Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 20:15, реферат

Описание работы

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Содержание

1. Компьютер .
2. Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі және құрылғылар.
3. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 35.99 Кб (Скачать)

 

 РЕФЕРАТ

 

 

                  Тақырыбы:    Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

                    Орындаған:   __________________

                    Тобы:              

                    Тексерген:      __________________информатика    пәнінің  

                                                                                           оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

                                          ______қаласы 20** жыл

 

 

 

 

                                                     ЖОСПАР:

1. Компьютер .

2. Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының                                                                           себебі  және құрылғылар.

3. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау  үшін компьютер механикалық бөліктердің  орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық  құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге  компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.

Компьютер архитектурасы  алға қойылған мәселені, зерттеліп  отырған физикалық құбылысты  максималды айқын көрсетіп, модельдеуге  мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық  ағындар бөгеттер салу кезіндегі  су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық  компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары  көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің  басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде  сипатталады, бұл кезде барлық қажетті  ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін  оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде  барлық математикалық есептерді  бульдік операциялар жиынына  айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді  математикалық есептердің, сонымен  қатар, ақпаратты басқару есептерінің  көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

 

 

 

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер  тек қана бір адамның жұмыс  істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьтерді бір ғана адам басқарады  деген сөз. Бұл компьютерлердің  үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай  алады. Дербес компьютерлердің үстел  үстіне қоятын, портативті және қалтаға  салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

 

Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталаркіреді.Жүйелік блок (Системный блок; system block) - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар.

Дисплей (ағылш. display — корсету, калпына келтіру) — электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминал. Әріптер, сандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді

Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Олпернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. Пернені басқанда, осыған сәйкес жазылған символ немесе басқа амал орындалады. Қазіргі кезде көптеген компьютердің пернетақталары 101 пернеден, бірнеше жарық индикатордан тұрады. Олар перненің жұмыс режімдері туралы хабар беріп отырады. Пернетақтада мыналар бар: а) жазба машиналарының стандартты цифлары бар пернелер, латын және орыс әріптері мен тыныс белгілері; ә) кішкене цифрлық пернетақта; б) редакциялайтын пернелер; в) меңзерді басқару пернесі; г) қызметтік пернелер; ғ) арнаулы пернелер. Әріптік-цифрлық пернелер негізінде операциялық жүйелердің командалары мен мәтіндерін енгізу үшін пайдаланылады. Кіші цифрлық пернетақталар негізгі пернетақталардағы цифрларды қайталайды және ол сандық мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы. Редакциялайтын пернелер мен меңзерді басқару пернелері экранғашыққан ақпараттармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Қызметтік пернелер есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін немесе жеке программаларды басқаруға арналған. Арнаулы пернелер компьютерлерді басқару және пернетақта режімдерін орындау үшін қажет; 2) түрлі операцияларды басқару және мәліметтерді енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын белгілі бір тәртіппен орналасқан пернелер жиынтығы. Компьютердің пернетақтасы — үлгіқалыпты қосқыш орны бар және жүйелік тақшамен байланысқан тізбекті интерфейсі бар біркелкіленген құрылғы. Оларда 83 (84), 101 (102), 104 (105) немесе 122 перне болады.

Пернетақтада бірнеше түрлі пернелер бар. Оларды мынадай санаттар бойынша жіктеуге болады:

  • Әріптік-цифрлық пернетақта : бұлар әріптер мен сандар пернелері.
  • Тыныс белгі пернелері: бұлар қос нүкте (:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), дәйекше (') және тырнақшалар (") сияқты пернелер.
  • Арнайы пернелер: оларға, мысалы, жүгіргі пернелер, Control пернелері мен қызметтік пернелер (F1–F12) жатады. Бұл пернелер қолданылу мақсатына байланысты әр түрлі іс-қимыл жасайды. Мысалы, мәтін өңдегіште ENTER пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде ол қажетті мәтін енгізілгеннен кейін іздеу үрдісін белсендіреді.

Қызметтік пернелер – бұл белгілі бір тапсырмалар орындауға арналған арнайы пернелер. Олар былайша белгіленеді: F1, F2, F3 және F12 пернесіне дейін. Бұл пернелердің мақсаты бағдарламаға байланысты болады. Мысалы, F5 пернесі әдетте бейнебетте көрсетілетін деректерді жаңарту қызметін атқарады.

Тышқан (ағылш. mouse — тышқан) — бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.Тышқанның бір қолмен ұстауға арналған, жайпақ табанды қаптамасы, үстінде бір немесе бірнеше батырмасы, түп жағында көп бағытты бергіш құрылғысы (әдетте кішкентай шар) және оны компьютерге жалғайтын сымы болады.Тышқанды қозғай отырып, пайдалану бейнебеттегі жүгіргіні басқарады. Бейнебетте элементтер мен әмірлер таңдау үшін пайдаланушы тышқан батырмаларының бірін басып, тышқан нұқымын жасауы керек.

Түрі


Айналдырғыш тышқан немесе дөңгелекшелі тышқан, оның сол жақ және оң жақ батырмаларының арасында дөңгелекшесі бар. Ол бейнебет құрамын біртіндеп қарап шығуға мүмкіндік береді.

Оптикалық тышқан – меңзейтін құрылғының соңғы жаңа түрі, онда жұмыршақтың орнына жарық шығаратын элемент орнатылған. Ол жарық шығаратын элемент шағылыстыратын жарық ағынының өзгеруіне жауап ретінде жылжуды тіркеп отырады.

Нұсқағышы


Тінтуір нұсқағышы (Указатель мыши; mouse pointer) — егер тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы өрқашан экранда түрады. Мөтіндік режімде нұсқағыш кәдімгі тіктөртбүрыш пішінінде болады. Графикалық режімде нұсқағыштың стандартты пішіні солға қарай жоғары бағытгалған жебелікке үқсас, алайда көбінесе орындайтын операциясына карай нұсқағыш басқа пішінді: кос жебелікті, кресті, жақтауды жөне т.б. қабылдайды. Уақыт көбірек жүмсалатын операцияларда нұскағыш қүмсағатқа айналады. Бүл өрекетімен программа "шамалы күтіңіз, ақпаратты енгізу әзірге мүмкін емес" дегенді хабарлайды; тышқан нұсқағышын мөтіндік меңзерден ажьірата білу керек.

Принтер (Printer) - 1) баспа құрылғысы; 2) Windows NT жүйесінде — баспа құрылғысы мен қолданба арасындағы программалық интерфейс. 

Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы, ЭЕМ-ның ақпарат басып шығаруға арналған перифериялық құрылғыларының бір түрі. Баспа таңбаларын басу әдістеріне қарай Принтерлер матрицалық, сия құюшы ағыстық, (струйный), лазерлік, жарықаласыдиодтық, жылулық, сублимац., т.б. болып бөлінеді. Принтердің негізгі техникалық сипаттамаларына оның айыру қабілеті, басу жылдамдығы, материалдардың шығындылығы, фото басу мүмкіндігі, т.б. жатады. Айыру қабілеті бір дюймге келетін нүктелер санымен (қысқаша dpі) анықталады. Ағыстық П-лерде бұл шама 600 dpі-ден 4800 dpі-ге дейін, кейбір модельдерде одан да жоғары болады. Лазерлік, жарықаласыдиодтық принтерлердің айыру қабілеті әдетте 600 — 1200 dpі болады. Шығындылығы мен басу жылдамдығы жағынан лазерлік және жарықаласыдиодтық принтерлер ағыстық принтерлерден тиімдірек. Матрицалық принтерлердің шығындылығы аз болғанымен, басу сапасы, жылдамдығы жағынан жоғарыда айтылғанпринтерлерден нашар.

Сканер Компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу перне тақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады. Сканер – электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшал.

Сканер Жұмыс істеу  принциптері Барлық түрлі сканердің  жұмыс істеу принциптері бірдей. Сканерленетін объект фотоқабылдағышқа келіп түседі. Түрлі-түсті сканердің  ақ-қара түстен еш айырмашылығы жоқ.

1.Пластмасса корпусындағы  сканерлейтін механизм, 2.Программалық  бөлігі – TWAIN драйвері. Ол тек сканермен ғана емес, басқа программалармен және ОЖ-мен түгелімен байланыстырады. Сканер компьютердің стандартты құрылғысы емес, сол себепті оған драйвер орнатылады. Әр модельдің өзінің драйвері болады. Сканерлерде стандартты драйвер болмайды. Планшетті сканер тікбұрышты формада пластмассадан жасалады. Корпустың ішкі жағында қозғалмалы каретка орналасқан. Сканерде түстердің 4 типі қолданылады: газоразрядты лампалар – жоғары сәулелі жылдамдықпен жұмыс істейді және ұзақ уақыт қызмет көрсетеді, бірақ энергияны көп тұтынады. v «ыстық» катодты лампалар – бірдей спектрде сәуле береді, аз уақыт қызмет көрсетеді (шамамен 1 000 сағат). Сканер жұмыс істеп тұрғанда лампа өшірілмеуі керек. v «салқын» катодты лампа - өте ұзақ уақыт қызмет көрсетеді (5-тен 10 мың сағат), төмен жұмыс температурасы энергияны көп қажет етеді. v Светодиодтар – энергияны аз тұтынады. СІS-сканерінде қолданылады. Қазіргі сканерлерде 3 түрлі светодиодтар жоғарғы жиілікте пайдаланылады. Сканерленетін бейненің сапасы оның түсінің қанықтылығына және динамикалық диапазонға байланысты. Сканерлердің сыртқы айырмашылықтары – сканерді компьютерге жалғайтын интерфейс. Қазіргі кезде интерфейстердің көптеген түрлерін кездестіруге болады. -LPT – бұл берілген сканер интерфейсі компьютердің параллельді портына принтердің орнына жалғанады. Бұл қосылу типінің көптеген кемшіліктері бар. Сканермен жұмыс істеу барысында принтерге қосылу өте қиын. Бұл мәселені SPP стандартты режимімен шешуге болады, бірақ сканер мен принтердің жұмыс істеу жылдамдығы төмендейді. - SCSI – бұл ескі қосылу әдісі. Компьютер мен сканер арасындағы байланыс арнайы кеңейтілу платасы SCSI интерфейсі арқылы жүзеге асырылады. Бұл интерфейстің жоғары жылдамдықта болуы жоғары сапалы сканерлеуді қамтамасыз етеді. - USB – қазіргі кезде қолданылатын бастапқы қалыпта сканерлейтін интерфейс. Мәліметтердің берілуіне аса жоғары жылдамдықты қажет етпейді. - FireWire қымбат, бірақ перспективті интерфейс. Мұндай сканер комплексінде 3 портты FireWire контроллері болады. Сканерден бөлек компьютерге басқа құрылғыларды да жалғай беруге болады (мысалы, цифрлы камера). Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға болады.Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет


Қазақ тілі терминдерінің  салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001


Информация о работе Дербес компьютердің негізгі құрылғылары