Компьютерде көлемді мәліметтерді өңдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 08:44, реферат

Описание работы

Мәліметтер базасы – белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны.
Пәндік аймақ дегеніміз – мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Мәліметтер базасын басқару – мәліметтермен жан – жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен.

Работа содержит 1 файл

Компьютерде көлемді мәліметтерді өңдеу.doc

— 248.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

 

Физика-математика факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:    Компьютерде көлемді мәліметтерді өңдеу

 

 

 

 

                                                                   Орындаған: 4-курс студенті

                                                                   Маханова А.С. 

                                                                   Тексерген: Мәжібаева Г.

 

 

 

 

 

 

Алматы - 2008         

 

 

Мәліметтер базасы жөнінде негізгі мағлұматтар

 

 

Мәліметтер  базасы – белгілі бір пәндік аймаққа жататын объектілерді олардың қасиеттерін және өзара қатынастарын бейнелейтін, өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. 

Пәндік  аймақ дегеніміз – мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі болып табылады.

Мәліметтер  базасын басқару – мәліметтермен жан – жақты қатынас құра отырып, олардың өңделуін қамтамасыз ететін база құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен.

Microsoft Access 97/2000 мәліметтер қорын басқару жүйесі Windows 98/2000 ортасында жұмыс істейтін, жаңа буынға жататын реляциялық мәліметтер базасы  32 – разрядты басқару жүйесі болып табылады. Оның  Windows технологиясының барлық жақсы қасиетін сақтай отырып, пайдаланушының жайлы жұмыс істеуіне бағытталған өте қолайлы графикалық интерфейсі бар.  Microsoft Access кестелер, формалар, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.

Кестелер – мәліметтерді сақтау үшін жасалған өрістерден, жазбалардан тұратын мәліметтер.

Кесте – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект. Ол өрістер мен жазбалардан тұрады.

Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі мәліметтерді сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипаттайтын объект туралы толық мағлұмат береді.

Өріс  – кестедегі бағана немесе тік жол. Access – те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады.

Енгізу  өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады. Оған пернелер арқылы мәліметтер енгізіледі. Объектінің әрбір сипаты белгілі бір өріс мәні болып табылады. Әрбір кесте үшін бастапқы түйінді мәнді, яғни негізгі өрісті анықтауға болады.

Түйінді өріс – кестедег іжазбалрды таңдап алу үшін қолданылатын негізгі өріс.

Кілт  немесе түйін – кесте жазбаларын анықтайтын  немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.

Санауыш – кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.

Сұраныс – жұмыс істеушінің керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу жолы мен сұраныс арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға және жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа кестелер құрұға болады.

Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе олардың басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысатын мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.

Басылым (Отчет) – мәліметтерді баспаға шығарып, қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған нәтижелі құжаттар.

Макростар – кейбір оқиғаларға жауап ретінде орындалатын әрекеттердің сипаттамасы болып табылады. Әрбір әрекет қажетті параметрлерді таңдап алуға және олдарды автоматтандырылған режимге енгізуге болатын макрокомандамен іске асырылады. Макрос бір қолданушыға программада мәліметтерді өңдеудің жекелеген операцияларын біріктіруге мүмкіндік береді.

Модульдерде программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды қолдануға мүмкіндік береді.

 

 

 

Кесте режимінде жұмыс істеу

 

Жоғарыда  кестелер – мәліметтер базасының негізгі объектілері екенін атап өттік. Мәліметтерін базасын жасау алғашқы кесте құрудан басталады. Ал, кестедеоның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады. Access – те кесте құрудың 5 тәсілі бар. Кесте ішкі бетін ашып, Құру(Создать) батырмасына шертсек, 1 – суреттегідей Жаңа кесте сұхбаттасу терезесі шығады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.

 

 

1 – сурет.  Мәліметтер базасын құру режимін таңдау терезесі

 

Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кесте құру мүмкіндігіне ие боламыз (2 -кесте). Бірінші жолға өріс атаулары (Поле1, Поле2, т.с.с. орнына), ал қалған жолдарғаосы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен екінші өріске өту үшін Tab  және  Shift + Tab  немесе бағыттауыш тілсызықтары бар пернелерді қолдануға болады.

 

 

 

2 – кесте.  Кесте құру терезесі

Мәндерді енгізіп  біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесінде кестеге ат беруге болады. Содан кейін кесте құрылымын Конструктор режимінде көруге болады. Ол  төмендегі суретте көрсетілген.

 

 

 

3-кесте.  Кесте құрылымын Конструктор режимінде көру терезесі

 

Конструктор режимінде кесте құру

 

Кестені конструктор  режимінде ашу үшін оның атын деректер базасы терезесінде белгілеп алып, Конструктор белгішесін басу керек, ал Конструктор режимінен деректерді теру режиміне ауысу мен деректер модификациясы үшін Түр менюінен Таблица режимі командасын не болмаса Саймандар тақтасынан Түр белгішесін таңдаймыз. Төменде конструктор режиміндегі кестенің ішкі беті көрсетілген:

 

 

4 –сурет. Конструктор режиміндегі кестенің терезесі

Ал құрылған кестені  қайта көру, деректерді жою немесе өзгертулер енгізу үшін Ашу батырмасы арқылы немесе деректер базасы терезесінде оның атына тышқан батырмасын екі рет сырт еткізу арқылы  ашуға болады. Ал кесте ашулы тұрған сәтте конструктор режиміне біз саймандар тақтасынан Түр белгішесін шерту арқылы өте аламыз.

Ал 5 - суретте кестенің теру және модификация режиміндегі ішкі беті   көрсетілген:

 

 
5 – сурет. Кестенің теру және модификация режиміндегі терезесі

 

Кестелер  шебері режимінде кесте құру

Кесте шеберін  таңдау арқылы үлгі бойынша кесте  құру мүмкіндігіне ие боламыз. Бұл жерде кесте үлгісін және осы кестеге арналған өріс үлгілерін көрсету керек. Ары қарай Шебердің ұсыныстарын жүзеге асыра отырып, сұхбаттасуды аяқтау керек. Бұл режимде кесте құру мысалдары 6 -10 кестелерде  келтірілген.

  • белгісі бар квадрат курсор тұрған жеке өріс жаңа кестеге енгізілетінін көрсетеді.

 

    белгісі сол жақтағы барлық өрістердің кестеге енгізілетінін көрсетеді.

 

  • белгісі жаңа кестеден алынып тасталынатынын білдіреді.

 

  • белгісі барлық өрістің жаңа кестеден жойылып, өз орындарында қалатынын білідереді.

 

 

 

6 –сурет. Дайын  үлгі бойынша кесте құру терезесі

 

Егер жаңа кестенің қандай да бір өрісінің атын өзгерту керек болса  батырмасын басу қажет. Жаңа кестені құрып біткеннен кейін, батырмасын басу қажет. Сұхбаттасудың 2 – қадамында (7 - сурет) жаңа кестеге ат беріп, кілтті анықтау тәсілін таңдау керек.

 

 

7 – сурет.  Құрып отырған кестеге ат беру

 

3 –қадамында (8 – сурет) жаңа кесте алдында құрылған кестелермен байланысы болу керек пе, әлде керек емес пе сол көрсетіледі. Егер байланыс орнату керек болса, Байланыстар (Связи) батырмармасын басып сұхбаттасудағы (9 – сурет) қажетті іс - әрекеттерді орындау керек.

 

 

8 –сурет. Құрып  отырған кестенің байланыстарын  анықтау

 

Сұхбаттасудың 4 – қадамында кесте құрылып  біткеннен біткенен кейін, тұтынушының кестемен қандай іс - әрекет орындайын деп отырғанын көрсету қажет. Практикада кестенің құрылымын өзгерту іс - әрекетін таңдаған дұрыс. Дайын (Готово) батырмасын басқаннан кейін құрылған кестенің сипаттау терезесі Конструктор режимінде ашылады, мұнда кесте құрылымына қажетті өзгерістер енгізуге болады.

 

 

9 – сурет.  Құрып отырған кестенің байланыстарын анықтау

 

Кестелерді  енгізу (Импорт таблиц) шебері және кестелермен байланыс (Связь с таблицами) шебері басқа қолданбалы программаларда құрылған дайын мәліметтер базаларынан  кестелер құруға мүмкіндік береді. Кестелерді енгізу (Импорт таблиц) шеберін қолданғанда сыртқы файлдан жұмыс істеп тұрған ағымдағы мәліметтер базасына мәліметтер мен объектілерді енгізу (импорт) жүзеге асырылады. Кестелермен байланыс шеберін қолданғанда , ағымдағы мәліметтер базасында сыртқы файл кестелерімен байланысқан кестелер құрылуы жүзеге асады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

 

Мәліметтер  базасы жөнінде негізгі мағлұматтар

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

а) Кесте режимінде жұмыс істеу

 

ә) Конструктор  режимінде кесте құру

 

б) Кестелер шебері режимінде кесте құру

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

 

 

 

1. Бекаревич Ю.Б., Пушкина  Н.В. СУБД Access для Windows 95 в примерах.- Санкт – Петербург, 1997.

 

2. Нейбауэр А..  Access 7.0  для занятых. - Санкт – Петербург, 1997.

 

3. Абдуллина В.З. Базы  и банки данных. Учебное пособие.  – Алматы: КазНТУ, 2003.


Информация о работе Компьютерде көлемді мәліметтерді өңдеу