлік кездесулерде).
- Планшеттік
ноутбук әсіресе құжаттағы өрістерге
немесе мәтіннің өзіне бірден белгі жасауға
мүмкіндік бере отырып, құжаттарды рецензиялауға
өте ыңғайлы құрал боп табылады.
Кемшіліктері
- Планшеттік
ноутбуктің тіреуіші аса сенімді емес,
себебі экраны бір ғана айналататын ілгекте
бекітілген. Ал әдеттегі ноутбуктердің
экраны екі ілгекпен бекітілген. Бұл кемшілік
HP/TC1100 немесе Fujitsu-Siemens Stylistic ноутбуктерінде
жоқ. Олар пернетақтаның көмегінсіз жұмыс
істейді немесе мүлдем пернетақтасы болмайды.
- Экранның
арнайы басуға сезімталдығы — шолу бұрыштары
мен айқындылық көрсеткіштерін төмендетеді.
- Планшеттік
ноутбук дәл сондай қасиеттері бар әдеттегі
ноутбуктардан шамамен 300 долларға қымбатырақ.
- Саусақпен
басу дәлдігі жоғары емес.