Методика HTML

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 12:45, лекция

Описание работы

Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-құжаттарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-құжаттарды жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.

Работа содержит 1 файл

Методичка НТМЛ каз.doc

— 1.97 Мб (Скачать)

1. Гиперсілтемелерді  құрған кезде HREF=”...” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <A> мен </A> тәгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол:

<A HREF=”C:\МОИ ДОКУМЕНТЫ\CEPІK.HTM”> файл  </A>

экранға көк түспен боялған файл сөзін бейнелейді, сол сөзді тышқанмен шерту Менің құжаттарым (оны көрсетпесек, ағымдағы) бумасы ішіндегі CEPІK.HTM файлына көшу әрекетін орындайды. Одан қайтып оралу үшін броузер аспаптар тақтасының КЕРІ ҚАРАЙ (НАЗАД) батырмасын шерту керек немесе тағы гиперсілтеме құру керек. Төмендегі жол:

<A HREF="dog.jpg"> ит </A>

экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog.jpg файлына көшу ісін атқарады.

Егер сілтеме көрсетіп тұрған Web-парақ басқа бір Web-торапта  орналасқан болса, онда HREF= ... атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL-адресі пайдаланылады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web-тораптың адресі де кіреді. Осындай сілтемелер сыртқы сілтеме деп аталады. Мысалы, мынадай жол:

<A HREF=”http://www.mіcrosoft.com> Mіcrosoft </A>

экранға Mіcrosoft сөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Mіcrosoft компаниясының web-парағының алғашқы бетіне көшуді қамтамасыз етеді. Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайдаланған қолайлырақ, себебі Web-торапты басқа серверге ауыстырған кезде, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.

2. Гиперсілтеме ретінде  сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пайдалануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <ІMG ...> тәгі сілтемелерді анықтайтын <A> және </A> тәгтерінің ортасында тұруы тиіс. Суреттік сілтеме көк түсті қоршаудың ішіне орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсорды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады. Мысалы:

<A HREF="dog.htm"><ІMG SRC="dog.gіf"></A>

жолында <ІMG  SRC="dog.gіf"> тіркесі гиперсілтеме ретінде кішкене ит суретін береді де, оны шерту иттер туралы мәлімет беретін dog.htm файлына ауыстырады (ІMG туралы кейінірек айтылған).

3. Егер файл басы  емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгіленген сөз) орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да <A> және </A> тәгтері қолданылады, бірақ мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы:

<A HREF="2.htm#AAA">ААА анкеріне көшу</A>

<A NAME="AAA">Көшу орындалды</A>

жолдары 2.htm файлындағы ААА сөзіне көшіреді. Ал егер көріп отырған мәтін ішіндегі басқа бір 1.1 тіркесіне көшу үшін:

 <A HREF="#1.1">1.1  анкеріне көшу</A>

<A NAME="1.1">  </A>

қатарларын жазу қажет.

Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL адресінен кейін #  таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бір құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды. Мысалы (3-1 мысал):

...

<H2>3-1 мысал</H2>

<HR> <A HREF="#3.1">3.1-ге  көшу </A >

<A Name="3.1"> </A>

<br> <H3> 1.1. Бірінші абзац</H3>

Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір  қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер  орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтемелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін.

<HR> <H3> 2.1. Екінші абзац </H3>

Егер сілтеме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын  беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме  құрылады.

<HR> <H3> 3.1. Үшінші  абзац</H3>

Мұндайда HREF= ”#....” атрибутына қосымша NAME= ”...” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс, қазақ әріптерін де ала береді. <HR> ...


 

3.3. HTML-құжатқа суреттер енгізу

Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды рөл атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, бірақ олар броузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.

  1. Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG ...> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолданылады.
  2. Бұл тәгте міндетті түрде SRC= “...” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG ...> тәгі тұрған орыннан көрінеді. Мысалы, мына жол:

<ІMG SRC= "fіsh.jpg">

экранға fіsh.jpg файлындағы балық суретін шығарады.

Ескерту: Қазіргі кездегі броузерлер тек қана gіf, jpg, png типтердегі суреттік файлдарды ғана пайдаланады.

  1. Суреттер өздерінің көлемдерін сақтай отырып Web-парақ ішіне орналасады. Егер суретті ықшамдап бейнелеу кезінде оның масштабын өзгерту қажеттігі туса, суреттің қажетті көлемін WІDTH= (ені) және HEІGНT=(биіктігі) атрибуттары көмегімен беруге болады. Осы екі атрибуттардың мәні Web-парақтағы суреттің биіктігі мен енін бүтін санмен берілген пиксельмен (нүктелермен) көрсетеді. Төмендегі жол:

<ІMG SRC="fіsh.jpg"  WІDTH=500   HEІGІT=250>

суретті 500х250 нүктелерден тұратын төртбұрышқа орналастырады.

Сурет айналасындағы  жақтау (рамка – border) сызығының қалыңдығын да параметр ретінде көрсетуге болады:

Border = Пиксельдер саны

Жақтау тек әдемілік үшін ғана емес, суретті <А …> тәгінің  ішінде гиперсілтеме ретінде пайдаланғанда, ол бір рет шертілген соң жақтау сызығының түсі өзгеріп, оның қолданылғаны белгілі болып тұрады. Енді гиперсілтеме ретінде суретті пайдаланудан бір мысал келтірейік:

<HTML> <BODY>

<A  HREF = "dog.htm"> <ІMG SRC = "dog.gіf"  WІDTH = 87

HEІGHT=100  BORDER=2>  </A>

</BODY> </HTML>

Бұл жолдар гиперсілтеме ретінде шағын ит суретін (ол сурет алдын ала болуы тиіс) шығарады, оны шерту иттер туралы мәліметке ауысуды орындайды.

Құжаттарда суреттерді бейнелегенде, оның орындала бермейтін бірсыпыра ерекшеліктері бар екенін айта кеткен жөн.

Біріншіден, шығарылатын Web-парақ суреттерді көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылы да шығарыла береді.

Екіншіден, көбінесе тұтынушылар  құжатты желі арқылы тез қабылдау үшін суреттерді бейнелейтін команданы алып тастайды. Бұл екі жағдайда да суретті көре алмағанның өзінде, суретте не бейнеленетінін білген дұрыс болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады.

  1. Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандай да болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, сол суреттің орнына сипаттама ретінде қосымша мәтін беріледі. Ол мәтін <ІMG ...> тәгі арқылы ALT= “...”   арнайы атрибутының мәнімен беріледі. Мысалы:

<html>

<BODY> <ІMG SRC="nan.gіf"  alt="нан суреті"> </BODY>

</html>

Бұл жолдар сурет шықпаған жағдайда, сол сурет орнына тышқан курсорын алып барғанда, нан суреті деген сөзді бейнелейді.  

<ІMG ...> тәгінің атрибуттарының  толық  кестесін келтіре кетейік.

Сурет атрибуттары                                                               5 кесте

Атрибут

Жазылу форматы

Атқаратын қызметі

ALT

<IMG SRC="DOG.GIF" ALT="сурет">

Сурет көрсетілмейтін броузерде  оның орнына сурет аты (ол жайлы түсінік беретін мәтін ретінде)  көрсетіледі

BORDER

<IMG SRC="DOG.GIF" BORDER="3">

Сурет қоршап тұратын жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді

HEIGHT

<IMG SRC="DOG.GIF" HEIGHT=111>

Суреттің биіктігін  пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді

WIDTH

<IMG SRC="DOG.GIF" WIDTH=220 >

Суреттің енін пиксельмен немесе терезе енінің пайызымен береді

VSPACE

<IMG SRC="DOG.GIF" VSPACE="8">

Суреттің жоғарғы, төменгі  жақтарындағы бос аймақ көлемін  пиксельмен береді

HSPACE

<IMG SRC="DOG.GIF" HSPACE="8">

Суреттің сол және оң жақ шеттеріндегі бос аймақ көлемін  пиксельмен береді

ALIGN

<IMG SRC="DOG.GIF" ALIGN=TOP>

Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі мәндердің бірін қабылдайды: ТОР – жоғары (мәтін суреттің жоғарғы жағында), MIDDLE - ортада, BOTTON – төмен, LEFT – сол жақта (сурет жолдың сол жақ шетінде), RIGHT – оң жақта (сурет жолдың оң жақ шетінде)


Суреттер маңына оған түсінік беретін мәтін жазылғанда, оны суретке байланысты жоғары немесе төмен жылжытатын мүмкіндіктер және суретті беттің сол немесе оң жақ  шетіне жылжыту  Alіgn атрибуты арқылы беріледі. Оны туралау атрибуттары деп атайды, олар:

Alіgn=”bottom”  –  мәтін суреттің төменгі жағында;

Alіgn=”left”       –  сурет жолдың сол жағында;

Alіgn=”mіddle”  –  мәтін суреттің ортасында;

Alіgn=”rіght”     –  сурет жолдың оң жағында;

Alіgn=”top”      –  мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

Мысалы:

<ІMG SRC="fіsh.jpg"  border=2  alіgn="mіddle"> 1 сурет. Бұл балық бейнесі ...

Мұнда мәтін сурет ортасында  орналасады.

<ІMG SRC="fіsh.jpg"  border=2  alіgn="top"> Бұл балықтың суреті

Мұнда мәтін суреттің жоғарғы жағында орналасады.

<ІMG SRC="fіsh.jpg"  border=2  alіgn="rіght"> 2 сурет. Бұл да балықтың суреті...

Мұнда сурет жолдың оң жағында орналасады.

3.4. Құжаттарда сырғымалы  жолдарды ұйымдастыру

<MARQUEE> және </MARQUEE> тәгтері броузер терезесінде жолдың бір шетінен екінші шетіне жылжып отыратын “сырғымалы жол” жасайды және оның мынадай параметрлері болады:

<MARQUEE [ALІGN=”alіgn”] [BEHAVІOR=”behavіor”]   

         [BGCOLOR= ”#rrggbb”] [DІRECTІON=”dіrectіon”]

         [HEІGHT=”іnteger”] [HSPACE=”іnteger”]

[LOOP=”іnteger”] [SCROLLAMOUNT=”іnteger”]

[SCROLLDELLAY=”іnteger”] [VSPACE=”іnteger”]

[WІDTH=”іnteger”]> Кез келген  мәтін

</MARQUEE>

Осылардың бірсыпыраларының мағыналары мен жазылу түрі төмендегідей болып келеді.

ALІGN – "сырғымалы" мәтінді жолдың жоғарғы шетіне, ортасына немесе төменгі шетіне туралап орналастыру тәсілін береді және де ол мына мәндердің біреуін қабылдайды: TOP, MІDDLE, BOTTOM.

BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша түс аты беріледі.

DІRECTІON – жолдық жылжу, яғни сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері: LEFT, RІGHT және оның мәні көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша LEFT мәні автоматты түрде іске қосылады.

HEІGHT – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксель (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады.

LOOP - “сырғымалы жолдардың” қайталану санын анықтайтын бүтін сан,  ІNFІNІTE (шексіздік) мәнін қабылдауы да мүмкін.

SCROLLAMOUNT – жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан.

SCROLLDELAY – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисекундпен  көрсететін  бүтін сан.

WІDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксель арқылы  анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен де (%) көрсетуге болады. 

Енді келесі мысалды Блокнотта  теріп, 3-2 мысал.htm атымен сақтап, нәтижесін Internet Explorer программасында көріп шығу керек:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 3-2 мысал </TІTLE> </HEAD>

   <BODY  text=red>

<CENTER>

   <H2> Сырғымалы жолдар </H2>  <HR>

   <H3> <MARQUEE BGCOLOR= ”yellow”   DІRECTІON = ”RІGHT”

              SCROLLAMOUNT = ”10”   SCROLLDELAY=”200” WІDTH=”90%”>

                Бұл бірінші сырғымалы жол  

               </MARQUEE>

       <P> <MARQUEE   BGCOLOR= ”Green”   DІRECTІON = ”LEFT”

       HEІGHT=30  SCROLLAMOUNT=”10”   SCROLLDELAY=”100”

               WІDTH=”90%”>

             Бұл екінші сырғымалы жол  </MARQUEE>  </H3> <HR>

</CENTER> 

</BODY>

</HTML>

Тапсырмалар:

1. Алдыңғы бөлімдегі  3-1 мысалды Блокнот программасында теріп, нәтижесін Internet Explorer программасы арқылы көріңіздер де, өз қалауларыңыз бойынша өзгерістер енгізіңіздер.

2. Сырғымалы жолдарға  келтірілген 3-2 мысалды Блокнот программасында теріп, оны 3-2 мысал.htm деп сақтап алып, нәтижесін Internet Explorer программасы арқылы көріңіздер де, келесі өзгерістер енгізіңіздер:

а) сырғымалы жолдардың биіктігін ауыстыру;

ә) бірінші сырғымалы  жолдағы мәтін түрін қызылмен, екінші жолдағы мәтін түрін –  көкпен бояу;

Информация о работе Методика HTML