Обьектілі бағдарланған программалау (ОБП) түсінігі. Оның негізгі ұғымдары. DELPHI ОБП тілі. Негізгі ұғымдар, қолданушы интерфейсінің элемент

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:11, реферат

Описание работы

Жоғары деңгейлі программалау тілі процедуралық, логикалық, обьектілі бағдарлы болып үш түрге бөлінеді, соңғы кезде Windows ортасында жарыққа шыққан және ОБП негізінде құрылған програмалау типтері.Visiual Basic(VB),Borlad Delphi, Borland CFF, ОБП-ның негізгі ұғымдары: обьект, оқиға, қасиет, әдіс, класс.Delphi программалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Оның бірінші нұсқасы 1994 ж шығып, кейінгі жылдары оның бірте – бірте кеңейтілген 2,3,4,5,6,7,8 – гі нұсқаулары көрінеді. Delphiде программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процесін ұйымдастыру, ОLЕ технологиясын пайдаланып басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу әрекеттер орындауға болады, Delphiдің интеграцияланған ортасы көп терезелі жүйе болып табылады. Delphi интерфейсі 5 терезеден тұрады: негізгі терезе (Delphi-Progect1).

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 50.53 Кб (Скачать)

Негізгі меню.

Негізгі меню қосымшасының жоғарғы бөлігінде тақырып жолынан кейін орналасады. Оны жасау үшін дельфидің standart құралдар панелінің MainMenu компоненті қолданады. Бұл компонентті визуальды емес болып табылады. Меню пункттерін жасау үшін компонент шарт белгісінде тышқанды 2 рет шертіп, шыққан қасиетіне пункт аттарын теру қажет. Меню пунктін тез қосуды жүзеге асыратын аксилиряторлық пернені анықтау үшін символ алдына & белгісін қолданады.

Мыс: открыть сөзінде О әрпін аксилиляторлық ету үшін & открыть жолын теру қажет.

2. Меню пунктін  белсенді ететін пернелер комбинациясын  орнату үшін обьект инспекторындағы  shortcut  қасиеті таңдалады. 
Мыс: копировать ctrl+c 
вырезать    Ctrl+x 
вставить    Ctrl+V

3.Меню пунктін  топтарға бөлу үшін caption жолына ” – “ белгісін теру қажет. Мыс: ағымдық мерзімді және уақытты шығаратын дата, время ішкі пункттерден тұратын время негізгі менюін жасаңдар.

Текущая дата-ның программасы. 
Procedure Tform1.N2 click() 
Begin 
Label1.caption:=datetostr (now); немесе (date) 
End;

Текущая времяның программасы. 
Procedure Tform1.N2 click() 
Begin 
Label1.caption:=timetostr (now); немесе (time) 
End;

Менюге ішкі меню жасау үшін меню конструкторынын Context-тік менюінен GreatSubMenu таңдаймыз, ішкі менюдің аттарын теру қажет.

Contex-тік меню – тышқан стрелкасын обьектіге қойып, оң жақ батырманы басқан кезде шығады. Оны (басқан кезде) жасау үшін стандарт парағындағы PopupMenu қолданады. Бұл компоненттің негізгі қасиеттері:

1. AutoPopup (Boolean типті) – тышқанның оң жақ батырмасын басқандағы Сontex – тік менюдің шығуын анықтайды мәні true болса меню шығады, ал false болса шықпайды. 
2. Alignment– тышқан көрсеткішіне қатысты контекстік менюдің шығатын орнын анықтады. Оның мәндері paleft- көрсеткіш менюдің сол жақ жоғары шетін анықтайды.(қалыпты жағдайда) PaCenter, PaRight.

Обьектіге контекстік меню жасау төмендегі әрекеттерден тұрады: 
1. Стандарт парағынан Popupmenu компонентін формаға орналастырады. 
2.Обьект инспекторындағы Items қасиетінде тышқанды шертіп, шыққан терезеден меню пункттерін теру. 
3.Формаға обьект қойып, оның Popupmenu қасиетінде меню атын көрсету.Мыс:popup1.

Мысалы: Формаға «рисунок» жазуын қойып, открыть, закрыть пункттерінен тұратын контекстік меню жаса. 
Менюдің сәйкес пункттерін шерткенде image компонентіне сурет ашылатын және жабылатын программа жаса.

Открыть программасының программасы: 
Procedure TForm1.N1.Click() 
Begin image1.visible:=true; 
Image1.Picture.loadfromfile (“c:\1.bmp”); 
End;

Закрыть программасының программасы: 
Stretch(true) 
Image1.visible:=false;

Қосымшаға әуен және бейне қою.

Қосымшаға қозғалатын бейне (анимация) қоюға болады. Олар *.avi және *.wav типті файлда сақталады. Қосымшаға оларға қосу үшін System парағындағы MediaPlayer  компоненті қолданылады. Бұл компонент кәдімгі компакт дисканы ойнатқыш батырмаға ұқсайтын бaтырмаға ұқсайтын төмендегі батырмадан тұрады:

Play- қосу 
Pause- үзіліс 
Prev- алдыңғы 
Next- келесі 
Back- кейін 
Step- қадам 
Stop- тоқтату 
Record- жазу 
Eject-шығару

Бұл құрылғыны программа орындау процесінде көрінбей етіп қойып, программаға дыбыс немесе арнайы эффект қоюға болады. Егер компонент көрінсе, ол бейне магнитофон немесе аудио, CD player ретінде қолданылады. Бейнені Panel немесе Memo копоненттерінен шығаруға болады, егер олар таңдалмаса бейне өзінше стандарт терезесіне шығады. Белгілі бір бейне файылды немесе әуенді шығару үшін бұл компоненттің 3 қасиетін орнату қажет:1. Компоненттің Display  қасиетіне бейне шығаруға қажет элемент атын көрсету. Мыс: Panel1.

2. FileName қасиетін файыл атын көрсету, мыс: c:\Windows\clock.*avi\ 
3. AutoOpen → true (қалыпты жағдайда false)

Компонентті программалық жолмен де іске қосуға болады. 
Procedure TForm.Greate() 
Begin 
MediaPlayer1.Display:=Panel1; 
MediaPlayer1.FileName:=’ c:\Windows\clock.*avi\’ 
MediaPlayer1. AutoOpen:=true; 
MediaPlayer1.Open; 
MediaPlayer1.Play;

Дельфи қосымшасында түстер таңдау.

Қолдану аймағына байланысты қосымшадағы айнымалылар 2-ге бөлінеді: жергілікті және ауқымдық. 
Ауқымдық айнымалылар – қосымшаның процедурасында қолданылады және негізгі модулде сиппатталады. 
Ал жергілікті айнымалылар – сипатталған процедурада қоданады және сонда сипатталады.

1. Компьютерлік  графикада RGB түс палитрасы қолданады. RGB моделі монитор, телевизор,  ұялы телефон экрандарында графикттік  суреттер бейнелеу үшін қолданады.  Сонымен қатар CMYB (Cyap-Magenta-Yellow-Black) моделі бар. 
Қажет түсті алу үшін бұл түстердің әрбіреуінің белгілі бір пропорцияда қосу керек.Әр 0 – 255 дейінгі сандық шамамен беріледі.

RGB (0,0,0)-қара 
RGB (255,255,255)-ақ 
RGB (0,255,0)-жасыл

Түстерді кездейсоқ  сандар генераторы арқылы таңдауға болады. Мысалы: Memo өрісінің фонын батрыманы басқанда кездейсоқ түске бояйтын жоба жасаңдар. 
Memo-ның программасы. 
Procedure TForm1.Bitbtn1.click() 
Var r,g,b:byte; 
Begin 
Randomize; 
R:=random (255); 
G:= random (255); 
B:= random (255); 
Edit1.text:=inttostr(r); 
Edit2.text:=inttostr(g); 
Edit3.text:=inttostr(b); 
Memo1.color:=RGB (r,g,b) 
End.

Түстерді Win32 парағындағы TrackBar компоненті арқылы да өзгертyге болады. TrackBar (ползунки-жылжытқыш)  aрқылы қандай да бір процестерді басқаруға болады: Дыбыс қаттылығын бейне өлшемі тб. Негізгі қасиеті Position. Ол max, min мәндері аралығында өзгеретін бүтін сан және жылжытқыш позициясын анықтайды. Мыс: min=0, max=0→Position V; 11 мән қабылдайды.

Orientation қасиеті бағытты анықтайды. Оның екі мәні бар: tr Horizontal-горизонталь, tr Vertical- вертикаль. Шкала меткасының жиілігі.

Frequency қасиеті арқылы анықталады. Бұл қасиет әр метка арасында неше мүмкін болатын Position мәні жатқанын анықтайды. Бірінші мысалды  TrackBar  компоненті арқылы жүзеге асады.

Var r,g,b:byte; 
Procedure Tform1.TrackBar1.Change(); 
Begin 
R:TrackBar.position; 
Edit1.text:=inttostr (r); 
Memo1.Color:=RGB (r,g,b); 
End;

Min=0, max=255, Frequancy-15, Position=0

Түсті Sambles парағының ColorGrid компоненті арасындағы таңдауға да болады. Бұл компонент 16 түс палитрасынан тұрады. Түсті таңдау ForeGroundColor қасиеті арасында жүзеге асады.

Procedure TForm1.ColorGridChange () 
Begin 
Memo1.Color:= ColorGrid1.ForeGroundColor;

Дельфи қосымшасында түссіздікті басқару.

Дельфиде түгелдей немесе жартылай түссіз терезе жасау мумкіндігі бар. Ол үшін AlphaBlend, AlphaBlendValue, TransparentColor, TransparentColorValue қасиеттері қолданылады. Форма түссіздігі дегеніміз қолданушының форманың арғы жағын көрсету. Формаға түссіздік орнату үшін AlphaBlend қасиетінің мәнін true етіп қоямыз. AlphaBlendValue мәні түссіздік дәрежесін көрсетеді. Оның мәні 0 – 255 дейін өзгереді. Мысалы: Форма терезесін жапқан кезде ол жаймен жоғалатын программа коды.

Procedure TForm1.Close (); 
Var i:byte; 
Begin 
For i:=255 downto 0 do 
Begin 
Alphablend:=true; 
AlphaBlendValue:=0; 
Application.PracessMassage; 
End; 
End.

Мыс 2: Форма түссіздігін edit элементіне мән беру арқылы басқару.

Procedure TForm1.Button1.Click(); 
Begin 
Form1. Alphablend:=true; 
Form1. AlphaBlendValue:=strtoint (edit1.text); 
End;

Мыс 3:Форма түссіздігін мән беріп батырманы басқанда емес мән берген кезде өзгертетін программа.

Procedure TForm1.edit1.Change (); 
Begin 
Form1. Alphablend:=true; 
Form1. AlphaBlendValue:=strtoint (edit1.text); 
End;

Ескерту! Программа қате туралы хабарлама бермеуі үшін edit-ке бастапқы мән меншіктеп қою керек.

Ұқсас тақырыптар:

  • Visual Basic-те бағдарламалау негіздері (тамыз-2008-09).)
  • VB. 2.11-практикалық жұмыс. Сан факториалы.
  • И-10. Visual Basic бағдарламалауда Double Single – cандық айнымалыларын, MsgBox, Inputbox функциясын қолдану.
  • WINDOWS қосымшасын жобалау. Геометриялық есепке жоба құру (ашық сабақ).
  • Пішін. И-10 сынып жаратылыстану-математикалық бағыт.
  • И-10.Horizontal Scroll Bar, Vertical Scroll Bar, Shape базалық элементтері.
  • Паскаль. «Бақытты билет», Бүтін санды жай көбейтінділерге бөлшектеу, ASCII таблицасын шығару, Фамилияларды сұрыптау, Хоар процедурасы
  • VB. Басқару элементтері.
  • Visual Basic бағдарламалау тілінде тест құру бағдарламасы
  • Информатикадан 8-сыныпқа арналған тест (жаратылыстану-математикалық бағыт).

Оставьте  комментарий

Добавьте комментарий  ниже или обратную ссылку со своего сайта. Вы можете также подписаться на эти комментарии по RSS.

Всего хорошего. Не мусорите. Будьте в топе. Не спамьте.


Информация о работе Обьектілі бағдарланған программалау (ОБП) түсінігі. Оның негізгі ұғымдары. DELPHI ОБП тілі. Негізгі ұғымдар, қолданушы интерфейсінің элемент