Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 04:56, творческая работа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактордың командаларынмен жұмыс істеуге, суреттерді сақтауға және суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілітін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шынш
Сыныбы : 7 «б» Мерзімі: 25.02.13ж.
Сабақтың тақырыбы: Paint графиктік редакторының командалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды графикалық редактордың командаларынмен жұмыс істеуге, суреттерді сақтауға және суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілітін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, слайд, интерактивтік тақта, карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
Тақтада жауаптары бір-бірлерін тексереді. Журналға баға қоямын.
Ә) Интерактивтік тақтада Paint графиктік редакторының терезесі, ауыстырмақ, жұбын тап, сөзжұмбақ шешу.
Өткен материалды пысықтау: Біз алдыңғы сабақта Paint графиктік редакторының құралдары, терезе элементтерімен таныстық. Бүгін біз
ІІІ. Жаңа сабақ:
Болдырмау командасы.
Соңғы әрекетті қалай болдырмауға болады? Правка → Отменить (Түзету – Болдырмау).
Орындатпаған әрекетті қалай кері қайтаруға болады?
Правка → Вернуть (Түзету → Кері қайтару). Соңғы үш амалды алып тастауға болады.
Суреттерді сақтау
Суретті келешекте таға да қолдану үшін сақтаймыз. Paint графиктік редакторында файлдың кеңейтілуі .bmp түрінде болады.
Сақтау әрекеттері былай орындалады: Файл → Сохранить как/жаңа суретті сақтау/ (Файл →Сохранить(салыңған суретті өз орнына сақтау үшін қолданылады)).
Сақталған суретті ашу
Файл → Открыть командасын орындаймыз, экранда ашылған терезеден қажетті файлды таңдаймыз.
Суретке мәтіндер енгізу.
1. Надпись (Жазу) құралының батырмасын шертеміз.
2. Мәтін енгізетін аймақты белгілеңіз.
3. Егер Шрифты (Қаріп) құрал – саймандар тақтасы жоқ болса, оны Вид → Панель атрибутов текста командасы арқылы қосамыз.
керекті шрифт, оның шамасын, түрлерін таңдаңыз.
4. Мәтін енгізіңіз.
5. Мәтінді енгізіп болған соң мәтін жақтауының сыртына шертеміз. Мәтін объекті түрінде орналасады, сондықтан мәтінді сыртына шықпай тұрып тексеріп алу керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау (карточкалар).
V. Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.3 тақырыпты оқу.
VI. Сабақты қорытындылау:
Рефлексия. Нені үйрендік? Не білдік?
VII. Оқушыларды бағалау.
Пән мұғалімі: Досполова С.А
М.Әуезов атындағы № 128 жалпы білім беретін мектеп
«Бекітемін»
Мектеп директоры:_________
П.С. Қабылбекова
«___»_______2013 ж.
7 «б» сыныбында информатика пәнінен
өткізген ашық сабақтың тақырыбы:
«Paint графиктік редакторының командалары. Мәтіні бар сурет салу»
Өткізген: Досполова С. А