Microsoft Excel

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:22, реферат

Описание работы

Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.
Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.

Содержание

I. Кіріспе
1. Microsoft Excel программасы
II.Негізгі бөлім
1. Excelде мәлімет енгізу және қорғау
2. Ұяшықтардың абсолюттік және салыстырмалы адресі
3. Excel- де диаграммаларды тұрғызу
4. Excel—де функция қолдану
5. Қаржы функциялары
6. Анықтама алу. Excel-дегі көмекшіңіз.
III.Қорытынды. Excelдің маңызы

Работа содержит 1 файл

Microsoft Word Document (2).docx

— 326.21 Кб (Скачать)

                         Жоспар:

I. Кіріспе

1. Microsoft Excel программасы

II.Негізгі бөлім

  1. Excelде мәлімет енгізу және қорғау
  2. Ұяшықтардың абсолюттік және салыстырмалы адресі
  3. Excel- де диаграммаларды тұрғызу
  4. Excel—де функция қолдану
  5. Қаржы функциялары
  6. Анықтама алу. Excel-дегі көмекшіңіз.

III.Қорытынды. Excelдің маңызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Microsoft Excel  - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға арналған программа.

Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.

 EXCEL программасын іске қосу үшін «Пуск» менюінің «программы» тобынан «Microsoft Excel» таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:

1- меню жолынан тұрады, яғни «Файл», «Вставка», «Правка», «Вид» және т.б.

2- Стандартты аспаптар тақтасы

3- Форматтау аспаптар тақтасы

Excel-де құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды өңдеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы қолданылады немесе  меню командалары қолданылады.

4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге болады.

Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Excel-де мәлімет енгізу және қорғау

Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі  бар:

1. Сан   2. Текст 

3. Дата (мерзім)  4. Формула

1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.

2. Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті текст ретінде санайды да,  автоматты түрде ұяшықтың сол жағына орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып жазыла береді.

3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1 май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.   

4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған  формула = белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция жазылады. Арифметикалық операция белгілері:

+ (қосу), - (алу), / (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.

Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп аспаптар тақтасындағы «автосумма» кнопкасын қолданасыз. 

СУММ (С1:С100)

С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы мәліметтер жиыны.

СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы сандардың ғана қосындысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Excelде курсорды бір клеткадан  басқа клеткаға  жылжытып отыру  үшін ¬ ­ ® ¯ курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором) қолданылады, немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып отырады.

           Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып, «Данные» ®«Форма» командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда болады.

Мәліметтерді бөгде адамдар  бүлдірмес үшін «Сервис»®«защита» командасы арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Ұяшықтардың абсолюттік және салыстырмалы адресі

 

Клетканың  адресін түсіндіру  үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден  қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.

Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін өзгерту үшін оны түртіп,   «Вставка»®«Имя»®«присвоить» командасын орындаңыз да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып, ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре аласыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Excel—де функция қолдану.

 

Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп  көмек береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде әртүрлі функциялар бар. Функция  қолдану үшін аспаптар тақтасындағы  мастер функций кнопкасын басыңыз немесе «Вставка»®«функция» командасын таңдаңыз. Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін көрсетесіз.  Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.

 


 

 

 

 

Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып есептеулер жүргізілген. Мысал  ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар математикалық есептеулер жүргізгенде  өте қолайлы.

Бұл программада басқа  да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS, ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ  және т.б.

 

                            Қаржы функциялары

ФУНКЦИЯ

СИПАТТАМА

ACCRINT

Мерзімді пайыз төлейтін құнды қағаздың жинақталған пайызын береді

ACCRINTM

Төлем күнінде пайыз төлейтін құнды қағаздың жинақталған пайызын береді

AMORDEGRC

Амортизация коэффициентін пайдалану арқылы әрбір есепті кезеңге амортизация мөлшерін береді         

AMORLINC

Әрбір есепті кезеңге амортизация мөлшерін береді

COUPDAYBS

Купон кезеңінің басынан бастап есептесу күніне дейінгі күндер санын береді

COUPDAYS

Есептесу күні бар купон кезеңіндегі күндер санын береді

COUPDAYSNC

Есептесу күнінен бастап келесі купон кезеңіне дейінгі күндер санын береді

COUPNCD

Есептесу күнінен кейінгі келесі купон кезеңін береді

COUPNUM

Есептесу күні мен төлем күнінің арасында төленетін купондар санын береді

COUPPCD

Есептесу күнінен кейінгі келесі купон кезеңін береді

CUMIPMT

Екі кезеңнің арасында төленетін интегралдық пайызды береді

CUMPRINC

Екі кезеңнің арасында несие бойынша төленетін интегралдық негізгі соманы береді

DB

Қалдықты нақпа-нақ азайту әдісін қолдану арқылы активтің көрсетілген мерзімдегі амортизация мөлшерін береді

DDB

Қалдықты екі есе азайту әдісін немесе көрсетілген басқа бір әдісті қолдану арқылы активтің көрсетілген мерзімдегі амортизация мөлшерін береді

DISC

Құнды қағаздың жеңілдік мөлшерін береді

DOLLARDE

Бөлшек сан түрінде өрнектелген валюта бағасын ондық сан түрінде өрнектелген валюта бағасына түрлендіреді

DOLLARFR

Ондық сан түрінде өрнектелген валюта бағасын бөлшек сан түрінде өрнектелген валюта бағасына түрлендіреді

DURATION

Мерзімді төлем пайызымен қоса құнды қағаздың жылдық ұзақтығын береді

EFFECT

Қолданыстағы жылдық пайыздық мөлшерін береді

FV

Қаржы салымының болашақ құнын береді

FVSCHEDULE

Бірқатар күрделі пайыздық мөлшерді қолданғаннан кейінгі бастапқы негізгі соманың болашақ құнын береді

INTRATE

Толық қаржы салынған құнды қағаздың пайыздық мөлшерін береді

IPMT

Белгілі бір кезеңдегі қаржы салымының пайыздық мөлшерін береді

IRR

Бірқатар ақша қозғалысының ішкі табыс мөлшерін береді

ISPMT

Қаржы салымының көрсетілген кезеңінде төленетін пайызды есептейді

MDURATION

Номинал құны 100 теңге деп қабылданған құнды қағаздың өзгертілген Маколей ұзақтығын береді

MIRR

Оң және теріс ақша қозғалысы әр түрлі мөлшермен қаржыландырылған кезде ішкі табыс мөлшерін береді

NOMINAL

Жылдық номиналды пайыз мөлшерін береді

NPER

Қаржы салымына арналған төлем кезеңдерінің санын береді

NPV

Бірқатар мерзімді ақша қозғалысы мен жеңілдік мөлшеріне негізделген қаржы салымының таза ағымдағы құнын береді

ODDFPRICE

Толық емес бірінші кезеңінде құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

ODDFYIELD

Толық емес бірінші кезеңінде құнды қағаздан алынатын табысты береді

ODDLPRICE

Толық емес соңғы кезеңінде құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

ODDLYIELD

Толық емес соңғы кезеңінде құнды қағаздан алынатын табысты береді

PMT

Бір жылдық табыс үшін мерзімді төлемді береді

PPMT

Белгілі бір кезеңдегі қаржы салымының негізгі сомасы бойынша төлемді береді

PRICE

Мерзімді пайыз төлейтін құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

PRICEDISC

Бағасы шегерілген құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

PRICEMAT

Төлем күнінде пайыз төлейтін құнды қағаздың әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

PV

Қаржы салымының қазіргі құнын береді

RATE

Жылдық табыстың әрбір кезеңіндегі пайыздық мөлшерді береді

RECEIVED

Толық жұмсалған құнды қағаз үшін төлем күнінде алынған соманы береді

SLN

Активтің бір кезеңдегі түзу сызықтық амортизациясын береді

SYD

Активтің көрсетілген кезеңдегі «жылда қосындысы» амортизациясын береді

TBILLEQ

Қазынашылық векселінің балама облигация табысын береді

TBILLPRICE

Қазынашылық векселінің әрбір 100 теңге номинал құнының бағасын береді

TBILLYIELD

Қазынашылық векселі бойынша табысты береді

VDB

Активтің нақты бір немесе ішінара кезеңдегі амортизациясын баланстың азаю әдісімен береді

XIRR

Міндетті түрде мерзімді болып табылмайтын ақша қозғалысы жоспарының ішкі табыстылық деңгейін береді

XNPV

Міндетті түрде мерзімді болып табылмайтын ақша қозғалысы жоспарының таза ағымдық құнын береді

YIELD

Мерзімді пайыз төлейтін құнды қағаз бойынша табысты береді

YIELDDISC

Жеңілдік жасалған құнды қағаз, мысалы, қазынашылық вексель бойынша жылдық табысты береді

YIELDMAT

Төлем күнінде пайыз төлейтін құнды қағаздың жылдық табысын береді


 

 

 

 

 

                       Анықтама алу. Excel-дегі көмекшіңіз.

 

Excel-де кейбір сұрақтарыңызға  жауап алу үшін  аспаптар тақтасындағы  «помошник» кнопкасын басыңыз  немесе F1 клавишасын басыңыз. Анықтама бөлімінің бүкіл бөлімін қарап шығуыңызға мүмкіндік бар. Төменде көрсетілгендей  анықтама бөлімі ашылады. Қажетті бөлімді ерекшелеп алып, Enter клавишасын басыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Excel- де диаграммаларды тұрғызу

Excel программасындағы  диаграмма термині сандық мәліметердің  графиктік түрде бейнеленуінің  барлық жағын қамтиды. Графиктік  бейнелеу берілген мәліметтер  қатары негізінде құрылады. Берілген  мәліметтері бар жеке алынған  жол немесе бағаннан тұратын  ұяшықтар тобы мәліметер тобын  құрайды. Бір диаграммада бірнеше  мәліметтер қатарын бейнелеуге  болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының  бір парағына енгізілген графиктік  обьектіні айтады. Ол мәліметтер  тұрған парқта немесе кез-келген  басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен  әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын  болса, диаграмма да автоматты  түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма  шебері (Мастер диаграмм) қолданылады.  Ол стандарты аспаптар панелінде  орналасқан диаграмма шебері  батырмасының көмегімен іске  қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар  алдында мәліметтер орналасқан  аймақты ерекшелеп алады немесе  бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің  барысында енізуге болады. Диаграмманың  түрін таңдап алу. Диаграмма  шеберінің алғашқы сатысында  диаграмманың түрін таңдап алуымыз  қажет. Стандартты қыстырмасындағы  Түр (Вид) тізімінде диаграмманың  қолда бар түрлері көрсетілген.  Таңдап алынған түр үшін терезенің  оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің  түрлі нұсқаулары көрсетілген.  Сонын ішінен ең қолайысын  таңдауымыз қажет. Стандарты емес  қыстырмасында пішімделген, толығымен  қалыптасқан диаграмма түрлері  бейнеленген. Диаграмманың түрін  таңдап алынғанна кейін Ары  қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Қорытынды

                                                     Excelдің маңызы

Excel жай ғана  бағдарлама емес, оны көптеген  математкалық амалдрды, күрделі  есептерді жеңілдету үшін пайдалануға  болады. Ол кестедегі мәліметтердің  негізінде түрлі-түсті диаграмммалар  тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз  ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы  тек экономика саласында ғана  емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік  жұмыстарында да кеңінен қолданылады.


Информация о работе Microsoft Excel