Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2012 в 11:40, курсовая работа
Компьютерлерді іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:
ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеткері құрылғыларды токқа қосу керек (принтер, сканер және т. б. ток көзіне жалғау керек);
Жүйелік блокты іске қосу керек;
мониторды іске қосу керек.
Дербес компьютерлерді іске қосу мен өшіру
Дербес ЭЕМ-нің базасы
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІВМ РС компьютерінің негізгі блоктары
Микропроцессор
ЭЕМ-нің жедел жады
Графиктік адаптерлер
Дискідегі мәлімет жинақтауыштар
Принтерлер мен плоттерлер
Компьютерге информация енгізу құрылғылары
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымша құрылғылар
Қолданылған әдебиеттер
Экрандағы бейне көрінісінің сапасы графиктік адаптердің типіне қарай өзгеріп отырады.
Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. Қазіргі кезде VGA және SVGA (Super VGA) кеңінен қолданылады, SVGA-ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары.
Адаптердің бейнелеу қабілеті оның графиктік режимде экранда көрсетіле алатын қатардағы нүктелер (пиксельдер) санына байланысты. Мысалы, 720*340 мүмкіндікті монитор вертикаль (тік) бағытта 348 нүкте - қатар, ал көлденеңі бойынша әр қатарда 720 нүкте көрсете алады. Баспахана жүйелерінде 800*600 немесе 1024 * 768 мүмкіндікті мониторлар қолданылып жүр. Бірақ олар өте қымбат.
Экран бетінің мөлшері стандарт (14 дюйм) бойынша жасалады, үлкейтілген (15 дюйм) және теледидар (17, 20 және 21 дюйм- дигоналы бойынша 54 см-ге дейін) тәрізді болып та жасалғандары кездеседі, олар түрлі түсті (16млн-нан бірнеше ондаған млн түстерге дейін) немесе ақ-қара болып та шығарыла береді.
Адаптерлер стандарты түрлі түсті монитордағы түстер палитрасын (жиынын) анықтайды: VGA (ескі модель) стандартты режимде төрт түспен, EGA – 64 түспен, VGA –256 түске дейін, ал SVGA - 1000000-нан аса түстермен жұмыс істей алады. Бірақ символдық режимде көрсетілген стандарттағ экрандардың барлығы да 16 түсті ғана қолданады.
Мәлімет жинақтауыштар – кез-келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі - оларды көбінесе информацияны сыртқы сақтауыштар немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді мәліметті ұзақ уақыт сақтай үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез-келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады.
ДЭЕМ-дерде
мәлімет жинақтауыш рөлін магниттік дискілердегі жинақтауыштар атқарады,
оларда мәліметтерді тікелей оқуға
не жазуға болады. Соңғы кездерде
ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы
жинақтауыштар - стриммерлер шықты,
бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай
алғанмен, оқу, жазу жұмыстары
бірте-бірте тізбектей іздеу
арқылы жай жүргізіледі.
Сол себепті стриммерлер
магниттік дискідегі жинақтауыштарды
ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Mагниттік
дискідегі жинақтауыштар (МДЖ)
Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер) информацияны тұрақты түрде сақтайды. 80286 процессорлары ІВМ РС-де қатты дискінің мәлімет сыйымдылығы 20 – 40Мб, 80386SX, DX және 80486SX (SX – бір процессорлы , DX- екі процессорлы ) -300 Мб-ға шейін, 80486 DX –500-600Мб , ал Pentium –3 Гб-қа шейінгі деңгейде болады.
Қатты диск орнынан алынбайды, ауа кірмейтін жабық корпусқа салынып, жүйелі блокта орналасады. Ол екі жағына да мәлімет жазылатын бір дестеге біріктірілген бірнеше дискілерден тұрады. Дискетке қарағанда винчестерге өте көп мәлімет сияды, сондықтан оны пайдаланған өте ыңғайлы
(2.2- сурет).
Иілгіш дискідегі (дискеттегі) жинақтауыштар бір компьтерден екінші компьютерге мәлімет аумастыру үшін, әзір жұмысқа қажет емес информацияны сақтап қою үшін, қатты дискідегі мәліметтердің архивтік (тығыздалған) көшірмесін алу үшін керек болады.
Принтер (баспа құрылғысы) текстік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған. Ол рулон қағазды да, парақ қағаздарды да пайдалана береді.
Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш және термографиктік түрлері бар.
Соңғы кезге
дейін ең көп таралған, арзан,
әрі пайдалануға қолайлы матриц
Сия бүріккіш принтерлерде қағаздағы бейне арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарылады. Бірақ олар қымбат тұрады және тұрақты түрде қадағалап қарап тұруды керек етеді. Бұл принтерлер матрицалық принтерлерден жақсы, сапалы әрі дыбыссыз жұмыс істейді, көптеген шрифт түрлерін қамтиды, дегенмен жоғары сапалы қағаз түрлерін және сияны жиі керек етеді.
Плоттер де (график сызғыш) мәліметтерді, негізінен графиктік информацияны қағазға шығарады.
Компьютерге информация енгізу құрылғылары:
Модемдер (модулятор – демодулятор ) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәлімет тасымалдау жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек – 25000 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Internet, Relcom, FidoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.
Бұлардан басқа фаkс-модемдер бар, олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, текстік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппараттарына да жіберуге және қабылдауға да болады. Факс-модемдерден өте қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол.
Қазіргі
кездерде ЭЕМ-нің мультимедия
мүмкіндігі жайында көп
Әдебиеттер тізімі
1. Информатикадан 30 сабақ. Алматы “ Шартарап “ 1998
Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев, А. Дәулетқұлов
А. Г. Кушниренко, Г. В. Лебедев, Р. А. Сворень
Информационные технологии
4. ІВМ РС для пользователя. Краткий курс. Москва 1997
Информация о работе Дербес компьютерлерді іске қосу мен өшіру