Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:27, реферат
Көлемі жағынан орташа болып келетін бағдарламаларды(бірнеше мың жолды код) құрастырғанда құрылымды бағдарламалау қолданылады. Бағдарламаның құрылымы шығарылып жатқан есептің құрылымын көрсету керек, сонда бағдарлама мәтінінен есепті шығару алгоритмі түсінікті болады. Ол үшін қарапайым операторлар жеткіліксіз, алгоритмнің нақты құрылымын дәлірек көрсететін құралдар қажет. Сондықтан бағдарламалауға жаңа ұғым – ішкі бағдарламалар енгізілді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ішкі бағдарламалар.
1.1. Процедуралар.
1.2. Функциялар.
2. Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері. Ассемблер
3. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдері.
3.1. Фортран
3.2. Кобол
3.3. Алгол
3.4. Бейсик
3.7. Си
3.8. Ява
4. Жүйелік бағдарламалау. Паскаль тілінде бағдарламалау.
5. Объектіге бағытталған бағдарламалау.
5.1. Visual Basic
5.2. Си++
Сайып келгенде, IDE дегеніміз – бұл бағдарлама жасауға қатысатын құралдар үстелі мен жұмыс ортасы. Бағдарламалауды іске қосқан кезде ең қажет деген элементтер экранға шығады. Оларға қоса ондаған көмекші және жасырын терезелер бар, олар тек пайдаланушыға керек кезде ғана шақырылуы мүмкін.
5.2. Си++.
Бұл бағдарламалау тілі 1980 жылы пайда болды. Оны құрастырған Бьяр Страуструп. Оның атауын ойлап тапқан Рик Масситти деген адам. Бұл Си атты бағдарламалау тілінің Си++ тіліне эволюциялық түрде көшуін білдіреді. Си++ - бұл Си тілінің объектігі бағытталған кеңейтілген түрі.
Си++ үшін базалық тіл ретінде Си-дің таңдалды, себебі ол:
көпмақсатты, ықшамды және біршама төмен деңгейлі;
жүйелік бағдарламалаудың мақсаттарының көбісіне жауап береді;
UNIX бағдарламалау ортасында жарамды болып табылады.
Қорытынды.
Құрылымдық бағдарламалу. Ішкі бағдарлама – қажет әрекеттерді орындайтын және бастапқы кодтың басқа бөлімдерінен тәуелсіз операторлар жиыны. Процедуралар мен функциялар. Ішкі бағдарлама парметрлері. Формальді және фактілі, глобальді және локальді параметрлер. Ішкі бағдарламаны шақыру тізбегін басқару.
Модульдік бағдарламалу. Негізгі идея – бағдарламаны әрқайсысы бір немесе бірнеше әрекеттерді орындайтын модульдер тізбегіне бөлу. Модуль – библиотеканы құру үшін және үлкен бағдарламаларды логикалық байланысқан блоктарға бөлу үшін арналған арнайы бағдарламалық бірлік. Модульге қойылатын жалғыз талап – оның орындалуы әрқашанда бірінші командадан басталып, әрқашанда ең соңғы командамен аяқталу керек.
Деректер қалай ұйымдастырылу керек деген сұрақты алгоритмді өңдеуді бастамай тұрып шешіп алу керек. Нақты бір есепті шеше отырып, нақты жағдайды ұсынатын деректер жиынын таңдау қажет. Одан кейін осы деректерді ұсыну тәсілін анықтау керек. Деректерді ұсыну, компьютермен және оның бағдарламалық қамтамасыз етілуімен жіберілетін құралдар мен мүкіндіктерден шыға отырып анықталады.
Кез келген тұрақты, айнымалы, өрнек немесе функция біршама түрге жатады. Түр көптеген мәндерді сипаттайды, тұрақты, айнымалы, өрнек және функция түрлерін қабылдауы мүмкін. Деректердің әрбір түріне арнаулы операциялар қолданылады және олардың тәртібі кейбір аксиомаларға бағынады.
Деректердің қарапайым түріне бүтін және нақты сандар, таңбалар, логикалық шамалар, диапазон жатады. Қарапайым түрдегі шаманы анықтаудың негізгі белгісі былай: бір ат-бір мән. Деректердің қарапайым түрімен орныдалатын операциялар. Қарапайым деректер жиынтығы көмегімен алынған деректердің күрделі түрі құрылымдық деп аталады. Деректердің құрылымдық түрі келесі негізгі белгілермен жіктеледі: біртектілі- біртектілі емес, ретке келтіру-ретке келтірмеу, тікелей кіру-тізбектей кіру, статикалық-динамикалық. Құрылымдық түріне сілем, жазбалар, файлдар жатады. Құрылымдық деректер элементіне рұқсат.
Деректер қорының суперпозициясы. Стек. Деректерді иерархиялық ұйымдастыру. Деректердің статикалық және динамикалық құрылымы. Статикалық айнымалылар өздері бейнеленетін блокқа ену кезінде автоматты түрде туындайды, барлық блоктың жұмысын нәтижелеуге катысады да және осы блоктан шыққан кезде жойылады. Статикалық айнымалыларға айналу олардың аты бойынша жүреді, ал түрі олардың бейнеленуімен анықталады. Машина жадының статикалық обьектілерін орналастыру бойынша барлық жұмыс трансляция кезеңінде өтеді. Бағдарламаны орындау процесінде құрылымы өзгеретін деректер динамикалық деп аталады. Олар үшін зердені бөлу және тазалау трансляция кезеңінде емес, сол бағдарламаның орындалу процесі кезінде өтеді. Динамикалық шамалармен жұмыс істеу үшін бағдарламалаудың көптеген тілдерінде сілтеу түрі қолданылады.
Бағдарламалау тілдері төменгі деңгейден жылдар өте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды.
Бағдарламалау тідерімен бірге бағдарламалау жүйесі де дамып келеді. Жүйелік бағдарламалау, оқиғалы-бейімделуші бағдарламалау, объектіге бағытталған бағдарламалау – олар алуан түрлі. Болашақта бағдарламалаудың жаңа, одан әрі жетілдірілген түрлері пайда болады деуге әбден болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Н. Т. Ермеков, В. А. Криворучко, Л. Н. Кафтункина – Информатика-9, 2005 ж.
2. С. В. Симонович – Информатика. Базовый курс., 2001 ж.
3. В. В. Егоров, В. А. Криворучко, Н. Н. Шпигарь – Visual Basic для студентов и школьников., 2007 ж.
4. М. Мансұрова – Компьютерлік орта., 2004 ж.