Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 13:11, реферат

Описание работы

Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Работа содержит 1 файл

ЖУРНАЛ.doc

— 391.50 Кб (Скачать)

Қамту немесе «бұқаралық». Білім алушылардың саны сыни тұрғыдағы өлшем болып есептелінбейді. Олардың барлық үлгідегі оқулықтар мен анықтамалық көздеріне (электронды кітапханаларға, ақпараттық деректер қорына) қолдары жетеді, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен теле-коммуникациялық желілер және байланыс құралдары арқылы хабарласа алады.

Рентабельдік. Бұл - ҚО-ның жоғары экономикалық тиімділігі. Шетелдік және отандық мамандардың бағалауы көрсеткендей, ҚО білім алудың басқа нысандарына қарағанда шамамен 1,5-2 есе арзанға түседі.

Оқытушы. Әңгіме оқытушының жаңа рөлі және өзіндік функциялары туралы болып отыр.

Білім алушылар. Нақтырақ айтсақ, білім алушының жаңа рөлі және іс-әрекеті.

Жаңа ақпараттык, технологиялар. Ақпараттық технологиялардың барлық түрлері, бірақ та көбінесе жаңа ақпараттық технологиялар (компь-ютерлер, компьютерлік желілер, мультимедия жүйелері, т.с.с.) пайдаланылады.

Әлеуметтілігі. ҚО тұрғыдан жеріне, жағдайына және белгілі бір дәрежеде материалдық жағдайына қарамастан, білім алудың баршаға бірдей мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, белгілі бір дәрежеде әлеуметтік кикілжіңді азайтады.

Интернационалдығы. ҚО білім беру қызметін экспорттауға және импорттауға қолайлы жағдай туғызады.

Қашықтықтан оқитын оқушы жасаған білім нәтижелері, оның ішкі жеке басының өсуіне сәйкес келеді. Ғылыми білім беретін интернет-ресурстардың көлемінің өсуі адамзаттың әлемдік мәдени-тарихи жетістіктеріне жетудің мүмкіндігі білім берудін мазмұнының ролін өзгертеді. Дәстүрлі білім берудің негізгі мақсаты таңдап алынған мазмұнды оқушыларға жеткізу болып табылатын бірыңғай көздерге - оқулықтар мен оқу құралдарына шоғырландырылады. Web - ортада, СВ КОМ. ВҮВ-тасушыларда, электронды кітаптар мен вертуальді кітапханаларда бар білімдік ақпараттық қол жетімділдігі және көлемнің ұлғаюы және қашықтықтан оқыту қызметі нысандарының ашықтығы оқушылардың дүниетанымын әлемдік деңгейге дейін кеңейтеді. Сондықтан болашақ 12 жылдық мектепте қашықтықтан оқыту нысандарын бірыңғай ашық білім беру кеңістігіндегі ғаламдық білім беретін телекоммуникациялардың тиімді құралы ретінде лайықты орын алатыны анық.

 

ІІ.ІІ. ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ  МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША  МАЗМҰНЫ

Негiзгi ұғымдар

  1. Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында  түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға  бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.
  2. Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.
  3. Ақпараттық кеңiстiк -  белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды  қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.
  4. Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар  жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).
  5. Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.
  6. Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.
  7. Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.
  8. Ақпараттық процестер субъектiсi – ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.
  9. Ақпараттық процестер объектiсi – ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.
  10. WWW (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.
  11. Гипермәтiн – басқа мәтiндермен байланысты жүзеге асыру мәтiнi.

 

БIЛIМ  БЕРУ ЖҮЙЕСIН АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

 

Бiлiм берудi ақпараттандырудың  негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға  мүмкiндiк бередi

Бiлiм берудi ақпараттандырудың  негiзгi мiндеттерi:

  • ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
  • оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
  • мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
  • бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;
  • педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Бiлiм  берудi ақпараттандырудың қағидалары:

  • қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi ;
  • жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
  • бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
  • жалпы компьютерлiк сауаттылық;
  • оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).    

 

Нәтижелер:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
  • жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;
  • бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
  • мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
  • отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;
  • бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
  • республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп,  бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.

 

Бiлiм берудi ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:

I. нормативтiк-құқықтық қамтамасыз  ету;

1. Орта  бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың  мемлекеттiк бағдарламасы (ҚР Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген)

2. Қазақстан  Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың 10-мамырында бекiтiлген)

3. Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы  6 тамыздағы 

№ 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”

II. Оқу жоспары және бағдарламасы;

1998 жылы “Информатика 7-11”, “Информатика 8-11”, “Информатика 10-11” оқу бағдарламалары;

2001, 2003 жылдар  “Информатика -7” оқу бағдарламасы

  III. Аппараттық және техникалық  жағынан қамтамасыз ету;

Жаңа типтi компьютерлермен  қамтамасыз етiлдi (1998-2001жж)

IҮ. Программалық жағынан қамтамасыз  ету;

Қолданбалы  программалық құралдар (үйрету программалары, жаттықтырушы, ойын, бақылау (тест) программалары), электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар (физика, химия)

Ү.  Мамандармен қамтамасыз ету;

Кезеңдер бойынша  мамандардың ақпараттық мәдениетiн  қалыптастыру: I-кезең “Ақпараттық  технология негiздерi” (компьютермен жұмыс  жасау технологиясы – 36 сағат)

II-кезең “Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы” – 36 сағат

III-кезең “Интернет-технология. Web-сайтты құру технологиясы” – 36 сағат

IҮ-кезең “Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкiндiгiн шығармашылық бағытқа пайдалану технологиясы” – 72 сағат

ҮI. Глобальды коммуникациялық құралдар.

Интернетке  қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке  шығу. Қашықтықтан оқыту формасына  көшу.

 

Электрондық оқулық және оның құрылымы

Орта бiлiм  беру жүйесiн ақпараттандырудың  мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.

Электрондық оқулықтың  мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау  қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.

Электрондық оқулықтар  ара қашықтықтан оқыту формасына  негiзделiп жасақталады және оны  жүзеге асыру үшiн қолданылады.

Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi.  Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.

 

Электрондық оқулықтың құрылымы

Бiз оқулықтың  сыртқы құрылымын қарастыратын боламыз. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады:

  1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi.
  2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу.
  3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi.

Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi.

Ал ендi электрондық  оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық:

  • сыртқы бетi;
  • титульдық экран;
  • мазмұны;
  • аннотация;
  • оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер);
  • оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi);
  • қосымша әдебиеттер (оның тiзiмiн ғана емес, мәтiндердi де енгiзу қажет);
  • өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi;
  • өзiндiк бақылау жүйесi;
  • мәтiндiк үзiндiлердi iздеу функциясы;
  • авторлар тiзiмi;
  • терминдiк сөздер;
  • оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе;
  • оқулықпен жұмысты басқару жүйесi.

Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама  берейiк:

Сыртқы  бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет.

 Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi  туралы ақпараттар жазылады.

Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет.

 Электрондық  оқулықты жасақтаушылар алдына  мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi  ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады?  электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б.

Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:

  1. Жан-жақтылығы.
  2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
  3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
  4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
  5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
  6. Тұтынушыға бағдарлау.

Электрондық оқулықтың  құрамы:

  • аннотация;
  • пән туралы қысқаша ақпарат;
  • жұмыс бағдарламалары;
  • электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
  • ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
  • теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
  • теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
  • практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
  • практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
  • бақылау тапсырмалары;
  • лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
  • бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
  • бақылау тестiлерiнiң жинағы;
  • телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
  • глоссарий;
  • әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
  • озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
  • үйренушiнiң жұмыс папкасы;
  • мұғалiмнiң жұмыс папкасы.

Информация о работе Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар