Информатика ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:19, реферат

Описание работы

“Информатика” француз тілінен аударғанда (ақпарат ) и automatique (автоматтандырылған )"автоматтандырылған ақпарат" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің ағылшын тілінен аударғандағы тағы бір мағынасы — "Сomputer science", яғни "компьютерлік ғылым".
Инфоpматика —ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жетікзу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.1978 жылғы халықаралық ғылыми конгресі "информатика" терминін нақтылап берді.

Работа содержит 1 файл

Информатика ұғымы.docx

— 31.11 Кб (Скачать)

Информатика ұғымы.

“Информатика” француз тілінен аударғанда (ақпарат ) и automatique (автоматтандырылған )"автоматтандырылған ақпарат" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің ағылшын тілінен аударғандағы тағы бір мағынасы  — "Сomputer science",  яғни "компьютерлік ғылым".

Инфоpматика —ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жетікзу және оны пайдалану  заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.1978 жылғы халықаралық  ғылыми конгресі "информатика" терминін нақтылап берді. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек  ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері  мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері  туралы түсініктер береді.  Информатика -адам өмірінің  яғни қоғамның негізгі  обьектісіне айналып отыр.

Инфоpматика —  оның жолдамалары:

Есептеу жүйелері және бағдарламалық қамсыздандыру

• Ақпарат теориясы, оқыту процессі, байланыс, қабылдау, ақпаратты түрлендіру және сақтау

• Математикалық модельдеу, есептеу әдісі және қолданбалы  математика

• өнер әдісі , модельдеу әдісі логикалық және  аналитикалық  (ойдан шығару, оқыту,ойындар және тағы басқалар.);

•  анализ жүйесі,

• биоинформатика,  биологиялық жүйеде ақпараттық процесстерді оқытады  ;

• әлеуметтік  информатика, жалпылама ақпараттық процесстерді оқытады;

• машиналық графика әдісі , анимация,  мультимедиа;

• телекоммуникация торабы,  глобальді компьютерлік жүйесі.

 

Россиялық  академик А.А. Дородницин  информатиканы  үшке бөледі — техникалық құралдар, бағдарламалық  және алгоритмдік.

1.2. Ақпаратқа түсініктеме.

" Ақпарат " термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның "informatio"өзінен шыққан.Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез-келген керекті информацияның мағнасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. 

 

• Ақпарат – бұл белгілі бір нәрсе(адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар. 

•  Техникада ақпарат хабарлама , таңба сигналдар түрінде

•  кибернетикада -табиғат пен қоғамдағы басқарумен байланысты

Біраз анықтамаларды мысалға келтірсек:

• Ақпарат — бұл материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болып табылады.

• Ақпарат — бұл таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі

• Ақпарат — бұл  қиын құрылымдар әлемі (Моль);

Ақпаратты біз  ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл  не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.                             

Ақпараттың берілуі.

Ақпарат мына төмендегі түрлерде беріледі:

• Мәтін, сурет, сызба, фотобейне;

• Дыбыс сигналдары;

• Электр сигналдары;

• Магниттік жазба;

• Қимылдар мен мимика тілі;

• Иіс және дәм сезу;

Пән, процесс,  материалдық немесе материалдық емес құбылыс, ақпараттық   объект

Ақпарат қалай беріледі?

Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен  сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттық бейнесі болып саналады.Информация алу дегеніміз –бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.Сонымен,информация-белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін маглұматтар.Информацияның түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін-дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі

Мысалы :

1. Хабарлама, ауа райы туралы ақпаратты жіберуші теледидар, қабылдаушы теледидар көрушілер

2. Адам табиғи сезім мүшелері  (көз, құлақ, тері, тілі және тағы басқалар) арқылы бүкіл әлемнен ақпарат қабылдайды , өңдейді, сақтайды және бір-біріне таратады.

Ақпараттың өлшенуі.

      Ақпарат қалай өлшенеді, мысалы,  "Соғыс және Бейбітшілік" романының мәтінінде,  Рафаэля немесе адамның  генетикалық коды бола ма? Осы сұрақтың жауабын ғылым  түсіндіріп бере алмады. Ал, бірақ ақпаратты өлшеуге болады?  Қандай да бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау деп атайды. Бір ғана ақпаратты әртүрлі жолда жазуға болады. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру жолын код деп атайды.  Ақпараттың сақталу, қабылдану, берілу және өңделу жолдары ақпараттың кодталу түріне көп тәуелді болады.

Бір ақпарат өлшемін Клод Шеннон бір  бит    (ағылшын тілінде. bit — binary digit — екілік таңба ) деп қабылдады. Ақпарат теориясында Бит  — ақпараттың өлшемі.Есептеу техникасында  "0" мен"1" –ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады.

Бит — ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. ЭЕМ –де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік сан  — байт,  сегіз битке тең. Үлкен көлемдегі ақпараттың өлшем бірліктері:

• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

 

Соңғы кездерде мына төмендегі өлшем бірліктер де қолданылады:

• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,

• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.

Ақпаратпен  келесідей амалдарды орындауға болады:

  • құру;
  • беру;
  • қабылдау;
  • өңдеу;
  • есте сақтау;
  • жіберу;
  • көшіру
  • дайындау;
  • жеткізу;
  • түрлендіру;
  • комбинациялау;
  • алу;
  • бөліктерге бөлу;
  • жинау;
  • сақтау;
  • іздеу;
  • өлшеу;
  • тарату және т.б.

Осы процесстердің  барлығы ақпараттық процесстер деп аталады.

Ақпараттық  процесстер –адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда және қоғамдық өмірде ақпаратты жеткізу, жинақтау, түрлендіру процестері.

Ақпараттың қасиеттері .

Ақпарат компьютерде  өңделу үші дәл,нақты,түсінікті,

толық, тиімді болуы тиіс. Ақпараттың қасиеттері:

  • дәлділігі;
  • толықтылығы;
  • бағалылығы;
  • қажеттілігі;
  • түсініктілігі;
  • тиімділігі;
  • анықтылылығы;

және т.б.


Ақпарат мәселенің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны.  Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және оған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соғады. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы оның берілу жолдарында, кейбір ақпарат сізді қуандырады, кейбіреуі ренжітеді, кейбіреуінде тек фактілер баяндалады. Тіпті, хабардың берілу ырғағына, адамның мимикасына, қол сілтеу ретіне қарай ақпарат әр түрлі бағаға ие болады. Егер ақпарат толық, обьективті, пайдалы, дәл болса, ол сонша бағалы болады.

Ақпаратты өңдеу.

Ақпаратты өңдеу деп бір ақпарат негізінде жаңа ақпарат алуды айтады. Ақпарат өңделгенде, оның берілу түрі, алу жолдары өзгереді, бірақ оның мағынасы өзгермейді.

Мысалы, есепті шешу үшін сіз мыналарды орындайсыз:

1. Есептің берілуін оқулықтан оқисыз-ақпарат аласыз.

2. Есепті шешесіз, яғни ақпаратты өңдейсіз. бересіз..

Ақпараттарды өңдеу үздіксіз процесс, тіпті сіз ұйықтап жатқанда да ақпараттарды өңдеу процесі жалғаса береді. Алынған деректерді өңдей отырып, математикалықесептерді шеше отырып, адам бұрын өзінде

болмаған жаңа ақпарат құра алады. Адам өзі қоршаған ортадан ақпарат қабылдайды, оларды реттейді, салыстырады, талдайды, соның нәтижесінде жаңа ақпарат құра алады. Ақпараттарды жинақтаудан бастап, нәтиже алуға дейінгі процестерді адамның қатынасуынсыз, алдын ала жасалған бағдарлама көмегімен өңдейтін процесті ақпараттарды автоматты түрде өңдеу дейді.

Ақпараттық қорлар — ақпараттық жүйелердегі өздеріне сәйкес программалық жабдықтармен біріктірілген және ақпаратты тұтынушылар үшін қызықты болып табылатын жүйеленген электрондық ақпарат.Бұл кітаптар, статья, патенттер, диссертациялар, ғылыми құжаттар, техникалық аудармалар, т.б.

Ақпараттық технология— обьектінің процесстің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізутәсілдері мен құралдардың жиынын пайдаланатын процесс.Сондай-ақ ақпараттық технология дегеніміз-ЭЕМ жадында сақталған картотекалардағы, каталогтардағы, кітапханалардағы ақпараттарды жинақтауға , біріктіріп сақтауға, керегін жылдап іздеп табуға болатын әр түрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйелер. Ақпараттық  технологиялардың дамуын желісіз, электрондық почтасыз көзге елестету мүмкін емес


Информация о работе Информатика ұғымы