Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 12:12, реферат
1. Ереже кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін, олардың білім беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасы саласындағы құзыретін айқындайды.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарына енгізілетін мемлекеттік ұйым болып табылады.
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы «10» қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен бекітілген
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу
орталықтарында кәмелетке толмағандарды күтіп бағу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Ереже кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының қызметін, олардың білім беру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың және қадағалаусыз қалудың профилактикасы саласындағы құзыретін айқындайды.
Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi - Орталық) кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау және қабылдауды қамтамасыз ететін білім беру органдарына енгізілетін мемлекеттік ұйым болып табылады.
2. Орталық денсаулық сақтау, білім, туризм және спорт, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау, әділет, органдарымен, сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдармен, бірлесіп қызмет атқарады.
3. Орталықтың қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына, осы Ережеге және орталықтың жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сонымен қатар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды қабылдауды, олардың ата-аналарын немесе басқа заңды өкілдерінің анықтағанға дейін уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және бұдан әрі орналастыруды, қамтамасыз ету.
5. Орталықтың негізгі міндеттері:
1) өмiрде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
2) кәсіптік-еңбек, оқыту-танымдық және шынықтыру-сауықтыру бағыттарындағы компонеттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалыпқа келтіру;
4) Орталықтағы кәмелетке толмағандарға медициналық қызмет көрсетуді және білім беруді ұйымдастыру;
5) Орталықтағы кәмелетке толмағандарды бұдан әрі орналастыру бойынша қамқоршылық және қорғаншылық органдарымен өзара әрекеттесу;
6) Орталықтағы кәмелетке толмағандарды отбасыларына қайтаруға қолғабыс ету;
7) кәмелетке толмағандардың арасында қадағалаусыздықты және панасыздықты ескерту бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу;
8) Орталықтағы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
6. Орталық келесі блогтардан құрылады:
1) баспана-тұрмыстық
блог (жатын бөлмелер, оқу сыныптары,
ойын бөлмелері, кинозал,
2) медициналық блог (медициналық пункт, изолятор);
3) әкімшілік-шаруашылық блог (асхана, қызметтік кабинеттер және шаруашылық орындары).
7. Орталықтың техникалық беріктілігі кәмелетке толмағандарға еркін кіруге және орталықтан тысқары шығуға мүмкіндік беруді, тәулік бойы бақылау жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.
2. Кәмелетке толмағандарды қабылдау, ұстау және шығару тәртібі
8. Орталыққа:
1) ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
2) уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнің қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаншылық органы ата-анасынан (оларды бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған балалар;
3) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар қабылданады.
9. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшін:
1) осы Ереженің 8-тармағының 3) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;
2) осы Ереженің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы негiз болып табылады.
Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысына міндетті түрде:
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу актісі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
кәмелетке толмағанның, сондай-ақ оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің мінездемесі (тұрғылықты жері анықталған жағдайда);
туу туралы куәлігі (бар болған жағдайда);
білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);
медициналық құжаттар (егу құжаты және амбулаторлық картасы бар болған жағдайда) тіркеледі.
10. Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Ереженің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орталыққа қабылдаудың актісі негізінде қабылданып, ол туралы Орталықтың әкімшілігі жиырма төрт сағат ішінде жазбаша түрде прокурорды хабардар етуге міндетті.
11. Осы Ереженің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандарды одан әрі күтіп бағу не орналастыру туралы мәселені шешу үшін Орталықтың қызметкерлері үш тәулік ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органына панасыздық, қадағалаусыздық белгілері болуын негіздейтін, қамқоршысыз қалғанын не болмаса баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгені туралы ақпаратты ұсынады.
12. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы шығарады.
13. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау және Орталықтан шығару Орталықтың басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
14. Орталыққа қабылданатын кәмелетке толмағандар осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделген жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналында тіркеледі.
Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректері анықталғаннан кейін оған осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық таратушыларында есепке алу - статистикалық карточка толтырылады.
15. Осы Ереженің 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және бұдан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін қажетті уақытқа, бірақ отыз тәуліктен аспайтын, үш айға дейін ұзартылатын мерзімге орналастырылады.
16. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзіміне денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жариялаған карантин кезеңі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты, денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты және де стационарлық көмек беруі енбейді.
17. Осы Ереженің 8-тармағының 3) тармағында аталған кәмелетке толмағандар Орталықта сот қаулысының негізінде болады, бірақ арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы шешім заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімнен аспау тиіс.
18. Орталыққа алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас болу
күйіндегі, сондай-ақ айқын психикалық аурудың белгілері бар кәмелетке толмағандарды орналастыруға тыйым салынады.
19. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандар жасына және жынысына қарай топтарға орналастырылады. Топтардағы балалар саны жиырма адамнан аспауы тиіс.
20. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмыстары жүргізіледі.
21. Ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандармен психолог жеке-тәрбие жұмысын жүргізеді, ол туралы кәмелетке толмағандарға толтырылатын жеке істе тиісті жазба жазылады.
22. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау кезінде бастапқы медициналық тексеру жүргізіледі, орталыққа түскен сәтте кәмелетке толмағанның бар нәрселері мен құнды заттары тәркіленеді, ол туралы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдау актісінде тиісті жазба жасалады және Орталықтан шыққан кезде қайтарылады. Орталыққа жұпыны киіммен түскен кәмелетке толмағанның сыртқы және ішкі киімдері ауыстырылады.
23. Білім беру процесі «Білім
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес және Орталықта болу мерзімін,
оқу дайындығының деңгейін ескере
отырып ұйымдастырылады. Қажет болған
жағдайда кәмелетке толмағанның білім
алуының нысаны туралы шешім психологиялық-медициналық-
24. Орталыққа орналастырылған кәмелетке толмағандарға осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке істер басталады, түпнұсқалары олар одан әрі орналасатын жерге жіберіледі.
25. Орталықта ұсталатын кәмелетке толмағандармен профилактикалық және бейімдеу жұмысын ұйымдастыру Орталыққа орналастыру негіздерін, педагогикалық бақылаусыздық деңгейін, жасын, отбасылық-тұрмыстық жағдайларын ескере отырып, жүзеге асырылады.
26. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандармен құқықтық оқыту және арнаулы білім беру ұйымында болудың алдағы жағдайларына әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу бойынша жүргізіледі.
27. Орталықтан шыққан кезде кәмелетке толмағандар тұрғылықты жерлеріне қатаң түрде ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің алып жүруімен немесе кәмелетке толмағанды Орталықтан шығару туралы бұйрықтың негізінде осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды қабылдау-беру туралы актісі бойынша оларды бұдан әрі орналастыру жерлеріне Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен жеткізіледі.
28. Арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен жеткізіледі.
Жасөспірім қыздарды алып жүру тек әйел жынысындағы Орталықтың әлеуметтік педагогтары жүзеге асырады.
29. Орталықтың әлеуметтік педагогының алып жүруімен Орталықтан шығатын кәмелетке толмағандар орналасатын жерге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы белгілеген нормалар бойынша тегін жолақымен және азық-түлікпен немесе жол жүру уақытына ақшамен қамтамасыз етіледі.
30. Кәмелетке толмағанды Орталықтан
шығарған кезде оның
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында
кәмелетке толмағандарды
күтіп бағу ережесіне 1-қосымша
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына
кәмелетке толмағандарды қабылдау актісі
20__ жылғы «___» _________ «___» сағат «___» минут
Мен,__________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
______________________________
(орталықтың атауы)
азаматпен,
ішкі істер органының қызметкерімен_
______________________________
лауазымы, мекен жайы, телефоны)
______________________________
(кәмелетке толмағанды анықтаған орын, уақыт және жағдайлар )
______________________________
Кәмелетке толмағанның
белгілері_____________________
______________________________
(мендер, тыртықтар т.б.) денесіндегі жаңа жарақаттар, зорлық әрекеттерінің белгілері)
______________________________
Кәмелетке толмағаннан
алынды________________________
______________________________
______________________________
(кәмелетке толмағанның тегін, аты-жөнін, жасын, ата-аналарын немесе басқа заңды тұлғаларын, тұрғылықты
______________________________
жерін, жұмыс орнын, ата-анасының лауазымын, маңызы бар басқа деректер)
______________________________