Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:44, реферат

Описание работы

Есептеу математикасы, мұнай-газ саласында практикалық және гидродинамикалық міндеттерді шешу барысында математикалық модельдеу және математикалық әдістер, ақпараттық технологияларды қолдану мен әзірлеу саласындағы танымал ғалым. 350-ден астам Қазақстанда және алыс-жақын елдерде жарияланған ғылыми жұмыстар мен 8 іргелі монографияның авторы. Оның жетекшілігімен 20-дан аса ғылым докторы мен кандидаттары даярланды.

Работа содержит 1 файл

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы.docx

— 14.52 Кб (Скачать)

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы 
2008 жылдың 21 сәуірінен бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры. 
1953 жылы 18 тамызда туылған, қазақ.

Білімі жоғары. С.М. Киров  атындағы Қазақ мемлекеттік университетін  тәмәмдаған. Ғалым-математик, техника  ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласы бойынша Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері».

Танымал мемлекеттік, қоғамдық және саяси қайраткер. Есептеу математикасы, мұнай-газ саласында практикалық  және гидродинамикалық міндеттерді  шешу барысында математикалық моделдеу және математикалық әдістер, ақпараттық технологияларды қолдану мен  әзірлеу саласындағы танымал  ғалым. 350-ден астам Қазақстанда  және алыс-жақын елдерде жарияланған  ғылыми жұмыстар мен жеті іргелі монографияның  авторы.

Еңбек жолын С.М. Киров  атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде  ғылыми және ұстаздық қызметтен бастады. Ассистенттен бастап профессор, кафедра  меңгерушісі, проректор (1979-1991 жж.) сатыларынан  өткен. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті (1991 жылдан бастап).

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министірінің бірінші  вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001-2005 жж.) қызметтерін атқарған. Республикалық  саяси еңбек партиясының «Отан» РСП құрамына енгенше төрағасы қызметін атқарды. 2005 жылдың сәуір айында «Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тағайындауымен «Отан» РСП партиясының  төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2005 жылы Қазақстан Ресупбликасының  Прзиденттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабын басқарды. 2007 жылдың маусым айында «Нұр Отан»  ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2007 жылдың 18 тамызында депутаттыққа сайланып, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының  орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан»  халықтық-демократиялық фракциясының жетекшісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдың сәуір айында ҚР Президентімен  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтттық  университетінің ректоры болып  тағайындалды.

Б.Т. Жұмағұлов 15-тен аса  ғылым докторы мен кандидатын даярлаған, Д 14.6101 докторлық диссертация  қорғау бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады.

«Парасат» орденімен, Қазақ  ССР Жоғары Кеңесінің құрметті грамотасымен, “За трудовое отличие” КСРО медалімен  марапатталған, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтан бірнеше алғыс хат алған. «Қазақстанның  құрметті инженері» атағына ие болды.

Ғылым, техника мен білім  беру саласында интеграциялық үдерістерді  дамыту бойынша жүргізген белсенді жұмысы үшін, халықаралық ынтымақтастықты  дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ЮНЕСКО мен Халықаралық инженерлік академияның Үлкен алтын медальімен, FEIIC Ислам елдері Федерациясы инженерлік академиясының «Ғылыми байланысты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін»  ерекше белгісімен және Халықаралық  инженерлік академияның халықаралық  жоғары наградасы «Инженерлік даңқ»  орденімен марапатталған.

2009 жылдың мамыр айында  Б.Т. Жұмағұлов Дамаск (Сирия) қаласында  өткен Х Мерейтойлық Бас Ассамблеясының (FEIIC) Ислам елдері федерациясы  инженерлік академиясының бірінші  вице-президенті болып сайланды, ал осы жылдың шілдесінде Түркі  әлемі математикалық қоғамының  президенті қызметіне тағайындалды.

430-дан аса жарияланымдары  бар – мақалалар, қоғамдық-саяси  тақырыптағы очерктер.

22.09.2010Мемлекет басшысының  Жарлығымен Бақытжан Тұрсынұлы  Жұмағұлов Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрі  болып тағайындалды.

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰМАҒҰЛОВ БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ 
 
1953 жылы 18 тамызда туылған, қазақ. 
 
Білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері». 
 
Есептеу математикасы, мұнай-газ саласында практикалық және гидродинамикалық міндеттерді шешу барысында математикалық модельдеу және математикалық әдістер, ақпараттық технологияларды қолдану мен әзірлеу саласындағы танымал ғалым. 350-ден астам Қазақстанда және алыс-жақын елдерде жарияланған ғылыми жұмыстар мен 8 іргелі монографияның авторы. Оның жетекшілігімен 20-дан аса ғылым докторы мен кандидаттары даярланды. 
 
Еңбек жолын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми және ұстаздық қызметтен бастады. Ассистенттен бастап профессор, кафедра меңгерушісі, проректор (1979-1991 жж.) қызмет сатыларынан өткен. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті (1991 жылдан бастап). 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001-2005 жж.) қызметтерін атқарған. 
 
2003 жылы «Отан» партиясы бюросының мүшесі болып сайланды, 2007 жылдан бастап – «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес бюросының мүшесі.  
 
2005 жылдың сәуір айында «Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың ұйғарымымен «Отан» РСП партиясы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабын басқарды. 2007 жылдың маусым айында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. 2007 жылдың 18 тамызында депутаттыққа сайланып, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық фракциясының жетекшісі қызметтерін атқарды.  
 
2008 жылдың сәуір айында ҚР Президентінің өкімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды. 
 
ҚР Президентінің 2010 жылдың  22 қыркүйегіндегі  №1065 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. 
 
«Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, "За трудовое отличие" КСРО медалімен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтан бірнеше алғыс хат алған. «Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстанның құрметті инженері» атақтарына ие. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының № 002 «Алтын белгі» жоғары атағымен марапатталған. 
 
Ғылым, техника және білім беру саласында интеграциялық үдерістерді дамыту бойынша жүргізген белсенді жұмысы үшін, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ЮНЕСКО-ның «Үлкен алтын медалімен», FEIIC Ислам елдері Федерациясы инженерлік академиясының «Ғылыми байланысты дамытудағы сіңірген ерекше еңбегі үшін» ерекше белгісімен марапатталған. Ғылым мен инженерлік істі дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін халықаралық жоғары награда – Халықаралық инженерлік академиясының «Инженерлік даңқ» орденіне ие болды.  
 
1998 жылдан бері – Халықаралық инженерлік академияның (штаб-пәтері Мәскеу қ. РФ) бірінші вице-президенті. 1999 жылдан бері – Ислам елдері Инженерлік академиясының (FEIIC) бірінші вице-президенті. 2011 жылы XI Бас Ассамблеяда FEIIC  академиясының президенті  болып тағайындалды.  
2009-2011 жж. Бүкіләлемдік түркітілдес елдер математикалық қоғамының (BMOTC) президенті, 2011 жылдың тамыз айында аталмыш қоғамның құрметті президенті болып тағайындалды.   
 
Қазақстан Халық Ассамблеясы кеңесінің мүшесі. Мақалалар, қоғамдық-саяси тақырыптағы очерк болып табылатын 500-ден аса жарияланымдары бар.

 


Информация о работе Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы