Жеті жарғы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 13:16, реферат

Описание работы

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы.

Работа содержит 1 файл

Жеті жарғы.docx

— 22.01 Кб (Скачать)

Жеті жарғы

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. 
 

Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген. 

Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».

Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». 

Пайдаланылған әдебиеттер

↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). «Жеті  жарғы» заңдары.  

Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы  қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген  күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан  мен оның қалаларын және Шайбани  әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен  аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ  ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы  шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің  орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің  өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы  қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға  созылған күрес уақытша аяқталды.  

Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар  Жетісудің бір бөлігін уақытша  басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ  ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.  

1680 жылы хандықтың  тағы Жәнгірдің баласы Тәуке  ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан  1680 жылы таққа отырғанда Қазақ  хандығының ішкі және сыртқы  саяси жағдайлары мәз емес  еді. Феодал шонжарлардың арасында  бақталастық пен алауыздықтар  күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз  иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара  билеп, дербестенуге тырысты.  Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан  келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана  түсті. Үш жүз үшке бөлініп,  сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына  тәуелді болғанымен іс жүзінде  өз алдына билік жүргізді. Бұл  жағдайлар жалпы қазақ халқын  біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан  қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық  пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа  белшісінен батқан қазақтарға  Шығыстан, Арқадан төтеп берген  жоңғарлардың шабуылы күшейе  түскен еді.  

Осындай қиындық  кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен  Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын  көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл  күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.  

Хандық билігін  күшейтуге бағытталған ірі-ірі  өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты  орган ретінде қалыптастырып, олардың  рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі  бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын  қосқан жиын өткізіп тұрды.  

Тәуке ел бірлігі  бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік  құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі  тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.  

Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер  екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот  ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері  жинақталды. Сыртқы жағайды назарда  ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен  жүруді міндеттеген.  

Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе  ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.  

XVII ғасырдың аяғында  қазақ хандығының ішкі және  сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе  түті. Халық басына қиын да  қилы заман орнады. Сыртқы душпандар  жиі торуылдай бастады. Ал қуатты  сұлтандар өздерінің иілігіндегі  ұлыстарды жеке – дара билеп,  дербестенуге бой ұрды. Сондықтан  Тәуке елдің ауыз бірлігін  нығайтатын шаралар қарастыра  бастады.  

«Жеті жарғы» заңдар (Тәуке ханның заңдары).  

XVII ғасырдың аяқ  шенінде қазақтардың әдеттегі  қуқық (право) нормалары бір  жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке  хан билік құрған кезде тұжырымдалған  заңдар «Жеті жарғы» деген  атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз  алғанда «жеті ереже» деген  сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы  қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық  правосының негізгі принциптері  мен нормалары баянды етілген.  Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның  ережесі» немесе «Тәуке ханның  заңдары» деп аталады. Деректемелерде  «Жеті жарғының» авторы кім  болғаны жөніңде мағлұматтар  жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда,  оны жасаушы Тәуке хан дейді:  ол Күлтөбе деген жерде үш  жүздің өкілдері болған билердің  басып қосып, «Қасым ханның  қасқа жолы», «Есім ханның ескі  жолы» заңдарын «Жеті жарғы»  деп аталатын нормаға біріктірген  екен деседі.  

«Тәуке хан ережесінің»  негіздері туралы қайсы бір тиянақты пікір айту қиын, кейбір ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның Ясасынан іздейді, енді біреулері «Жеті жарғы» Ясадан мүлдем тәуелсіз жазылған деседі. Тегінде, «Жеті жарғының» негізгі көзі деп бәрінен бұрын қазақтардың  әдеттегі байырғы правосын, сондай – ақ Тәукеден бұрын өмір сүрген қазақ хандарының жазылмаған заң  ережелерін мойындаған жөн. Заңдарға негізінен  алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы  әскери – саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне жауап беретін  ережелер енді.  

«Жеті жарғыны» жасау  қолданылып келген әдеттегі правоның нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының  жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың феодал ақсүйектердің  мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке  ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ  қоғамының сол замандағы әлеуметтік және құқық нормалары заң жүзінде  баянды етілді.  

«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право  нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар  туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.  

Мазмұны жағынан  «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына»  негізделген, екіншіден, одан соңғы  өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар.  

«Жеті жарғы» жеті заңнан құралды :  

1. Жер дауы заңы (земельный закон)  

2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)  

3. Әскери заң (военый  закон)  

4. Сот заңы (судебный  закон)  

5. Қылмысты істер  заңы (уголовный закон)  

6. Құн заңы (закон  о Куне)  

7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)  

Сөйтіп, «Жеті жарғының»  біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді .  

Тәуке ханның сыртқы саясаты.  

Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен  экономикалық, сауда – саттық қарым  – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке  хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым  – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда  – саттық жасауға тырысты. Қазақ  хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына  да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек  би бастаған елшілер жіберген.  

Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен  қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.  

XVII ғасырдың соңы  мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар  феодалдары қазақ хандығына үздіксіз  шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік  Қазақстанды және Сырдария бойындағы  базарлы қалаларды, сонымен қатар  ең маңызды кереуен жолдары  өтетін территорияны да басып  алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар  феодалдары Оңтүстік Қазақстанға  бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам  қаласын қиратып, егіншілікпен  айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар  әскерілерінің бір тобы Сарысу  өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі  Орта жүздің шығыс солтүстік  аудандарына басып кірді .  

Қазақ ханы Тәуке  береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм  маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа  қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс  баянды бола алмады. Өйткені бұл  кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының  арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы  халық күшін жұмылдыруға кедергі  болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған  жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі  бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай  жорық бастады. Нақ осы кезде  жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай  беттеп, Бие және Катун өзендерінің  арасындағы жерді басып алды.  

Информация о работе Жеті жарғы