Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 08:44, доклад
Компьютерлік вирустар – компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.
Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.
Компьютерлік вирустар – компьютерге зиян келтіру үшін жасалған бағдарламалар.
Вирустар өз-өзінен көбейіп, өздерінің көшірмелерін жасап, жасырын түрде компьютерде тұрған ақпараттарға, құжаттарға зақым келтіруі, кейде оларды өшіріп тастауы мүмкін.
Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус "Мен сені сүйемін!" деген аттағы файлмен таралды.
Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар: 1) кіші көлем; 2) өздігінен жіберу; 3) вирусты көп рет көшіру; 4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.
Вирустар зақым келтіру масштабына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
Зиянсыз – компьютер жұмыс жасауына әсер етпейді, бірақ өз-өзін көбейту арқылы компьютер жадындағы бос орындарды кемейтуі мүмкін.
Қауіпсіз – диск жадын графикалық, дауыстық, ішкі эффекттер арқылы азайтады.
Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.
Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.
Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:
Файлдық вирустар – .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.
Жүктелуші вирустар – кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.
Макровирустар – Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді. Word, Excel құжаттарды ашқанда, онда макрос бар екендігі туралы хабар келеді. Егер макростардың жүктелуіне тыйым салуды қаласаңыз, макростардың пайдалы мүмкіндіктерінен де мақрұм боласыз.
Желілік вирустар – компьютердегі желі арқылы таралады. Пошта жәшігіңіздегі хабарламаны ашқанда кірген файлдарға мән берген жөн!
Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады.. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар Соңгы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша ВІК-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мөтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің сощы кластеріне) жасырьш жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (ҒАТ) файлдың соңы ретінде белгілейді. Барлық .СОМ жөне .ЕХЕ типті файлдар үшін — каталоггағы файлдың ажашқы мәлімеіі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дүрыс көрсеткіш — таңбаланған (кодталган) түрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол түрақты ЭЕМ жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін ВОЗ программаларына жабысады. Бірақ жалгіы көрініс каталог дұрыс жүмыс атқарған сияқты болып сырт кезге мұның әсері білінбей түрады. Тек вирусы бар дискетгерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі қысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қоспағанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай "ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Аіс&еБІ программасының соңғы нұсқалары). 5. "Көрінбейтін" жәие өздігінен өрбитін вирустар Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тесілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін — "көрінбейтін" жөне өздігінен өрбитін вирустарды қарастырайық. "Көрінбейтін" вирустар Көптеген резңдештік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар ОО8 жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес. Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқамас үшін өз көлемінің бір сыпырасын таңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздал өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.