MS DOS операциялық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 14:30, реферат

Описание работы

MS DOS - Microsoft фирмасы шығарған комьютерді қосқанда жүктелетін дискідегі операциялық жүйе болып табылады.
Оның IBM PC компьютерлеріне арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы Microsoft
фирмасында жасалған. Ал MS DOS 3.3 нұсқасы 1987 жылы жасалды да, келесі 3- 4 жылға стандарт болып саналды. Қазіргі кезде ең қуатты компьютерлерде оның 4.0, 6.2, 7.0 нұсқасы қолданылады.

Содержание

1. Кіріспе
- FORMAT
- DICK COPY
- MODE
- TREE
- ATTRIB
- ASSIGN
2. Компьютер конфигурациясын баптау
3. MS DOS туралы жалпы мәліметтер
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

MS DOS Айгерим.docx

— 27.16 Кб (Скачать)

Жоспар:

 

1. Кіріспе

- FORMAT

- DICK COPY

- MODE

- TREE

- ATTRIB

- ASSIGN

2. Компьютер  конфигурациясын баптау

3. MS DOS туралы жалпы мәліметтер

4. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

MS DOS -  Microsoft фирмасы шығарған комьютерді қосқанда жүктелетін дискідегі операциялық жүйе болып табылады.

Оның IBM PC компьютерлеріне  арналған алғашқы нұсқасы 1981 жылы  Microsoft

фирмасында жасалған. Ал    MS DOS 3.3 нұсқасы 1987 жылы жасалды да, келесі 3- 4 жылға стандарт болып саналды. Қазіргі кезде ең қуатты компьютерлерде оның 4.0, 6.2, 7.0 нұсқасы қолданылады.

DOS көмегімен мыналар іске  асады: 

- Компьютер мен оны пайдаланушы адам арасындағы сұхбат;

- Компьютерді басқару;

- Қолданбалы бағдарламаларды іске асыру.

MS DOS  операциялық жүйесі  келесі бөлімдерден тұрады:

1. Енгізу- шығару (BIOS) базалық жүйесі, ол барлық кезде комьютердің жадында тұрады да енгізу- шығаруға байланысты операциялық жүйені ең қарапайым және әмбебап қызметтерін атқарады.

2. Операциялық жүйені жүктеуші- DOS- ты іске қосатын бағдарлама;

3. IO.SYS және MS DOS.SYS дискілік файлдары (атаулары) DOS нұсқасына байланысты өзгереді;

4. DOS командалық процессорын- пайдаланушы кіргізген командаларды өңдейді және ол COMMAND.COM дискілік файлында орналасады;

5. DOS сыртқы командалары- бұл жеке файлдар түрінде операциялық жүйемен бірге берілетін бағдарламалар;

6. Қондырғылар драйверлері- DOS енгізу- шығару жүйесін толықтыратын арнайы бағдарламалар және де олар жаңа қондырғыларды күтіп- баптауды немесе стандарт емес пайдалануды қамтамасыз етеді.

FORMAT

Дискіні форматтау. Кез- келген жаңа диск қолданардың алдында форматталуы тиіс, яғни ОС талаптарына сай арнаулы құрылым бойынша оның беті белгіленуі (жолдарға, секторларғабөлінуі) қажет. Егер дискінің бетінде дефектілі секторлар бар болса, онда FORMAT командасы ондай жолдарды пайдаланылмайтын етіп, дискінің іске жарамды бөлігін азайтады. Әдетте қатты дискі форматтамайды, өйткені ол заводта жасалған кезде форматталады да, сло күйі оның кейінгі жұмыс істеуін толық қамтамасыз ете алады.

DISK COPY

Дискінің толық көшірмесін алу командасы. Команда параметрі ретінде бірінші жинақтаушыға (1- ші аргумент) мәліметі бар дискінің ішіндегі информациялар дәл осы күйінде 2- ші жинақтаушыға (2- ші аргумент) таза дискіге жолма- жол көшіріледі. Бұл команда дискідегі барлық файлдарды көшіргенде ыңғайлы.

MODE

MODE командасы мәлімет  шығару құрылғыларының (принтердің) жұмыс параметрлерін өзгерту  ісін атқарады.

Мысалы:

С:/> mode LPT 1: 132.8- қағазға түсетін  мәтін жолдарының ара қашықтығын кішірейтеді және бір жолға 132 символды орналастырады.

С:/> mode LPT 1: 80,6 – қағазға  түсетін мәтін жолдарының ара  қашықтығын үлкейтеді және бір жолға 80 символды орналастырады.

 

 

TREE

TREE командасы көрсетілген  дискінің бұтақ тәріздес каталогтар  құрылымын экранға шығарады. Ал  /Ғ параметрі каталогтармен қоса олардың құрамындағы файлдарын да көрсетеді.

Мысалы:

C:/> tree – C дискінің бұтақ  тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;

C:/> tree а: – А дискінің  бұтақ тәріздес каталогтар құрылымын экранда қарап шығу;

C:/> tree/f- C  дискінің бұтақ  тәріздес каталогтар құрылымын олардың ішіндегі файлдар тізімімен қоса қарап шығу.

ATTRIB

ATTRIB командасы- файлды кездейсоқ жоюдан немесе өзгертуден сақтауды тағайындау және қажет болмағанда алып тастау. Кездейсоқ жоюдан сақтау атрибуты R параметрі арқылы беріледі.Параметрдің жанындағы “+” таңбасы сақтауды тағайындайды, “-” таңбасы сол тәртіпті алып тастайды.

Мысалы:

A:/> attrib_+r_program.txt – файлды  сақтау режимін тағайындау;

С:/> attrib_+r_a:probal.txt – сақтау тәртібін алып тастау.

ASSIGN

ASSIGN командасымен дискілердің  логикалық аттарын өзгертуге  болады, яғни уақытша диск аттары алмастырылады.

ASSIGN А=C

Бұдан кейін А: дискінің орнына С: дискісі қолданылады, жазылған командада А: дискісін көрсеткенмен ОС С: дискісін пайдаланады. ASSIGN командасы осы команда арқылы бұрын өзгертілген диыкілер аттарын алғашқы қалпына келтіреді.

Компьютер конфигурациясын  баптау

Компьютер конфигурациясы ( құрылғылардың құрамы мен құрылымы) оның құрамына кіретін барлық шеткері құрылғылардың жиынтығымен анықталады. Конфигурацияны баптау деп ОС- тің кейбір жұмыстық параметрлерін тағайындауды айтады.ОЖ жүктелгеннен кейін  ол автоматты түрде бұрын “ келісілген шарттар’’ бойынша осы параметрлердің  мәндерін тағайындайды.Әйтсе де, әрбір пайдаланушы қажет болған жағдайда ол мәндерді  өз қалауынша өзгерте алады.

Бұл мақсатта компьютерді  пайдаланушы арнайы  екі жүйелік  файл даярлайды, олар:

- конфигурациялық CONFIG.SYS  файлы;

- автоматты түрде атқарылу AUTOEXEC.BAT файлы.

Бұл екеуі де ОС жазылған жүйелік дискінің түпкі каталогына орналастырылады. ЭЕМ жадына ОС жүктелгенде алдымен конфигурациялық файлды, сонан соң автоматты түрде атқару файлын іске қосады.

Конфигурациялық файл компьютерге  қосылған шеткері құрылғыларды сипаттап, олардың жұмысының параметрлерін  өзгертіп, ОС- тің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

CONFIG.SYS  конфигурация файлының кейбір командаларын қарастырайық:

1. BREAK командасы пайдаланушы адам Ctrl+ Break ( Ctrl+ Scrool Look) пернелер комбинациясын басқанда кез- келген программа жұмысы тоқтайды.

   BREAK=ON- жолы осы  режимді қосады да, ал

-  BREAK=OF - жолы осы режимді алып тастайды.

2. FILES  командасы бір мезетте ашық күйде қатар жұмыс істей алатын файлдар санын анықтайды. Бұл файлдар мәліметтер базасын басқару,  электрондық картотека және т.б сол сияқты программалар жұмысы кезінде керек болады. Әдетте келісім бойынша ашылатын файлдар санын 15 етіп бекітеді.

3. BUFFERS командасы ЭЕМ- нің жедел жадына информацияны уақытша сақтай тұратын буферлер ( қосалқы сақтыу орны) санын анықтайды, ло информация соңынан дискіге жазылады немесе дискіден оқылады. Бір буфер жедел жадыдан 512 байт орын алады. Буфердің санын көбейту дискімен информация алмасудың жылдамдығын арттырады, бірақ ол жедел жадтағы өзімізге керекті пайдалы орынды азайтатын да есте сақтаған жөн. Буфердің саны тиімді шамадан артып кетсе, программалардың орындалу жылдамдығы төмендеп кетеді.Буфердің жиі қолданылатын саны көбінесе 20 болады.

4. DEVICE  командасы компьютерге жаңа құрылғылар қосқан кезде қажет болады.Бұл команда  жаңа құрылғыны басқаратын  драйвер  деп аталатын  программа орналасқан файл аты жазылады.Мысалы,gmouse.sys  файлы  ”тышқан” тәрізді тетікті, ал  ansi.sys  файлы – ЭЕМ  пернелігімен дисплейді басқаруда қосымша мүмкіндіктер беретін драйверлер болып табылады.

Компьютерге  бірнеше  құрылғылар жалғануы мүмкін, сондықтан  конфигурациялық файлда  мұндай команда саны да  бірнешеу бола береді.

ЭЕМ  іске қосылғанда  автоматты түрде жіберілетін  autoexec.bat  файлы ОС –тің бастапқы параметрлерін  тағайындауға арналған және тізбекте орныдалатын бірнеше  командалары  болады.Солардың кейбірін қарасытырайық.

1. ЕСНО (жауап беру) командасы экранға әртүрлі  хабарларды шығара алады .Егер  ECHO ON  командасы  берілсе  онда autoexec.bat  файлының  атқаратын әрбір команадасы  экранға шығады,  ал  ECNO OFF  командасы берілсе, онда командалар экранға шықпайды.Әдетте экранды бөгде информациямен толтырмау үшін  ECNO OFF  командасы қолданылады.

2. РАТН (жол) командасы  ОС –тің орындалуға тиіс керекті файлдарын іздейтін каталогтар тізімін береді.Егер сіздің жиі  пайдаланатын файлдарыңыз бір каталогта орналасса, сол  каталог атын осы команададағы  тізімге енгізіп қою қажет.

3. SET (орнату,орнықтыру) командасы қолданбалы программаның файлдары орналасқан каталог атын көрсетіп тұрады.

    Оның үстіне  автоматты түрде атқарылатын autoexec.bat  файлының ішіне бірден орныдалуға тиіс программа аттарына сәйкес әртүрлі ОС-тің командаларын жазуға да болады.

MS DOS  туралы  жалпы мәліметтер

MS DOS 1.2  операциялық жүйесі  программаның сыртқы құрылғымен  және бірімен- бірінің арасындағы өзара іс -әрекетін , жедел жадының үлестірілуі( таралуын), жұмыс процесі кезінде пайда болатын әртүрлі оқиғаларды  айқындау және оларға сәйкес өзінің  реакциясын қамтамасыз етеді.Пайдаланушы тіл дерективасы жәрдемімен дербес ЭЕМ-на жалпы басшылық жасайды.Бұл жағдайда мынадай амалдар жасалуы мүмкін: дискілерді белгілеу, файлдардың көшірмесін алу, каталогты қарап шығу, программаларды жіберу, дисплей, принтр жұмыстарының режимін орнату. MS DOS ұсынатын әдістер (тәсілдері) бағдарламалық қамтамасыздандыруды  әзірлеу үшін ыңғайлы опреациялық жағдай  жасайды және қолданбалы пакеттерді, бағдарламаны соңғы пайдаланатындарға автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу үшін жаңа тәсілдермен ену негіздерін құрады.

   MS DOS операциялық жүйесі мынадай компоненттерден тұрады:енгізу-шығарудың базалық жүйесі(BIOS), бастапқы жұмысқа жүктеу блогы(BOOT RECORD), енгізу-шығару базалық жүйесінің кеңес модулі, үзілікті өңдеу модулі, командалық процессор, утилиттер.

    Жұмысқа жүктеу  ДК –ді  ток көзіне қосуда  немесе  бір мезгілде  ALT-CTRL-DEL  пернелерін басудан басталады.Бұл кезде тест жүреді және қандай да бір параметрді енгізуді талап етуі мүмкін, мұндай енгізу(ENTER) пернесі пернелерге , параметрге мән берілмесе де басылғанда жұмысқа жүктеу процесі жүре береді.

   MS DOS  ОЖ-сі дискеттің  түпкі каталагында немесе С:  дискісінде файлдар түрінде сақталады да ,мынадай бөліктерден тұрады:

- BIOS модулі-компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметтерді енгізу-шығарудың негізгі жүйесі.Бұл модул компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады.Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тексеріп, мәліметті енгізу-шығаруға байланысты ОС –тің қарапайым және әмбебап қызметтерін орныдайды;

-  ОЖ-ның жүктеуіші- бұл өте қысқа программа, компьютердің жедел жадында тұрақты сақталып қалатын DOS Ож модулдерін компьютер жадына оқуды іске асырады;

- IO.SYS  сыртқы құрылғылармен ( пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық операцияларын атқарады;

- MS DOS.SYS файлдар даярлауға мүмкіндік береді және ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі;

- COMMAND.COM- пайдаланушы жұмысы үшін тағайындалған командалық процессор.Ол  ЭЕМ іске қосылған кезден  пайдаланушының талабы бойынша процессор орындайтын барлық резидентті немесе  ішкі командаларды қамтамасыз етеді.Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден  соларға сәйкес  программалық файлды іздеп, егер табылса оны жедел жадқа жүктеп, оған басқаруды береді.Программа жұмысы аяқталған соң командалық процессор  оны жадтан жойып, жкранға әрі қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін шақыру мәліметін (DOS шақыруы) шығарады.

- DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары –операциялық жүйемен бірге  бөлек-бөлек модульдер  түрінде  берілетін программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді.Олар кірме командалар ретінде әр түрлі қызметтер атқарады,мысалы, дискетті форматтау, дискілерді  тексеру және т.с.с.

- Құрылғылар драйвері – DOS жүйесін толықтырып жаңаданқосылған шеткері құрылғыларды басқару ісін орындайтын  арнайы программалар.Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық жүйемен  бірге жүктеледі де, олвардың аттары CONFIG.SYS  деген  арнаулы файлда жазылады.ОЖ жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS  оқылып  құрылғылар драйверлері де жедел жадқа орналасады. Одан кейін  командалық COMMAND.COM  файлы  оқылады, ол басқару ісін атқарады. Бұл командалық процессор тағы бір командалық   AUTOEXES.BAT  файлын іске қосып , оның ішіндегі  команадалық программаларды біртіндеп орындай бастайды.

       Егер  ай-күнін енгізу керек болса  , көбінесе европалық стандарт  қолданылады:күн, ай,жыл (америкалық  стандарт:ай,күн,жыл), ДД-ММ-УУ немесе  ДД/ММ/УУ форматында ДД-күн,ММ-ай,УУ-жыл.Уақытты мынандай форматта беруге болады: HU:MM:SS немесе   HU:MM,  мұнда HU- сағаттар,ММ-минуттар, SS- секундтар.

ДК дискіні өте қатаң(виечестер)-құрылғылардыС;Д;Е;F:2 дискет үшін қоры-құрылғыларыА:В қажет  болғанда конверттегі дискет  қор  саңылауына кіргізіледі пердесі  жабылады және қор жұмыс істеуге  дайын.Жұмыс бастауға шақыру:С:\>.

Каталог(директорий)дискідегі  арнаулы орын:ішкі каталогтың аттары,файылдың өлшемі туралы мәліметтер,олардың жаңартылуын  көрсететін уақыттар және т.б.Әр дискіде  түпкі(негізгі) каталог болады.Барлық каталогтар ағаш бұтақтары тәрізді құрылымды құралады.

Мысал:D дискісіндегі STUDKK  каталогіндегі EM96 ішкі каталогының  аты D:\ STUDKK\

EM96

Файл-дайын программаларды,олардың  текстерін, берілгендерді және басқаларды сақтайтын дискідегі аты аталған  облыс.Файлдың құрама аттары да болуы да мүмкін:

  Файлдың-аты[түрі][]

Мұндағы [] квадрат жақша  ішіндегі параметрдің міндетті емес екенін білдіреді,яғни болмауы да мүмкін.Аты әруақытта әріппен басталады және әріптер мен цифрлар(8 символ )жиынынан тұрады.Кеңейюі 3 цифрға дейін болады,файылдың мақсатын нұсқайды:

.com,.exe-дайын программалар

.bak-файылдың ескі хабары

.dos-құжат

.bat-команда беруші файл(әмірші файл)

.pas,.for,.c,.asm,.bas-Паскальдағы,фортрандағы,Cu-дегі,Ассемблердегі және Бейсиктегі программалар.

   Файлдардың аттарында  мысалдар:aaa,asber.pas,kutt ll.com,a2ww,saber.bak.

Жол-бұл каталогтар аты  немесе символдар тізбегі:..-кезектегі  каталогтан немесе \-негізгі каталогтан.

Мысалдар:\Y\AST\STU2k|EK96.

   Afqkls4 njks0 fnsys4 n8h3&

[Дисковод   [жол\] файл  аты

Мысалдар:

D:\Stud2k\EK96\SABIT

Әрбір ДК 3 арнайы файл бар:

1)CONFIGSYS- конфигурация файлы,мұнда  барілген параметрлер VS-DOS-тың  файлмен,жадымен,қолданбалы программамен  және ақпараттық құрылғылармен  қалй жұмыс істейтінін аныұтайды.

2)AUTOEXEC>BAT-MS-DOS-ті іске  қосқаннан кейін бұл файл жазылған  нұсқауларды іздейді және орындайды,әрі  бұл әмірлер күйге кеклтіру  параметрлерін анықтайды,мысалы,орыс  драйверін іске қосу,жолды орнату  және т.б3)COMMAND.COM-бұл әмірлік процессор.Мұнда құрамында MS-DOS әмірі бар,ол арқылы әмірді өңдеу орындалады.

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖЕНЕРЛІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі

Информация о работе MS DOS операциялық жүйесі