MS-DOS операциялық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:09, реферат

Описание работы

Микрософт

Работа содержит 1 файл

MS-DOS операциялық жүйесі - www.topreferat.kz.doc

— 181.00 Кб (Скачать)

     DOS- тың бұл шақырмасында қай диск  жинақтауышы ағымда екені өрсетіледі, сөйтіп біз қай дискімен жұмыс істеп отырғанымызды білеміз.

     Мысалы:

     А:>-A: жинақтауышын,

     C:>-C: жинақтауышын көрсетеді.

Сонымен қатар шақырма қай буманың  ағымдық бума екенін де көрсетеді.

     Мысалы:

     А:-бұл  түпкі бума,

     C:\WORK\PRO>

     C:\WORK 12:20> 

2.3. DOS командалары (нұсқаулар)

            DOS командасы немесе DOS нұсқауы шақырмаға жауап ретінде перне тақтадан енгізіледі.

      Команданың аты бар болады,және оның параметрлері болуы мүмкін.

      Команда кіріктірілген немесе сыртқы команда болып екі түрге бөлінеді.Кіріктірілген команда ішкі команда болып табылып,оны DOS құрамына жататын командалық процессор орындайды.Сыртқы команданы  DOS құрамына жатпайтын кез келген бөлек программа орындайды.Мұндай программаның атын сыртқы команданың аты деп есептеуге болады.

Ішкі (кіріктірілген) командаға мысалдар:

      DIR

     TYPE CONFIG.SYS

     COPY A:PRI.1PAS D:

 Осындағы DIR, TYPE, COPY-команданың аттары,ал басқалары команданың параметрлері. 

Сыртқы командаға мысалдар:

      FORMAT А: 
 DISCOPY A:B:

A:мен B:-параметрлер. 

                                  2.4. Файл атының шаблондары

       Файл атының шаблоны бір команданы  бірнеше файлға бірден қолдануды  жүзеге асырады немесе  файлдар  аттарын жазуды қысқарту үшін  қолданылады.

       Шаблонда “*” таңбасы осы жерден  бастап файл атының немесе  түрінің соңына дейін кез келген  таңба бар деп есептеуді қамтамасыз етеді.

        Шаблонда сұрақ белгісі осы  жерде кез келген бір таңба  тұр деп есптеуді қамтамасыз  етеді.

        Шаблонның мысалдары:

       AB *.*-аты АВ-дан басталатын барлық  файлдар;

       *.COM – түрі COM болатын ьарлық файлдар;

       *.*-ағымдық буманың барлық файлдары;

       ?????.ASM-ASM-типті аты бес таңбадан  тұратын барлық файлдар.   

2.5. Команданы перне тақтадан енгізу

       Команданың аты оның параметрлерінен  бір немесе бірнеше бос орынмен  ажыратылуы тиіс.Параметрлер бір бірінен бос орынмен бөліктене енгізілуі керек.

       Бір жолда команда енгізу мүмкін  емес.

       Команданы енгізу Enter пернесін басумен аяқталады.

Команданы енгізу барысында таңбаны өшіру үшін күнделікті әдістерді пайдалану керек. 

2.6. Бумалар үшін ішкі командалар

           DOS файл жүйесімен жұмыс жасау  үшін бірнеше ішкі командалар  бар.

      Олар:

      DIR-буманы экранға шығару.

      MKDIR или MD- жаңа бума құру,

      RMDIR или RD- буманы жою,

      CHDIR или CD- ағымдық буманы өзгерту 

2.7. Буманы экранға шығару- DIR командасы

    Команданың  спецификациясы:

    DIR [ж:][файл аты [.түрі]][/P][/W]

   

    Команда  буманың элементтері ішкі бумалар  мен файлдар туралы мәліметтерді  экранға шығарады.

    Элементтің  аты мен түрі, байт бойынша көлемі тек файлдар үшін, буманың белгісі <DIR> элементтің құрылған уақыты көрсетіледі.сонымен қатар дискінің аты мен ондағы бос орынның байтқа шаққандағы мөлшері беріледі.

      /P  параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады.

    /W параметрі мәліметтің қысқаша түрін шығартуға қаолданылады.

     DIR rомандасының параметрлерсіз қарапайым түрі экранға ағымдық буманы береді.Экранның кескіні,мысалы, мынадац болуы мүмкін:

    C:/dir

    Volume in drive C is TOM1

    Directory of C:\

    CONFIG            SYS118                                                  6-03-88     11:42p

    AUTOEXEC      BAT994                                                 7-20-88     12:59p

    COMMAND      COM    22042                                        8-14-88     8:00p

    SYS                   <DIR>                                                    5-19-88     2:19p

    EXE                    <DIR>                                                    2-25-88     4:44p

    ABC                    <DIR>                                                   5-29-88      9:47а

    DOC                   <DIR>                                                    4-30-88      9:43а

    WORK               <DIR>                                                    1-20-88      4:44а

    8 File (s)      65344 bytes free 
     

2.8.  Жаңа бума құру- MKDIR (MD) командасы

Команданың спецификациясы:

     MD [:] маршрут

Немесе

     MKDIR [:] маршрут

Жаңа бума ағымдағы буманың ішінде құрылады. Кез келген буманың ішінде жаңа бума құруға болады.

Мысалы ағымдағы WORK бумасының ішінде PRO  деген жаңа бума жасау керек.Бұл үшін төмендегідей командасын енгізу жеткілікті:

     C:\ WORK > md  pro

Жаңа буманы енді файлдармен толтыруға болады. 

2.9. Буманы жою-RMDIR (RD) командасы

Команданың спецификациясы:

     RD[ж:] маршрут

Немесе

     RMDIR [ж:] маршрут

   Жоюлуға тиіс бума бос болуы тиіс, яғни онда ешқандай элемент болмауы керек.

     Әйтпесе ол буманы жоюға болмайды.Команданы  енгізгенмен система оны орындамайды.

     Ағымдағы  және түпкі бумаларды да жою мүмкін емес.

     Сонымен ішкі бумаларды ғана жоя аламыз.Және кез келген ішкі буманы жоюға болады.

     Мысалы:

     C:\ WORK>rd pro

     Бұл команда ағымдық WORK бумасының ішкі бумасы  PRO-ны жойып жібереді.  C:\DOC>rd\work\pro

Бұл команда  да сол PRO бумасын жояды,бірақ кәзір  ағымдағы бума DOC-бумасы болып тұр. 

2.10. Ағымдық буманы өзгерту – CHDIR (CD) командасы

Команданың спецификациясы:

     CD[ж:][маршрут]

немесе

     CHDIR[ж:][маршрут]

     Команда көрсетілген жинақтауыштың немесе ағымдағы жинақтауыштың ағымдық  бумасын өзгертеді.

     Ағымдық буманы өзгерту-өте кең пайданылатын команда.

Мысалы мына команда:

     C:\>cd doc\abc

арқылыC:\ түпкі бумадан екінші деңгейдегі  \doc\abc-бумасына көшу іске асады.

Бұл амалды екі  команда арқылы да орындауға болады:

     C:\>cd doc

     C:\DOC>cd abc

     Ішкі  бумадан бір деңгейге жоғары көтерілу үшін мынадай команданы қолдануға болады.

cd…

     Ең  жоғары деңгейге, яғни түпкі бумаға көтерілу үшін мынадай команданы  беру керек:

Cd\  
 

3.ФАЙЛДАРМЕН  ЖҰМЫС ІСТЕУ

3.1.Файлдарды  көшіру-COPY командасы

COPY командасының  бірнеше түрі бар.

Бірінші түрі:   Атын өзгертпей көшіру.

      COPY[ж:][маршрут]файл  аты[.түрі]  [ж:][маршрут]

     Файл  басқа жинақтауышқа немесе басқа  бумаға өз атымен 

көшіріледі.

 Екінші түрі:  Атын өзгерте көшіру.

COPY [ж:][маршрут]файл  аты[.түрі]  [ж:][маршрут]файл  аты [.түрі]

          Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен

көшіріледі.

      Мысалдар:

       C:\>copy a:*.*  c:

      Бұл команда А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің

ағымдық бумасына көшіріледі.

    C:\>copy \work \DOS

    Бұл  команда WORK бумасының барлық файлдарын  DOS

бумасына көшіреді.

     C:\>copy \doc\abc \

    Бұл  команда ABC бумасының барлық файлдарын  түпкі бумаға

көшіреді.

    C:\>copy prl  pr2

     Ағымдағы  бума ішіндегі PR1 атты файл осы  бумаға PR2

атымен көшіріледі.

     C:\>copy \work\*.txt \dos\*.dos

WORK бумасынан  DOC бумасына TXT типті барлық файлдар

көшіріледі және олардың типі DOC болып өзгереді. 
 
 

3.2.Файл  атын өзгерту –RENAME (REN) командасы

         Команданың спецификациясы:

REN[AME] [ж:][маршрут аты]файл  аты[.түрі]файл аты[.түрі]

     Бірінші аргумент файлдың бұрынғы аты да,екіншісі –жаңа

аты.

      Бірінші аргументтің алдына өзгеріс қай  бумада жүретінін көрсететін префикс-маршрут  қоюға болады, әйтпесе өзгеріс  ағымдағы бума ішінде болады.

      Мысалдар:

      С:\WORK>ren  a:*.txt *.doc

      Файылдардың түрлері өзгереді.

      С:\>ren prl.asm  pr2.asm

      Файылдың  аты PRL-ден PRI2-ге өзгереді. 

3.3. Файлды  жою – DEL  командасы

      Команданың  спецификациясы:

DEL [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі] 

      Егер  файлдың аты көрсетілмесе, онда берілген бумадағы немесе ағымдағы бумадағы барлық файлдар жойылады.

     Мұндай  жағдайда ( және *.* шаблоны көрсетілген  кезде) DOS  жоюды орындауға рұқсат сұрайды.

     DEL командасының аргументінде маршрут,  шаблон немесе белгілі бір файлдың атын енгізуге болады.

     C:\>del\work\*.txt- бүкіл  TXT- типті файлдар жойылады. 
 
 
 
 

     3.4. Файл мәліметін экранға шығару  – TYPE командасы

Команданың спецификациясы:

     TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]

Файл атында * және ? таңбаларын қолдануға болмайды. ргументтің алдында файл қай бумада екенін көрсететін префикс- маршрут қоюға болады.

     Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.

     Мысалдар:

     C:\type prog1.asm

     C:\>type\ work\ docum.txt 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     4. MS DOS-тың  КӨМЕКШІ КОМАНДАЛАРЫ.

Информация о работе MS-DOS операциялық жүйесі