Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 14:58, реферат
ХХ ғасырдың 1- жартысында радиотехника қарқынды дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электронды- вакуумды шамдар (лампалар) болды. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ- тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. ENIAC- тың конструкторлары – Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. Ол соншалықты үлкен болғандықтан, оны әуелі орнынан қозғау мүмкін емес еді.