Оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану туралы ақпарат

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 07:15, реферат

Описание работы

Білім туралы» Заңға және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес педагогтардың білім қызметтеріне жаңа жолдарды талап ететін оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа ұлттық үлгісіне ауысуға бағытталған басты бағыттардың бірі болып саналады. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қызметіндегі оң нәтижелерге қол жеткізу мәселелерін зерттеу педагогикалық процес субъектілерінің тиімді қызметтері шарттарының бірі болып жаңа педагогикалық технологияларды, ақпараттық технологияларды, интерактивті оқытуды пайдалану болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану туралы.docx

— 18.40 Кб (Скачать)

Оқытуда инновациялық технологияларды  пайдалану туралы

ақпарат 

 

«Білім туралы» Заңға  және Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес педагогтардың білім қызметтеріне жаңа жолдарды талап ететін оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың жаңа ұлттық үлгісіне ауысуға бағытталған басты бағыттардың бірі болып саналады. Мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қызметіндегі оң нәтижелерге қол жеткізу мәселелерін зерттеу педагогикалық процес субъектілерінің тиімді қызметтері шарттарының бірі болып жаңа педагогикалық технологияларды, ақпараттық технологияларды, интерактивті оқытуды пайдалану болып табылады.

Ел Президентінің «Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық бабында оқу үрдісінде  оқытудың интерактивті үлгілерін пайдалануға  және онлайн оқытудың арнайы оқу бағдарламаларын  енгізуге бағыт берілген.

Ұлттық ақпараттандыру орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында жасалған меморандум шеңберінде пилотты жобаны жүргізу кезінде  төмендегі тақырып бойынша технология енгізіліп жатыр: «Жалпыға сапалы білім беру шарты ретінде оқу үрдісін технологизациялау». Электронды оқытуды енгізу

пилотты жобасына 72 білім  мекемесі қатысады. Облыстық мамандандырылған мектептер мен ауылдық лицейлер, мектептер арасында ынтымақтастықты  ұйымдастыру мақсатында 2011-2012 оқу  жылында жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану негізінде директорлар  арасында келісім жасалды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  Қахақстан халқына Жолдауында басым  бағыттардың бірі ретінде жаңа жоғары технологияларды дамытуды айқындады.«Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы заманғы ғылыми орталықтар мен “технологиялық парктер” құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерісіне қолдаукөрсету мен кадрлардың білігін бағдарлаудың икемді жүйесін қалыптастыруымыз керек.».

Облыстық білім мекемелерін  ақпараттандырудың материалды техникалық базасына компьютерлік сыныптар, лингафонды мультимедиялық кабинеттер, интерактивті жабдықтар, физика, химия және биология кабинеттері жатады. Берілген жабдықтар  мектеп мұғалімдерімен меңгеріліп және қолданылып жатыр. 2012 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша барлығы 17 641 компьютер, 431 мультимедийлық лингафондық кабинет,  355 физика кабинеті, 158 химия кабинеті, 217 биология кабинеті, 1126 интерактивті жабдық кешені орнатылды. 1 компьютерге келетін оқушылдар саны  – 9.

Аудандық білім бөлімдері  оқу үрдісінде АКТ тиімді пайдалану  сұрақтарына көп көңіл бөледі. Мысалы, Шемонайха ауданының білім  бөлімімен мұғалімнің басқарушылық папкасы әзірленді, ондағы бөлімдердің  бірі–сабақта ақпараттық технологияларды  пайдалану сапасына мониторинг жасау (жалпы мониторингке толықтыру).

Ақпараттық коммуникациялық  технологияларды пайдалану (интерактивті тақталар, электронды оқулықтар мен  құралдар, электронды энциклопедиялар  мен анықтамалықтар, тестілеу тренажерлері мен бағдарламалары, Интернет желісінің  білім ресурстары, бейне және аудиотехникалар, интерактивті тақталар, конференциялар мен конкурстар, қашықтықтан оқыту) оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға, қабылдауларын арттыруға, зейін концентрациясын арттыруға, материалды түсінулері мен есте сақтауларын арттыруға, орындаған әрекеттерінің қорытындысын көрнекі түрде беруге, қызықты зерттеулік жұмыстар, жобаларды жасауға мүмкіндік береді.

Білім беруді ақпараттандыру процесін интенсификациялау мемлекеттік  ақпараттық теңсіздікті төмендету  бағдарламасын орындауға, ол мұғалімдерге  ақысыз түрде компьютер қолданушысы дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді. Мұғалімдердің, мектеп басшыларының қызығушылықтарының артуынан пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің интерактивті тақталар, бүкіләлемдік Интернет желісі, дарынды және т.б балалармен қашықтықтан жұмыс жасау түрлері мүмкіндіктерін белсенді түрде меңгеру қатар басталды. 

Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды енгізуді кеңейту  мақсатында семинарлар өткізіліп келеді.

Оқу тәрбие үрдісіне АКТ енгізу бойынша білім мекемелерінің  потенциалын зерттеу үшін облыстық, аудандық және қалалық конкурстар өткізіліп  келеді. Олар облыстық «Мектептер web-сайты», «ActivStudio ең үздік қолданушы» конкурстары, «Сабақтарда ақпараттық коммуникациялық  технологияларды пайдаланумен аймақтық компонентті қолдану» тақырыбы бойынша  бірлескен сабақтарды әзірлеудің сырттай  конкурсы.

Өскемен қаласында Ресурстық  орталық базасында ГМК әдіскерлерімен мұғалімдерге, әкімшілік мүшелеріне, психологтарға арналған конкурстар өткізілді, онда компьютерлерді, оның мүмкіндіктерін жае жақты пайдалану  критерийлердің бірі болып табылады. Мысал ретінде төмендегілерді алуға  болады: «Қазақ тілін оқытудың заманауи мұғалімі» - «Жаңашыл Ұстаз», «Teacher-trailbaser» - ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған, «Туған өлке тарихы» - Қазақстан тарихы курсы бойынша оқушылар мен мұғалімдеріне  арналған.

Зайсан ауданының мектептерінде  виртуалды зертхана құрылған, Интернет және электронды оқулықтар пайдаланылып келеді. Күршім ауданында Нұрғалиев  атындағы мектепте он лайн режимінде  облыстың басқа мектептерімен телекөпір  өткізуге, сондай ақ қашықтықтан білім  беруге мүмкіндік бар.

Облыс мектептерінде төмендегі  ақпараттық технолгиялар пайдаланылады:

·   Педагогикалық және оқушылар жобаларын көрсетуге арналған демонстрациялық материалдар презентациясы;

·   Сабақтарда электрондық энциклопедияларды пайдалану;

·   Электронды тапсырма, диктант және жаттығулар жинақтарын әзірлеу және пайдалану;

·   Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;

·   Виртуалды зертханада сынамалар жүргізу;

·   Бақылаудың бағдарламалық жүйелерін пайдалану (интеллектуалды конкурстар мен оқытудан алынған нәтижелерді автоматты түрде өңдейтін сұрақтар мен тесттер);

·   Мектепке дейінгі балаларға арналған дамытушы бағдарлаадар мен оқытушы ойындарды пайдалану;

·   Лицензияланған электронды оқулықтар мен электронды оқу курстарын пайдалану.

Қазіргі уақытта облыста 697 жалпы білім беретін мектеп Интернет желісіне қосылған, оның ішінде 231 мектеп ADSL технолгиясы бойынша, 118 мектеп спутниктік интернетке,ал қалған білім мекемелеріdial-upжүйесі арқылы қосылған. «Қазақтелеком» АҚ ескірген жабдықтары мен деректерді беру қабылдау жылдамдығының төмендігі Интернет желісіне толығымен шығуға мүмкіндік бермейді. Осы фактіге байланысты ШҚО білім басқармасымен «Қазақтелеком» АҚ мектептерді кең жолақты Интернет желісіне қосуға тапсырыс жіберілді.  

Облыста электронды оқыту  енгізіліп жатыр. ШҚО электронды оқыту жүйесі енгізілетін 68 жалпы  білім беретін мектеп тізімі бекітілді.

«Қазақтелеком» АҚ бірлесе  отырып 2013 жылы электронды оқыту жүйесін  енгізу үшін Интернет жылдамдығын 4м/биттен 10м/битке дейін жақсарту үшін техникалық мүмкіндіктері бар білім мекемелерінің  тізімі өңделіп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында _____ мектеп интерактивті ақпараттық білім  беру ортасына енеді. «Интерактивті  мектеп» Президенттік бағдарламасын  жүзеге асыру шеңберінде интерактивті сабақтарға___ мектеп қатысты. 2012 жылы 100 астам мектеп интерактивті жабдықпен жарақтандырылды. Мектептерде «интерактивті тақтаны» енгізу деңгейі өсіп келеді және оқу үрдісіне оң бағыт беруде, себебі ол мұғалімге қосымша мүмкіншілік береді, ал оқушының қызығушылықтарын арттырады.

Интерактивті жабдықтар  мектеп бағдарламасы шеңберінде қолданбалы және виртуальды сабақтарды жүргізуде  ғана қолданылмайды, сонымен қатар  аймақ басшыларының кең аудитория  алдында баяндама жасауларында да қолданылады. Осыған байланысты ШҚО білім басқармасының өкімі бойынша БЖТШҚАО базасында он-лайн режимінде мектеп аралық кеңестерді және педагогикалық жұмысшылардың семинарларын, телеконференцияларды, жұмыс жиналыстарын өткізуге арналған интерактивті студия құрылды.

Интерактивті сабақтар кестесіне  сәйкес оқу жылында аптаның әрбір  сәрсенбіде облыс мұғалімдерімен интерактивті сабақтар жүргізіліп келеді.  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары бойынша ШҚО әртүрлі құрылымдар басшыларымен селекторлық жиналыстар және конференциялар өткізілді. 

2011 жылдан (2011 жылғы қаңтардан  2012 жылғы желтоқсан) ШҚО бойынша  облыстың үздік мұғалімдерімен  оқушыларға арналған өткізілген  интерактивті сабақтар саны –  _____, облыс оқытушыларына арналған  лекциялар саны – _____.


Информация о работе Оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану туралы ақпарат