Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 22:57, реферат
Егер біз компьютерді қоспас бұрын қарайтын болсақ, онда жүйелік блокқа қосылған көптеген құрылғылар жиынтығынан тұратынын көреміз. Жүйелік блоктың құрамында үлкен пластина – жүйелік тақша орналасқан, оған компьютерлік жүйенің құрауыштары қосылады.
Іске қосылмаған компьютер темір мен пластмассадан дайындалған, бірақ оны іске қосқан соң ол түрленіп, жанданады: онымен мәтіндер теруге, ойындар ойнауға, музыка тыңдауға және көптеген басқа амалдар орындауға болады. Мұның барлығы әр түрлі программаларды пайдаланғандықтан болады, олардың біреуі компьютерді басқарады, екіншілері мәтінмен, графикамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, үшіншілері басқа да маңызды функциялар атқарады. ДК және олардың жүйелерінің архитектурасында икемді құрылым болып бағдарламалық жасақтама табылады.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
Бағдарламалық жасақтама деңгейлері.
Бағдарламалық жасақтама түрлері.
Жүйелік бағдарламалық жасақтама.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама.
Аспаптық бағдарламалық жасақтама.
III. Қорытынды.
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Microsoft Excel программасы Windows жүйесінде программаларды іске қосудың және жабудың тәсілдеріне сәйкес іске қосылады және жабылады.
Сурет 11 – MS Excel терезесінің негізгі элементтері
MS Excel құжаты Жұмыс кітабы (сурет 11) деп аталады. Жұмыс кітабы әрқайсысы бір электрондық кестеден тұратын Жұмыс беттерінен тұрады (255-ке дейін жұмыс беттері болуы мүмкін). Әрбір жұмыс бетінің атауы бар, ол бет жарлығында орналасады. Бет жарлықтарына тышқанмен түрту арқылы олардың бірінен-біріне көшуге болады. Беттің атауын өзгерту үшін жарлығына екі рет қатарынан түртіп, жаңа атау теру керек. Жұмыс беті жолдар мен бағандардан тұрады (256 бағанға, 65536 жолға дейін болуы мүмкін), жолдар реттік сандармен, бағандар латынның бас әріптерімен нөмірленеді.
Ұяшық және оның адресі. Баған мен жолдың қиылысуында орналасқан элементті ұяшық деп атайды, ұяшық – мәліметтерді кестеде сақтаудың ең кіші элементі. Әрбір ұяшық өзі қиылысуында орналасқан баған мен жол атауларынан тұратын адресімен анықталады, мысалы – А1, DЕ234, F9. Әрбір мезетте белгілі бір ұяшық активті болып табылады, ол қою қоршаумен ерекшеленеді.
Ұяшықтар диапазондары. Диапазон – іргелес ұяшықтарда орналасқан, формулаларда оларға біртұтас элемент сияқты қатынасатын мәліметтер тобы. Жолдағы немесе бағандағы диапазондарға олардың алғашқы және соңғы адрестерін көрсету арқылы қатынасады, мысалы: А1:А15, А1:G1.
Тік төртбұрышты диапазонға жоғарғы сол төбе мен төменгі оң төбенің адрестерін көрсету арқылы қатынайды, мысалы А1:С15.
Кестеде баған, жол, ұяшықтарды және ұяшықтар диапазондарын ерекшелеу. ЭК –де ерекшелеулерді жүзеге асыруға болады:
Кестеге мәліметтер енгізу. Кестеге мәліметтердің әртүрлі түрлерін (мәтін, сан, дата, формула, функция, т.б) енгізуге болады. Ол үшін қажетті ұяшықты активтендіріп не тікелей пернетақтадан ұяшыққа теру арқылы, не формула жолын активтендіріп теруге болады. Мәліметтерді енгізуді жеңілдету және жылдамдату үшін
қолданады.
MS Excel-де есептеулер. Есептеулер формулалар және функциялар аппараттарын қолданады. Формула – сандық тұрақтылар, ұяшықтарға сілтемелер, функциялардың математикалық операциялар арқылы байланысқан өрнектері. Формуланы құру (=) теңдік белгісін енгізуден басталады. Формуланы құру кезінде қиындықтар кездессе, онда Функция Шеберін қолдануға болады. Мұнда Автоқосындылау командасы да бар. Берілген бағаналар немесе жол ұяшықтарын ерекшелеп (кез келген ұяшық диапазонын) «Автоқосындылау» батырмасын басу қажет.
Ұяшықтарға сілтемелер. Формулада ұяшықтарға сілтемелер, яғни есептеуде қолданылатын ұяшық адрестері болуы мүмкін. Демек есептеу нәтижесі басқа ұяшықта орналасқан мәнге тәуелді, ол мән өзгерсе, нәтиже де автоматты түрде қайта есептеледі. Сілтемелер салыстырмалы, абсолютті және аралас болуы мүмкін. Үнсіздікте салыстырмалы сілтеме қолданылады, яғни формуланы көшірмелегенде сілтемелердегі адрестер алғашқы ұяшықтың және көшірменің орналасуына сәйкес автоматты өзгереді. Көшірмелеуде ұяшық адрестері өзгермеу үшін абсолютті сілтеме қолданылады, ол жолдың немесе бағанның аты алдына (аралас сілтемеде) немесе екеуінің алдына да $ белгісін қоюмен ерекшеленеді.
Графикалық мәліметтерді көрсету. Сандық мәліметтерді графикалық пішімде көрсету үшін сызықтар, жолақтар, секторлар, диаграммалар және басқаларды, сонымен қатар олардың біріктірілген вариацияларын қолданады. Бұл мүмкіндіктер Диаграмма шебері нұсқауларымен жүзеге асады.
Excel – дегі кітап оның беттерін көркемдеуге ерекше көңіл бөледі. Мұндай мақсаттар үшін сандар және мәтіннің, түс және стильдің, шрифт және т. с. с. пішімдерін қолданады.
Excel тек мәтіндік және
графикалық жүйелермен ғана «
Сонымен қатар Excel мүмкіндіктерін кеңейтетін арнайа құралдар – қондырғылар бар. Олар – Талдау дестесі, Автосақтау, Шешім іздеу, т.б.
MS Excel процессорында жұмыс істеу негіздеріне арналған да көптеген арнайы әдебиеттер, оқу құралдары болғандықтан шолу қысқаша жүргізіліп, терең меңгеру тәжірибелік сабақтар құзырына жүктелді.
Мәліметтер қорлары және МҚБЖ
Мәліметтер қоры (МҚ) –
қандай да пәндік аймақтағы ақиқат
өмірдің нақты объектілері
Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.
Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.
Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.
Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.
Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.
Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар
МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.
МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде
деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.
Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.
MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:
Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.
Компьютерлік графика
Графикалық мәліметтерді көрсетудің негіздері. Мәліметтерді компьютердің монитор экранында графикалық түрде кескіндеу 50-жылдардың ортасында ғылыми және әскери зерттеулерді жүргізуде үлкен ЭЕМ-да жүзеге асырылды. Содан бері ол барлық компьютерлік жүйелердің, әсіресе ДК-ң бәрінде міндетті түрде жүзеге асырылған.
Программа-аппараттық есептеу кешендерінің көмегімен кескіндерді құру мен өңдеудің әдістері мен құралдарын зерттейтін информатиканың арнайы бөлімін – компьютерлік графика деп атайды. Мәліметтерді көрнекілеу адам қызметінің әртүрлі аймақтарында қолдану табады (компьютерлік томография, маталарды модельдеу және т.б.)
Кескіндерді құру тәсілдеріне байланысты компьютерлік графиканы үш түрге бөледі: растрлық, векторлық, фрактальдық.
Көрнекілеу кеңістігінде тұлғалардың (объектілердің) көлемді модельдерін құрудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін үш өлшемді графика жеке пән болып есептеледі (ол кескіндерді құрудың растрлық және векторлық түрлерінің бірігуі).
а) Растрлық графика. Нүктелердің жиынтығынан құралатын растрлық кескіндер үшін руқсат нүктелер саны (айыру қабілеті) ұғымы маңызды орын алады, ол ұзындық бірлігінде анықталған нүктелердің санын білдіреді. Мұнда оның төмендігі түрлерін ажыратады:
Растрлық графиканың принципі қарапайым. Біріншіден, бұл мозаика, екіншіден, таспаларға салу – кескіндерді дайындық қатты қағаздарынан қабырғаға көшірудің тиімді әдісі.
Растрлық графика кескін құрайтын жүздеген, мыңдаған пиксельдермен жұмыс жасайды. Бірақ пиксельдер өздерінің қандай объектіні құрып жатқанын «білмейді».
Растрлық графика программалары: Paint, (Fractal Design), Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photoshop.
Растрлық кескін алудың аппараттық жабдықтары: сканелер, цифрлық фотокамералар, графикалық планшеттер, т.б..
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
б) Векторлық графика. Растрлық графикада негізгі элемент болып нүкте саналса, векторлық графикада – сызық (түзу). Математикалық тұрғыдан ол тұтас объект болып сипатталады. Векторлық графикада кескіндер қарапайым объектілерден құрылады – сызықтардан, доғалардан, шеңберлерден, эллипсоидтардан, тіктөртбұрыштардан, және т.б., оларды примитивтер деп атайды. Қарапайым векторлық объектілерден кескіндер құралады.
Векторлық графика программалары. Adobe Illustrator, Macromedia Freehand, Coreldraw.
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
в) Фрактальдық графика. Векторлық сияқты, математикалық есептеулерге сүйенеді. Негізгі элемент болып математикалық формуланың өзі есептеледі, яғни компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды және кескін тек қана теңдеулердің көмегімен салынады. Осылай қарапайым регулярлы құрылымдарды, тіпті күрделі иллюстрацияларды (табиғат ландшафтарын, үш өлшемді объектілерді) салады.
г) Үш өлшемді графика. Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады. Объектілерді кеңістікте модельдеу үшін: