Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 12:03, реферат
Экономикалық қайта құру: экономикалық тәуелсіздік және нарықтық экономикаға өту. Экономикалық қайта құру: экономикалық тәуелсіздік және нарықтық экономикаға өту.р Қазақстан жеріндегі Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын және тағы басқа ды елді мекендерді жаулап, ондағы кеңес өкіметнің жергілікті органдарын таратты. 1918 жылғы 11 маусымда Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшылары К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, Пю Салов және тағы басқаларын азаптап өлтірді. Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Уушановты тірідей кеменің оттығына тастады. Сөйтіп, интервенттер мен ақгвардияшылар Ақмола, Орал, Семей облыстарын және Торғай облысының көптеген жерлерін басып алды.
Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға күйрете соққы береді. Бұл жеңіске жеткен жер «Қалмақ қырылған» деп аталады. 1729 жылы көктемде қазақ-жоңғар соғысының аса ірі шайқасы болады. Ол Балқаш көлінің маңында (оңтүстік батыс) қалмақтарға екінші рет күйрете соққы береді. Бұл жер кейіннен тарихта «Аңрақай шайқасы» деген атпен белгілі болады. Осы тұста Болат хан (Тәуекелдің баласы) қайтыс болып, осыған байланысты қазақ хандығының тағдырына қатысты ірі оқиғалар болады. Енді Сәмеке, Әбілхайыр, Болаттың үшінші баласы Әбілмәмбет арасында күрес туады. Сөйтіп, аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Әбілмәмбет сайланады. Мұндай таңдау жасалғанына Әбілхайыр да, Сәмеке де наразы болып майдан шебінен әскерін алып кетеді. Сөйтіп қайтадан феодалдық бытыраңқылық күшейіп, жан-жаққа бөліне бастайды. Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды. Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, ерлігімен, батылдығмен көзге түседі. 1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасады. Содан 1758 жылы олардың түбіне Қытай империясы жеңді. Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады. Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді. 1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.