Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:42, лекция
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".
Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
Жүздік құрылым туралы
Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған".
Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".
В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде ХVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — Х—ХЫЫ ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.
Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.
Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі.
Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.
М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.
Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.
Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".
Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-монғол көшпенділерінде үштік одаққа бөліну дәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.
Кең-байтақ қазақ
жерінде мұндай үлкен одақтар
құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық,
басқару қажеттіліктерінен
Ұлы Жүз
Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 14 — 15 ғ-ларда бұл тайпалар Моғолстан мемлекетінің құрамында біртұтас этн. бірлестікке біріге бастады. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен
Жалайыр қаңлы албан суан
Сіргелі шанышқылы ысты
Қатаған
тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з.б. 1 ғ-да Жетісуда, Шығыс Түркістан, қазіргі Қырғызстан жерінде құрылған үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юечжи, т.б.) бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды.
Түркітанушы-археолог
А.Досымбаеваның мәліметтеріне
Сондай-ақ Батыс Түрік қағандығының құрамында да Ұлы Жүзге кірген бірқатар тайпалар болды. Бұл мемлекеттің негізгі өзегін “он оқ бодон“ (он оқ халқы) деген он ірі тайпа құрады. Олар өз кезегінде бес тайпалы дулат (дұғлу) пен бес тайпалы нүшбелер (нушубилер) одағынан тұрды. Екі иеліктің шекарасы Шу өз. болды. Қытай деректемелері бойынша дулаттардың бес тайпасы — түргеш (мамандардың есептеуінше сарыүйсіндердің ата-бабалары), қойлау, чимойын(шимугін), ысты, жаныс, ал нүшбелер одағы азғыр (әскіл), қасо, барысқан (барсаған) сынды ұлыстардан немесе тайпалардан тұрған. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттерде Ұ. ж. құрамына енген көптеген ру-тайпалар болғандығы белгілі. Мыс., жоғарыда аталған тайпалар арасынан түргештер күшейіп, кейіннен Түргеш қа-ғандығын құрады. Кейіннен бұл мемлекетті қарлұқтар бағындырады. Қарахан мемлекеті тұсындағы жазба деректемелерде де кейіннен Ұ. ж. құрамына енген ру-тайпалардың атаулары кездеседі. Жетісуда қарақытайлар (қидандар) үстемдік құрған кезде мұндағы бірқатар ру-тайпалар солардың билігін мойындады. Кейіннен қидандардың өздері түркі халықтарына сіңісіп кетті. 13 ғ-дың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпаларының шапқыншылығы кезінде Ұ. ж. тайпаларының құрамы жалайырлар есебінен толықты. Шыңғыс ханның басты әскери күштерін бірі болған жалайырлар осында ілкі замандардан бері мекендеп келе жатқан ру-тайпалармен біте қайнасып, араласып кетті. Жергілікті билеушілердің (Күшлік ханның) діни озбырлығына наразы болған ру-тайпалардың біразы Шыңғыс хан әскерлерін азат етуші ретінде қарсы алды. Біраз бөлігі оның әскеріне қосылып, Хорезмді жаулап алу соғыстарына қатысты.
Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219 — 1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде Ұлы Жүзді құраған ру-тайпалардың этн. аумақтары ішінара Жошы мен Шағатайға берілді. Ұ. ж-ге кірген тайпалардың басым бөлігі Шағатай ұлысының аумағында тіршілік етті. Ол ыдырағаннан кейін Моғолстан мемлекетінің құрамында өмір сүрді. Бұл мемлекетте дулат тайпасының әмірлері ұлысбегі лауазымын иемденіп, әскери және әкімш. билікті өз қолдарында ұстады. Ұлысбегілер өздері қалаған адамды хан сайлап, ұнамағандарын тақтан түсіріп отырды. Моғолстан мемлекетінде Ұлы Жүздің шоғырлану үрдісі зор қарқынмен жүріп, ортақ тіл, мәдени дәстүр қалыптасты. 15 — 16 ғ-ларда қазақ жүздері, негізінен үш мемлекет аумағында Ноғай Ордасынан бөлінген тайпалардан Кіші жүз, Әбілхайыр хандығынан бөлінген тайпалардан Орта жүз, ал Моғолстанда Ұлы Жүз қалыптаса бастады. Бірақ бұл процесс Қазақ хандығы құ-рылғаннан кейін 17 ғ-дың 2-жартысында ғана толық аяқталып, қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп, ұзақ жылдарға созылған кірігу нәтижесінде қазақ халқының этн. аумағы қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын толық қамтыды. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін ш-мен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. Ұлы Жүз құрамына енген тайпаларды халық “Ұлы жүз — үйсін” деп атады. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батыр Ұ. ж-дің шығыс аймағының біраз жерін өзіне қаратты. 1681 — 88 ж. Жоңғар билеушілері Ұ. ж-дің Оңтүстік Қазақстандағы жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасады. 18 ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экон. байланыс нашарлап кетті. Қазақ шонжарларының әр түрлі топтары арасындағы өзара бәсекелестікті шебер пайдаланған Жоңғар билеушілері қазақ жеріне, әсіресе, Ұ. ж. тайпалары мекен еткен Қле, Сыр, Талас, Шу бойына шапқыншылығын күшейте түсті. Ақыры 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды (қ. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама). Ұлы Жүз қазақтары зор шығынға ұшырап, ұлыс билеушісі Жолбарыс өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкент тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. 1733 ж. Ұлы Жүз елшілері Аралбай мен Оразгелді Ресейге барып, сыртқы жауға қарсы күресте орыс патшасынан көмек алуға тырысты.