Компьютердің құрылғылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:24, реферат

Описание работы

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді
қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - есепшот,
арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла бастады

Работа содержит 1 файл

Компьютердің құрылғылары.doc

— 113.00 Кб (Скачать)

өсуі бойынша реттеліп келтірілген. Кейде конструкциялық ерекшеліктеріне қарай бір модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әртүрлі бола береді - жиілігі артқан сайын оның жүмыс жылдамдьшы да өсе түседі.

 

Intel 8088, 80286, 80386 тәрізді бұрын шыққан микропроцессорлардың аралас сандар мен амалдарды жылдам орындайтын арнаулы командалары жоқ, сондықтан олар жүмыс

өнімділіктерін арттыратын қосымша математикалық сопроцессорлармен (Turbo режимі) жабдықталады. Компьютерлер алып жүруге ыңғайлы вариантта да жасалады (Laptop немесе Note book). Мұндай ЭЕМ-дерде жүйелік блок, монитор және пернелік бір қорапта жасалған: жүйелік блок першлік астында, ал монитор пернеліктің қақпағы түрінде жасалған.

 

ЭЕМ-нің жедел жады

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-нің

жедел жады (RAM), сондай-ак тұрақты есте сақтау

құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.

 

Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметгер мен программалар ғана сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискіден жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадка жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жүмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған

байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) түратын байт бірлігі

қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация З60кб, 720 кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда

1 кб (1 килобайт)=1024 байт, ІМб (1 мегабайт)=1024 кб, ал винчестер деп аталып жүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып

сақталады.

 

Әдетте IBM PC XT (бүрынғы модель) компютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін - ІМб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16 Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.

 

Компьютердің жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол езгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте түрақты жадтың көлемі шағын 32 - 64 Кб шамасында. Тұрақты жадқа керекті программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді тоқ көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.

 

Сиымдылығы 1 Мб немесе одан жоғары болып келетін компьютерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640 Кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:

- операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін және компьютердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жүмыстарын орындау үшін;

- экранға кескіндерді беру үшін;

- компьютердің қосымша қүрылығыларымен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады. Жедел жадтың көлемі туралы сөз болғанда, оның бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Мінз, осывдай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілгш бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады.

 

INTEL фирмасының 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорлары 1-16 Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 процессорлар - 4-8 М6 көлемімен жұмыс істей алады.

Бірақ операциялық жүйе үлкен келемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосымша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар - "драйверлер" жасалынады, олар қолданбалы

программадан тапсырма алады да, процессордың "қорғалған режим" жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жүмыстың қалыпты режиміне ауысады.

 

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды.

Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін

аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады. Процессордан бөлек компьютер қүрамында: - ЭЕМ құрамына кіретін (дисплей, диск жәнз т.с.с.) әртүрлі қүрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);

- енгізу-шығару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі

принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері

құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары

түрінде болады.

 

Енгізу-шығару порттары ішкі негізгі кұрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1 - LPT3 деп белгіленетін

параллель және COM1 - COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон

желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).

 

Графиктік адаптерлер

Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін кажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал

экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдык (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып

бөлінеді.

 

ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан түрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.

 

Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жад бар.

 

Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы

символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокпен байланыстыру қүрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес

болады.

 

Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады. Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.

 

 

Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытта 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспахана жүйелерінде 800*600 және 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр.

 

Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм - Ідюйм = 2,54 см.) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17, 20 және 21 дюйм - диагоналы бойынша 54 см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар

түрлі түсті (16 млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара (монохромды) болып та шығарыла береді. Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер

палитрасын (жиынын) анықтайды: CGA (ескі модель) стандартты режимде 4 түспен, EGA - 64 түспен, VGA – 256 түске дейін, ал SVGA - миллионнан аса түстермен жұмыс істей

алады. Бірақ символдық режимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданады.

 

Монитор типін ЭЕМ-де цойылган мацсатқа байланысты таңдау керек. Егер тек мәтіндік информациямен жумыс істейтін болсац, онда монохромды символдъщ монитор

жеткілікті. Ал, егер де автоматтандырылган жобалау жүмыстарымен айналысу цажет болса, онда турлі тусті графикалъщ монитор цажет болады. Бірац көптеген

программалармен жумыс істеу кезінде турлі туспгі графикальщ мониторларды колданған өте ыңгайлы екенін есте сақтаган жөн.

 

Дискідегі информация жинақтауыш

Информация жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді.

Олар көлемді информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жүмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның

мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.

 

ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелгй оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты,

бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жүмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толыктырады.

 

Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД – накопитель на магнитных дисках) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жинақтауыш (ИМДЖ) (НГМД - накопитель на гибких магнитных дисках) және қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ) (НГМД - накопитель на жестких магнитных дисках).

 

Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы ЮМ РС-де қатқыл дискшің мәлімет сиымдыльгы 20 - 40 Мб, 80386 SX, DX және 80486 SX (SX - бір процессорлы, DX - екі

процессорлы) - 300 Мб-ға шейін, 80486 DX - 500 - 600 Мб, ал Pentuim - 1-40 Гб-қа шейінгі деңгейде езмесе одан да жоғары болады.

 

Қатқыл диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық қорпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерде тұрады. Иілгіш алмалы-салмалы дискетке карағанда винчестерге өте

көп мәлімет көжмі сияды, сондықтан оны пайдалану өте ынғайлы

 

Иілгіш дискідегі (дискеггегі) жинакгауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сакгап қою үшін, катқыл дискідегі мәліметгердің архивте (тығыздалған) көішрмесін алу үшін керек

Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын көлемін білуі тиіс және дискіде қанша бос орын қалғанын қадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.

Иілгіш диск (дискет) - табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жағылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет

жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбүрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.

 

Дискеттің негізгі параметрі - оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол диаметрі 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89

мм болады. IBM PC XT, AT компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік (133 мм) дискеттер қолданылған болатын. Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы

дискжетектің ұясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеггер ұясы болуы мүмкіа Дискеттер алмалы-салмалы қүрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі

компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет. 5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720 кб немесе 1,2 Мб информация сақтай алады. 3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44 Мб және 720 Кб. 1,44 Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады. Соңғы

шығып жатқан ДЭЕМ-дерде 3,5 дюймдік дискеттер ғана қолданылады.

 

Дискеттерді мәлімет жазудан сақтау. 5,25 дюймдік дискеттерде мәлімет жаздырмау үшін арнайы ойық бар Егер осы ойықты қағазбш желімдеп жауып койса, онда оған мәлімет жаза алмайсыз, яғни бүрынғы информация өзгеріссіз сақталады. Ал 3,5 дюймдік дискеттерде жаңағыдай ойықтың үстінде жылжымалы ілгек бар, оны

жоғары-төмен қозғай отырып, мәлімет жазуға немесе жаздырмауға болады  Суретте ілгек рүқсат етілген тәртіпте түр, мүндайда ойық жабық түрады. Ойықты ашатын болсақ, оған

мәлімет жазуға болмайды.

 

Дискетті форматтау (белгі салу). Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы тәсілмен форматтайды, яғни беттеріне белгі салады. Форматтау операциялық жүйенің

Информация о работе Компьютердің құрылғылары