Кіру әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:28, реферат

Описание работы

Кірудің бұл әдіс үшін “ортақ шина” топологиясы қолданылады. Сондықтан бір жұмыс станциясы жіберген мәліметтер бір мезгілде ортақ шинаға жалғанған қалған компьютерлермен қабылданады. Бірақ тек бір станцияға арналған мәліметтті (ішінде арналған станция адресі мен жіберуші станция адресі болады) сол адрестелген станция қабылдап, қалған станциялар оны қабылдамайды.

Работа содержит 1 файл

Кіру әдістері.doc

— 61.00 Кб (Скачать)

     Ethernet торапты адаптерлер енгізу/шығару  порттары мен бір үзіліс каналын  қолданады. Кейбір адаптерлер  жадыға тіке кіру каналдарымен (DMA) жұмыс жасауы мүмкін.

     Адаптер платасында, былайша айтқанда дискісіз жұмыс станцияларын құруға арналған тұрақты есте сақтау құрылғысының (ТЕҚ) микросхемасы орналасқан. Бұл құрамында  винчестер де, флоппи дискі де жоқ  компьютерлер. Операциялық жүйенің жүктелуі тораптан орындалады және оны дистанционды жүктеу микросхемасында жағылған бағдарлама орындайды.

     Торапты адаптерді компьютердің аналық платасына  салмастан бұрын, ауыстырып қосқыштардың көмегімен (аналық платада орналасқан) енгізу/шығару порттары, үзіліс каналдары үшін дұрыс мәндерін, дискісіз станцияның дистанционды жүктелуіне ТЕҚ-дің негізгі адресін беру қажет. Егер торап ұзындығы торап сегментінің ең үлкен ұзындығынан асып кетсе, торапты репитер арқылы байланысатын бірнеше (беске дейін) сегментке бөлу керек.

     Конструктивті репитер өзінің ток көзі бар бөлек  конструкциялы түрде, не компьютердің аналық платасына кеңейту слотына  салынатын плата түрінде болуы  мүмкін.

     Бөлек контрукциялы репитер қымбат тұрады, бірақ жіңішке кабельде, сол сияқты қалың кабельде құрылған Ethernet сегменттерін байланыстыру үшін қолданылуы мүмкін, өйткені онда коаксиальды разъемдар мен трансиверлі кабельдерді жалғауға арналған разъемдар да бар. Бұл репитердің көмегімен жіңішке және қалың кабельдермен жасалған сегменттерін бір торапқа байланыстыруға болады.

     Плата түріндегі репитерде тек коаксиальды  разъемдар болады және сондықтан  жіңішке коаксиальды кабельдегі сегменттерді жалғауға арналған. Бірақта  ол арзан тұрады, және электр көзін  жалғауға арналған жекеленген розеткіні керек етпейді.

     Жұмыс станциясына қондырылған репитердің кемшіліктерінің бірі бұл тораптың тәулік бойы жұмыс жасауын қамтамассыз  ету үшін репитері бар станцияда  тәулік бойына жұмыс жасап тұруы  керек. Токты айырған кезде торап  сегменттері арасындағы байланыс үзіледі.

     Репитердің  функциясы торап сегменттерін физикалық  тұрғыдан бөлу және тораптың бір сегментінен  екіншісіне тасымалданатын пакеттерді қалпына келтіруді қамтамассыз  болып табылады.

     Репитер тораптың сенімділігін арттырады, өйткені бір сегменттің істен шығуы (мысалы, кабельдің үзілуі) басқа сегменттердің жұмысына кедергі жасамайды. Бірақта, зақымдалған сегменттер арқылы мәліметтер өте алмайды.  

     Arcnet аппаратурасы  

     Arcnet торабын ұйымдастыру үшін арнайы  торапты адаптер қажет. Бұл адаптерде коаксиальды кабельді жалғауға арналған сыртқы разъем болады.

     Arcnet-тің  әр адаптердің берілген торапқа  арналған өзінің нөмірі болуы  керек. Бұл нөмер адаптерде  орналасқан ауыстырып қосқыш  арқылы тағайындалады және 0 ден  255 дейін аралықта болу керек.

     Arcnet торабын арналған шектеулер 

     Белсенді  концентраторға баратын кабельдің  максималды ұзындығы 300 м 

     Бір кабельге жалғанған жұмыс станцияларының минималды ара қашықтығы 00,9 м 

     Ең  ұзын маршрут бойынша тораптың масималды  ұзындығы 6 м 

     Жұмыс станциясы мен белсенсіз концентратордың арасындағы максималды ара қашықтық 30 м

     Белсенді  мен белсенсіз концентратордың  арасындағы максималды ара қашықтық 30 м 

     Екі белсенді концентраторлардың арасындағы максималды ара қашықтық 600 м  

     Жұмыс станцияларының торапты адаптерлері толқын кедергісі 93 ОМ болатын коаксиальды кабель арқылы арнайы құрылғы – концентраторға жалғанады. Сонымен қатар экрандалмаған виталы параларды қолдану болуы мүмкін. Концентраторлар белсенді (Passive Hub) және (Active Hab) белсенсіз болады. Бір концентраторға (оның түріне байланысты) 4,8,16 немесе 32 жұмыс станциясы жалғана алады.

     Arcnet торабына арналған шектеулер  10.4. кестесінде келтірілген. 

     Arcnet торабының жетістігі торап жабдықтарының  арзандығы (Ethernet – пен салыстырғанда)  және тораптың үлкен ұзындығы (6 км-ге дейін). Бірақта, секундына 2,44 Мбитті құрайтын төмен мәліметтерді тасымалдау жылдамдығы Arcnet торабының қолдасын шектейді.  

     Toren-Ring аппаратурасы  

     Бұл тораптың топологиясы сақина топологиясына  қарағанда жұлдызша топологиясына ұқсас. Бір-бірімен байланысып сақина құрудың орнына Toren-Ring жұмыс станциялары IBM шығарған 8228 типті концентраторға жалғанады. Шындығында, концентраторлар саны бірнешеу болуы мүмкін, онда бұл жағдайда концентраторлар арнайы алмалы-салғыштар арқылы сақинаға бірігеді.

     Бірақ, егер бір концентратор қолданылса, онда бірігетін алмал-салғыштарды  сақиналап қажеті жоқ. Toren-Ring торабындағы  мәліметтер тасымалдау жылдамдығы секундына 4 немесе 16 Мбит-ке жетуі мүмкін, бірақ  тораптық жабдықтың бағасы Ethernet торабына арналғаннан қымбат. Сонымен қатар, басқа да шектеулер бар (кесте – 10.5.)  

     Toren-Ring торабына арналған шектеулер  

     8228 типіндегі концентраторлардың максималды  саны 12

     Тораптағы жұмыс станцияларының минималды  саны 96

     Екі концентратор арасындағы кабельдің максималды ұзындығы 45 м

     Тораптағы барлық концентраторларды байланыстыратын  кабельдің максималды ұзындығы 120 м  

     Кестеден  көрініп тұрғандай Toren-Ring торапбы  үлкен арақышықтықтарға арналмаған. Барлық компьютерлер ғимараттың бір  немесе екі қабатында орналасуы қажет. Сонымен қатар, Ethernet-пен салыстырғанда жабдықтарының бағасының қымбаттығы да оның жие қолдануын төмендетеді.  

     Файл-сервер мен жұмыс станциялары  

     Файл-сервер локальды торабтың ядросы болып табылады. Бұл компьютер (көбіне аса жоғары өндіргіш мини-компьютер) операциялық жүйені қосып, торабпен тасымалданатын мәліметтер ағынын басқарады. Жекеленген жұмыс станциялары мен принтерлер секілді кез келген ортақ қолданылатын периферийнді құрылғылардың барлығы файл-серверге жалғанады.

     Әр  жұмыс станциясы өзінің дисколы  операциялық жүйесінің (DOS немесе OS/2 секілді) басқаруымен жұмыс жасайтын кәдімгі дербес компьютер болып  табылады. Бірақта автономды дербес компьютерден ерекшелігі жұмыс станциясында торабтық байланыс платасы бар және кабельдермен файл-серверге жалғанған. Сонымен қатар, жұмыс станциясында файл-сервермен, басқа жұмыс станцияларымен және торабтың басқада құрылғыларымен ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін тораб қабығы (оболочка) деп аталатын арнайы бағдарламаны қосады. Қабық (оболочка) жұмыс станциясына файл-серверде сақталған файлдар мен бағдарламаларды өз дискісінде тұрғандай қолдануға рұқсат береді.

Информация о работе Кіру әдістері