Кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 15:10, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Содержание

Кіріспе
Сайтты жобалау
Бақылау
Бағдарламау
Тестілеу
Жариялау
Жарнамалау
Сайтты орналастыру (Хостинг)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

2рефератсайттыжобалау.doc

— 68.00 Кб (Скачать)

 

Мазмұны:

 

  1.  Кіріспе
  2. Сайтты жобалау
  3. Бақылау 
  4. Бағдарламау
  5. Тестілеу
  6. Жариялау
  7. Жарнамалау
  8. Сайтты орналастыру (Хостинг)
  9. Қорытынды
  10. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе 
   Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. 
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.  
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. 
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау. 

                                              2. Сайтты  жобалау. 
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.  
Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.  
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.  
Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар 
 Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер.  
 Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды? Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып жатыр.  
Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар,  Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері. Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:  
§       Web-технологиялар; 
§       Сайт жасау экономикасы; 
§       Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі; 
§       Адам ресурстары және т.б. 
         Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады: 
§       Жоспарлау; 
§       Элементтерді жасақтау; 
§        Бағдарламау; 
§        Тестілеу; 
§        Жариялау; 
§        Жарнамалау; 
§        Бақылау; 
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек: 
1. Сайттың орны. 
2. Сайттың аудиториясы кімдер. 
3. Қандай ақпарат жарияланады. 
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады. 
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады: 
1.     Навигациялық құрылымын жасау. 
2.     Беттің дизайнын жасау. 
3.     Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

 
                       4.Бағдарламау 
Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда. 
                       5.Тестілеу 
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде: 
1.     Сілтеменің жұмысы; 
2.     Мәтіндегі қателер; 
3.     Навигацияның тиімділіғі. 
4.     Пошта және басқа формалардың дұрыстығы. 
5.     Графикалық файлдардың ашылуы. 
6.     Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы. 
                    6.Жариялау 
Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді. 
                   7.Жарнамалау 
Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады: 
1.     Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек; 
2.     Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу; 
3.     Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу; 
4.     Баннерлерді жарнама ретінде қолдану. 
                                  3 .Бақылау  
Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады.  Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.  
Web-сайт беттерін ұйымдастырған кезде, төменгі схемаларды қолдануға болады.  Веб-сайт жасау технологиясының экономикасы Интернет желісімен тікелей байланысты. Интернет желісі мен веб-сайттың дамуы әрқашан бір деңгейде жүреді. Қазақстанда алғашқы интернет  1994 жылы пайда болды– “Релком” ұйымы жаһанды Интернетпен хат алмасу мүмкіндігімен Интернет принципі бойынша электондық пошта желісін ұйымдастырды. Кокшетау қаласында нағыз Интернет “Арна-Спринт” (“АСТЕЛ”) компаниясымен 1997 жылдың жазында пайда болды және жоғары алғашқы трифтеріне – сағатына $ 10 қарамастын үлкен танымалдылыққа ие болды. Содан кейін “БанкНет” желісімен Интернетті Қазақстанның  НацБанкі ұсына бастады, оның байланысы 14400 бит/сек дейін жетті. Сол кездері  коммуникация салдарына ол үлкен жетістік, революция болды. 2000 жылдың 17 қарашасында  http://www.site.kz деректеріне сүйеніп, Қазақстанда 1945 сайт саналды[1]. Расында да веб-сайттардың тұрақты даму 2000 жылдан басталады, бірақ кейбіреулері одан бұрын шыға бастады, ол біздің аталарымыз, яғни Казнетті құрастырушылар тобы. Казнеттін 13 жылдық өмірбаяны[2]:

  • 1994 жылдың 19 қаңтарында Халықаралық ақпараттық желілер орталығында жоғары деңгейлі домен тіркеледі «.KZ»
  • 1995 жылы Вебмаманы Тимур Енсепов Қазақстанда тұнғыш қазақстандық сайттар каталогын ашады. Ол Kazakh Internet Yellow & White Pages деп аталды
  • 1996 жылдың 24 желтоқсаны Александра Е. Ляхов — Большая энциклопедия Казнета» порталының официалды туған күні
  • 1997 жылы kazecon.kz бизнес сайты Business Website of 1997халықаралық байқауында жеңімпаз болды
  • 1998 жылы алғашқы Интернет магазин Guide Park ашылды (http://www.gpark.com). Және осы жылдың маусымында мемлекттік тілдегі тұнғыш сайт пайда болды – Физикалық-техникалық институт МН-АН РК  (http://www.sci.kz)
  • 1999 жылы АО «Казахтелеком» қолданушыларға dialup’у — «Зона интернет» арқылы Интернетке қатынауға жол берді.
  • 2000 жылы мамырда “Казахстанский Интернет” атымен жоба жіберілді. Қатынас нөмері 8-750-111-0-111 болды. Міне осы кезден бастап сайттар саны ұлғайя бастады.

Ал қазіргі таңда Қазақстанда  бір жетіде кем дегенде 8-12 жаңа сайт құрылады. Қолданушылар және ресурстар  саны жылына екі еселенеді. АО «Казконтент» деректерінің статистикасы бойынша 2007 жылы Интернет аудиториясы ҚР халық санының көрсеткішінен 12,3 % және қала тұрғындарының 26,4 % құрады. 2010 жылы берілген сандар сәйкесінше 25,7 % және 44,1 % өзгерді. Қазақстандық Интернет ресурстарын күн сайынғы қарап шығудың орташа саны 2011 жылы 13,7 млн құрады.

2011 жылы қосымша тіркелген домендер  саны 10890 болды. Барлық тіркелген  домендік аттар саны (тіркелуі  ұзартылған) 2010 жылдан 2011 жылына дейін 16890 (106% жоғары 2010 жылға қарағанда). Домендік аттарды тіркеуге сұраныс 2011 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін өткен жылмен салыстырғандағы 35% өсті және 12957 сұранысты құрады, толық тіркелген домендер саны 65000 болды (2010 жылмен салыстырғанда 25% жоғарлады). 2011 жылдың қазанда Интернет желісін қолданушылар саны ҚР 6,5 млн адам болды. Webomer санауышының версиясы бойынша қазіргі уақытта 13 қазақстандық сайт кіру саны бойынша Топ-50 кіреді (бұл көрсеткіш 2010 жылға қарағанда 70%  өсті).

Қазақстанның құқық органына сәйкес барлық сайттар СМИ статусына  ие. Сайтты құру әр түрлі ұйымдарға  клиенттерді глобальді Интернет желісінен алуға мүмкіндік береді. Қолданушылардың көбісі тауар туралы ақпарат алу үшін бір жаққа  қонырау шалмай, бармай-ақ сол ұйымның жеке веб-сайтынан керектінін барлығын оқып алады. Ұйымның жеке веб-сайты – бұл бизнес, бірақ Интернетте. Себебі веб-сайт сатуды жоғарлатуға, жаңа тауарлар туралы ақпаратты уақытында клиенттерге жеткізуге көмегін тигізеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда тауарларды онлайн сату саласы дамып келе жатыр. Қазақстан экономикасының жаңа жас бағыты веб-сайт технологиясы болып табылады. Себебі болашақта экономикада маңызды ролді веб-сайт технологиясы атқарады. Үкімет бұған көңіл аударып, сол салаға көп қаражат бөледі. Барлық экономикалық сауда-саттық мәселелері сайт арқылы жүргізіледі.

Қазақстанда сайт жасау технологиясы күн сайын дамып келетініне күмән  жоқ. Сайтты жасау үшін жақсы мамандырылған  адамдар қажет. Бірақ қазақстан  бұндай мамандарға тапшы. Профессионалды сайт жасау технологиясы Алматы, Астана, Петропавл қалаларында жоғары деңгейде тұр. Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам — Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша басқарушы, менеджер. Егер ұйым өзіне веб-сайтты минималды шығындармен жасаса, ол 15000-17000 мың теңгеге дейін жетеді. Мұндағы 7000-8000 теңге қарапайым сайт+хостинг 8000-9000 теңге. Сайттар түріне, күрделілігіне байланысты бағаланады. Веб-сайт құны 7000-200000 теңгеге дейін жетеді. Төменде Қазақстандық тарифтерге мысал келтірілген[3,4,5]:    

                       8.Сайтты орналастыру (Хостинг)

  • Эконом тарифі:  Дискте алатын көлемі 700 Мб, 100 пошталық  жәшік, 1 БД MySQL. Бағасы 590-890 тенге/айына., 7900-9900 тнг/жылына.
  • Стандарт тарифі: Дискте алатын көлемі  1500 Мб, 500 пошталық  жәшік, 5 БД MySQL. Бағасы 1190-1390 тенге/айына., 13900-15900 тнг/жылына.
  • Бизнес тарифі: Дискте алатын көлемі  2500 Мб, 1000 пошталық  жәшік, 15 БД MySQL. Бағасы 1490-1690 тенге/айына., 16900-18900 тнг/жылына.
  • Профи тарифі: Дискте алатын көлемі  3500 Мб, шексіз пошталық  жәшік және  БД MySQL. Бағасы 2490-2690 тенге/айына., 28900-30900 тнг/жылына.

 

    Сайт құрастыру

  • Эконом тарифі:  Домендік ат, хостинг, сайтпен тегін басқару панелі, жеңіл дизайн, контент, іздеу жүйелерінде тіркелу. Бағасы 60000-90000 теңгеге дейін.
  • Стандарт тарифі: Жеке дизайн, сайтпен өндірістік басқару жүйесі, хостинг, домендік ат, контент және іздеу оптимизациясы. Бағасы 120000-150000 теңгеге дейін.
  • Индивидуалды тарифі: Егер жеке подходты қажет ететін өзіндік жоба болса, бағасы  180000-210000 теңгеге дейін жетеді.

 

    Интернет магазиндерді құрастыру

  • Шапшаң старт тарифі: домендік ат, сайтпен тегін басқару панелі, жеңіл дизайн, контент, іздеу жүйесіндегі тіркелу. Бағасы 60000-90000 теңге.
  • Жеке тарифі: Жеке дизайн, өндірістік басқару жүйесі, хостинг, домендік ат, контент және іздеу оптимизациясы. Бағасы 110000-130000 теңгеге дейін жетеді.

 

                                            Қорытынды.

     Сайтты құрғаннан кейін негізгі мақсат болып, халық  назарын аудару болып табылады. Ол үшін іздеу функцияларын дамыту қажет. Іздеу кезінде бірінші жолда шығатындай етіп сайтты жасау қажет. Қазақстанда жүргізілген статистика бойынша адамдардың 95% бірінші, яғни негізгі бетіне көп назар аударады. Осы жағдайды ескеріп көптеген веб-мамандар бірінші бетті ең көрікті етіп жасайды. Веб-сайттың негізгі қызметтерінің бірі — жарнама және қолданушылардың барлық қажеттіліктерін қанағаттыруға арналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынған әдебиеттер:

    1. http://www.kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/233-informatika/2715-web-bet-dizayni-html.html

Информация о работе Кіріспе