Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:10, курсовая работа
Қазіргі кезде адам өмірі экономиканың барлық саласында компьютермен байланысты. Осыған қарай жазып отырған курстық жұмыстың маңызы жоғары екеніне сенемін. Себебі компьютерлік вирустар проблемасы әлем елдерін толғандырады және оған қарсы тұруға көптеген конференциялар ұйымдастырылуда.
Зақымдалған обьектi табылған мезетте экранға сол обьектiмен орындалатын iс-әрекеттi таңдауц мүмкiндiгiн беретiн “Зақымдалған обьект” сұхбат терезесi шығады. Егер “Бөлек бумаға көшiру” ауыстырып қосқышы қосулы тұрса онда бұл обьектiлер басқа бумаға көшiрiледi. Баптау астарлы бетiнде: Ескерту: Кодтың анализаторы, Вирус жоқ файылдарды тексеру тәрiздi қосымша параметрлердi тағайымдай аламыз .Сондай – ақ қосымша мынандай опциялардыы көрсете аламыз. Бүлiнбеген таза объектiлер жөнiнде есеп беру қысылған оъбектiлер жөнiнде есеп беру дыбыс эффектiлерi, есептердi қадағалау AVP жұмысының нәтижесiн файлға жазып алу үшiн енгiзу өрiсiне файлдың атын терiп жазамыз .
Егер іс-әрекет астарлы бетіндегі Емдеуге сұраныс ауыстырып қосқышы қосулы тұрса, зақымдалған обьект табылған мезетте Зақымдалған обьект сұхбат терезесі ашылады.
Бұл сұхбат терезесінде зақымдалған обьектінің аты, оны бүлдірген вирустың аты және сол обьектімен орындауға болатын іс-әрекеттердің тізімі шығады. Зақымдалған обьектімен орындалатын іс-әрекеттер:
тек қана нәтиже - вирус табылған обьект және сол вирус жөніндегі мәліметтер, яғни жұмыстың нәтижелік есебін береді;
емдеуге сұраныс, сұраныссыз емдеу-зақымдалған обьектіні емдеу жолдары, мұның нәтижесінде обьектідегі вирус өшіріліп, обьектінің өзі түпнұсқасына сәйкес қалыпқа келтіріледі;
сұраныссыз өшіру - зақымдалған файлды дискіден өшіру.
Кейбір жағдайларда антивирус программалардың өзі вирусты емдей алмайды. Мұндай жағдайда, аты көрсетілген вируспен ауырған обьектіні емдеу мүмкін еместігі жөнінде мәлімет шығады. Мұндағы (NAME OBJECT) емдеу мүмкін еместігі жөнінде мәлімет шығады. Мұндағы (NAME OBJECT) –зақымдалған обьектінің аты, ал NAME VIRUS – жұққан вирустың аты.
Егер иә батырмасын шертсек бұл обьект өшіріледі де емдеу мүмкін емес барлық обьектілерді өшіруді құптау жөнінде мәлімет шығады. Егер
2-сурет. AVP басқару орталығындағы негізгі компоненттер
тағы да иә батырмасын шертсек, барлық емдеу мүмкін емес вирусқа шалдыққан обьектілер өшіріледі. Жоқ батырмасын шертсек, зақымдалған обьект терезесіндегі барлық зақымдалған обьектілерге қолдану жалаушасы көтерілулі тұрса, тағы да өшіруді құптау жөніндегі терезе шығады. Ал, бұл жалауша көтерілмеген болса, қайтадан зақымдалған обьект сұхбат терезесі шығады.
Егер жүйелік секторлар зақымдалған болса “с-әрекетті таңдау кезінде секторлады емдеуге тәуекел жасау үшін, дискінің көшірмесін алудың дұрыстығы және емдеуді бастау жөнінде сұрақ мәлімет шығады. Егер Иә батырмасын шертсек, AVP программасы емдеуді бастайды, ал жоқ батырмасын шертсек, тексеру жұмысы аяқталады.
Баптау параметрлерін тағайындағаннан кейін AVP программасы әрбір қосылған кезде осы шамалар сақталу үшін, Файл- Баптау параметрлерін үнсіз келісім бойынша сақтау (Файл- Сохранить настройки по умолчанию) командасын орындаймыз. Осы сақтаған параметрлер келесі жолы өзгертілгенге дейін AVP бумасындағы Default.prf файылында сақтаулы тұрады.
Баптау параметрлерін сақтау
AVP программасы баптау параметрлерін файл ретінде сақтап қою мүмкіндігін береді. Баптау параметрлерін өз қалауымызша тағайындағаннан кейін, Файл-Баптау параметрлерін сақтау командасын орындаймыз. Ашылған терезеде файлдың сақталатын орнын көрсетеміз де, атын теріп жазамыз. Баптау параметрлерінің бірнешеуін сақтап жазу үшін осы әрекетті қайталаймыз.
Баптау параметрлерін жүктеу
Егер AVP программасымен жұмыс істеу кезінде бұрында сақталып қойылған баптау параметрлері қажет болса, Файл-Баптау параметрлерін жүктеу командасын орындаймыз да, ашылған терезеде қажетті параметрлер сақталған файлды таңдап, ашамыз.
AVP Monitor – үнемі жедел жадта жұмыс істеп тұратын резидентті антивирус программасы. Бұл программа файлдарды оқу кезінде оны бірден вирусқа тексереді, сондықтан ол жүйе зақымданғанға дейін вирусты іздеп тауып, құрту мүмкіндігін береді.
AVP Monitor-дың негізгі терезесі 5 қабаттаманы қамтиды: «Общие», «Объекты», «Действия», «Настройки», «Статистика». Әрбір қабаттамаға ауысу арқылы программаны қалыпты күйге келтіруге және қажетті өзгертулер енгізуге болады.
3-сурет. AVP Monitor программасының жалпы бейнесі
«Общие» қабаттамасында программа жөнінде әртүрлі информациялар (версия номері, соңғы жаңарту уақыты және программадағы белгілі вирустардың саны, программаны өңдеушілер жөнінде информация) болады.
Қабаттаманың келесі бөлігінде «Включить» белгісі бар, оның көмегімен монитор қосып, ажыратуға болады.
«Выгрузить AVP Monitor» кнопкасы программа жұмысын аяқтауға мүмкіндік береді.
«Объекты» қабаттамасы тексерілуге қажетті файлдардың типін таңдауға мүмкіндік береді.
«Действия» қабаттамасы зақымдалған объект табылған жағдайда AVP Monitor-дың іске қосылуын қамтамасыз етеді.
«Настройки» қабаттамасы вирустарды іздеудің қосымша механизмдерін іске қосу және де есеп беру файлын құру қызметтерін атқарады.
«Статистика» қабаттамасында:
Тексерілген объектілердің;
Зақымдалған объектілердің;
Ескертулердің;
Вирус түсу қаупі бар объектілердің;
Емделген объектілердің;
Жойылған объектілердің
саны жөнінде информация болады. Сонымен қатар, соңғы зақымдалған объектінің аты, соңғы пайда болған вирустың аты және соңғы тексерілген объектінің аты көрсетіледі.
4-сурет. AVP Monitor программасындағы «Статистика» қабаттамасының жалпы бейнесі
Қорыта келсек, курстық жұмысты жазу барысында компьютерлік вируспен антивирус программасының мәселелері, жұмыстың алға қойған мақсаттарымен міндеттерін аштым деп ойлаймын. Қазіргі кезде 40000 мыңдай вирустардың әрбіреуі өзінің қасиеттеріне ерекшеліктеріне қарай жіктелінеді. Осыған орай оларға қарсы жазылған антивирустық программалар жазу да кең етек алғанын көреміз.
XXI ғасыр компьютерлік технологияның дамуының өрлеуі болғандықтан, компьютерлік вирустар үнемі жаңарады және болашағы зор, оларды жоятын антивирус программалар да үнемі жаңарып отырады.
Вирустарға қарсы iс-әрекет екi адам арасындағы жекпе–жекке ұқсайды. Өйткенi кез-келген вирустарды құрастыратын - адамдар және вирустарға қарсы программаларды құрастыратын да адамдар.
Бұл курстық жұмысымды жазған уақытта әрбiр вирусқа қарсы программа құрастыру мүмкiн екенiн, және оны өз компьютерiңде тапсаң, белгiлi бiр тәртiп–шараларды ескеру керек екенiн бiлдiм. Оған қоса бұл жұмысымда вирустардың және оларға қарсы программмалардың түрлерi мен типтерi толық көрсетiлген. Әрбiр қарапайым қолданушы қазiргi кездегi вирустарға қарсы программмаларды қолдана алады.
1. Фигурнов IBM PC для пользователя. 7-е издание,М., Инфра, 1999
2. Левин А. Самоучитель работы на компьютере, М.,1997.
3. Левин А. Краткий самоучитель работы на компьютере, М., 2001.
4. Балапанов Е., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ, Алматы, 2004.
5. Информатика. Под. ред. Н.В.Макаровой. М., 1997.
6. Новая коллекция рефератов и сочинении 2007, электронный учебник.
КІРІСПЕ
1. Компьютерлік вирустар
1.1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не ?
1.2. Вирустардың жұғу белгілері
1.3. Кім және кімдер вирустарды жазады ?
2. Компьютерлік вирустардың жіктелуі
2.1. Таралу ортасына қарай
2.2. Жұғу тәсіліне қарай
2.3. Зиянкестігіне қарай
2.4. Алгаритм ерекшелігіне қарай
2.5. Көлеміне қарай
2.6. Логикасына қарай
2.7. Мақсатына қарай
3. Компьютерлік вирустардан сақтану тәсілдері
3.1. Антивирустық программалардың түрлері
3.2. Компьютерді вирустан сақтау бағытындағы негізгі шаралар
4. «AntiViral Toolkit Pro» антивирустық программасы
4.1. AVP программасының мүмкiндiктерi
4.2. Вирустарды iздеу және өшiру
4.3. Зақымдалған обьектінің сұхбат терезесі
4.4. Баптау параметрлерін үнсіз келісім бойынша тағайындау
4.5. AVP Monitor программасы
Қорытынды
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Өтеулиев Шыңғыс Ержанұлы ИС-07 3Б
Информация о работе Кең тараған компьютерлік вирустар және олардан қорғану тәсілдері