Ақпараттың қоғамдағы ролі. Ақпараттың түрлері және қасиеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:30, реферат

Описание работы

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

Работа содержит 1 файл

Акпарат.doc

— 100.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Ақпараттың қоғамдағы  ролі. Ақпараттың түрлері және қасиеттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға  болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым  салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

Сонымен ақпарат —  бұл ақпараттық процесс барысында  түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

1. Ақпарат,  ақпарат түрі, формасы және қасиеттері

 

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген  сөзінен шыққан.

Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі  белгілерге байланысты топтауға болады.

Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:

  • Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
  • Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
  • Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.

Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:

  • визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;
  • аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;
  • тактильді – сезім арқылы;
  • органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;
  • машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.

Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.

  1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.)
  2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).

Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:

  • оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;
  • құрылымдылығы – түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді.
  • пайдалығы ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.
  • құндылығы, ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен, пайдалылығымен анықталады.

 

 

2. Ақпараттық  құралдардың қоғамдағы ролі

 

Ақпарат құралдары хабарларды халық арасына таратады, қоғамдық пікір қалыптастырып, саяси жұмыстар жүргізуге және т.б. мүмкімдік береді. Солардың арқасында қоғамда тұрақтылық, ынтымақтастық ахуал орнығады немесе тұрақсыз жағдай қалыптасады. Ақпарат құралдарының адамдарға тигізетін ықпалын ескере келе, оны заң шығарушы, атқакрушы, сот билігімен қатар қойып, төртінші үкімет деп атайды. КСРО кезенде ақпарат құралдары тікелей мемлекетің бақылауында болады. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін шын мәніненде сөз бостандығы беріліп, демокретік жүйе қалыптасып, ақпарат құралдарын бұрынғыдай қатаң бақылау үрдістен шығып қалады. 
Ақпарат құралдары кең мағынасында бұған жұртшылдыққа хабар тарататын құралдардың бәрі-газет, жұрнал, телевизия және радио, пресс-релиздер,жарнамалық мәтіндер,таблоидтер жатады. Қалыптасқан мағынасында: мерзімді баспасөз, телевизия және радио, ақпарат агенттіктері, әр түрлі байаныс жүйелері енеді. Баспасөз телевизия және радио тек ақпарат тарататын құрал ғана емес, олар көпшілдікке ұсынылатын материялдарын түсіндіреді, бұл материялдарына көркемдік түр мен сипат береді, сол арқылы көрерменнің, тындарманның эстетикалдық сұранысын өтейді. Ақпарат құралдары-мемлекеттік тәуелсіздігінің саяси эканомикасын және ғылыми техналогиясын дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.

Ақпарат саясаты-мемлекеттік  органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік  жүйелерді немесе бұқаралық ақпарат құралдарын ғана емес, барлық түрдегі-іскерлік, бәзілдік, хабарламалық т.б.  
       Сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды. Ақпаратты сақтайтын бұлайша түсіндіру ақпарат индустриясының әр қилы секторларының арасындағы кедергілерді жоя отырып, қарқынды дамып келе жатқан телекоммуникациялары, компьюторлік технол-ларды жаңалау үрдісіне ақпараттарды цифрлау ісіне негізделіп отыр. Мемлекеттік өзінің эканомикалдық әлеуметтік-саяси, ұлттық мүдделеріне сәйкес ақпарат саяатын ұстанады. Мемлекеттік тарихындағы түбірлі реформалар өзгерістерге орай дұрыс тандап алған ақпарат саясаты қоғамның мүдделі мұраттарына жол бастап, өзіндік матермияалдық-рұхани құндылықарын сақтай отырып, әлемдік өркениет деңгейіне көтерілу қызмет етеді.

Ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты  жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру тартумен және оны адам қызметінің әр түрлі саласында пайдалануға  байланыстымәселен мәселерін зертейттін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарту мәселелерін адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келеді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа техналогиясы жасалды. 20ғасырдың басында Бельгия ғылымы П. Отле ғылымы құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау,іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жекек өһңдеу операцияларын техникаландыру ешқандай Ақпаратануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының пайда болуы бұл жағдайда түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығарудға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО да ақпарат дербес пен мәтінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал ақпарат Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан мемлекеттік жоспарлау кезінің жанынан ғылыми техника, ақпарат және техника, эканомика ғылыми зерттеу информаты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары: ғылым техникалық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау. 1991 жылы Қазақстанда ақпараттану және басқару проблемалары институты ашылды. Оның лабараторияларында іргелі зерттеулер «Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселері» және ресми ғылым техникасы бағдарма саласында «халық шаруашылығын ақпараттандыру»  бағдармалары бойынша жүргізілді.

 

 

3. Ақпараттық  процестер және оның моделдері

 

Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.

Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.

Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.

Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.

Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады.

Модель – қандай да бір объектінің, процестің немесе сыртқы өмірдегі құбылыстың математикалық немесе басқа арнайы символдың көмегімен өрнектеліп, шамамен сипатталуы.

Ақпараттық модель – объектінің, процестің, құбылыстың күйін және қасиетін, сол сияқты олардың сыртқы ортамен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттың жиынтығы.

Ақпараттық модель былай жіктеледі:

  • Ауызша (ақпараттық модель ойша немесе сөзбен).
  • Таңба (ақпараттық модель таңбаның көмегімен беріледі, яғни кез-келген формальді тіл арқылы).

 

 

4. Ақпаратты  кодтау

 

Жоғарыда айтылғандай  ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің әр түрлі екі әдісі бар: үздіксіз (аналогтік) және үзілісті (дискретті). Қазіргі аналогтік аппараттар сапалы, мысалы түрлі-түсті теледидар және бейнекөріністер т.б. Компьютерлік технология ақпаратты қабылдаудың дискретті түрін ұсынады. Әр түрлі типті мәліметтермен жұмысты автоматтандыру үшін оның берілу формасын бірыңғайлау өте маңызды, ол үшін көбіне кодтау қолданылады.

Техниканың, ғылымның және мәдениеттің кейбір саласында кодтау проблемалары өте жақсы шешімін  табуда. Мысал ретінде математикалық  өрнектерді жазу жүйесін, телеграф азбукасын, соқырларға арналған Брайля жүйесін және т.б. айтуға болады.

 

С О М P U T E R

 

43    4F   4D   50    55    54   45    52                     ASCII коды

 

 - · - ·    - - -    · - - ·    · · -    -    ·    · - ·    Морзе коды

 

                                                                                


                                                                                 Брайл коды

 

 

1-сурет. Әр түрлі кодтау жүйесіне мысалдар.

 

Есептеу техникасының өзінің жүйесі бар – ол екілік кодтау деп аталады және мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады(bit- ағылшынша,   binary digit-тің қысқаша жазылуы).

Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға болады. Практикада ақпаратты өлшеу үшін үлкен өлшем бірліктер қолданылады:

1 Кбайт = 210 байт; 1 Мбайт = 210 Кбайт; 1 Гбайт = 210 Мбайт.

Текстік мәліметтерді кодтау. Егер алфавиттің әр символына белгілі бір санды сәйкестендіріп қойса (мысалы реттік номерін), онда текстік ақпаратты екілік кодтың көмегімен кодтауға болады. Қазіргі компьютерлерде ақпарат ASCII (American Standart Codе for Information Interchange – американский стандартный код для обмена информацией) кодымен беріледі. ASCII коды АҚШ-тың (ANSI) американың стандарттық ұлттық институтында жасалған, бірақ оның 256 стандарт символдан тұратын бөлігі арнайы программаның көмегімен ұлттық алфавиттің символдарымен ауыстыруға болатындықтан басқа елдерде пайдалана алады.

Қазақстанда құрамында  кириллица символдары бар ASCII-ге алтернативті кодтау қолданылады. Онда үлкен және кіші орыс және латын әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және арифметикалық амалдар және т.б. қамтылған. ASCII  символының әрқайсысына 8 биттік екілік код (байт) сәйкес қойылған, бұл 256 әр түрлі символды кодтауға мүмкіншілік береді.

Сонымен, егер адам текстік  файл құрып және оны дискіге жазса, онда адамның енгізген әр символы  компьютер жадында сегіз нольдер мен бірлердің жиынымен сақталады. Тексті экранға немесе принтерге шығарғанда осы кодтарға сәйкес символдар бейнеленеді.

Графикалық  мәліметтерді кодтау. ЭЕМ-дағы кез-келген басқа ақпарат секілді графикалық бейнелерді сақтауға, өңдеуге және екілік жүйеде кодталған түрінде байланыс жолдармен жіберіледі. Графикалық байланыс жолдармен жұмыс жасайтын әр түрлі программалар саны жеткілікті. Мұнда графикалық кодтау әдістері әр түрлі графиктік форматтар қолданылады.

Бейне сақталған файлдың кеңеймесі мұнда қандай формат қолданғанын білдіреді, яғни қандай программаның көмегімен қарауға, өңдеуге және баспаға шығаруға болатынын аңғаруға болады. Осындай әр түрлі мүмкіншіліктеріне қарамастан бейнені кодтаудың негізінде растрлық және векторлық графика деген әр түрлі екі тәсілі бар.

Растрлық графиканы  қолданғанда бейненің әрбір кішкене  элементінің түсі санаулы биттің көмегімен кодталады. Бейне пиксель деп аталатын ұсақ нүктелердің жиынын құрайды. ЭЕМ-де растрлық әдісті қолданғанда әр пиксель үшін биттік қалыңдық(глубина) деп аталатын санаулы биттер саны бөлінеді. Әр түске белгілі бір екілік код сәйкес келеді. Мысалы, егер биттік қалыңдық 1-ге тең болса, онда 0-қара, 1-ақ түске сәйкес келеді де, ал бейне тек қара-ақ түсті болады. Егер биттік қалыңдық 2-ге тең болса, яғни әр пикселге 2 бит бөлінсе, онда 00-ге қара, 01–ге қызыл, 10-ға көк, 11–ге ақ сәйкес келеді де, төрт түсті пайдалануға болады. Биттің қалыңдығы 3-ке тең болғанда 8 түсті пайдалануға болса, ал 4-те 16 түсті пайдалануға болады. Сонымен, графиктік программалардың көмегімен 2,4,8,16,32,64,…,256 және т.б. түсті бейнелерді құруға болады. Мүмкін түстің санының өсуіне байланысты бейнені есте сақтауға қажет жадыдан орынның көлемі де өседі. Бұл растрлық графиканың негізгі кемшілігі. Мысалы, орташа  өлшемдегі фотография компьютер жадынан бірнеше Мегабайт орын алады. Бұл бірнеше жүз, не бірнеше мың беттік текстке пара-пар.

Векторлық графиканы  пайдаланғанда бейнені құраушы  қарапайым графиктер – геометриялық объектілердің математикалық өрнегі (мысалы, кесінді, шеңберлер, тік бұрыштар және т.б.) ЭЕМ-нің жадында сақталады. Шеңберді салу үшін оның центрінің орнын, радиусын және сызықтық жуандығы мен түсін жадыда сақтау керек. Осы мәліметтер бойынша сәйкес программалар керек фигураны дисплей экранында тұрғызады. Мұндай бейнелеуде әр нүктенің түсін жадыда сақтау керек болмағандықтан расторлық графикаға қарағанда ол көп жадыны қажет етпейді (10 - 100 рет аз). Векторлық графика жоғары сапалы көркемсурет бейнелерімен, фотосуреттер мен фильмдермен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан векторлық графика сызбалар, схемалар, диаграммалар т.б. жасау үшін пайдаланады.

Информация о работе Ақпараттың қоғамдағы ролі. Ақпараттың түрлері және қасиеттері