Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 13:32, лекция
Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электррондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т.б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адм жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т.с.с.
Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.
Қазіргі
кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электррондық құрылғылардың жұмысына
негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда,
т.б. көптеген
салаларда кездесетін электрондық аппараттар
адм жұмысын
күннен-күнге
жеңілдетіп,
дами түсуде. Қарапайым
тұрмыстық тіршілікте
де автокөліктермен қатар
көптеген
жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш,
бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер,
фотоаппарат, т.с.с.
Электрондық құрылғы – жұмыс жасау негізіне электроника
принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.
Электроника – электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін
зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде
электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз
күрделіленуі
жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар
көмегімен
берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды,
мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік
транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай
жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі
электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары – сенімділік,
гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.
Қолданылатын
элементтік базасына байланысты электрондық құрылғылардың дамуының негізгі
төрт
сатысын атап көрсетуге болады.
І саты (1904-1950) – электровакуумдық құрфылғылар
негізіндегі элементтік базалар;
ІІ саты (1950 ж. басы – 1960 ж. аяғы) – құрылғылардың элементтік базасында дискреттік
жартылай өткізгіштік құрылғылар;
ІІІ саты (1960-1980) – микроэлектрониканың қарқынды
дамуымен байланысты, алғаш интегралдық микросхемалар қолданыла бастады;
ІV саты (1980 – қазіргі кез) – үлкен интегралдық схемаларды қолдану негізінде электрондық құрылғыларды
микроминиатюризациялау.
Қазіргі
кезде жаһандық ақпараттандыру
кезеңді
бастан кешірудеміз. Сол себептен барлық салаларға электрондық құрылғылар
негізіндегі машиналар мен автоматтар
жаппай енгізілуде. Ғарышты қашықтан басқару және бақылау станциялары, қашықтан
оқыту,
пайдалы қазбаларды
зерттеу, ультра дыбыстық медицина, лазерлік операциялар
жасау, өндіріс
пен технологияны автоматтандыру, дүнежүзілік ұялы
байланыс, жерсеріктік арналар, күрделі
тәжірибелерді
виртуальды модельдеу, т.б. жетістіктерді
электрониканың дамуынсыз елестету мүмкін
емес. Көп
таңбалы
сандары бар есептерді шығарып, алынған жауаптарды бірнеше мыңыншы
дәрежеге
енгізу тағы
бар.