Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 07:41, реферат
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар.Олардың ауқымыды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар.Бұқаралық ақпараттық жүйеде « 100-мегабитті технологияны... Желілік технологиялар... интернеттегі жанжал... интражелілер...» деген сөздер жиі естіліп жатады.Бірақ біз бұл материалдарды түсындыру кезінде оқушылар желілерімен таныс емес тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз
1. Компьютерлік желілер
2. Компьютерлік желілердің түрлері.
3. Негізгі желілік топологиялар
4. Желілік техникалық құралдар
5. Желілік программалық құралдар
6. Клиент сервер технологиясы
7. Желілік технологиялар.
8. Желілік принтерлер
9. Мәліметтер базасы
10. Жұмыс станциялары
8. Желілік принтерлер
Кез келген қызмет бабында мәтіндік құжаттарды қағазға жиі басуға тура келеді. «Қағазсыз» технологияның күнбе-күн іске асып жатқанына қарамастан, қағазға басылып жатқан мәліметтер көбеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер мекемеңіздің абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын құжаттар сапалы лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайым құжаттар үшін ғана бірнеше жүз доллар тұратын арзан принтерді пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де қажет болып қалады. Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат лазерлік принтер алу керек,оның құны мың долларға жетіп артылады.
Әрине, ірбір компьютерге қосылған қымбат лазерлік принтерлер ала беру қажет те емес шығар. Мұндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де, сондықтан бір мекемеде әдетте бір, әрі кеткенде екі принтер ғана болады.Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жасауға болады екен?
Мұның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге , екінші жағынан бірнеше компьютерге бірдей жалғанады. (28.3-сурет). Ал, егер компьютерлер бірнеше бөлмелнрде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат тұратын бір принтердіортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің артықшылығы артпаса да түсініктішығар.Бірнеше принтер сатып алудың орнына бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы жалғап, жұмыс өнімділігін төмендетпей пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы қаржының үнемделуін әркім өзі-ақ есептеп алады.
9. Мәліметтер базасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе бірнеше файлында орналасады.Мұндай мәліметтермен бір адам жұмыс істей береді. Ал егер мәліметтермен бір адам жұмыс істей алады. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін құрылған болса ше? Ондайда бұл мәліметтерді бір мезетте екі –үш адам пайдалануына тура келеді. Ал, ол компанияның филиадцары әр жерде және бір-бірінен қашық орналасса ше? Мұндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақтышы қалай пайдалана алады?Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар,оны көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жұмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын серверге(негізгі ЭЕМ) орналасу керек. Желінің жұмыс станциялары зерделі терминал рөлін атқарып , қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сұрап, оның дискісінен алып отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сұраныс түскен соң, керекті мәліметтер жұмыс станциясына жіберіліп отырады(28.4- сурет). Мұндай база орналасқан сервер құрамында дисплей мен пернелік тақта болғанымен, олар әдеттегідей жұмыс тәртібінде пайдаланылмайды. Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ-дермен(яғни мәліметті пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса алады.Терминал(енгізу-шығару құрылғысы) рөлінде дербес компьютер тұрғандықтан сервер қорларын көптеген жұмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өңдеуді терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өңдеу тәсілі терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жұмыс өрімділігін арттыруға үлкен себебін тигізеді.
10. Жұмыс станциялары
Егер жұмыс станциясының операциялық жүйесі ретінде Windors пайдаланылса, кез келген адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін Windows мәтіндік процессор форматында немесе Excel электрондық кестесі форматында көрсете алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лазерлік принте(әрине желіге жалғанған болуы тиіс) әдейілеп қағазға басып алуға болады. Мұнын бәрін тек экран мен пернеліктен тұратын жеке пайдаланылатын компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес компьютер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым пайдаланылатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір-бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік дисклердің жылдан жылға арзандауына қарамастан, оның көлемі ешқашан да толық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметтерге көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол файлды желіиен жұмыс істеу барысында барлық компьютерлерге көшіру қажет емес. Жергілікті желіге қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін(немесе бір- екеуін ) файл –сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондайә компьютерлердің дискісінің көлемі үлкен болуы тиіс(жүздеген Мб, тіпті ондаған Гб-қа да жетуі мүмкін). Мұндай дискіні кез келген жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісіндей пайдалана береді.
Егер көпшілікке керекті мәліметтер файл-сервер дискісіне жазылса, онда желідегі барлық жұмыс станциялары(немесе администратор рұқсатына байланысты олардың белгілі бір побына ғана ) сол мәліметтермен жұмыс атқара алады. Осындай тәсілмен файл-сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша тағы бір-екі диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтердің сыртқы ЭЕМ-нен алынғанын адам байқамайды да.
Файл –сервердің сыртқы жады ретінде компакт-дискіні оқитын құрылғыны немесе мәліметтерді қайта жаза алатын магниттік-оптикалық дискілерді пайдалануға да болады. Компакт –дискіден мәліметтерді оқу құрылғысы арзан тұрады, сол себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станциясында бар. Бірақ мұны да теку файл –серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз қаржы үнемдей алады. Ал, магниттік оптикалық дискінемесе жоғары көлемді(бірнеше Гб) қатты дискілер біршама қымбат тұрады,сондықтан оларды да кезқ келген компьютерге қоймай , файл –серверге орналастырған ыңғайлы екені белгілі шығар. Сонымен көлемді мәліметтер көпшілікке керек болғанда, оны ортақтаса пайдаланудың ең тиімді түрі – компьютерлерді жергілікті желімен байланыстыру болып табылады.