Есептеуіш құрылғылар мен машиналар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:38, реферат

Описание работы

Есептеудің,оған пайдаланылатын аспаптар мен құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр.Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып,адамдар әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін іздеді.Бұл үшін олар қол саусақтарын,тастарды,ағаш таяқшаларды падаланды.Сондай−ақ олар есептеу үшін үйілген,қатарлап тізілген тастарды да қолданған.

Работа содержит 1 файл

Есептеуіш құрылғылар мен машиналар.doc

— 31.50 Кб (Скачать)

Есептеуіш  құрылғылар мен машиналар                   

Есептеудің,оған пайдаланылатын аспаптар мен

құрылғылардың тарихы өте көне заманда жатыр.Есептеу  құрылғылары пайда болмай тұрып,адамдар  әр түрлі есептеу жұмыстарын жүргізу  мүмкіндіктерін іздеді.Бұл үшін олар қол саусақтарын,тастарды,ағаш таяқшаларды падаланды.Сондай−ақ олар есептеу үшін үйілген,қатарлап тізілген тастарды да қолданған.Заттардың саны жерге сызған сызықшалармен,ағаш таяқшаларда жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіндермен есептелді.Есептеу көлемінің  күн  санап  артуы есептеулерді  қалайда  бір  құралдың  көмегімен  жүргізуді  талап  етті.Ең ерте  замаңғы  және бәрімізге  белгілі  есептеу құралы  есепшот  болып  табылады.Есепшоттың  пайда  болған  уақытын  осы кезге  дейін ешкім айта алмайды.Деректерге қарағанда,есепшоттың  жасы 2000−5000жылдар  шамасында,ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет,тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін.Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар ˝ абак˝ деп,қытайлықтар ˝суан−пан˝,жапондықтар˝ серобян˝ деп атаған.Есепшот  Ресейде 16−17 ғасырларда  пайда  болған.17ғасырдың басында шотландиялық  математик Джон Непер логорифм  түсінігін енгізді және өзінің логорифм кестесін жариялады.Екі ғасыр бойы әр елдің  оқымыстылары  логорифм функциясының  негізінде  жасалған  есептеу  құралын  жетілдірумен  шұғылданды.Тек 1761  жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар  навигациялық  есептеулер  жүргізуге  арналған логорифм сызғышын жасады.Мұндай құрал жасау идеясын 1660жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.1642жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде қосу  машинасы  деген атпен белгілі,жетектер мен дөңгелектерден  тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.Паскальдың  машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін  болды.1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып,өзінің механикалық есептеу машинасын−арифмометрді құрастырды.Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды.Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар,сандарды бөлу,көбейту,тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды.Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірлді.Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті.Арифмометр қазір әр оқушының қолында жүретін калькулятордың негізін салды.Есептеуіш техникаларының   қарқындап дамуы 19 ғпсырдан басталды   

Есептеуіш техниканың  дамуындағы келесі  қадам  алдын ала жасалған программа бойынша адамның қатысуынсыз есептеулерді  орындайтын  құрылғылар жасау болды.Мұндай алғашқы  автоматты  есептеуіш  техникасының  авторы ағылшын оқымыстысы  Чарлз Бэббидж еді,сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды.

 

 

 

 

 


Информация о работе Есептеуіш құрылғылар мен машиналар