Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 16:36, реферат
Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.
Гипертекст мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге қолайлы іздеу қондырғысын құрайды. Сонымен, гипертекстік көрініс мәліметтері қарапайым әдіске қарағанда, мәліметтерді қорытады.
Мультимедиа
Мультимедияның пайда болуына байланысты динамикалық (аудио, видео, анимация) және статикалық (текст, графикалар, суреттер) құрамы бар кмпьютерлік интеграция мүмкіндігі туды. Түйіндер мен байланыстар комбинациясы гипертекстік жүйе мультимедиасында жңа ортаны құруға мүмкіндік берді.
Гипермедиа – бұл мәліметтер көрінісі және оған кіру әдісі. Оның концепциясы граф түрінде берілген мәліметтер кеңістігінің моделінде орналасады, түйіндерінде мәліметтер, ал семантикалық байланыс граф доғасында қамтылады. Ақиқатты гипермедия жүйесіндегі сақталатын мәлімет осы заманғы компьютер шығара алатын барлық мүмкін формалармен көрсетіледі. Сонымен қатар, гипермедиа өзінде радио (аудио), теледидар (динамикалық бейне), пресса (текст, суреттер, фотосуреттер) және компьютер (видеотерминал) компьютерлік гиперортада құрамында жататын гипертекстік байланыстарды орнатады.
Болу эффектісі Эффект присутствия
Интернеттің коммуникациялық моделінің басты мәселесі "болу эффектісі" болып табылады, қоршаған ортамен клиенттің араласу процесі: жағдай, бөлме, компьютерлік жұмыс орын және т.б., компьютерлік гиперәдіспен құралатын орта құрамына кіреді. Дәреже қатынасы мен клиентке әсер ету "болу эффектінің" дәрежесін анықтайды. Айта кеткен жөн ,"болу эффектісі" өзінің табиғатына сай, интерактивтік араласу мен компьютерлік гиперортамен тығыз байланысты.
Желілік навигация
Желілік навигация компьютерлік гиперортада өзіндік қозғалыс процесі болып табылады. Сызықты емес іздеуді және мәліметтерді талап ету құрамындағы әдісті клиентке еркін түрде береді.
Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы
Интернет комплексті сервис болғандықтан, оның жеке сипаттамаларын таңдап және қолдану кезінде көрсету керек. Кестеде коммуникация түріндегі Internet коммуникациялық сервис анализінің нәтижесі, коммуникация моделінің құрамында жатқан, көрсетілген мәліметтер түріне ,симметриялық кері байланыс және интерактивті қарым-қатынасы көрсетілген.
Кесте__. Internet сервисінің коммуникативті сипаттамасы
Сервис Аралық қарым-қатынас Машиналық қарым-қатынас Коммуникация моделі Мәліметтер түрінің көрінісі Кері байланыс симметриясы Интерактивті қарым-қатынас мүмкіндігі
Электрондық пошта Иә Иә Бірге-бір Бірден-көпке Мәтін, графика, дыбыс Иә Жоқ
Жіберу тізбегі Иә Иә Көпке-көп Мәтін Иә Жоқ
Конференциялар Иә Иә Көпке-көп Мәтін Иә Жоқ
Сөйлесу бөлмелері Иә Иә Көпке-көп Мәтін Иә Иә
WWW Иә Иә Көпке-көп Мәтін, графика, дыбыс, видео Жоқ Иә
Дауыс байланысының программалары Иә Иә Бірге-бір Дыбыс Иә Иә
Аудио- және видео- конференциялары Иә Жоқ Көпке-көп Дыбыс, бейне Иә Иә
Көрсетілген мәліметтер Интернет ортасының қолдану әдістерінің коммуникациялық кең диапазонды түрлері көрсетілген. Нақты есептерді шығару кезінде әрбір Интернет сервисінің жеке анализдері қажет.
Әдебиеттер: 1нег[596-665], 2 нег [11-20], 13 нег [21-35].
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай коммуникативті модельдер Интернетте шығарылады?
2. Гипертекст ұғымы нені білдіреді?
3. Internet ортасындағы интерактивтік ұғымы нені білдіреді?
4.Pull- және Push-моделдерінің Internet коммуникациясының ерекшеліктері қандай?
5."Болу эффектісі" термині Internet ортасында нені білдіреді?
Дәріс 3. Қолданушының Интернетке кіруі. “Соңғы миля”. Коммутация каналының желісі. Модем.
Қолданушылардың көп бөлігі жоғарғы жылдамдықпен желіге кіру мүмкіндіктері провайдерге қарағанда жоқ. Абонентпен провайдердің болу нүктесі арасындағы болатын байланыс технологиясы технологияның соңғы милясы деп аталады. Бұл атау шартты түрде, ал практика жүзінде осы айтылған қашықтық бір миляға сәйкес келу қажет емес. Көп жағдайларда “соңғы миля” желіден компьютер қолданушысына ақпаратты жіберу тар жол болады. Интернетке жіберу соңғы миля технологиясы әртүрлі бола алады, бірақ “кіру жылдамдығы жоғары болған сайын, каналдарды қолдану ақысы жоғары болады” деген принцип әмбебеапты болып келеді. Бар инфраструктураны қолдануға мүмкіндік беретін көптеген технологиялар бар, олар - Интернетке кіру мүмкіндігіне арналған телефонды линиялар, кабельді теледидар желілері және басқалар.
Интернетке кіру әртүрлі технологиялары: телефондық линия арқылы модеммен қосылу,радиоканал арқылы қосылу,кабельді теледидардың желісімен қосылу, және де,спутникті канал көмегімен.Интернетке қосылудың әртүрлі әдістеріне қарамастан,қолданушы үшін тек қосылу тұрақтылығы,мәліметтерді жіберу жылдамдығы және жауап беру уақытында ерекшеліктер бар.Интернеттің барлық ресурстары кіру мүмкіншіліктері бар,оның көмегімен ол провайдермен қосылады. Желіге қосылудың әртүрлі варианттарын қарастырайық.
Интернетке кірудің әртүрлі варианттары
Коммутаторлық телефон линиясы арқылы қосылу. Коммутативті телефонды линияның модем арқылы қосылуы – бұл әзірше үйдегі Интернет қолданушылардың СНГ-да таралған қосылу әдісі.
Желінің коммутациялы каналдарымен. Коммутациялы телефонды желінің немесе желінің коммутациялы каналдарымен жұмыс принципін айтайық.Сіз біреуге қоңырау шалған кезде,сіздің аралығыңызда белгілі бір физикалық байланыс каналы орналасады,олар коммутатор арқылы байланысатын жеке учаскелерден тұрады. Абоненттің әрбір учаскесі бірінші коммутаторға дейін бөлінбейтін болып келеді.Яғни әрбір абонент осы учаскелерді жеке өзі қолданады.Желіліердің қалған учаскелері коммутатор арасында ажыратылған болып келеді,дәлірек айтқанда әртүрлі уақытта әртүрлі қолданушылармен қолданылады.Бірақ,егер қайсыбір участок бір қолданушымен бос емес болса,онда келесі біреу оны осы уақытта қолдана алмайды.Коммутативті телефонды линиямен қосылу - бұл уақытша (сеансты) қосылу дейді. Телефонды линия телефонды әңгімемен немесе мәліметтерді модем арқылы жіберумен бос болмауы мүмкін.“Модем” сөзі “МОДулятор” и “ДЕМодулятор” деген сөздерден құралады. Модем телефонды линия арқылы мәліметтерді жіберуде қолданылады.Жалпы жоспарда модем - бұл қондырғы,цифрлық кодты әртүрлі екі жиелік дыбыстардың ауысу мен кері қайту – дыбыс тербелісін цифрлық ақпаратқа ауыстырады.Екі модем қосылғаннан кейін модулятор тұрақты тербеліс периодының басты сигналымен генерацияланады және болып жатқанды өзгертіп екінші сигналды қосады.Сонымен,жүріп жатқанның бір параметрі жіберу сигналының өзгеруіне байланысты.Демодулятор анализдайды, түсетін сигнал жүріп жатқан сигналдан қалай ерекшеленеді де басты сигналды қалыптастырады.Басқаша айтқанда,жіберуші модем болып жатқан жиелікті пайдалы сигналмен моделдейді және жоғарыжиеліктегі сигналды жібереді, ал модем-адресат сигналды ASCII кодына (American Standard Code for Information Interchange – ақпараттармен алмасудың стандартты коды – машиналық көріністегі латын алфавитінің әріптері,сандар мен басқа сисволдардан тұратын 128 код символ топтамасы, олардың әрбіреуіне 7-биттық екілік сан.Сегізінші бит жіберу кодының дұрыс контроліне жұмыс жасайды) сәйкес кері цифрлы формаға демодулдейді.
Бірінші модемдер Bell Laboratories зертханалық центрінде өңделген және Bell 103 атауын алды.Бұл қондырғылар екі сыңарлы жиелікті қолданды: сыңарлы жиелік бір модемге, және сыңар екіншіге.Жіберуші модем 1,07 және 1,27 кГц арасындағы жиеліктерге ауысуы арқылы, ал жауап беруші модем 2,025 және 2,225 кГц арасындағы жиелікте мәліметтерді жіберді.
Bell 103 модемдері 300 бит/с жылдамдықпен жұмыс істеді работали со скоростью 300 бит/с,солай минутына 30-ға жуық символ жіберуге болатын болды.Мұндай жылдамдық тек қана текстік хаттамалармен алмасқасқан кезде қолайлы,себебі бұл жылдамдық адамның оқу жылдамдығымен салыстырғанда артық.Мәліметтерді 300 бит/с жіберетін модемдер 1980жылға дейін өмір сүрді.Сөйтсе де, адамдар суреттерді жібере басталғалы ондай жылдамдық аздау екені айқындалды.
1980 жылдарға қарай 1200 бит/с жылдамдықпен мәліметтерді жіберетін модемдер пайда болды.1990жылдардың басында жылдамдық 9,6 Кбит/с дейін жетіп,өсе бастады: 19,2; 28,8; 33,6 Кбит. 1998 жылы 56 Кбит/с жылдамдықпен жұмыс істейтін модемдер шықты.
Осы заманғы модемдер –бұл өте күрделі схемалы модуляцияларды қолданып,мәліметтерді жіберер кезде қаптайтын күрделі құрылғылар болып келеді. Клиенттік компьютер коммуникациондық портқа ноль мен бірдің реттелген түрге келтіріп, әр түрлі командалар мен мәліметтерді жібереді. Модем мәліметтерді қабылдап,оларды командалар және ақпаратқа ажыратады да ,телефон линиясы арқылы жіберіп жүзеге асырады.
Қолданушы модем арқылы телефондық желіге ортақ қолданумен қосылып, aл ISP, басқа модеммен, цифрлық сигнал арқылы Интернетпен қосылады.
Бүгінгі күнгі модемдер екі түрлі:ішкі және сыртқы.Ішкі модемдер кеңелмелі плата арқылы жұмыс істесе, сыртқылары бөлек құрылғы ретінде автономды блоком питаниямен істейді.
Осындай аналогты телефон каналы бар модемдердің максималды жіберу жылдамдығы 33 600 бит/с, ал қабылдау - 56 Кбит/с. Bell 103-ке қарағанда 200 есе жылдам.
2нег[11-20], 13нег[21-35].
Әдебиеттер: 1нег[596-665], 2нег[22-41].
Бақылау сұрақтары:
1. Интернет технологиясында соңғы миля нені білдіреді?
2. Модем функциясы қандай?
3. ASCII-кодировкасы?
4. Модем жылдамдықтары қандай?
Лекция 5. Интернеттегі web серверлер. Web – сервер жұмысының механизмі. Статистикалық және динамикалық беттер. CGI технологиясы. Скриптер.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көраласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTLM форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып, браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек. Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл табылмады).
Статистикалық және динамикалық беттер.
Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің қалыптасуының бірнеше әдістері бар.
Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар “кәдімгі” болады, ал қандайы оның программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.
Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін бірнеше технологиялар бар.
CGI- технологиясы.
Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер “жылдам қалыптасты”. Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы көрсетеді бұнда сіз өз мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web- парағына динамикалық мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI (Comman Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды нәтижесінде нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз белгілі бір районда ауа райынын дер кезіндегі мәліметінін бергіңіз келсе онда сіз әр бір ретте жаңа бетті құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына айналып температура,қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен мәлімет алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының нәтижесін ізделінді адрестер жыйынтығы түрінде аласыз.
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді ол оларды өңдеп жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып береді. Клиент үшін адресте URL статистикалық құжат па немесе CGI программа ма еш қандай айырмашылығы жоқ. CGI программалары жұмысының нәтижесі статистикалық құжат сияқты форматта болады. CGI терминін тек қана программа емес протокол ретін де түсінуге болады. Бұл жағдайда CGI Web сервер үшін стандартты тәсіл болып табылады– тұтынушы сұранысын бағдарламаға беру және одан мәлімет алу. Сервер мен оның қосымшасының арасындағы бір біріне мәлімет жіберу жөніндегі CGI протоколы HTTP протоколының бір бөлігі болып табылады. CGI программасының үлкен бөлігі CGI скрипталары болып табылады. Скрип дегеніміз интерпритацияланатын немесе басқа программаларымен жұмыс жасайтын ережелер жинағы. Perl, JavaScript тілдері тура осы скрипталық тілдер түрінде ойлап табылған. Олар сценариилер жазу тілдері деп те аталады. Негізінен CGI программасы скрипталық тілде және де компилирлық тілде жазылуы мүмкін. C,C++,Delphi.
CGI альтернативті техналогиясы Micrоsoft компаниясының технологиясы болып табылады. Ол былай аталады Active Server Page (ASP) ол да сол принциппен құрылған: web- серверге қосылған скрипт, парақ тұтынушыға жіберуден бұрын серверде орындалады. Осы принциппен орындалатын басқа да бір қатар технологиялар бар. Динамикалық мазмұны сервер жағындағы қалыптасатын схемадан өзгеше динамикалық мазмұны тұтынушы жағында көрінеді. Соңғы жағдайда активті құжаттар web серверде және локольдік компьютерде сақталады. Онда белгілі бір есептеулер орындалады жіне осы есептеулер нәтижесі экранда көрсетіледі. Активті құжаттарды дайындауда түрлі технологиялар пайдаланады: бұл мәліметтер JavaScript те Java апплеттерде жазылған қосымша болуы мүмкін және басқару элементі ActiveX болады.
Әдебиеттер: 2ocн[110-126], 6ocн[15-32], 3доп. [128-184].
Бақылау сұрақтары:
1. Web-сервер жұмысының механизімі қандай?
2. Ститистикалық және динамикалық беттердің айырмашылығы?
3. CGI,ASP серверлерінің технологияларының айырмашылығы?
4. “Скрипт программа” ұғымы нені білдіреді?
№6 лекция. Web-ресурстарды алу технологиясы. Web-парақтарды кэштау. Прокси-сервер механизімінің жұмысы.
Web-парақтарды кэштау.
Егер сервер үлкен жойылуда болса, Интернетке шығу жылдамдығы төмен болса немесе қайта қосылу режимінде жұмыс істесе, көбнесе ақпарат кешіктіріліп беріледі. Бұл кезде қосылуды жылдамдату сұрағы туындайды. Осы сұрақты шешудің бір жолы, мәліметтерді жойылған серверлерден бірнеше рет алуға болмауында. Web навигациясы кезінде көбінесе кітаптағындай “парақты артқа парақтау” сияқты, яғни параққа қайта қосылу қажеттілігі туындайды. Браузерде Артқа пернесін басып, алдында көріп өткен параққа қайта оралғанда, оны серверден қайта алудың мағынасы жоқ екені анық. Сондықтан көріп өткен құжатты компьютердің дискінің арнайы буферлік аймағында (кэште) сақтаса, қолданушы ссылкамен қайта оралғысы келген жағдайда тез ашып көруге мүмкіндігі болады. Қазіргі заманға сай браузерлер дәл осылай істейді. Мәселен сіз парақтарды 1-2-3 кезегімен қарап, 3-ші парақ 4-ге ссылкасы бар деп ойлайық. Осы жағдайда 3-ші парақтан 4-ге өтумен (Жүйеден жүктеу) салыстырғанда 2-ге өту тез (кэштан жүктеу) орындалады.
Қазіргі заманға сай браузерлерде (Internet Explorer және Netscape Navigator) кэштелген құжаттарды сақтау үшін папканың көлемін өзгерту мүмкіндігі бар.
Прокси-сервер
Кэштеу технологиясында өзінің шектеулері бар. Мысалы, сіз және сіздің әріптесіңіз Интернетке бір провайдер арқылы қосылған болсаңыз. Бір кезде сіз, алдында сіздің әріптесіңіз алған құжатты сол провайдердің каналынан сұрайсыз. Жүйеден қайта-қайта бір құжатты сұрау дұрыс емес. Мәліметтерді сервер провайдер деңгейінде кэштау дұрыс.
Бұл мәселені шешу провайдерлер прокси-серверге (ағылшынның proxy-орынбасар деген сөзінен) жүктейді. Прокси-сервер – бұл қауіпсіздікті, әкімшілік бақылауды және кэштау функцияларын жоғарылатуға мүмкіндік беретін, қолданушының жұмыс станциясы мен Интернет арасындағы посредник ролін атқаратын сервер.