Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2012 в 21:29, реферат
Қазіргі заманғы ЭЕМ-ді программамен қамтамасыз ету машинаның көптеген қызметін іске асыруға арналған программалар жиынтығынан тұрады. Мысалы, аудармашы программалар бір тілден екіншісіне аудару қызметін атқарады; принтерді қосу программасы; қол тетігін қосу драйвері.
Қазіргі заманғы ЭЕМ-ді программамен қамтамасыз ету машинаның көптеген қызметін іске асыруға арналған программалар жиынтығынан тұрады.
Мысалы, аудармашы программалар бір тілден екіншісіне аудару қызметін атқарады; принтерді қосу программасы; қол тетігін қосу драйвері.
Компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылатыны, ал пайдаланушының машинада түрлі информацияларды өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс екенін ескерту қажет. Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнап дайындалған программалар жеткілікті.
Құрылымы бойынша компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады. Олар:
1) жүйелік программалар;
2) қолданбалы программалар;
3) аспаптық программалар.
Жүйелік программалар компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіреді, пайдаланушыға машинаның ұтымды қызмет етуін қамтамасыз етеді. Жүйелік программалар түрлері:
q операциялық жүйе;
q драйвер;
q қабықша-программа;
q операциялық қоршау;
q утилит.
Мысалы, операциялық жүйені қарастырайық.
Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау, т.б. Яғни, ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе.
Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік дискіде сақталып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды (DOS).
Процессордың типіне қарай, DOS-тың
көптеген нұсқасы бар. Әдетте оларға арнайы
атаулар беріліп қойылған. 16 не одан жоғары
разрядты IBM PC –ге үйлесімді компьютерлерде
пайдаланылатын операциялық жүйе – MS DOS (MicroSoft Disk
МS DОS-пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жуйенің шақыруы деп аталатын С:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң комаңдалық жолда теріп алып, Енг (енгізу) пернесін басуы тиіс.
1985 жылы МісгоSoft фирмасы алғашқы рет МS DОS'қа қосымша пайдаланатын Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нүсқарын дайындап шықты. Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері МS DОS -тан жүздеген есе артық 3.0, 3.1, 3.11 және т.б. нүсқалары жарыққа шықты. Мүндай жүмысын жеңілдететін Norton Commander сияқты қабықша программа (ол жөнінде 7қысқаша келесі дәрісте баяндалған), бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.
Утилитгер — программалау ортасында белгілі
бір қызмет атқаруға пайдаланатын қосымша программалар. Мұндай
программалар берілгендер қорын басқарушы
жүйелерде, түрлі программалау тілдерінде жиі
кездеседі. Мәліметтерді қысатын (архивтейтін), компьют
Сервистік программалар — адамның операциялық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.
Қолданбалы программалар пайдаланушының нақты есептерін шешеді. Сол есепке байланысты келесі ең кең тараған және көп қолданылатын программалар түрлерін келтірейік, олар:
q мәтіндік редактор
q графикалық редакторлар
q кестелік процессор
q мәліметтер қорлары
q баспа жүйесі
q ойындар
q аудармашы-
q автоматтандырылған проект жүйесі
q оқыту-үйрету программалар т.б.
Жүйелік программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтарың басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программамен байланыстырады.
Қысқаша айтқанда, мәтіндік редакторлар текст
дайындағанда және оны өндеп баспаға шығаруда
қолданады. Олар: Lexicon, Foton,
Графикалық редакторлар екі топқа бөлінеді: нүктелік және векторлық. Олар: Paint, Paintbruch, CorelDraw, PowerPoint. Осылардың көмегімен графикалық бейнелерді, сурет салуды қамтамасыз етуге болады.
Кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін программалар – кестелік процессорлар (Quatre, Lotus, Excel, SuperCalk).
Информация массивтерін өндеуде - СУБД - мәліметтер қорларың пайдаланамыз (Foxbase, FoxPro, Clipper).
Қазіргі компьютерлердің программалық жабдықтамалары қолданушыларға программалау тілдерін білмей-ақ олармен (компьютерлермен) жеңіл қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Бұны Windows, Macintosh OS секілді танымал операциялық жүйелердің пайда болуымен байланыстыруға болады. Қазір әлемде дербес компьютерлердің жылына миллиондаған данасы сатылады. V кезеңнің ЭЕМ-дері деп жақын болашақта пайда болатын компьютерлерді айтуға болады. Ғалымдар болашақтың компьютерлері бүгінгі компьютерлермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты, қолданыста ыңғайлы және интеллектуалдық қабілеті өте жоғары болады деп болжамдайды. Бұл компьютерлерге барлық мәліметті қазіргідей пернетақтамен емес, дауыстап командалар беру арқылы енгізіп, олардың адам секілді машиналық «көру», «есту», «иіс сезу» қабілеті болады деп болжамдалуда.
Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Қызметтік программалық жасақтама. Ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.
Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.
Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлар, броузерлер және т.б. жатады.
Информация о работе Қазіргі компьютер бағдарламасының жабдықтамасы