Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 13:35, реферат
Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр.
1. Кіріспе
2. Қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Халықаралық тәжірибе
2.2. Қазнеттің қазіргі жай күйі
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
4.1. Интернет желісінің ұлттық сегментін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
4.2. Ұлттық заңнаманы жетілдіру
4.3. Қазнеттің инфрақұрылымын дамыту
4.4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды жетілдіру
4.5. Қазнетті дамыту мониторингі және бағалау
4.6. Қазақстанның ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді құру мен пайдалану үдерістеріне қатысуы
5. Күтілетін нәтижелер
Интернет
желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет)
бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру
мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған
тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 17 сәуірдегі № 358 Қаулысы
Интернет
желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет)
бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту
мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Интернет желісі
қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай
ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен
дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы
мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
№ 358 қаулысымен
мақұлданған
Интернет (Қазнет) желісі қазақстандық сегментінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастырудың және дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Халықаралық тәжірибе
2.2. Қазнеттің қазіргі жай күйі
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі
бағыттары мен тетіктері
4.1. Интернет желісінің ұлттық сегментін
дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асыру
4.2. Ұлттық заңнаманы жетілдіру
4.3. Қазнеттің инфрақұрылымын дамыту
4.4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды
жетілдіру
4.5. Қазнетті дамыту мониторингі және бағалау
4.6. Қазақстанның ғаламдық ақпараттық
желілер мен жүйелерді құру мен пайдалану
үдерістеріне қатысуы
5. Күтілетін нәтижелер
1. Кіріспе
Қазіргі таңда
бүкіл әлемде болып жатқан кең
ауқымды қайта құрулар
Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен
бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу
позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік
және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін
тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның
мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар
ақпараттық қоғамды құрудың белсенді
қатысушы екенін көрсетті.
Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан
«ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық
теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық
қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына,
ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты.
Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық
өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін,
демократияны нығайту саласында әлеуметтік
келісімді ынталандыру, ашық және жауапты
басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде
Қазақстанның саяси және экономикалық
тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның
азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық
ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз
ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады.
Республикада жоғарғы қарқынмен дамып
келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің
ақпараттық сегментін, оның рөлін және
қазақстандық қоғамда алатын орны туралы
түсінікті қайта қарауды талап етеді.
Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден
ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық
желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі
- Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай
дамыған ақпараттық кеңістігін құруға
өту әрекеті негіз болып отыр.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін
дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың
қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық,
ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер
болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек
қажетті әрекеті мен олардың тізбегін
анықтайтын және негіздейтін бірыңғай
тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының
бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты,
жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын
қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін
әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі
саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени
және техникалық-технологиялық алғы Шарттары
мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын
қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың
ережелері мен басымдығын айқындауға
бағытталған.
2. Қазіргі жай-күйін талдау
2.1. Халықаралық тәжірибе
Жаңа ақпараттық
қоғамның негізін қалаушы
Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық
ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік
ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және
жаппай жайылған сегменті болып табылады.
Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық
интернет желісі ақпарат алу және алмасудың,
сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы
үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан
анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық
кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін
халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан
әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың
параметрлерін бөлу, домендік атаулардың
жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік
серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің
жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін
құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу
жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі -
IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы
(бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді
бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді.
RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу
мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет
көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық
ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме
бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік
Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне
қызмет көрсетеді;
4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) -
Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы
инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің
біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс
жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар,
операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің
халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік
ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ).
Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі
- TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді:
Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер
(generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық
екі әріпті домендер (country code TLD немесе
ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM,
NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және
басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа
сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті
кодтар саны бойынша ұлттық домендер -
250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK -
Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару
бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының
келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері
мынадай: біріншіден, академиялық желілерден
ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер)
бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу
ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының
қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары,
тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік)
ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды
тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық
кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді
тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп
өтуі, шектеулердің алынуы.
Кез-келген субъектінің Интернеттегі
қызметі құқықтық проблемалардың тұтас
сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының
қызметін, сайттың мәртебесін және оның
мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген,
заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың
орындалуына; «киберэкономиканы» қалыптастыру
(электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер,
құнды қағаздар, электрондық банктер,
жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер,
салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің
ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді.
Интернет желісін құру және нормативтік
негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс
80 жылдардың басынан бастап Еуропа және
АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде)
басталған.
Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын
құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:
1) халықаралық;
2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде);
3) ұлттық.
Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті
заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық
қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.
Интернет желісінің трансшекаралылығы
Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды
халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы
ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру
қажеттілігін құрайды.
Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде,
сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке
құқықты біріздендіру институты) халықаралық
деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке
меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда
палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық
комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске
ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.
ТСР/ІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық
адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік
сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік
берген домен атаулары жүйесінің пайда
болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы
мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен
өздерінің белгілері бойынша олардың
қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар
белгілері, фирманың атаулары бойынша
материалдық емес актив белгілерін иеленді.
Мазмұнында домендік атауы ғана берілген
жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат
тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып
жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық
табыстарының едәуір бөлігін құрайды,
өйткені тұтынушылар доменді электрондық
бизнес субъектісінің қандай да бір тауар,
жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.
2.2. Қазнеттің қазіргі жай күйі
Қазнет ақпараттық
ресурстар желісінің, ақпараттық-
1) Қазнеттегі ақпаратты, деректерді, мәліметтерді
және білім беруді құрайтын ақпараттық
желілік ресурстар;
2) бірыңғай ақпараттық кеңістіктің (ақпаратты
жинау, өңдеу, сақтау, тарату, іздеу және
беру бөлігінде) жұмыс істеуі мен дамытуды
қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдардан
тұратын және тиісті технологиялар мен
бағдарламалық-техникалық құралдарды
пайдаланумен, олардың ақпараттық ресурстарға
қол жеткізуін қамтамасыз ететін азаматтар
мен ұйымдардың өзара ақпараттық іс-қимылының
құралдарынан тұратын ақпараттық инфрақұрылым;
3) Қазнетті қалыптастыруға және дамытуға
қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы
мен қызметін реттейтін құқықтық, ұйымдастырушылық,
нормативтік және ақпарат құжаттары.
Қазнетті дамыту және реттеу объектілеріне
мыналарды жатқызуға болады:
1) сақтау және меншік түріне тәуелсіз
ақпараттық ресурстар, коммерциялық құпияны
құрайтын мәліметтер, құпиялы ақпараттар
сияқты және ашық қолжетімді ақпараттық
ресурстар;
2) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік
ақпараттарды алу, тарату және пайдалану
құқығы, құпия ақпарат пен зияткерлік
меншікті қорғау;
3) Интернет ғаламдық желіде таратылатын
ақпаратқа негізделген қоғамдық сананы
(көзқарастар, саяси көзқарастар, моральдық
және этикалық құндылықтар және басқалар)
қалыптастыру жүйесі;
4) көп жағдайда ақпаратпен қамтамасыз
ету мен сапасына тәуелді болып келетін
саяси шешімдерді қабылдау үдерісіне
әсер ету жүйесі;
5) мемлекеттік органдардың халықты елдің
қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық
аспектілерімен ақпараттау жүйесі;
6) Интернет желісінде орналасқан бұқаралық
ақпарат құралдарына өзінің көзқарастарын
насихаттайтын қоғамдық ұйымдардың қатысу
жүйесі;
7) мәлімет беру желісінің жалпы ұлттық,
өңірлік және жергілікті ақпараттық-телекоммуникациялық
жүйе, оның ішінде арнайы мақсаттағы, сондай-ақ
спутниктік байланыс жүйесі;
8) электрондық сауда жүйесі - Интернет
арқылы тауарлармен және қызметтермен
сауда-саттық.
Желілік ақпарат ресурстар - веб-сайттары
Қазнеттің негізгі бөлігі болып табылады.
Қазнеттің ресми тарихы 1994 жылғы 19 қыркүйектен
басталады. Бұл күні IANA дерекқорында жоғарғы
деңгейдегі KZ домені тіркелді. Ал 1995 жылы
маусым айында бірінші қазақстандық веб-сайттардың
- Kazakh Internet Yellow & White Pages (қазір жұмыс істемейтін)
каталогы шықты. 1997 жылы желтоқсан айында
қазіргі уақытта ең танымал қазақстандық
веб-ресурстар рубрикаторы каталогының
- "Весь WWW Казахстан" (Catalog.Site.KZ) жобасы
шықты.
Қазнет кеңістігі ресурстардың мынадай
түрлерін:
1) KZ домен аймағындағы дербес интернет-ресурстарды;
2) қазақстандық провайдерлердің алаңында
орналасқан басқа домен аймақтарының
желілік ресурстарын;
3) Қазақстан аудиториясына бағытталған
шетелдік ресурстарды;
4) басқа домен аймағында орналасқан қазақстандық
компаниялардың ресурстарын біріктіреді.
Қазіргі уақытта КZ аймағында домен атауларды
әкімшілендіру, Қазақстан Республикасының
Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің
төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы
5 сәуірдегі № 88-б бұйрығымен бекітілген
«Интернет желісі қазақстан сегментінің
домен кеңістігін бөлу ережесіне» сәйкес
жүргізіледі.
Қазақстанда үш деңгейдегі - Тіркеу орны,
тіркеуші және тіркеленуші - домендер
тіркелімін бөлу жүйесі (Shared Registry System -
SRS) қолданылады. KZ доменін басқару және
реттеумен екі ұйым айналысады: іс-жүзінде
- доменнің техникалық жағынан жұмыс істеуіне
жауапты Қазақ желілік ақпарат орталығы
(бұдан әрі - KazNIC) және де-юре - құрамында
ұлттық доменді тіркеу және дамыту идеологиясы
әзірлеумен айналысатын Қазақстандық
ІТ-компаниясының қауымдастығы. Қазіргі
уақытта домендерді тіркеу нарығында
KZ аймағында "Жұмыс істеп тұрған тіркеуші"
мәртебесі бар 9 компания тіркелді.
SPS-ті пайдалана отырып, домен атауларын
тіркеу мүмкіндігі бар шексіз тіркеушілердің
санын көрсететін моделіне қарамастан,
тұтынушыларға тұрақты және үздіксіз
қызметтерді ұсыну аккредитацияның жеткілікті
қатаң талаптарымен қамтамасыз етіледі.
Тіркеушілерді аккредитациялау рәсімі
домен атауларын тұтынушыларға тіркеу
және қолдау бойынша қызметтерді ұсыну
ретінде қажетті сенімділікті алуға мүмкіндік
береді.
Электрондық ақпараттық ресурстар туралы
мәліметтерді жүйелеу, сондай-ақ жеке
және заңды тұлғаларды мәліметтермен
хабардар ету және мемлекеттік органдарды
ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысымен Электрондық
ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және
депозитарийді жүргізу ережесі бекітілді.
Қазнет желісі ресурстарын контентпен
толықтыру бірінші кезектегі және басым
роль атқарады. Кез келген ресурстың ақпараттылығы,
оған қол жеткізу, ашықтығы негізінен
оны құрушылар мен иелері қамтамасыз етеді.
Интернеттегі желілік ресурс Интернет
ғаламдық желісінің пайдаланушылары үшін
құрылатынын, өмір сүретінін түсіну маңызды
сәт. Қазнет те жүйелік құрылым құру үдерісі
оған келіп-кетушілер, яғни еркін қолжетім
ақпаратын ізденушілерге нақты бағытталуы
керек. Қазақстандық контентті бүгінгі
ресурстарын "дамымаған" және "әлсіз"
деп сипаттауға болады. Контенттің "дамымағаны"
ресурсты контентті құру және қалыптастыруға
қажет білім мен ережелердің жоқтығымен,
ал контенттің "әлсіздігі" ресурстағы
ақпаратқа релеванттықты елемеу және
контентті уақтылы жаңартпаумен негізделген.
Ресурс контенті және оның маңыздылығы
Google, Yahoo, MSN және кириллица әрпіндегі Yandex,
Rambler және т.б. ғаламдық ізденіс жүйесіне
қол жетімділік және көріну қабілеттілігімен
анықталатынын түсіну қажет.
Қазақстандық ресурстардың мазмұнды бөлігі
стихиялық түрде қалыптасады, ақпаратты
таратушылардың мүдделері мен торабына
сәйкес құқықтық, моральды-этикалық және
басқа нормалар мен ұлттық мүддені ескермейді.
Қазақстандық контенттерді дамыту маңыздылығы
оның көп тілділігі. 2006 ж. Miniwatts Marketing Group
компаниясы жүйеде нүкте қолданатын тілдердің
рейтингін жариялады, онда орыс тілі 10
орын алды. 2006 жылғы 30 маусымдағы мәліметтер
бойынша орыс тілді пайдаланушылар әлемдік
интернет-аудиториясының 2,3 % құрайды.
Жүйе ресурстарындағы орыс тілінің өсу
динамикасы оның жетекшілік орындарын
көрсетеді - тілдер арасында веб-аудиторияның
өсуі бойынша (664,5%). Miniwatts Marketing орыс тілді
веб-пайдаланушыларға 23,7 млн., ал орыс
тілді ортаға Интернеттің өту деңгейі
16,5 % деп бағаланды. Пайдалану бойынша
рейтингте ағылшын тілі (30 %, 1,12 млрд. пайдаланушылар),
екінші орында - қытай тілі (13,8 %, 1,34 млрд.
пайдаланушылар) үшінші орында - жапон
тілі (8,3 %, 128 млн. пайдаланушылар). Көптеген
интернетті пайдаланушылар екі немесе
одан да көп тілдерді меңгергенін атап
өткен жөн. Қазнеттегі кириллица контентінің
дамуы болашақта перспективті және дамуы
үшін жоғарғы әлеуетке ие.
Қазнетте мемлекеттік тілін пайдалану
өте төмен деңгейде қалып отыр. Олар бұрын
қазақ тілін кодтау және тану проблемасы
болса, қазір ондай проблема жоқ. Қазнетте
кітапхана жоқ, білім мен ғылым жүйесінің
ресурстары әлсіз дамыған, Қазнеттің мультимедиялық
контенті оны тек мобильді пайдалану бөлігінде
пайдаланады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік
тілдің билік органдарына, күнделікті
тұрмыста пайдалануға арналған сөздік,
және глосарий терминдердің ресми жүйелік
ресурсы жоқ. 2002 жылы құрылған Мемлекеттік
тілді жеделдете оқыту республикалық
орталығы сайты (
Халықтың көпшілік топтары арасында ақпараттық
сұраныс қалыптаспаған немесе дәстүрлі
сұраныстарды қанағаттандыруда ақпарат
ролі білінбей отыр. Қазнеттің ақпараттық
кеңістігі Қазақстан халқының көпшілігі
үшін күнделікті өмірдің бөлігі болмай
отыр. Қазнеттің контентті дамыту қолданушылар
сұранысына ғана сәйкестенбей, потенциалды
қолданушыларға арналуы керек, олардың
өмірін жеңілдету және табысы үшін ақпараттық
ресурстың қажеттілігін түсінуі керек.
Контентті қалыптастырудағы мақсатты
бағыт стратегиясы Қазнеттің ірі порталдар
шеңберінде басталып отыр. Ол қолданушылар
немесе потенциалды қолданушылар қалыптасқан
сұранысқа сәйкес құрылмай, ақпаратқа
маңызды ресурс ретінде қарау көзқарасын
қалыптастырумен байланысты.
Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық
нарығы қосалқы және бірінші провайдерлерді
ұсынады. Бүгінгі күн қызметтің осы түріне
391 компанияның лицензиясы бар, оның ішінде
2007 жылы 34 лицензия берілді.
Интернеттің қазақстандық бөлігінің аудиториясы
жылдан жылға өсуде, бұған елдегі компьютерлер
паркінің қарқынды өсуі және күнделікті
өмірде Интернетті қолдану қажеттілігін
түсіну себепкер болып отыр.
2006 жылғы жүргізген зерттеулеріне сәйкес
Қазақстан Республикасында Интернет жүйесіне
қолжетімдік арасында ең танымалы 8 арқылы
(«Интернет зонасы») телефон желісіне
(dial-up) қосылу, бұл туралы ҚР тұрғындарының
33,2 % хабардар. Екінші орында тасымалдығы
жөнінен аванстық Интернет-карталар арқылы
телефон желісі бойынша қосылу тұр. Интернеттің
осындай қолжетімдігі туралы ҚР тұрғындарының
25,6 % хабардар. Ұялы телефон арқылы интернетке
қосылу туралы хабардарлық ересек халықтың
18,7% үлесін құрайды.
Қазақстан халқының жартысы (53,1%) Интернетке
кірудің жоғарғы аталған түрлерін білмейтіндігін
атап өткен жөн. 2007 жылдың қорытындысы
бойынша Интернет желісіне Қазақстандық
мектептердің 7405 немесе 95% (барлық мектептер
саны - 7724) қосылған, оның ішінде ауылдық
мектеп - 5785 немесе 94% (барлық ауылдық мектептер
саны - 6095). Алынған мәліметтер бойынша
ҚР қалаларының 1 095 403 ересек тұрғындары
немесе 6% ғана Интернет желісіне қолжетімділік
қызметін пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
жылғы 7 маусымдағы № 519 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының телекоммуникация
саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған
бағдарламасында Интернет желісіне жаппай,
кең жолақты қол жетімділікті дамыту,
Интернеттің қазақстандық контентін дамыту,
сондай-ақ Интернет қызметтеріне «Қазақтелеком»
АҚ тарифтерін төмендету көзделген. «Қазақтелеком»
АҚ Интернет желісіне коммутирланған
қол жеткізу қызметтерінің және Интернет
желісінің кеңжолақты қол жетімділігі
қызметтерінің (бір жалғы телемдерді қоспағанда)
тарифтерді төмендету жөнінде біршама
іс-шаралар жүргізілді.
Ағымдағы жылға ресурстардың хостингі
қызметтеріне тарифтерді төмендету, сондай-ақ
«Қазақтелеком» АҚ ұсынатын тарифтік
жоспарлардың құрылымын, яғни Қазнетті
дамытуға және танымал етуге ықпал ететін
қызметтерді кеңейту және қайта қарау
жоспарланған.
«Nursat» АҚ Интернет желісінің ресурстарына
сапалы қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін
Европа және Мәскеуге жоғарғы жылдамдықты
спутник арналарын пайдаланады. Жетекші
ресейлік сервис-провайдерлері мен өзара
алмасу трафигінің нүктесіне қосылу интернет
желісіндегі ресейлік ресурстарға тез
жетуге мүмкіндік береді. Коммутацияланатын
қолжетімдіге электрондық почта, түнде
және демалыс күндері шексіз қолжетімділік,
қол жеткізудің жылдамдығы 56 кбит/с (протокол
V.90), Қазақстан бойынша роуминг кіреді.
«Kazakhstan-Online» деректерін берудің ұлттық
желісі Қазақстан Республикасының 96 елді
мекенін және 162 торапты қамтиды. Желінің
жалпы өткізу қабілеттігі - секундына
698 мбит. «Kazakhstan-Online» желісіне кең жолақты
АТМ - желісі болып табылады және АТМ -
форумының әлемдік стандарттарына сәйкес.
1999 жылы қыркүйекте «Kazakhstan-Online» желісі
базасында «Интернет - аймағы» жобасы
коммерциялық пайдалануға берілді. Бұл
қызмет түрі Қазақстанның, барлық аумағында
Интернетке коммутациялық қолжетім мүмкіндігін
ұсынады және ұтқыр және үйде пайдаланушыларға,
сондай-ақ ұйымдардағы жеке пайдаланушыларға
арналған. Интернет желісіне қол жеткізу
қалалық телефон желісінің арналары бойынша
«Kazakhstan-Online» торабына «нүкте-нүкте» қосуын
орнату арқылы жүзеге асырылады. «Интернет-аймағы»
жобасымен бірге 2000 жылы маусымда жалпы
білім беру оқу орындарына бағытталған
жаңа жоба енгізілді. Бұл жоба «Қазақстандық
интернет» деп аталады және Қазақстандық
интернет-ресурстарына коммутациялық
қол жеткізу мүмкіндігін береді.
Қазіргі уақытта Интернеттің ғаламдық
ақпараттық желісінде Қазнеттің саны
жағынан да (операторлар мен пайдаланушылар
саны) сапасы жағынан да (көрсетілетін
қызметтер спектрінің кеңеюі) белсенді
өсуі байқалады. Интернет саласындағы
қазақстандық заңнама өз дамуының бастапқы
кезеңінде тұр.
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Тұжырымдаманың
мақсаты Интернет Қазнеттің бірыңғай
ақпараттық кеңістігін дамыту болып
табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер
қойылды:
1) Интернет желісінің ұлттық сегментін
дамыту саласындағы мемлекеттің саясатты
және оны іске асырудың кешенді шаралары
мен әдістерін әзірлеу;
2) Интернет желісінің ұлттық сегментін
дамыту саласындағы ұлттық заңнаманы
жетілдіру;
3) Қазнеттің инфрақұрылымын дамыту;
4) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жүйесін дамыту, оны ұйымдастыруды
жетілдіру;
5) бірыңғай ақпараттық кеңестігін дамытудың
мониторингі мен бағалау жүйесін әзірлеу;
6) ғаламдық ақпараттық желілер мен жүйелерді
құру мен пайдалану үдерістеріне Қазақстанның
қатысуы.
4. Тұжырымдаманы
іске асырудың негізгі
4.1. Интернет
желісінің ұлттық сегментін
Мемлекеттік
басқару органдарына
Мемлекеттік басқару органдары билік
органдарының қызметінің айқындығы және
жұртшылықтың игілігі болып табылатын
ресми ақпараттарға тиісті қол жеткізуі
болуы тиіс.
Мемлекет болып жатқан өзгерістердің
катализаторы, Қазнеттің барлық қатысушылары
әрекеттерін үйлестіру ролін атқаруы
тиіс, ол қоғам мен тұлғаның дамуын жағымды
жаққа бағыттайтын құқықтық және нормативтік
базаны қалыптастыруы тиіс.
Қазіргі таңда мемлекеттік басқару органдарының
қызметінде Қазнеттің бірыңғай ақпараттық
кеңістігін кең пайдалану негізінде мемлекеттік
билік жүйесін жетілдіру, халық және ұйымдарға
мемлекеттік қызметтерді ұсынудың сапасын
жоғарылату, мемлекеттік ақпарат жұмысының
нәтижелілігі мен ашықтығын жоғарылату,
жемқорлықты жүйелі түрде жою үшін жағымды
жағдайлар қалыптасты.
Ақпараттық кеңістікті дамытудың мемлекеттік
саясаты халықаралық құқықтың кең қабылданған
нормалары мен қағидаттарының басымдылығы,
Қазақстан Республикасында заңнамалық
тәртіпте бекітілген халықаралық келісім-шарттарды
және халықаралық құқықтың басқа да актілерін
сақтау арқылы, сондай-ақ жеке және заңды
тұлғалардың құқықтарын, өңірлік, жергілікті
билік органдарының, Қазақстан Республикасының
заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере
отырып құрылуы тиіс.
Қазнет саласында мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1) азаматтардың ақпарат алуға деген конституциялық
құқықтарын жүзеге асыруға кепілдеме
беретін жағдайларды қамтамасыз ету, олардың
ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2) Қазнет ақпараттық кеңістігін тарату,
қолдану және пайдалану үдерісінде мемлекеттің,
аймақтық және жергілікті құрылымдардың,
жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) оларды пайдалану бойынша технологиялар
мен қоғамдық қатынастардың өзгеруін
ескере отырып, ақпараттық кеңістікті
тарату, қолдану және пайдалану саласында
құқықтық реттеу тетігін уақытылы жетілдіріп
отыру;
4) Қазнет ақпараттық инфрақұрылымын дамыту
және жетілдіру;
5) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар,
халықаралық стандарттар, ақпаратты топтастыру
және кодтаудың ұлттық жүйесі негізінде
ақпараттандыру жүйесінің өзара әрекеттесу
және сыйысушылығын қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, Қазнеттің бірыңғай ақпараттық
кеңістігін дамыту үшін мемлекет пен жеке
сектордың ынтымақтастығы шешуші мәнге
ие. Осы жоспарда барлық қызығушылық білдірген
жақтардың қатысуымен ұйымдасқан диалогты
жалғастыру қажет, сонымен қатар ұлттық
және аймақтық деңгейде Қазнет ақпараттық
кеңістікті дамытатын қызығушылық білдірген
тараптар арасында әріптестік қарым-қатынастарды
орнату және дамытуға қажет тетіктерді
анықтау қажет. Осы жүзеге асырылып жатқан
бастамалардан барынша артықшылық алу
үшін дамудың орнықтылық қағидатын басшылыққа
алу керек.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін
қалыптастыру және дамытудың қағидатты
ерекшелігі мемлекеттік ақпараттық ресурстарды
қалыптастыру кезінде барлығына міндетті
болып табылатын қатаң технологиялық
тәртіпті бекіту қажеттілігі тұр.
4.2. Ұлттық заңнаманы жетілдіру
Интернет
саласындағы нормативтік
Интернет саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді әзірлеу кезінде Интернеттің
ғаламдық ақпараттық желі ретіндегі қызметі
мен құрылу ерекшелігінен туындайтын
келесі қағидаттарды ұстанған жөн:
1) Интернет құқықтық реттеудің объектісі
не субъектісі болмайды. Интернет операторлары
мен қолданушыларының өзара қатынастары,
Интернет арқылы ақпарат беру және қызмет
көрсетуге байланысты мемлекеттік органдар
және жеке тұлғалардың қатынастары құқықтық
қатынастардың реттеу пәні болып табылады
(пәндік реттеу қағидаты).
2) Интернетпен байланысты құқықтық қатынастар
«экстра-ұлттық» мазмұнда болады. Мұндай
қарым-қатынастарға басқа елдердің заңнамасын
есепке алмай және байланыстырмай жергілікті
құқықтық нормаларды қолдану тиімді болмайды.
Бұл Интернеттің құқықтық нормаларын
халықаралық-құқықтық деңгейде әзірлеу
кезінде әмбебап халықаралық келісімдерді
(сәйкес нормаларды қазақстандық заңнамаға
көшіру арқылы) түзу және орындау (құқықтың
халықаралық деңгейінің басымдылығы)
жолымен басым назар аударуды талап етеді);
3) Интернетке байланысты нормативтік
мәселелердің басым көпшілігі мемлекеттік-құқықтық
реттеусіз, «интернет-қоғамдастыққа»
қатысушылардың өзара ұйымдық әрекеті
әрі Интернетте қолданылатын ережелерді
алгоритмдеу және автоматтандыру деңгейінде
(реттеудің заңды емес әдістерін қолдану)
шешімін табуы;
4) Интернеттің ғаламдық ақпарат ресурстарына
шексіз қосылудың қол жетімдігі ретінде
әлеуметтік маңыздылығы Интернетте тұлға,
қоғам және мемлекеттің заңдық мүдделерімен
маңызды құқықтарын қамтитын аспектілерді
реттейтін нормалар мен ережелердің заңдық
(құқықтық) бекітілуін қажет етеді (мысалы,
азаматтардың жеке өмірін қорғау, қоғамдық
ізгіліктің бұзылуымен күрес, мемлекеттік
ақпарат қауіпсіздігі саласындағы мүдделерін
қорғау, құқық қорғауды сақтау) (реттеудің
саналы жеткілікті қағидаты);
5) Интернетпен байланысты құқықтық қатынастардың
әртүрлілігімен жан-жақтылығы сәйкес
құқықтық базаны әзірлегенде, жеке «арнайы»
нормативтік құқықтық реттеумен шектелуге
рұқсат бермейді. Интернет желісінің ерекше
жұмыс істеуімен байланысты жаңа құқықтық
нормаларды әзірлеумен қатар, қолданыстағы
қазақстандық заңнамаға, оның Интернет
қызметіне қатысты қарым-қатынастарда
тікелей қолдану мүмкіндігін қамтамасыз
ету мақсатында (кешенді әдіс қағидаты)
қажетті өзгерістер (бірқатар жағдайда
маңызды өзгерістер) енгізу қажет.
Қазнеттің заңнамалық базасының қазіргі
жай-күйі және жоғарыда аталған қағидаттарын
ескере отырып, оны дамыту және өзгерту
қажеттілігі Интернет саласындағы мемлекеттік
заңнаманы ішінде дамытудың екі негізгі
бағытын білдіреді:
1) Қазнеттің жұмыс істеуі мен даму ерекшеліктерін
ескеретін нормативтік құқықтық актілерді
жетілдіру;
2) қолданыстағы заңнамалық актілердің
мазмұнын өзгертпей Интернетке қатысты
бөлігінде тікелей қолдану (немесе түсіндіру)
тетіктерін құру.
Ұлттық интернет сегментінің жалпы әлемдік
тенденциялардан қалып кетпеуін болдырмау
және осы салада Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін қорғауды қамтамасыз
ету үшін тез арада нормативтік реттеуді
талап ететін негізгі мәселелер қатарына
мыналарды жатқызу керек:
1) Қазақстандық тұтынушылардың Интернет
желісіне және оған сәйкес желі ақпараттық
ресурстарға еркін қол жеткізуін, сонымен
қатар кедергісіз ақпараттық алмасу, оның
ішінде халықаралық алмасуды да қамтамасыз
ету керек;
2) Интернетте орналастыратын және Интернетте
ұсынылатын алмасу құралдары арқылы берілетін
ақпараттың құқықтық жүйесін анықтау;
3) Интернетте іске асатын қоғамға қауіпті
әрекеттерді болдырмау (оның ішінде, балағатты
және ұятсыз ақпараттарды тарату, қоғамға
қарсы үндеулер), сонымен бірге осындай
құқық бұзушы адамдарды тиімді анықтау
және жазалау үшін нормативті жағдайлар
құру;
4) Интернетте орналастыратын зияткерлік
меншік объектілерінің авторлық және
басқа да ерекше құқықтарын қорғау;
5) жеке деректерді қорғау, атап айтқанда
өздері арасында өзара іс-қимыл үдерісінде
және Интернетте қызмет көрсету операторлары
арасында жиналатын Интернет тұтынушылары
туралы деректерді қорғау;
6) Интернетте электрондық құжат айналымы
үшін нормативті жағдайлар құру, Интернеттің
адрестік кеңістігін пайдалану қағидаттары
мен тәртібін орнату, ақпараттық өнімдерге,
көрсету құралдары және ақпаратты тасымалдауда
ақпараттың авторлығын растау;
7) электрондық коммерция үшін нормативті
базаны қамтамасыз ету, Интернетте жасалған
келісімдердің заңды күшін мойындау.
Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу
кезінде, ең алдымен мемлекет, қоғам және
жеке тұлға мүдделерінің балансын басшылыққа
алу қажет.
Интернет желісінің ұлттық сегментінің
нормативтік құқықтық базасын құру үдерісінің
қатысушылары болып өз құзыретінің шегіндегі
мемлекеттік биліктің тиісті органдары
және интернет желісінің операторлары
мен тұтынушыларының мемлекеттік емес
қоғамдық бірлестіктері бола алады, ол
қоғамдық қажеттілік шеңберінен шығатын
интернет проблемасын шешуге «интернет
- қоғамдастықты» тартудың жалпы әлемдік
үрдістерін көрсетеді.
Қазнеттің нормативтік құқықтық базасын
құру кезінде, қолданыстағы нормативтік
құқықтық актілердің және тәжірибелік
пайдалануды біріздендіруді қамтамасыз
ету үшін басқа мемлекеттердегі тиісті
заңнамалық актілерді қабылдау тәжірибесін
максимальды деңгейде ескеру қажет, сондай-ақ
халықаралық келісімдер деңгейінде тиісті
нормаларды әзірлеуге белсенді қатысу
қажет.