Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 11:22, реферат
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.
Компьютерді қолдағандағы зияны.
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.
Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.
Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
Бұған қоса және
жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар
секілді еркінен тыс
Ақпарат ғасыры аталып жүрген ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше мән бермейтін бейқамдығымызбен бесаспап құралдың залалдарына бүгінде назар аударып жатқан ешкім жоқ.
Мұхтар Шаханов ағамыз осыдан біраз бұрын компьютер басты жартыкеш адамдар туралы жазып, жұртшылықтың назарын аудармақ болған еді. Бірақ, оған ден қойып, адамзат, оның болашағы үшін үлкен мәні бар бұл мәселеге көңіл аударған пенде болмады.
1990-шы жылдардың соңында табалдырығымыздан имене аттап, өмірімізге енген бүгінде төрімізді түгел жайлап алған компьютердің залалды жақтары қазірдің өзінде әр жерден атойлап анық байқалып отыр. Ол «хакер» деп ат қойып, айдар тағылған компьютердің бес-аспап шеберлерінің түрлі мекемелердің бағдарламаларына еніп, ірі көлемде ақша немесе аса құпия ақпараттар ұрлап, кәделеріне жаратуы сияқты сыртқы залалдарымен басталып, онан қалды, адамдардың ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлерімен өмірімізге тереңдеп еніп барады. Компьютер тек арнайы бағдарламалар бойынша белгілі бір саланың мамандарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын қарапайым құрал емес, оның ішінде түрлі қызықты ойындар, анықтамалар, Интернет желісіне ену арқылы қалаған тақырыпта ақпарат алуға мүмкіндіктер бар. Бір сөзбен айтқанда, оның мүмкіндігі шексіз. Іздеген тақырыбың бойынша қалаған ақпаратыңды әп-сәтте ала аласың. Қалаған адамыңмен байланысып, көзбе-көз көріп отырғандай сөйлесуіңе немесе хат алмасуыңа әбден болады.
Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті.
Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге жұмыс істейтін әріптестер, бала-шаға дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, фәни жалғаннан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен ТМД елдерінде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.
Ежелгі үнді елінде үстемдік құрған ведалық өркениетте дхарма деген түсінік бар. Ол адамның туа бітті табиғи міндеті деген мағынаны білдіреді екен. Әр пенденің табиғи міндеті өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдармен, айналасындағы табиғатпен қарым-қатынаста болу. Егер біз айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынаста болсақ, бұл дүниенің қызық-қуанышына кенеліп, тәнімізді тастаған соң жұмаққа енеді екенбіз. Веда ілімі осылай дейді. Яғни, екі дүниенің бақытына кенелудің жалғыз жолы айналамыздағы жандармен түсіністік, сүйіспеншілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болу көрінеді.
Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, басқа да фәни игіліктермен қамтамасыз еткен компьютер бізді ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күнұзақ балабақшада болып, анасын сағынған бүлдіршін оған еркелеп ойнағысы келсе, сүйікті сериалын көруге ынтыққан әйелге сәбиіне көңіл бөліп, бір сәт онымен жылы қарым-қатынаста болу мүлдем қызықсыз көрінеді. Осылайша, ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, көршілердің, әріптестердің ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.
Мұсылман дінінің ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.
Компьютердің
мониторындағы кескіндер
Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.
Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.
Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.
Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.
Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз. Міндетті түрде үзілік қажет. ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.
Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.
Жоғарыда аталып өткен оқиға Интернетке тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді. Енді осы психикалық ауру жайлы қарастырып көрелік. Себебі неде? Симптомдары қандай? сынды сұрақтардың жауабын іздейік.
Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Иван Голдбергтің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Иван Голдбергтің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған.
Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.
Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі,ауоуға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.
Бернад Батник, (ғалым, Гисен университеті (Алмания), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылады.
Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады.
Осынау аурудың себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Орта болған да да адам айналысуға тиімді әрекеттер: қарым-қатынас құруға арналған сайттар, форумдар, чаттар. Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.
Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыпса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернетарқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады.
Ғалымдар ауру мен интернетке тәуелділіктің тұжырымдамасына келгенде әрқилы пікірде болғанмен, интернетке тәуелделектің симптомдарына қатысты бір ауыздан төмендегідей бәтуа берген:
Сондай-ақ, компьютердің алдында шамадан тыс көп отыру төмендегідей зиян шектіреді:
Сонымен қатар мынандай кері әсерлері болуы да ғажап емес:
А.Байтұрсынов атындағы