Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 06:34, лекция
Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыруда.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталады:
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын кабілеті, жоғары әдептілік. кұндылықтар негізіңде жасампаз коғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматгылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтык, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдениеттанымдық құзыреттілік — жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдік мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс кызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
Оку-танымдык құзыреттілік — окушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оку-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік – зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін карастырады.
Коммуникативті құзыреттілік — адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жүмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
Ақпараттык-технологиялык құзыреттілік — бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, тандай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен акпаратты акпараттық технологиялар мен техникалык объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік қоғамдық жағдайларға накты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, енбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға таддау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда {өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік кадір-касиет сезімімен үйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты карау) жеке және коғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ыкпал етуді қарастырады.
Құзыреттілігі жоқ мұғалімнің оқушылары да құзыретсіз екендігін есте ұстаған жөн. Құзыреттілік құралдарының тізімі бәрінен бұрын оқушы ұстанымына да байланысты. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру олардың белсенділігіне байланысты болады, яғни мұғалімнің «белсенділігі» оқушылардың белсенділігіне ауысқан кезде ғана болады. Оқушыларды оқыту үдерісінде төменде көрсетілген технологияларды белсенді пайдалану керек: жобалар әдісі, жарыссөз әдісі, ойын технологиясы (рөлдік ойындар), проблемалық пікірталас, интерактивтік оқыту технологиясы (жұппен, шағын топтарда), модульдік оқыту технологиясы.
Жобалар әдісі, мысалы,
ақпараттық, коммуникативтік, жеке тұлға
ретінде өзін-өзі жетілдіру
Оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу іс-әрекеті мен өз қызметін талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы, сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақтарда өзін-өзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі біліктілікті қалыптастыруда оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келсек,
оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
үшін әр ұстаз өзіне тиімді әдіс-тәсіл
мен технологияны қолдана алады.
Ол “Модульдік оқыту технологиясы”,
Қараевтың “Оқытудың
Сонымен, ұстаздық ұстанымдарымыз “құзыретті тұлғаны” дамыту, ізденісті маңдайға тигізіп, білімді санаға сіңіру, ұғымды түсінікке ұйытқы болғызу болып табылады.
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде: «Біздің болашағымыз білікті де, білімді жастардың қолында»- деп атап көрсетсе, сол жастарды мектеп табалдырығынан бастап дайындауға көш алдында болайық.
Информация о работе Құзыреттілік-білім мен мүмкіндіктің бірігуі