Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2011 в 15:28, реферат
1 Аппараттық жабдықтар
2 Дербес ЭЕМ
3 ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары
4 ЭЕМ-нің жедел жадысы
5 Графиктік адаптерлер
6 Дискідегі ақпарат жинақтауыштар.
- ЭВМ құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);
- енгізу-шығару
порттары, олар жүйелік блокқа
әр түрлі принтер,
Енгізу-шығару порттары
ішкі негізгі құрылғылармен байланыс
жасайтын арнайы порттан және шеткері
құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі
т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы
порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар
LРТІ – LРТЗ деп белгіленетін параллель
және СОМІ – СОМЗ болып белгіленетін тізбекті
бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар
жұмысты жылдам істейді, бірақ байланысу
үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді.
Принтермен жалғасатын порт параллель,
ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын
порт тізбекті түрге жатады.
Графиктік
адаптерлер
Монитор немесе дисплей - ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді.
ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Электрондық сәуле экранда секундтің 1/50 бөлігінде жүріп өтеді, бірақ экран бейнесі одан жәй өзгереді. Сондықтан экранның бір көрінісі үшін бейне-сигналды бірнеше рет қайталап беріп отыру керек. Адаптерде бейнелер көрінісін сақтауға арналған бейнелік жады бар.
Көбінесе символдық режимде дисплей экранына 80 таңбадан тұратын 25 жол мәлімет шығарылады (барлығы – 2000 таңбадан тұратын стандартты машинка қағазындағы символдар саны), ал графикалық режимдегі экранның бейнелеу (көрсету мүмкіндігі) қабілеті адаптер тақшасын жүйелік блокпен байланыстыру құрылғысының мүмкіндіктеріне сәйкес болады.
Экрандағы кескін көрінісінің сапасы графикалық адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: ЕGА, VGА, SVGA. Қазіргі кезде VGА, SVGA (Super VGА) кeңінен қолданылады, SVGА-ның көрсету қабілеті өте жоғары. Адаптерлер бейнелерді айқындап көрсету қабілетімен ерекшеленеді.
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графикалық режимде экранда көрсетіле алатын бір жолдағы нүктелер (никсельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*348 мүмкіндікті немесе одан да жоғары монитор вертикаль (тік) бағытта 348 жол-нүктені көрсете алады, ал оның әр жолында 720 нүкте бар. Баспахана жүйелерінде 800*600 немесе 1024*768 мүмкіндікті немесе одан да жоғары мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар қымбатырақ тұрады.
Экран бетінің мөлшері диагональ стандарт (14 дюйм -1дюйм> 2,54 см.) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17, 20 және 21 дюйм – диагоналы бойынша 54 см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16 млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара болып та шығарыла береді. Адаптерлер стандартты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: СGА (ескі Модель) стандартты режимде 4 түспен, ЕGА – 64 түспен, VGА – 256 түске дейін, ал SVGA – миллионнан аса түстермен жұмыс істей алады. Бірақ символдық режимде көрсетілген стандарттағы экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданады.
Монитор типін
ЭЕМ-де қойылған мақсатқа байланысты таңдау
керек. Егер тек мәтіндік информациямен
жұмыс істейтін болсақ, онда монохромды
символдық монитор жеткілікті. Ал, егер
де автоматтандырылған жобалаү жұмыстарымен
айналысу қажет болса, онда түрлі түсті
практикалық монитор қажет болады. Бірақ
көптеген программалармен жұмыс істеу
кезінде түрлі түсті графикалық мониторларды
қолданған өте ыңғайлы екенін есте сақтаған
жөн.
Дискідегі
информация жинақтауыш
Информация жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жәй мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар - стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Магниттік дискідегі жинақтауыштар (НМД) екі түрлі болады: иілгіш магниттік дискідегі жннактауыш (НЖМД наконитель на жестких магнитных дисках) және қаткыл магниттік дискідегі жинақтауыш (ҚМДЖ).
Қатты дискідегі мәлімет жинактауыштар (винчестер) информацияны тұрақты сақтауға арналған. 80286 процессорлы ШМ РС-де қатқыл дискінің мәлімет сыйымдылығы 20 – 40 Мб, 80386 8Х, ІЭХ және 80486 8Х (8Х бір процессорлы, DХ екі процессорлы) – 300 Мб-ға дейін, 80486 ОХ 500 – 600 Мб немесе одан да жоғары болады.
Қатқыл диск орнынан
алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа
салынып, жүйелік блокта орналасады. Ол
екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге
біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады.
Иілгіш алмалы-салмалы дискетке қарағанда
винчестерге өте көп мәлімет көлемі сияды,
сондықтан оны пайдалану өте ыңғайлы.
Иілгіш
дискідегі мәлімет жинақтауыштар
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьютерден екінші компьютерге мәлімет алмастыру ушін, әзір жұмыска қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатқыл дискідегі мәліметтердін архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек. Жұмыс процесінде әр адам өзінің мәліметтері мен программаларының дискіде алатын колемін білуі тиіс және дискіде канша бос орын қалғанын кадағалап, дискінің көлемін тиімді пайдалануға тырысуы қажет.
Иілгіш диск (дискет) – табақша пішінді, бетіне қабыршық түрінде магнитті қоспа жагылған иілгіш диск. Дискеттің пластамассадан жасалған қапшығында оған мәлімет жаздырмауға болатын кішкене тіктөртбұрышты ойық бар және мәлімет жазу-оқу кезінде дискінің бетімен байланыс жасайтын магниттік бастиектің жылжитын орны пластмасса қапшықта ашық болады.
Дискеттің негізгі параметрі – оның диаметрі, қазіргі шығарылатын дискеттер үшін бір ғана стандарт бар – ол 3,5 дюймдік дискеттер, яғни дискеттің диаметрі 89 мм болады.
ІВМ РС ХТ, АТ компьютерлері үшін диаметрі 5,25 дюймдік дискеттер қолданылған болатын.
Мәлімет жазу не оқу үшін дискет жүйелік блоктағы дискжетектің үясына салынады. ДЭЕМ-дерде бір немесе екі дискеттер ұясы болуы мүмкін. Дискеттер алмалы-салмалы құрал болғандықтан, олар әрі мәліметті сақтау үшін, әрі компьютерлер арасында мәлімет алмастыру үшін де қажет.
5,25 дюймдік дискеттер дайындалу сапасына қарай 720 кб немесе 1,2 Мб информация сақтай алады.
3,5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады, 1,44 Мб және 720 Кб. 1,44 Мб мәлімет жазылатын дискеттің төменгі оң жақ шетінде кішкене төртбұрышты қосымша ойық болады, ал 720 кбайт көлемді дискетте ол болмайды. Дискеттер қатты пластмасса корапта орналасады, сол себепті олар әрі ұзақ, әрі сенімді қызмет атқарады.
Информация о работе Компьютердің негізгі блоктарын архитектуралық ұйымдастыру