Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 16:10, реферат
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тің құрамындағы, презентациялық материалдар дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лік мөлдір қабыршақтарға арналған слайдтарға, қағазға үлестірілетін материалдар, компьютер экранында анимациялық көріністерді бейнелей алатын презентация дайындау мүмкіндігін береді. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменің салтанатты ашылуы т.с.с. әртүрлі материалдарды оның дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдаланып жандандырып жіберуге болады.
Microsoft PowerPoint программасы 2
1. Презентациялар құру 2
1.1 PowerPoint программасын іске қосу 2
1.2 Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру 2
1.3 Шаблондар көмегімен және бос презентация құру 3
1.4 Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу 4
1.5 PowerPoint программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері 6
1.6 Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері 7
2. Презентацияларды безендіру 7
2.1 PowerPoint программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру 8
2.2 Слайдтарды безендіру элементтері 8
2.3 Түрлі түстер схемасы 8
2.4 Фондық түстерді өзгерту 9
2.5 Құю тәсілдерін таңдау 10
Қорытынды 11
Әдебиеттер тізімі 11
Түрлі түстер схемасы әрбір шаблон компоненттерінің бірі болып табылады. Ол презентацияның әртүрлі элементтерін безендіруге арналған реттелген сегіз түрлі түстер тізбегінен құралған. Түрлі түстер схемасында слайдтардың бірінші орында тұрады, қалған жеті түс фонның үстінде орналасқан мәтін, диаграмма және басқа объектілерді безендіруге арналған. Формат – Түрлі түстер схемасы командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Стандарттар ішкі бетінде схеманың қажеттісін таңдау мүмкіндігі бар.
2.5-сурет. Түрлі түстер схемасы сұқбат терезесі
Фонды таңдау үшін слайдтар режімінде Формат – Фон командасын орындаймыз. Тізімді ашу батырмасында тышқанды шертсек, фон түстері көрінеді. Таңдаған фондық түсті үлгіден көре отырып, тағайындай аламыз.
Таңдау батырмасын шерткенде небары сегіз түс көрінеді. Бұл түстер бірін-бірі толықтырады және көп жағдайларда слайдты безендіруге жеткілікті болады. Бірақ, бұдан да басқа түстерді пайдалану мүмкіндіктері бар. Ол үшін осы тізімнен Қосымша түстер өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады, Спектр деген ішкі беттен тұратын бұл сұқбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады.
2.6-сурет. Фон сұқбат терезесі
Слайдтың бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай түстің қанықтылығын өзгертуге және өрнек немесе текстура түрінде түстері әртүрлі етіп дайындауға болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Құю тәсілдерін тандау шін Формат-Фон командасын орындағанда ашылған сұқбат терезедегі тандау батырмасын шерткенде ашылған тізімнен Құю тәсілдері командасын орындаймыз. Осы мезетте Құю сұқбат терезесі ашылады.
2.7-сурет. Түстің
қанықтылығын өзгерту
Грандиентті ішкі бетінде кез-келген түстің бірін және оған сәйкес штрихтеу типі мен вариантын тандап, қажетті эффектіні дайындаймыз. ОК батырмасын, одан кейін Қолдану немесе Бәріне қолдану батырмасын шертеміз.
Текстура және Өрнек ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгерту мүмкіндіктері бар. Ал фонға сурет қосу қажет болса, Сурет ішкі бетінде Сурет батырмасын шерткен соң, тиісті форматта сурет жазылған файлдың сақтаған орнын көрсету қажет.
Аталған пән оқушылардың информациялық қоғамдағы өмір талаптарына сай дамуда, үлкен рөл атқаруда, және әлі де атқара бермек.
Соңғы бірнеше жылда программалардың түрлері көптеген мамандарға кәсіптік информациялық технологияларды пайдалану аса қажетті екенін көрсетті. Алғашқы бірнеше жылдарда мектеп курсынан бастағанда информатика пәнін енгізген болатын.
Алайда, жаңа информациялық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны, біздің бұл пәнге деген көзқарасымызды өзгертті. Оқып үйрену практика жүзінде кәсіптік қолданылып жүрген кәсіптік программалық өнімдер мен технологиялар негізінде түсіндіріледі.
Міне осыған байланысты компьютермен танысу, информация және информациялық технологиялар ұғымдары, MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеу. Windows жүйесінде жұмыс істеу идеологиясына, сонымен қатар оның қосымшалары, мысалы: Paint программасымен жұмыс жасауға көп көңіл бөлінген. Және Windows жүйесінде және оның әртүрлі программаларымен: Microsoft Power Point, Paint Microsoft Excel, Microsoft Word, тағы басқа программалармен жұмыс жасап үйренудің пайдалылығы көп.
1. Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум, Исаев. С.Ә, Мұхамади А.Н. Ахметова O.С., II-бөлім, Алматы, 2002.
2. POWER POINT программасын пайдалану, Алматы, 1999.