Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:59, реферат
Аталған жүйелерге деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады. Мекемелер желісі жүйеге мынадай негізгі екі талап қояды: коммерциялық ақпараттың қауіпсіздігі және сенімділігі.
Кіріспе.......................................................................................................3
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі…………..........4
басқаруды автоматтандыру негізгі құралдары………………..................6
Автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқару……….10
Қорытынды............................................................................................12
Пайдаланылған әдебиет………….........................................................…13
Автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқару
Жалпы мемлекет көлемде басқару жұмыстарын автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқарудың қазіргі ғылми әдістерін неғұрлым тиімді енгізуді қамтамасыз етеді. Көптеген абоненттер мен телефон желісі арқылы тікелей байланыстырылып, алуан мақсатта пайдаланылатын қуатты есептеу орталықтары құрылуда. Ал кәсіпорындар мен экономикалық басқару органдарын комплексті түрде қамтамасыз ету мақсатында ірі мәліметтік есептеу орталықтары құрылды. Жеке үлкен кәсіпорындар мен басқару органдарында есептеуіш машина станциясы немесе орташа е шағын электрондық есептеуіш машиналары болуы мүмкін.
Украин ССР ҒА Кибернетика институты мен Львов телевизия заводы жасаған көп өнім шығаратын үлкен өндіріс орындарына арналған «Львов» мәліметтік басқару жүйесі басқару жұмыстарын комплексті түрде автоматтандырудың мысалы бола алады. Жүйе негізін заводтың мәліметтік есептеу орталығы құрайды. Ондағы басты техникалық құрал ретінде «Минск-22» электрондық есептеуіш машинасы пайдаланылады. Мәліметтік есептеу орталығы өндірістің барысы жабдықтардың техникалық жағдайы, қолда бар материалдар мен детальдардың, бұйымдар мен дайын өнімдердің кіріс-шығыс есебі туралы хабарды автоматты түрде жинап, өңдейді; завод туралы қажетті анықтамалар береді және әр түрлі жоспарлау, экономикалық есептерін орындайды. Сөйтіп, басқару жұмыстарын комплексті түрде автоматтандыру ісі адамды мәлімет жинақтау және оны өңдеудегі көптеген қиын жұмыстардан босатып, өндірісті басқаруда оның творчестволық ролін арттырады.
Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:
технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;
цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.
Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.
Қорытынды
Басқару - реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет ету пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру процессінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару теориясын белгілі бір ереже- лерге сүйенген қисынды реттелген принциптер, әдістер және өңделген ақпарат негізінде эмпирикалық жолмен немесе бірқатар нақтылы ғылымдардан алынған басқару технологиялары жүйесі ретінде қарастыруға болады.
Басқару - машинаның, механизмнің жұмыс тәртібін және күйін өзгертетін оператордың іс-әрекеті; 2. машинаны, механизмді басқару органыньң комплекті; 3. механикалық системаның функциясының жұмыс реттерін бақылау және бағдарламаларымен мақсаттарын ұқсату.
Автоматтандыру(Автоматизация) — адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.
Автоматтандыру - энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары