Компьютер желісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 16:58, реферат

Описание работы

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1. Компьютерлік желінің түрлері
2. Негізгі желілік топологиялар
3. Желілік программалық құралдар
4. Клиент сервер технологиясы.
5. Желілік технологиялар және желілік принтерлер
III. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Компьютер желиси.docx

— 40.69 Кб (Скачать)

ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды.  90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.         

Үшінші  және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде  Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off  line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.

     Интернет  желісін сипаттау үшін оны телефон  жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

     Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

     1990 жылдан бері интернет өз көлемін  жыл сайын екі есе арттырып  отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық  негізде жұмыс істейді, бірақ  оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық  ұйымы бақылайды. Интернет құрамына  кіретін әр түрлі компьютерлердің  бір – бірімен үйлесімді түрде  байланысып, өзара мәлімет алмасуы  ТСР/ІР хаттамалары көмегімен  жүргізіледі.  (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)

     Интернет  жүйесі аппараттық және бағдарламалық  жабдықтамалардың көмегімен электрондық  пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық  хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.         

Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:

    ·         Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;

    ·        Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)

          

                    Интернетпен байланыста физикалық принципі.         

Тікелей ауқымды желімен байланыс өте  қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен  интернет – провайдерарқылы байланысады.         

Интернет  – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды.         

Сондықтан клиент  компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.

     Кез келген компьютерді Интернетке қосып,  электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі

қызметін  ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды  серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір  Қазақстанда 20 – дан астам операторлар  интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.

Провайдермен  қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері  болады:         

Модем арқылы байланыс.

     Модемдер  жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін  береді. «Модем» деген сөз осы  құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы  телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.

     Модеммен  жабдықталған кез келген компьютер  иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана  алады. 

      Қарапайым модемге қарағанда ADSL  модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді.  Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін)  7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с).

Аумақтық  (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.         

Корпаративті  желі иелері, Интернетке байланыстың  кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан  қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер  желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты  ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады. 

         Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.

     ҰЯЛЫ  қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты.    

Интернеттің көрсететін қызметі.  Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:

    ·        Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;

    ·        Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);

    ·        Әлемдік тор (WWW)

    ·        Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесеVoIP);

    ·        Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;

    ·        Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)

    ·        (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;

    ·        Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.

        Электронды пошта.

     Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке  мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін  кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет  алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген  хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті  нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын  сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ  мұнда екі жақтағы абоненттердің  бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі  жазбаша жеткізілетіндіктен, оны  сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке  беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың  бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.

     Электрондық пошта жүйесі:

   ·       қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;

   ·       тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

   ·       жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.

     Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.

     Тасымалдау  агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.

Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Тест  №1  

    Ø     1. Ауқымды (глобальды) компьютерлік желіде компьютерлер арасында байланыс орнату үшін мынадай ресурстар қажет:

а) компьютер, модем, желіде жұмыс істеуді сүймелдейтін программалық жабдықтамалар;

ә) компьютер, желілік  адаптер, байланыс арнасы (каналы), осыларға сәйкес программалық жабдықтамалар*,

б) компьютер, модем, желілік адаптер;

в) компьютер, телефондық аппарат, интернет – карта.

    Ø     2. Модем мынадай қызмет атқарады:

А) Модуляция  жасайды (екілік информацияны аналогтық  түрге айналдыру)

Ә) демодуляция  жасайды (аналогтық информацияны екілік түрге айналдыру)

Б) модуляция  және демодуляция жасайды*;

В) сигналдарды  күшейту.

    Ø     3. Телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір – бірімен қандай хаттамамен мәлімет алыса алады?

А) IP          

Ә) ТСР/IP*

Б) ТСР

В) URL

    Ø     4. ТСР хаттамасы қандай қызмет атқарады?

А) мәліметтерді бірнеше бөліктерге бөледі

Ә) мәліметтерді жөнелту ісін атқарады*

Б) мәліметтерді бір жүйеге келтіреді

В) мәліметтерді құрастырады

    Ø     5. Интернет желісімен жұмыс істеу үшін ... болу керек.

А) компьютер, модем, телефон*

Ә) компьютер, сканер, модем

Б) компьютер, телефон

В) компьютер, модем, принтер

    Ø     6. Сервердің бірінші бетіне жазылатын адрес?

А) ІР адресі

Ә) URL адресі*

Б)  DNS адресі

В) SRL адресі

    Ø     7. Екі желінің мәлімет алмасуының ережелерін, ақпарат форматтарын, принципін анықтау заңдылығы

А) желі торабы

Ә) протокол* (хаттама)

Б) ақпараттық сервер

В) провайдер

Информация о работе Компьютер желісі